Similar presentations:
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қазақ халқының төл тарихын тың көзқараспен зерттеуге жол салып отыр
1.
2.
3. Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы қазақ халқының төл тарихын тың көзқараспен зерттеуге жол салып отыр. «Ең
бастысы, біз нақты деректергесүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс
пайымдауға тиіспіз» дейді Елбасы осы туындысында.
4. Атқа міну мәдениеті
Атқа міну мәдениеті мен жылқышаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан
тарағаны тарихтан белгілі. Еліміздің солтүстік
өңіріндегі энеолит дәуіріне тиесілі «Ботай»
қонысында жүргізілген қазба жұмыстары
жылқының тұңғыш рет қазіргі Қазақстан
аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді.
Жылқыны қолға үйрету арқылы біздің
бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз
үстемдікке ие болды. Ал жаһандық ауқымда
алсақ, шаруашылық пен әскери саладағы
теңдессіз революцияға жол ашты.
5.
Жылқының қолға үйретілуі атқа міну мәдениетінің де негізін қалады. Бес қаруын асынған салт атты сарбаз айбарлыкөшпенділер империялары тарих сахнасына шыққан дәуірдің символына айналды. Ту ұстаған салт атты жауынгердің
бейнесі - батырлар заманының ең танымал эмблемасы, сонымен қатар, атты әскердің пайда болуына байланысты
қалыптасқан көшпенділер әлемі «мәдени кодының» айрықша элементі. Автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге
дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр - жер жүзінде салт аттылар үстемдік құрған ұлы дәуірге деген құрметтің
белгісі. Біз әлемнің барлық түкпіріне ежелгі қазақ жерінен тараған осынау ұлы технологиялық революцияның жемісін
адамзат баласы ХІХ ғасырға дейін пайдаланып келгенін ұмытпауға тиіспіз. Қазіргі киім үлгісінің базалық
компоненттері Дала өркениетінің ерте кезеңінен тамыр тартады.
.
6.
Жылқы – қазақ халқының жан серігі. Елтаңбамызда қанатты тұлпар бейнеленуінің осындай сырыбар. Елімізде тәуелсіздік алғаннан кейін ата кәсібіміз – жылқы шаруашылығын дамыту қайтадан
қолға алынды. Жылқыны ондап, жүздеп, мыңдап өсіретін шаруалар, кәсіпкерлер қатары өсіп келеді.
Қазақтың ежелгі ат ойындары қолға алынуда. Ат бәйгесі, көкпар, теңге ілу, қыз қуу, аударыспақ,
жамбы ату, асауды үйрету, т.б. қайта жаңғыруда.
Ата-бабаларымыздың атқа міну мәдениетін алғаш рет меңгергенін, ол басқа елдерге біздің
даламыздан тарағанын әлем ғалымдары мойындап отыр. Міне, Елбасы біздің даламыз жөнінде
дүние жүзінің архивтерінде көміліп жатқан деректерді тауып, зерттеп, қазақ тарихын нақты, шынайы
етіп жазып шығуды тарихшыларға, ғалымдарға, мәдениеттанушыларға міндеттеді.
7.
Американың атақты оқымыстысы Д.Энтони: «Бүгінгі дәуірдің ғалымдары дүниежүзілік тарихтың сан мыңсұрағының жауабын осы «Ботай мәдениетінен» тауып отыр» дейді. Ал, белгілі продюсер Найоби
Томпсон «Жылқы мен адам арасындағы қарым-қатынастың тарихы Солтүстік Қазақстанның жазира
даласынан басталды. Ботайлықтар әлемде ең алғашқылардың бірі болып атқа қонды. Осыдан кейін
барлық өркениетке жол ашылды. Діттеген жерге жылдам жетуге мүмкіндік туды. Бұл адамның тағдырын
өзгертті» деп жазды. «Ботай феномені Еуразия даласындағы ежелгі жылқышылардың ең бастапқы
мәдениетінің әлеміне алып кірді. Жалпы, гомосапиенстің тарихында бұл бөгетті бұзып-жарып өткендей
құбылыс болды. Ол құбылысты адамның ғарышқа ұшуымен ғана салыстырамыз» дейді қазақтың
тарихшы ғалымы Зейнолла Самашев.
Осылай жер бетіндегі ең ұлы инновация қазақ жерінен бастау алды. Жылқыны қолға үйрету дамудың
қозғаушы күшінің біріне айналды. Адамның атқа қонуымен аттылы көлік коммуникациясы дәуірі
басталды. Оны қазір бүкіл әлем мойындап отыр.