Психотропты заттар
Психотропты заттар адамның сана, сезу, есте сақтау, қабылдау, ойлау, эмоция, көңіл-күй, биоритм сияқты психикалық функциясына
Седативті (тыныштандыратын) әсері бар дәрiлер
Транквилизаторлар
Бензодиазепин туындылары: сибазон, хлозепид, феназепам
Нейролептиктер
Психостимуляторлар
Ноотропты әсері бар дәрiлер
Антидепрессанттар
298.42K
Category: medicinemedicine

Психотропты заттар

1. Психотропты заттар

2. Психотропты заттар адамның сана, сезу, есте сақтау, қабылдау, ойлау, эмоция, көңіл-күй, биоритм сияқты психикалық функциясына

әсер етуімен сипатталады.
Психикалық функцияның бұзылуы сандық және сапалық болады. Бұл кезде
қандайда бір қызметтердің тежелуі немесе гиперфункциясы байқалуы мүмкін.
Осыған байлансыты психотропты заттарды психикалық әрекетті тежейтін және
психиканы ширықтыратын ДЗ деп екіге бөлеміз.
жіктемесі:
ОНЖ тежейтін әсері бар психотропты заттар:
1) Седативті әсері бар дәрiлер
2) Транквилизаторлар
3) Нейролептиктер
ОНЖ ширықтыратын әсері бар психотропты заттар:
1) Психостимуляторлар
2) Антидепрессанттар
3) Ноотропты әсері бар дәрiлер
Қосанжарласқан психотропты белсенділігі бар ДЗ:
Ұйықтатқыш дәрiлер
Құрысуға қарсы дәрiлер
Паркинсон ауруына қарсы әсері бар дәрiлер

3. Седативті (тыныштандыратын) әсері бар дәрiлер


әсер ету механизмы: ми қыртысына таңдамасыз, өте жеңіл тежегіш
әсер етеді
сондықтан ми қыртысының нейрондарындағы тежеуші үдерістерді
күшейтеді
Бұл топтың препараттары қозу процесін тежеу немесе тежелу
процесін күшейту арқылы ОНЖ-ға реттеуші әсер көрсетеді→жеңіл
тыныштандырғыш әсермен сипатталады.
Седативті әсері бар дәрiлер миорелаксацияны, ұйқышылдықты,
психикалық
және физикалық тәуелділікті тудырмайды.
ұйықтатқыш заттардың және аналгетиктердің әсерін күшейтеді
Жіктемесі:
Өсiмдiктер препараттары:
- валериан тамыры, валериан тұндырмасы, валерианның қою
экстракты;
- аралас препараттар - валокордин, корвалол, валосердин;
- сасықшөп (тұнба, тұндырма түрінде)
- пассифлора шөбі –новопассит препараты
Бромидтер: натрий бромиді, калий бромиді, бромкамфора.

4.

• Бром препараттарының ми қыртысының тежелу процесін
топтап, күшейте алатын қабілеті бар, сонымен қатар қозу және
тежелу процестері арасындағы тепе-теңдікті қалыпқа келтіре
алады.
• Жанама әсерлері (бромизм деп аталады): мұрынның бітелуі,
конъюнктивит, жалпы әлсіздік, естің нашарлауы, тері
бөртпелері.
• Өсімдік препараттары дұрыс қолданған кезде жеңіл түрдегі
әлсіздік пен ұйқышылдықтан басқа жанама әсері болмайды.
• Қолдануға арналған көрсетімдер: неврастения, истерия,
невроздың жеңіл түрлерінде, жоғары тітіркенгіштік кезінде
және соған байланысты ұйқысыздық кезінде тағайындайды.

5. Транквилизаторлар


Транквилизаторлар –адамның эмоциялық жағдайына таңдамалы
тыныштандырғыш әсер көрсететін заттар.
Олар адамды тыныштандырып, ішкі кернеулікті, үрейді және қорқыныш
сезімін азайтады. Осыған байланысты бұл топтың препараттарын
анксиолитиктер (үрейге қарсы) деп айтамыз.
Жіктемесі:
Бензодиазепин туындылары: хлозепид, диазепам, реланиум,
феназепам
Әртүрлі химиялық топтың препараттары: мепротан, амизил,
оксилидин, және т.б.
Бензодиазепин туындылары: сибазон, хлозепид, феназепам ж.т.б.).
әсер ету механизмі: олар ОНЖ-да ГАМҚ-рецепторларымен тығыз
байланысқан бензодиазепинді рецепторлармен байланысады. ГАМҚ гамма-аминомай қышқылы – ОНЖ-ның тежеуші медиаторы.
Бензодиазепинді рецепторларды ширықтырғанда ГАМҚрецепторларының белсенуі байқалады, ал ол клиникада кейбір
психикалық қызметтердің тежелуімен көрінеді.
Фармакологиялық әсерлері
1) Седативті әсері.
2) Транквилизациялық немесе анксиолитикалық әсері – ішкі кернеулікті,
үрейді, жеңіл қорқыныш сезімін төмендетеді. Олар агрессияны азайтып,
адамды тыныштандырады
3) Миорелаксациялық әсері әлсіз.
4) Құрысуға қарсы әсері
5) Ұйықтатқыш әсер.
6) Потенциялаушы әсер (ОНЖ тежейтін заттардың және аналгетиктердің
әсерін күшейтеді).

6. Бензодиазепин туындылары: сибазон, хлозепид, феназепам


Қолдануға арналған көрсетімдер:
1) невроздар
2) анестезиологияда премедикация үшін
3) стоматологияда операциядан кейінгі кезеңде
4) қаңқа бұлшықеттерінің жергілікті спазмында ("тик");
5) құрысу және бұлшықеттердің гипертонусы;
6) ұйқысыздық.
Жанама әсерлері:
1) ұйқышылдық, әлсіздік, жеңіл түрдегі тежелулер, зейіннің төмендеуі,
ұмытшақтық.
бұл препараттарды көлік жүргізушілеріне, операторларға, ұшқыштарға,
оқушыларға тағайындауға болмайды.
2) Бұлшықеттік әлсіздік.
3) Ұзақ уақыт қолданған кезде толеранттылық және физикалық
тәуелділік дамиды.
4) Препаратты бірден тоқтатқан кезде – айыру синдромы дамиды, ол
ұйқысыздықпен, қозумен және депрессиямен сипатталады.
5) Сонымен қатар аллергия, фотосенсибилизация, бас айналу, бас ауруы

7. Нейролептиктер


Психоз – ОНЖ шындықтың бұрмалануымен жүретін
патологиялық жағдайы және ол келесі психоздық
симптоматикамен сипатталады: сандырақ, галлюцинациялар,
агрессия, дұшпандық, аффектті бұзылыстар.
Нейролептиктер (антипсихоздік заттар) –психозы бар
науқастарды емдеуге арналған заттар.
Әсер ету механизмі әлемді эмоциялық қабылдауға жауапты
лимбиялық жүйенің дофаминдік рецепторларын тежеумен
байланысты болады. Жіктемесі:
1) Фенотиазин туындылары - аминазин, этаперазин, трифтазин ж.
т.б.;
2) Химиялық құрамы әртүрлі заттар: галоперидол, дроперидол,
клозапин, хлорпротиксен ж. т.б.
Фармакологиялық әсерлері:
1) Нейролептикалық әсер, бұл әсер терең седативті әсерд
(суперседативті)
Әйгіленімі: психозбен және қозумен ауыратын науқастарда
аминазин ұйықтатқыш әсер көрсетпей, психомоторлы
белсенділіктің төмендеуін, қозғалыс-қорғаныштық рефлекстердің
төмендеуін, эмоционалдық тыныштықты, бастамашылық және
қозудың төмендеуін тудырады. Науқас препаратты қолданғаннан
кейін үндемей отырады, қоршаған ортаға және айналасында
болып жатқан оқиғаларға мән бермейді, сыртқы стимулдарды
(эмоциялық ойсыздық) минималды түрде сезінеді. Бұл кезде
сана-сезім сақталады.

8.

• 2) Антипсихоздік әсер психоздың симптоматикасының: сандырақ,
галлюцинация және т.б. азаюымен сипатталады.
• 3) Құсуға қарсы әсері, IY қарыншаның түбінде орналасқан триггерлі
аймағының хеморецепторларының тежеуімен байланысты пайда
болады.
• 4) Жылуды реттеу орталығын тежейді. Бұл кезде науқастың дене
температурасы қоршаған ортаға байланысты болады
• 5) Миорелаксациялық әсер
• 6) Потенциялаушы әсер
• Қолдану көрсетімдері: психоздар; орталық генезді құсу (мысалы
сәуле ауруы кезінде, жүктілік кезінде); гипертониялық кризді тоқтату
күресу кезінде; дәріге тәуелділікті емдеген кезде; премедикация үшін
• Жанама әсерлері: тежелулер, экстрапирамидалық бұзылыстар,
тахикардия, іш қату, гипотония, апластикалық анемия, гормондық
бұзылыстар, импотенция, гипотермия, толеранттылық.

9. Психостимуляторлар


Көңіл-күйді, сыртқы тітіркендіргіштерді қабылдау қабілетін, психомоторлық белсенділікті
жоғарылатады. Олар шаршау сезімін төмендетеді, физикалық және ақыл-ой жұмысына
қабілеттілікті жоғарылатады (әсіресе шаршаған кезде), ұйқыға қажеттілікті уақытша
төмендетеді.
Фенамин (амфетамин).
Фармакологиялық әсерлер: ОНЖ-ны күшті ширықтырғыш, жұмысқа психикалық және
физикалық қабілеттілікті жоғарылатады, көңіл-күйді жақсартады, эйфорияны, ұйқысыздықты,
тремор және мазасыздық тудырады.
Терапиялық мөлшерде сергітуші әсер көрсетеді, шаршағыштықты басады және организмнің
физикалық мүмкіндігін жақсартады.
Тыныс алу орталығын стимуляциялайды. АҚ жоғарылатады
Жанама әсерлері: тахикардия, мазасыздық, бас ауыруы, тремор, қозу, кумуляция, психикалық
тәуелділік.
Жанама әсерлерінің айқындылығына байланысты қазіргі кезде медицинада сирек қолданады.
Көбінесе олардың улылығы төмен туындыларын қолданады: эфедрин, сиднокарб.
Сиднокарб фенаминмен салыстырғанда оның улылығы төмен және айқын шеткері
Психостимуляторлық әсері біртіндеп басталып, ұзаққа созылады, эйфория және қозғалыстық
қозу белгілері байқалмайды.
Тахикардия және АҚ кенеттен жоғарылауы әдетте байқалмайды. Препараттың әсері
аяқталғаннан кейін науқаста жалпы әлсіздік және ұйқышылдық белгілері байқалмайды
Қолдануға арналған көрсетімдер: астения, невроздық субдепрессия;
патологиялық ұйқышылдық,
семіздік; наркотиктік аналгетиктермен уланған кезде қолданады.
.

10.


Кофеин
Фармакологиялық әсерлері:
Аз мөлшерде қыртысы қабаттың белсенділігін жоғарылатады, ал жоғары
мөлшерде – оны тежейді.
Аздаған мөлшерде ақыл-ой процесінің белсенділігін жоғарылатып, оны
айқын етеді, ойлау қабілеті анық болады, ұйқышылдықты, шаршағыштықты
азайтады және күрделі интеллектті тапсырмаларды орындау қабілеттілігін
күшейтеді.
әртүрлі қантамыр аймақтарына әсер етеді (ми тамырларының тонусын
жоғарылатады, коронарлық тамырлардың тонусын төмендетеді)
Жанама әсерлер: естің бұзылуы, тремор, бас ауыруы, ұйқысыздық.
Құлақтың шулауы, бас ауыруы, тахикардия, ентікпе, аритмиялар, психикалық
тәуелділік.
Қолдануға арналған көрсетімдер: Шаршағыштық кезінде, астения
симптомдары байқалған кезде, бас сақинасы кезінде және гипотензия
кезінде қолданады

11. Ноотропты әсері бар дәрiлер

Аминалон, пирацетам, ноотропил мидың жоғары интегративті қызметіне арнайы
әсер көрсететін, есте сақтау қабілетін белсендіретін, оқуды жақсартатын, ойлау
қабілетін күшейтетін дәрілік заттар.
Әсер ету механизмі: ми жасушасының метаболизмін, алдымен ондағы гюкозаның,
оттегінің метаболизмін, жасушаның гипоксияға деген төзімділігін жоғарылатады,
мидың қанайналымын және жарты шар арасындағы байланысты жақсартады.
Сау адамдардын психикасына әсер етпейді.
Фармакологиялық әсерлері
Ноотропты- есте сақтау қабылетіне, оқу процесіне әсер етеді;
Психостимуляциялаушы - естін анықтылығын жақсартады;
Антидепрессивті - сергу деңгейін жақсартады;
Седативті - тітіркенгіштікті және эмоционалды қозғыштықты азайтады;
құрысуға қарсы белсенділігі бар;
иммуномодулациялаушы әсер
Қолдануға арналған көрсетімдер:
мидың шайқалуы;
олигофренияның әртүрлі дәрежесімен көрінетін балалардың ақыл-есінің кемістігі
қарт адамдардың есте сақтау қабілеті, көңіл-күйі бұзылғанда;
нашақорларды және маскүнемдерді созылмалы түрде емдегенде;
инсульттан кейінгі жағдайларда.
Жанама әсерлері: миды стимуляциялау тітіркенгіштікке, ұйқының және көңіл-күйдің
бұзылуына, балаларда мазасыздыққа, қан қысымының жоғарылауына, сексуалды
қозуға алып келеді.
Сондықтан бұл препараттарды курстап тағайындау қажет ( 2-3 аптадан).

12. Антидепрессанттар

Барлық антидепрессанттардың жалпы қасиеті ол – көңіл-күйдің және жалпы психикалық жа естін
анықтылығын жақсартады; дайдың жақсаруымен, депрессия синдромының болмауымен сипатталатын
олардың тимолептикалық әсері.
Имизин, амитриптиллин депрессияға қарсы ең белсенді зат.
Әсер ету механизмі: норадренергиялық және серотонинергиялық синапстық берілудің белсенділігінің
өзгертіп эмоцияға жауапты ОНЖ-ның бөлімдерінің қозуы байқалады, себебі норадреналин және серотонин
стимуляциялаушы белсенділігі бар нейромедиаторлар
Фармакологиялық әсерлері: антидепрессивті әсермен сипатталатын оның адамның мінез-құлқына айқын
әсері бар. Бұл ДЗ көңіл-күйді жақсартады, жабырқау сезімін жояды, дәлелсіз қорқыныш сезімін, суицидтік
ойларды жояды, белсенділікті арттырады, әрекетке деген ұмтылысты күшейтеді. Сонымен қатар, бұл ДЗ
аздаған седативті әсері бар.
Жанама әсерлері: ауыздың құрғауы, аккомодацияның нашарлауы, тахикардия, іш қату, диурез кідіруі;
ортостатикалық гипотензия, коллапс; шамадан тыс седативті әсер немесе қозу, галлюцинация, ұйқысыздық;
бас ауыруы, аллергиялық реакциялар, тремор, сарғаю, лейкопения.
Мөлшерін шамадан тыс қолданған кезде- тахикардия, аритмиялар байқалады.
Антидепрессанттардың қолданылуы: маниакалдық-депрессиялық психоз невроздық және реактивті
English     Русский Rules