Жоспар
Кіріспе
НАРКОТИКАЛЫҚ АНАЛЬГЕТИКТЕР
Бұл топтың дәрілері келесі жағдайлармен сипатталады:
Морфиннің фармакологиялық қасиеттері
Тыныштандыратын және ұйықтататын әсері.
Әсері
Морфиннің қолдану көрсеткіші
Морфиннің жанама әсері
Транквилизаторлар
Диуретиктер 
Қорытынды
554.04K
Categories: medicinemedicine life safetylife safety

Дәрілік тәуелділік шақырытын заттар

1.

“Астана Медицина Университеті” АҚ
Жалпы фармакология кафедрасы
Тақырыбы: Дәрілік тәуелділік шақырытын заттар
Орындаған
Топ:
Тексерген:
Астана – 2017 жыл

2. Жоспар

• Кіріспе
• Негізгі бөлім
Наркотикалық анальгетиктер
Морфиннің фармакологиялық қасиеттері
Морфиннің фармакологиялық қасиеттері
Морфиннің жанама әсері
Транквилизаторлар
Диуретиктер
• Пайдаланған әдебиеттер

3. Кіріспе

• Денені дәріге үйретудің үш түрі болады екен. Біріншісі – дәріге
тәуелділік. Бұдан құтылу өте қиын. Дәрілер арасында күшті
тәуелділікті тудыратын құрамында наркотикалық заттары
бар таблеткалар бар. Мысалы, морфин. Мұндай күшті әсері
бар дәрілерді дәрігер-мамандардың кеңесінсіз пайдаланбаған
дұрыс.Екінші түрі – құрамында есірткі заты бар дәріге
үйреніп, онсыз ағзаның өздігінен жұмыс жасай алатындығына
сенімсіздік таныту. Мұндай жағдайда ағза бұл дәрілерге тез
үйреніп, оның жеткілікті әсер алуы үшін көп мөлшерде
қабылдай беруін талап етеді. Көбіне бұған
тыныштандыратын, аллергияға қарсы және мұрынға
тамызатын дәрілер кіреді.Дәріге тәуелділіктің үшінші түрі –
психологиялық тәуелділік. Дәрісіз өмірін елестете алмайтын
адамдармен кездескен боларсыз. Міне, мұндай адамдарға бұл
проблеманы таблеткасыз шешуге болатыны жөнінде ақыл
айтып әуре болмай-ақ қойыңыз.

4.

Дәріге тәуелділікті психикалық
және физикалық деп бөледі. Дәріге
психикалық тәуелділік
жағдайында препараттарды
(мысалы, кокаинді, I
аллюциногендерді) енгізуді
тоқтатканда, тек эмоционалдық
жайсыздық (дискомфорт)
тудырады. Кейбір заттарды
(морфин, героин) қолданғанда
дәріге физикалық тәуелділік
дамиды.

5. НАРКОТИКАЛЫҚ АНАЛЬГЕТИКТЕР

• Анальгетиктер – деп, басқа
сезімталдыққа әсер етпейтін және ақыл –
ойды бұзбайтын, ауырсыну сезімін
таңдамалы төмендететін дәрілерді
айтады. Наркотикалық анальгетиктерге
морфин тобы жатады:
Морфин, омнопон,фентанил, промедол,
морадол, трамал

6. Бұл топтың дәрілері келесі жағдайлармен сипатталады:

• 1) Жоғары анальгетикалық белсенділікке ие
болғандықтан, ауырсыну сезімін тиімді басатын
дәрі ретінде қолдануға болады;
• 2) Бұл дәрілер наркомания шақыруы мүмкін, яғни
әуестілік, дәріге тәуелділік, бұл дәрілердің ОЖЖ
ерекше әсерімен байланысты болады, және де
тәуелділігі бар науқастарда ауру жағдайы тууы
мүмкін (абстиненция);
• 3) Шамадан тыс қолданғанда, науқаста баяу
наркозға өтетін терең ұйқы дамиды, бұл жағдай
тыныс алу орталығының жұмысының тоқтап
қалуымен аяқталуы мүмкін.

7. Морфиннің фармакологиялық қасиеттері

• 1. Морфиннің ОЖЖ – не әсері
Морфин өзінің анальгетикалық әсерін, ОЖЖ қызметін
өзгертпейтін мөлшерде шақырады. Морфинмен
шақырылған анальгезия, сөйлеу қабілетін, қимыл
координациясын бұзбайды, иіс сезу қабілетін
төмендетпейді, вибросезімділікке, есту қабілетіне әсер
етпейді.

8. Тыныштандыратын және ұйықтататын әсері.

• Ұйқышылдық, ақыл – ой қабілетінің қараңғылығы дамиды, логикалық
ойлау қабілеті бұзылады.
• Морфинді ұйықтатқыш және басқа тыныштандырғыш дәрілермен
қоса бергенде ОЖЖ тежелуі күшейеді.

9. Әсері

• Термореттеуші орталығын тежейді, морфинмен уланғанда
дененің температурасы кенетте түсіп кетеді..
• АДГ шығуын ынталандырады, Бұл зәрдің тоқтауына алып
келеді.
• Пролактин и соматотропиннің шығуын ынталандырады
• ЛДГ шығуын тоқтатады.
• Тәбетті төмендетеді.
• Тыныс алу орталығын тежейді жас балаларда жеңіл дамиды.
• Жөтелу рефлексінің орталықтық түйінін тежейді және
жөтелге қарсы белсенділікке ие.
• IY қарыншаның түбінде орналаақан хеморецепторлық
триггерлі зонаның нейрондарын ынталандыру, жүрек айну
мен құсуды шақырады.

10. Морфиннің қолдану көрсеткіші

• Ауырсыну шогының дамуымен қауіптелген өткір
ауырсынулар. Мысалы: ауыр травма (түтікті сүйектің
сынуы, күйік), операциядан кейінгі кезеңді жеңілдету.
• Миокардтың инфарктісінде, өкпе артериясының
эмболиясында, жедел перикардитте, пневматороксте.
Аяқ астында пайда болған ауырсынуды жеңілдету үшін
морфинді көктамырға енгізеді, бұл шоктың даму
қатерін төмендетеді.
• Коликаларда, мысалы, ішек, бүйрек, бауыр және т.б.
Бірақ бұл жағдайларда морфинді спазмолитиктермен
атропинмен бірге қолдану керек екенін есте сақтау
керек

11. Морфиннің жанама әсері

ауыздың құрғауы
іштің қатуы
бас айналуы, жүрек
айну және құсу
пайда болады, және де
аллергиялық реакция.
брадикардия.
ойлау қабілетінің
қараңғылануы
дисфория
тыныстың тежелуі
Кейбір кездерде,
тремор және
сандырақтау
бас ауруы,
шаршағыштық,парест
еия

12. Транквилизаторлар

• Транквилизаторлар, атарактиктер (лат. tranquіllo –
тыныштандырамын) – тыныштандыратын қасиеті бар,
психотроптық құралдар тобына жататын дәрілік
препараттар.
• Сипаты:Транквилизаторлар адамның эмоциялық ширығуын,
қозуын, бір нәрсеге алаңдауын азайтып, бұлшық еттің
жиырылуын төмендетеді, вегетативті жүйке жүйесі
қызметіне әсер етіп, кейбір ұйықтатын дәрілердің әсерін
күшейтеді. Транквилизаторлар адамның қорқыныш, үрейін,
шектен тыс мазасыздануын бәсеңдетеді, тежелу, шамадан
тыс ұйқышылдық және жүйкелік бұзылуларды тудырмайды.
Транквилизаторлардың токсиндік әсері аса жоғары емес,
дегенмен оларды үнемі қабылау организмнің
транквилизаторларға деген құмарлығын арттыруы мүмкін.

13. Диуретиктер 

Диуретиктер
• Денеден сұйық шығаратын препараттар.
Қолданыстағы түрлері: ацетазоламид,
хлорталидон, триамтерин. Әлбетте бұлар
салмақ қуу үшін қолданылады. Сондай-ақ
басқадай тыйым салынған препараттарды
қолданғандарын білдірмеу үшін кеңінен
пайдаланылады. Зәр айдағыш қасиеттерінің
арқасында ағзадағы химиялық преператтар
сыртқа тез шығарылады. Зиянды әсерлері —
сусыздандырады; құрыстырады; басты
ауыртады, бас айналады; жүрек айныйды;
бүйрекке зақым келтіреді.

14. Қорытынды

• Дәрілік заттарды қайталап қолданғанда,
олардың әсері жоғарылау жағына да және
төмендеу жағына да өзгеруі мүмкін. Дәріге
тәуелділіктің алдын алу мен емдеу
медициналық және әлеуметтік күрделі
мәселесі болып табылады.Дәріге тәуелділік
шақыратын дәрілерді мұқият пайдаланған
жөн.
• Сақтықпен қара!
• Ауырып ем іздегенше ,ауырмайтын жол ізде.
English     Русский Rules