Казақ Халқаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті
Жоспар:
Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары
Павловтың жүйке әрекетінің топтарын 4 топқа бөлуі
Жоғарғы жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы
Жоғарғы жүйке әрекетінің икемділігі
Топтардың жіктелуі
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер
51.89K
Category: medicinemedicine

Павлов бойынша жүйке әрекетінің топтарын жіктеу

1. Казақ Халқаралық Қатынастар және Әлем Тілдері Университеті

Педагогика және Психология кафедрасы
Пәннің аты:Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы
Тақырыбы:Павлов
бойынша жүйке әрекетінің
топтарын жіктеу
Орындаған:ПФИЯ,109-топ Тұрабай.Г
Тексерген:Кенжебаева.Ш.К

2. Жоспар:

• Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары
• И.П.Павлов жүйке әрекетінің топтарын 4 топқа бөлуі
• Жоғарғы жүйке әрекетінің балаларда қалыптасуы
• Жоғарғы жүйке әрекетінің икемділігі
• Топтардың жіктелуі
• Қорытынды
• Пайдаланған әдебиеттер

3. Жоғарғы жүйке әрекетінің топтары


Шартты рефлекстердің пайда болуы әр
адамның жоғарғы жүйке әрекетінің және жеке
басының жүйке жүйелерінің қасиеттеріне
байланысты.Әр адамның жүйке жүйесінің тұқым
қуалаған жеке қасиеттері мен өмірден алған
тәжірибесін, сыртқы ортадан алған мағлұматын,
мінез-құлықтарын жоғары жүйке әрекетінің
топтары деп жинақтайды.

4. Павловтың жүйке әрекетінің топтарын 4 топқа бөлуі

• И.П.Павлов жоғары жүйке әрекетінің топтарын ми қыртысындағы қозу
мен тежелудің негізгі 3 қасиетіне байланысты 4 топқа бөледі . Ол
қасиеттер: қозу мен тежелудің күші , теңдігі және алмасуы.
Қозу мен тежелудің күші деп ми қартысындағы олардың өту дәрежесән
айтады. Негізінен алғанда , ол ми қыртысындағы нерв клеткаларының
қызмет қабілеті . Кейбәр адамдардың миындағы нейрондарының жұмыс
қабілеті . Кейбір адамдардың миындағы нейрондарының жұмыс қабілеті
жоғары болып , кейбіреулерде төмен және нашар болады.Соған
байланысты қозу мен тежелудің күшін И.П.Павлов күшті және әлсіз деп
екіге бөлді.
Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы теңдігі деп олардың бір-біріне
қатынасы мен даму дәрежесін айтады. Кей адамда олар бірдей дамыған ,
ал енді біреулерде қозуы не тежелуі басымырақ болады.Сондықтан қозу
мен тежелудің теңдігін тең және тең емес деп екіге бөлген.Егер қозуы
басым болса- қозғыш , тежелуі басымырақ болса – тежегіш болуы мүмкін.

5.

Қозу мен тежелудің ми қыртысындағы осы
қасиеттеріне қарай И.П.Павлов жануарларда
жоғары жүйке әрекетінің 4 түрлі топтарын атаған :
1.Күшті ұстамсыз,қозуы тежеліден басым топ.
2.Күшті , қозуы мен тежелуі тең , алмасуы ширақ
топ.
3.Күшті , қозуы мен тежелуі тең , алмасуы баяу топ.
4.Әлсіз топ . Ми қыртасының нерв клеткаларының
қызмет қабілеті төмен . Қозуы нашар дамығын ,
тежелуі басым.

6.

И.П.Павлов өзінің ашқан жоғары жүйке әрекетінің жануарлардағы
топтары дәрігер грек ғалымы Гиппократтың айтқан 4
темпераментіне сәйкес деп есептеген . Гиппократ денедегі 4 түрлі
сұйықтардың қзара қатынасына байланысты адамның мінез
темпераментінің 4 топқа бөлген . Олар холерик (грек.холе-сары
өт) , сангвиник (сангвине- қан ) , флегматик (флегма- кілегей
шырын ) және меланхолик (мелайне холе – қара өт). Күшті ,
ұстамсыз топ Гиппократтың холерик темпераментіне , күшті тең
жылдам – сангвиник , күшті тең баяу – флегматик , әлсіз тежегіш
топ- меланхолик темпераментіне сәйкес .
Аталған 4 топтың аралас түрлері жиі кездеседі . Әсіресе өсіп дами
келе , баланың жасы ұлғайған сайын ержеткенде аралас топтар
көбірек орын алады.

7. Жоғарғы жүйке әрекетінің топтарының балаларда қалыптасуы

Балалардың бірінші сигнал жүйесі тусымен дами бастайды, ал
екінші сигнал жүйесі кейінірек қалыптасады. Баланың мінезқұлқының қалыптасуына екі сигнал жүйесінің даму дәрежесі ,
жоғары жүйке әрекетінің топтары ықпал етеді. Көптеген
зерттеулердің нәтижесінде жоғары жүйке әрекетінің топтары
балалардың темпераменті мен мінез-құлықтарының
физиологиялық негізі екені дәлелденеді. Баланың
темпераменті мен мінез-құлықтарының қалыптасуы екі түрлі
әсерге байланысты:

8.

• Ата – анасының тұқым қуалап ауысатын қозу мен тежелудің ми
қыртысындағы генотипті қасиеттері .
• Сыртқы ортаның әсерінен (үйдегі тәрбиесі , достарының
ықпалы,әлеуметтік қоғам орындарының әсері – балалар
бақшасындағы , мектептегі , көшедегі тәрбие , т.б) болатын
фенотиптік қасиеттер . Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланысты.
Жоғары жүйке әрекетінің және ми қыртысындағы қозу мен
тежелудің қасиеттерінің қалыптасуы жалпы жүйке жүйесінің
дамуына сәйкес , яғни жалпы организмнің даму заңдылықтары
жоғары жүйке әрекетінің топтарының қалыптасуына да әсер етеді.
Баланың жоғары жүйке әрекетінің топтары ересек адамның
топтарына ұқсастау болғанымен , жасына лайық ерекешеліктері
болады.

9. Жоғарғы жүйке әрекетінің икемділігі

Жануарлардыңда , адамның да мінез –құлқы олардың нерв
жүйесінің туа біткен қасиеттерімен және организмді қоршаған орта
әсерінен пайда болған ерекшеліктерімен сипатталады. Жоғары
нерв әрекетінің қалыптасуында ортаның атқаратын рөлін мынадай
тәжірибеден байқауға болады . Павловтың зертханасында
күшіктердің бір группасын толық еркіндікте ұстап , екінші
гркппасын клеткада ұстаған . Сонда еркіндікте жүрген күшіктердің
жоғары нерв әрекеті негізінен күшті типті қасиеттерін көрсеткен .
Ал клеткада өскендерде күшті пассивті қорғану рефлексі
байқалған,олар қорқақ келеді , яғни әлсіз типтің қасиеттерін
көрсеткен.

10. Топтардың жіктелуі

Жеке иттердің жоғары нерв әрекетінің индивидуалдық
ерекшеліктері түрліше болады , себебі олардың нерв процестердің
күші , балансы және жылжығыштығы әр түрлі болып келеді.
Дегенмен, Павлов осылардың ішінен ең негізгі 4 типті бөледі – бірі
әлсіз , қалған үшеуі күшті . Қыртыс клеткаларындағы қозу және
тежелу процестерінің күші жеткілікті иттердің өзін Павлов ұстамсыз
және байсалды (ұстамды) деп, ал байсалдылардың өзін ширақ
және инертті деп бөлген . Осы жоғарыдығы айтқандарға сүйене
отырып,Павлов, ең соңында жоғары нерв әркетінің мындай
типатері айырады: 1.Әлсіз;2.Ұстамсыз;3.Ширақ;4.Салмақты немесе
инертті;

11. Қорытынды

• Павловтың бұл қағидасы адам баласының екі сигнал жүйесінің
даму дәрежесіне негізделген .
• Көркем суретті топқа жататын адамдарда бірінші сигнал жүйесі
екінше сигнал жүйесінен күшті әрі басымырақ дамыған . Бұл
топқа болмысты нақтылы түрде қабылдайтын, сезімді кең
пайдаланатын , көрнекті ойлау қабілеті бар адамдар жатады
• Ойлы немесе саналы топтағы адамдарға екінші сигнал жүйесі(
сөйлеу,сөздің негізіндемойлау) бірінші сигнал жүйесінен күшті әрі
басымырақ дамыған , бұған абстрактылы ойлауға бейім , саналы
адамдар жатады . Ойшыл топ болмыстың екінші сигналдық жүйе
арқылы қабылданған мәліметтерінің негізінде қалыптасады.

12. Пайдаланған әдебиеттер

•Исатай Төленбек «Адам мен Жануарлар
физиологиясы»
•Х.Қ. Сәтпаева.,А.А. Өтепбергенов.,Ж.Б.
Нілдібаева «Адам физиологиясы»Алматы,2005ж
English     Русский Rules