6.30M
Categories: medicinemedicine biologybiology

Бұғанаастылық артерия. Иықтық, шынтақтық, кәрі жіліктік артериялар. Қол ұшы доғалары мен артериялары. Қолқа артериялары

1.

Мамандық:
ПӘН :
«ЕМДЕУ ІСІ»
«МЕЙІРБИКЕЛІК ІС»
«АНАТОМИЯ»
ТАҚЫРЫБЫ : «Жалпы ұйқы артериясы.Сыртқы және
ішкі ұйқы артериялары.Олардың тармақтары. Қанмен
қамтамасыз ететін ағзалары. Олардың анастомоздары.
Бұғанаастылық артерия.Иықтық, шынтақтық, кәрі
жіліктік артериялар. Қол ұшы доғалары мен
артериялары.Қолқа артериялары.
ҚАРАҒАНДЫ-2016ж.

2.

Жалпы ұйқы артериясы
Жалпы ұйқы артериясм — а.carotis 3-ден 4-ші қолқа доғалары
бойында вентралды қолқадан дамиды; оң жағында truncus
brachiocephalicus-тен, сол жағында колка доғасынан шығады.
Жалпы ұйкы артериялары кеңірдек және өңештің жағымен
жоғары карай жүреді. Оң жақ жалпы ұйқы артериясы сол
жақтағыдан қысқалау, өйткені, сол жақ ұйқы артериясы екі —
кеуде (қолқа доғасынан сол жақ төс-бұғана буынына дейін) және
мойын бөлімдерінен, ал оң жақ ұйқы артериясы тек мойын
бөлімінен тұрады. А.carotis communis, trigonum caroticum-ге
өтіп, қалқанша шеміршек немесе тіласты сүйегі денесінің
денгейінде өзінің соңғы тармақтарына: А.carotis externa et a.
carotis interna-ға (бифуркация) бөлінеді. Қан ағуды тоқтату үшін
жүзік тәрізді шеміршектің төменгі жиегі денгейінде, жалпы
ұйқы артериясын VI мойын омырткасының —tuberculum
caroticum-ына батырып қысады. Кейде сыртқы және ішкі ұйқы
артериялары ортақ сабаумен емес, жеке- жеке қолқадан шығады,
бұл олардың қалай дамитындығын көрсетеді.

3.

Сыртқы ұйқы артериясы
Сыртқы ұйқы артериясы a. carotis externa — бас пен
мойынның сыртқы бөліктері қанмен қамтамасыз етеді.
Сыртқы ұйқы артериясы басталған жерінен жоғары
көтеріліп, m. digastricus-тің артқы карыншасы мен m.
stylohyoideus-тің артқы бөлігінің ішкі жағынан құлақ
қасы безін тесіп өтіп, төменгі жақ өсіндісінің мойында
өзінің ақырғы тармақтарына бөлінеді. Олар алдыңғы,
ортаңғы және артқы топтарға бөлінеді.
Алдыңғы топқа жататын артериялар, қамтамасыз ететін
ағзалардың дамуы және орналасуына байланысты.
Желбезек доғаларының туындылары болып табылады.
Атап айтканда: қалқанша безбен көмей- дікі — a.
thyroidea superior, тілдікі — a. lingualis. беттікі — a.
facialis.

4.

1.А. thyroidea superior калқанша бездің жоғарғы
артериясы сыртқы ұйқы артериясының басталатын
жерінен сәл жоғарыдан шығып, төмен және алдыға
карай жүріп, калканша безге келіп, сол жерде басқа
қалқанша артерияларымен қосылады.
Жолында n. laryngeus
superior-мен ірге lig.
thyroideum-ды тесіп өтіп,
тармақтарымен көмейдің
бұлшықеттерін,
Байламдарын және
шырышты қабығын канмен
қамтамасыз ететінa. laryngea
superior-ді береді.

5.

2.A. lingualis — тіл артериясы, тіласты сүйегінің үлкен мүйіздері деңгейінен
шығып, m. hyoglossus-пен жабылған Пирогов үшбұрышы аркылы жоғары өтіп, тілге
қарай келеді. Оған енгенгн дейін тіласты сүйнгіне, таңдай бадамшасына және тіласты
безіне тармақтар береді. Тілге енгеннен кейін тіл артериясының сабауы — a. profunda
linguae деген атпен тілдің ұшына дейін созылып, жолында тіл арқасына көптеген
тармақтар — rr. dorsales linguae береді.
1. Тіласты безі
2. Сол жақ тіласты артериясы және венасы
3. Тілдің сол жақ терең артериясы
4,14. Сыртқы ұйқы артериясы
5. Сол жақ жоғарғы қалқанша артериясы;
6. Бифуркация жалпы ұйқы артериясы;
7. Жоғарғы көмей артериясы;
8. Жалпы ұйқы артериясы;
9. Қалқанша шеміршегі;
10. Сол үлесі қалқанша безі;
11. Оң үлесі қалқанша без;
12.Темірлі тармағының оң жақ жоғарғы қалқанша
артериясы;
13. Тіласты сүйек;
15. Оң жоғарғы қалқанша артериясы;
16.Тілдің оң артериясы;
17, 19 - оң тіласты артериясы (бөлінген);
18 - оң терең артериясы тілі

6.

3.A.facialis бет артериясы, алдыңғы артериядан сәл биіктеу төменгі жак бұрышы
деңгейінен шығып, m. digastricus-тың артқы қарыншасынан ішке өтіп,
m. masseter-дің алдыңғы жиегі тұсында, төменгі жақтың жиегінен иіліп, бетке
өтеді. Бұл жерде, m.masseter алдында, оны төменгі жаққа қарай қысуға болады
(кан токтатканда). Одан әрі көздің медиалды бұрышына қарай жүріп, сол жерде
ақырғы тармағы a.angularis пен ішкі ұйқы артериясы жүйесінің тармағы —
a.ophtalmica - дан кететін a. dorsalis nasi-мен анастомоз құрады. Төменгі жақ
арқылы иілгенге дейін жақын жатқан құрылымдарға: жұтқыншақ пен жұмсақ
таңдайға,таңдай бадамшаларына,төменгі жақасты безі мен ауыз көкетіне, сілекей
бездеріне, иілгеннен кейін жоғарғы және төменгі еріндерге тармақтар береді.
Артқы топ
4. А.occipitalis- шүйде артериясы, processus mastoideus-тегі жүлге арқылы өтіп,
желке аймағындағы тері астына келіп, төбеге дейін тармақталады. Өз жолында
a.occipitalis бірқатар қоршаған бұлшықеттерге, құлақ қаландарына, артқы бас
сүйек шұңқыры аймағындағы мидың қатты кішкене тармақтар береді.
5. A.auricularis posterior- құлақтың артқы артериясы, жоғарға және артқа
жүріп, құлақ қалқаны артындағы теріге қарай өтеді. Оның тармақтары құлақ
қалқанында,шүйде терісі мен бұлшықеттерінде, сондай-ақ дабыл қуысында (оған
артерияның тармағы foramen stylomastoideum арқылы өтеді) таралады.
6. A.sternocleidomastoidea – аттас бұлшықетке барады.

7.

9 - Бет артериясы
24,27 – Шүйде артериясы
29- Құлақтың артқы
артериясы

8.

Ортаңғы топ артерия доғаларының қалдықтарынан тұрады.
7. A.pharyngea ascendes – жоғары көтерілетін жұтқыншақ артериясы,
жоғары қарай оның қабырғасымен көтеріле жұтқыншақты, жұмсақ
таңдайды, таңдай бадамшасымен, есту түтігін, дабыл қуысын және мидың
қатты қабықшасын қанмен қамтамасыз етеді.
8. A.temporalis superficialis – самай беткей артериясы, сыртқы ұйқы
артериясының екі соңғы тармақтарының бірі – a.carotis externa сабауының
жалғасы ретінде самай бұлшықеті шандырында, терінің астында сыртқы
есту тесігінің алдынан самайға барады. Бұл жерде артерияны самай сүйегіне
қысуға болады. Оның ақырғы тармақтары – ramus frontalis және ramus
parietals, шеке мен самай аймағында тармақталады. Ол жол-жөнекей құлақ
қасы безіне, құлақ қалқанының латералды беті мен сыртқы есту тесігіне
тармақтар береді; тармақтардың бір бөлігі беттің артқы жағына, көздің
сыртқы бұрышына – m.orbicularis oculi және бет сүйегіне
барады.A.temporalis superficialis, m.temporalis-ті де қанмен жабдықтайды.
9. A.maxillaries – жоғарғы жақ сүйек артериясы, сыртқы ұйқы
артериясының басқа бір соңғы тармағы болып табылады. Тармақтарды
зерттеу оңай болу үшін, оның қысқа сабауын үш бөлімге бөледі: бірінші
бөлім төменгі жақ мойнын орап өтеді, екінші бөлім m.pterygoideus lateralisтің бетімен fossa infratemporalis-ке өтеді, үшінші бөлім - fossa
pterygopalatina-ға өтеді.

9.

Бірінші бөлімнің тармақтары жоғары қарай сыртқы есту тесігіне sissura
pterygotympanica арқылы дабыл қуысна барады; мидың қатты қабықшасына foramen
spinosum арқылы a.meningea media – ортаңғы менингеалдық артерия өтеді және төменгі
тістерге - a.Alveolaris inferior - төменгі ұшықтық артерия барады. Соңғы артерия төменгі
жаққа Canalis mandibulae арқылы өтеді. Өзекке енгенге дейін a.Alveolaris inferior аттас
бұлшық етке r.Mylohyoideus береді, ал өзекте өзінің тармақтарымен төменгі тістерді
қамтамасыз етіп, a.Mentalis деген атпен Foramen mentale арқылы шығып, иек терісі мен
бұлшықеттерінде тармақталады.
Екінші бөлім тармақтары: ұрт бұлшықетіне және барлық шайнау тобы бұлшықеттеріне
аттас артериялары арқылы, сондай-ақ sinus maxillaries -тің шырышты қабығына және
жоғарғы азу тістерге артқы жоғарғы ұяшықтың артериялары арқылы барады.
Үшінші бөлімнің тармақтары. 1) a.infraorbitlis-көзұя асты артериясы, Fissure orbitalis
inferior арқылы көзұясына енеді,содан кейін Canalis infraoorbitalis арқылы жоғарғы жақ
сүйектің алдыңғы бетіне шығып, төменгі қабаққа , көз жасы қабына және төмен қарай
жоғарғы ерін мен ұртқа тармақтар береді. Бұл жерде бет артериясы тармақтарымен
қосылады,сондықтан a.Maxillaries сабауында қан ағысы қиындағанда, қан оның
бассейніне a.Facialis арқылы келеді. Көзұясының езінде-ақ a.Infraorbitalis көз алмасы
бұлшықеттеріне тармақтар береді; Көз асты тілігінен өткенде ит және күрек тістерді
және sinus maxillaries-тің шырышты қабығын тармақтармен жабдықтайды;
2) Таңдай, жұтқыншақ және есту түтікшесіне баратын тармақтар, олардың бір бөлігі
Canalis palatinus major арқылы төмен түсіп, Foramina palatine majus et minores арқылы
шығып, қатты және жұмсақ таңдайда тармақталады; 3) a.Sphenopalatina – сына тәрізді
таңдай артериясы, аттас тесік арқылы мұрын қуысына өтіп, оның латералды бөлігі
aa.Ethmoidales anterior et posterior -лар арқылы қан алады.

10.

1. А.подключечной
2. Жалпы ұйқы артериясы
3. Жоғарғы қалқанша артериясы
4. Тілдің артерия
5. Жоғарғы жұтқыншақ артериясы
6. Жақ артериясы
7. Самайдың беткей артериясы
8. Желке артериясы
9. Құлақтың артқы артериясы
10.Желке артериясы
11.Бет артериясы
12.Сыртқы ұйқы артериясы
13.Ішкі ұйқы артериясы
14.Омыртқа артериясы

11.

Ішкі ұйқы артериясы
Ішкі ұйқы артериясы. a. carotis interna - жалпы
ұйқы артериясынан басталып, бас сүйек негізіне
көтеріліп, самай сүйектегі — canalis caroticus-ке
енеді. Мойын аймағында тармақталмайды;
басталатын жерінде дорсалды қолқаның
латералды орналасқан сабауынан дамуына
сәйкесті, a. carotis externa-дан сыртқа қарай
жатады, алайда көп ұзамай оның медиалды бітене
ығыса бастайды. Ішкі ұйқы артериясы canalis
caroticus-тің иілгендігіне қарай онда алдымен тік
жүріп, содан кейін алдыңғы медиалды бағытта
иіліп самай сүйектің ұшында, Foramen lacerum
жанында бас сүйек қуысына енеді; жоғары
қайырылып, сына тәрізді сүйек арқылы түрі
ершігінің түбі деңгейінде қайтадан алға
бұрылып,кеуекті қойнау қабаты арқылы өтіп,
canalis opticus қасында соңғы рет жоғары және сәл
артқа қарай иілім жасап, бірінші тармақты –
a.ophthalmica –береді де, содан кейін қатты және
торлы қабықты тесіп, ақырында өзінің соңғы
тармақтарына бөлінеді.

12.

A. carotis іntеrnа-ның тармақтары:
1.Дабыл қуысына өтетін rr. caroticotympanici.
2. А. ophthalmica – көз артериясы, canalis opticus арқылы п. opticus-пен бірге
көұясы қуысына өтіп, сол жерде өзінің соңғы тармақтарына бөлінеді. Көзұясына
дейінгі жолында бірнеше тармақ береді.
А. ophthalmica тармақтары :
1) мидың қатты қабығына баратын, a. meningea media-мен жалғасып кететін
тармақтар;
2) көз жасы безіне баратын a. lacrimalis;
3) көз алмасына баратын аа. ciliares — көздің тамырлы қабығында аяқталады;
олардың арасында a. centralis retinae көру жүйкесіне өтіп,сонымен бірге
торлы қабықта тармақталады;
4) көз алмасы бұлшықеттеріне баратын тармақтар;
5) қабақтарға баратын a. Palpebrals laterals et mediales- тер;
6) мұрын қуысының шырышты қабықшасына аа. ethmoidales et posterior- лар
барады;
7) a. supraorbital — көзұясынан incisura supraorbitalis арқылы шығады;
8) a. dorsales nasi – мұрын қырының жиегімен төмен кетеді.

13.

3.A. cerebri anterior – алдыңғы ми артериясы,көлемі кішілеу, алға және мидың
бойлық жүлгесінің алдына қарай медиалды жүріп, мүйізді дененің тізесін орай,
ми сыңарының ішкі бетімен артқа өтіп, шүйде бөлігінен басталар жеріне дейін
созылып, өз жолында ми қыртысына тармақтар береді.
4.А. cerebri media - ортаңғы МИ артериясы, латералды жаққа мидың латералды
жүлгесінің тереңіне қарай жүріп, сол жерде — insula бетінде тармақтарға
бөлінеді, ол тармақтар ми сыңарларының бетіне шығып, маңдай, самай жәнс төбе
бөліктерінің сыртқы бетін қанмен қамтамасыз етеді, мидың артқы бөлімдері
қанды а. vertebralis жүйесінен алады.
5.А. choroidea - тамыpлы өрім артериясы, бүйір қарыншаның төменгі мүйізіне
еніп, lexus choroideus-те аяқталады.
6.A. communicans posterior - артқы байланыстырушы артерия, көз
артериясын бергеннен кейін a. carotis interna-дан шығады, кейін бұрылып, a.
cerebri posterior-ға құяды.
А. communicans anterior, аа. cerebri anteriores-тердің бөліктері, a. communicans
posteriors және a. cerebri posteriores бірігіп тор асты кеңістігінде мидың негізінде
тұйық үлкен мидың артериялық шеңберін - circulus arteriosus cerebri — түзеді.

14.

А – жалпы түрі
Ә – скелетотопиясы
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
10.
11.
12.
13.
14.
15.
16.
Қанат тәрізді өзек артериясы
Үңгірлі синус тармағы
Менингеалдық тармақ
Нерв тармақтары
Үңгірлі бөлік
Милық бөлік
Көз артериясы
Алдыңғы бүрлі артерия
Милық бөлік
Жоғарғы гипофиз артериясы
Базальды шатыр тармағы
Маргинальды шатыр тармағы
Төменгі гипофиз артериясы
Үштік ганглиоздық тармақ
Тастық бөлік
Мойындық бөлік,мойын бөлігі

15.

Бұғанаасты артериясы
Тек сол жак бұғана асты артериясы - a. subclavia қолқа доғасынан
тікелей шығатын тармақтарға жатады, ал оң жақ бұғанаасты
артериясы truncus brachiocephalicus-тің тармағы болып саналады.
Артерия өкпеқап күмбезін орап өтетін жоғары қарай дөңес доға
түзеді.
Бұғанаасты артериясы өз жолында иық өрімімен бірге spatium
inrerscalenum арқылы өтеді,сондықтан онда 3 бөлімді ажыратады:
бірінші — басталған жерден spatium interscalenum-ге кіргенге
дейін, екінші бөлім — spatium interscalenum ішінде және үшінші
бөлім одан шығып а. axillaries-ке ауысқанға дейін.

16.

Бұғанаасты артериясы бірінші бөлімнің тармақтары
1.А. vertebralis- омыртқа артериясы, ол ірі тармақтар береді:
a)A.spinalis anterior – бас сүйек қуысында, екі омыртқа артериясы қосылатын
жерге жақын өтіп, төмен және орталық сызыққа қарай жүріп, қарсы жақтың аттас
артериясымен бір сабауға бірігеді;
b)A.spinalis posterior – омыртқа артериясы бас сүйек қуысына кірісімен дереу
одан бөлініп шығып, жұлынның бүйірімен төмен жүреді.
А.basilaris – негіздік базилярлық артерия, екі омыртқа артериясының қосылуынан
пайда болады, көпірдің ортаңғы жүлгесіне жайғасады, оның алдыңғы жиегінде
екіге – aa.cerebri posterior бөлінеді, ал бұлар кейін және жоғары жүріп, ми
аяқшаларының бүйір бетін орап өтіп, шүйде бөлігінің төменгі, ішкі және сыртқы
беттерінде тармақталады
2. Truncus thyrocervical – қалқан мойын сабауы
3. A. thoracica interna – ішкі кеуде артериясы. Өз жолындағы ең жақын орналасқан
анатомиялық құрылымдарға, алдыңғы көкірекаралыққа, айырша безге,
кеңірдектің төменгі ұшы мен бронхтарға, алты жоғарғы қабырға аралықтарға
және сүт бездеріне тармақтар береді.
Бұғанаасты артериясы екінші бөлімінің тармақтары:
4.Truncus costocervicalis –қабырға мойын сабауы
5. A.transversa colli – мойынның көлденең артериясы

17.

Қолтық артериясы
Бұғанаасты артериясының тікелей жалғасы қолтық арт-сы, болып табылады, ол
өз кезегінде иық арт-на айнала созылады.Қолтық ар-ң проксималды шекарасы 1-і қаб-ң сыртқы жиегі , дисталды шекарасы-m teres major-ң төменгі жиегі.
Қолтық арт-сы cavitas axillaris -те иық буыны мен тоқпақ жіліктен медиальді
жатады. Алдынан ж/е одан медиалдылау -v axillaris ж/е ұш жагынан иық
орімінің нерв сабаулары орналасады.Бұл тамыр –нерв будасы төменнен терімен
,шандырмен ж/е лимфа түйіндері бар шел майымен жабылған
Trigonum clavipectorale - дегі axillaris тармақтары:
1)A.thoracica superior-Жоғарғы кеуде арт-сы m.subclavius-те ,2 кеуде
бұлшықеттерінде , m serratus anterior –да ең жақын қабырғааралық
бұлшықеттерде тармақталады
2) A.thoracica thoracoacromialis - кеуде –акрамион арт-сы , иық буынын,m
deltoideus-ті жане 2кеуде бұлшықеттерін қанмен қамтамасыз етуге қатысады.
3)A.subcapullaris-латералды кеуде арт-сы кеуде торының бүйір қабырғасымен
төмен түсіп , сүт безі мен өзінің айналасындағы бұлшықеттерге тармақтар
шығарады.

18.

19.

Иық артериясы (плечевая артерия)
Иық артериясы –қолтық арт-ң тікелей жалғасы болып табылады.Ол
m.terеs mаjor –дың төменгі жиегінен басталып,sulcus bicipitalis –те
шынтақ бөгелісіне дейін созылып , сол жерде кәрі жілік мойыны
деңгейінде соңғы тармақтарына- кәрі жілік ж/е шынтақ арт-на
бөлінеді.Sulcus bicipitalis maedialis –ке өтетін жолында оған екі иық
венасы мен нервтер қосарланады.Сүйек пен бұлшықеттерге баратын
кішкене тармақтардан басқа иық арт-сы мынадай тармақтарға
береді:
1)A.profunda brachii -терең иықтық арт-сы ,a.brachialis-тен , оның басталған
жерінен кейін ілешала шыгады, ірі тармақ- n.radialis-пен бірге cаnalis
humeromuscularis –ке өтеді, жолында тоқпан жілікті қоректендіретін артерия
шыгарып m.triceps қабатынa өтетін жане а.interosea reccurens-пен анастомоз
құрайтын , a collateralis media –ға жане a.collateralis radialis-ке ыдырайды; соңғы
арт-я иық бұлшықет өзегінің төменгі тесігі арқылы сыртқа шығып, epicondylus
lateralis-тен алға қарай жүріп , a.reccurens radialis –пен қосылып ,анастомоз
құрайды.Терең иық арт-сы кобінесе иық немесе қолтық арт-ның басқа
тармақтарымен бірге шығады немесе болмайды.

20.

2)A.collateralis ulnaris superior-шынтақтың жоғарғы
жанама арт-сы ,иықтың орта тұсында иық арт-нан
шығып, epicondylus medialis-тің артындағы жүлгеге
түсіп , сол жерде , a reccurens ulnaris posterior-мен
жалғасады,
3)A.collateralis ulnaris inferior –шынтақтың төменгі
жанама арт-сы , иық арт-нан шамамен оның аяқталар
жерінен 5см жоғарылау жерден шығып, epicondylus
medialis-тен алға қарай a.reccurens radialis ulnaris
anterior-мен жалғасады

21.

22.

Кәріжілік артериясы
Кәріжілік арт-сы –a radialis –бағыты жағынан иық арт-ның жалғасы болып
табылады. Ол алғашқы кезде оны жауып тұратын m.brachioradialis-тен медиальді
өтіп , одан әрі sulcus radialis-ке барады;білек бұлшықеттерінің сіңірге ауысатын
төменгі 3/1де кәрі жілік арт-сы бет жағынан тек шандыр жане терімен ғана
жабылған, сондықтан оңай білетіндіктен тамырдың соғуын анықтау үшін
пайдаланады.Кәрі жіліктің без тәрізді өсіндісінің ұшына жетіп , a radialis
білезіктің латералді жиегін орап және «шашқа» деп аталатын құрылым арқылы
өтіп,сыртқы жағына ауысады.Одан кейін 1жане2 алақан сүйектердің негіздірі
арасындағы бірінші сүйекаралық кеңістікте алақанға шығады. Кәрі жілік арт-ы
алақанда- a.ulnaris –тің терең тармағымен бірге - arcus palmaris frofundus-терең
алақан доғасын түзеді.
Кәрі жіліктің арт-ң тармақтары:
1)A reccurens radialis кәрі жіліктің қайырылма арт-сы,шынтақ шұңқырында
басталып,латералды айдаршықтың алдыңғы бетіне проксималды бағытта
жүріп,сол жерде жоғарыда көрсетілгендей а.collateralis пен жалғасады.
2)Rami musculares-Айнала қоршаған бұлшықеттерге барады.
3)Rami carpeus palmaris-алақан білезік тармағы , білектің төменгі бөлігінде
басталып, a ulnaris-тен шығатын сондай тармаққа қарсы шынтақ сүйекке қарай
жүреді.

23.

Шынтақ арт-сы - иық арт-ң 2 соңғы тармақтарының бірі болып табылады.Ол
шынтақ шұңқырында басталған жерінен m.pronotor teres астына келіп , білектің
ортаңғы 3/1 дейін шынтақ жағына қисая жүреді.Төменгі 3/2 бөлікте ол алдымен
m.flexor digitorum superfacialis жане m.flexor carpi ulnaris аралығында шынтақ
жілікке паралель жүріп, ал төменгі 3/1 бөлігінде бұлшықеттрдің сіңірілуге
ауысуына бай-ты білектің сыртқы бетіне жақындай түседі. Бұршақ тарізді
сүйектің кәрі жіліктік жағында шынтақ арт-сы canalis carpi ulnaris –ке өтіп,
алақанға ауысып,palmaris superfacialis құрамына енеді.
1)A reccurens ulnaris – шынтақтың қайырылма артериясы,екі тармақ- rami
anterior et posterior береді, олар медиалды айдаршықтың алды және артынан өтіп,
aa collateralis ulneres superior et posterior-мен жалғасады. Осы және жоғарыда
аталған жалғасулардың арқасында a.profunda brachii мен a.radialis тармақтары
арасында шынтақ буыны шеңберінде артериялық топ rete articulare cubiti пайда
болады.
2) A interossea comminus –жалпы сүйекаралық артерия сүйекаралық жарғаққа
қарай жүріп , оның проксималды жиегіне 2 тармаққа бөлінеді : a.interossea anterior
-сүйекаралық жарғақтың алғы бетімен m.pronator quadratus-қа жетіп , жарғақты
тесіп өтіп , сыртқы жағына шығып , сол жерде rete carpi dorsale де аяқталады.
3)Ramus carpeus palmaris-білезіктің алақандық тармағы кәрі жілік арт-ң аттас
тармағына қарсы жүріп онымен жалғасады.

24.

25.

Қол ұшы доғалары мен артериялары .
Білезік аймағында 2 топ бар :біреуі алақан торы- rete carpi palmare , екіншісі қол
сырты торы- rete carpi dorsale
• Rete carpi palmare-кәрі жілік жане шынтақ арт-ң алақан білезік арт-ң алақан
білезік тармақтары мен алғы сүйекаралық арт-нан түзіледі.Білезіктің
алақандық торы оның бүккіш бұлшықеттердің сіңірлері астында орналасады.
Оның тармақтары байламдар мен - articulation mediocarpales et radiocarpea
қоректенеді.
• Rete carpi dorsale-кәрі жілік шынтақ арт-ң сыртқы білезік тармақтары мен
сүйек аралық артерия тармақшаларынан құралады; жазғыш бұлшықеттер
сіңірлері астында орналасқан жане мынадай тармақтар береді. а) ең жақын
буындарға в) екінші, үшінші,төртінші сүйекаралықтарға ,олардың әрқайсысы
саусақтарға баратын тармақтарға бөлінеді.
Алақанда 2 терең беткей жане терең бұлшықеттер бар.
• Arcus palmaris superfacialis -беткей алақан доғасы apaneurosus palmaris
астында орналасады.Шынтақ арт-ң жалғасы сияқты болғандақтан , кәрі жілік
жағына қарай беткей доғаның көлемі кішірейе береді де, кәрі жілік арт-ң
беткей алақан тармағымен қосылады.

26.

• Arcus palmaris profundus – терең алақан доғасы, бүккіш
бұлшықеттердің сіңірлері астында алақан сүйектерінің түбінде ,
беткей доғадан проксимальді орналасады. Терең алақан доғасы
негізінен кәрі жілік арт-нан түзілетіндіктен ,беткей артериядай
емес, қол ұшының шынтақ жағы бағытында калибрін
кішірейтеді. Сол жерде ол шынтақ арт-ң біршама терең алақан
тармағымен қосылады.
Беткей және терең артерия доғалары маңызды функционалдық
бейімделу болып табылады: қолдың қызметіне байланысты қол
ұшының тамырлары жиі қосылады. Беткей алақан доғасында қан
ағымы бұзылғанда қол ұшын қанмен жабдықтау кемімейді,өйткені
мұндай жағдайларда терең доға артерияларымен қан
жеткізіледі.Буын торлары да осындай фунционалдық бейімделу
болып табылады, солардың көмегімен қимыл қозғалыстар кезінде
тамырлардың қысылып және созылуына қарамастан қан буындарга
еркін келіп турады.Қол аймағында жанама қан айналымының
дамуына мол мүмкіндіктер бар.

27.

28.

Қолқа және оның доғасының тармақтары.Қолқа жүректің сол қарыншасынан
қанды әкететіүлкен қанайналым шеңберінің негізгі сабауы болып табылады.
Қолқада келесі бөлімдерден тұрады:
1) қолқаның жоғарылаған бөлігі;
2) қолқа доғасы;
3) қолқаның төмендеген бөлігі;
Жоғарылаған қолқа сол қарыншадан қолқа шығу орнынан басталып иық
сабауының бөлінетін жеріне дейін созылып жатады және тамырдың
интраперикардиальді қиындысына сәйкес келеді. Қолқа доғасы иықбас
артериясының шыққан жерінен солжақ бұғана асты артериясына дейінгі тамыр
бөліміне сәйкес келеді. Одан кейін көкеттің қолқалық тесігіне дейін төмендеген
қолқа жатады. Қолқа доғасының төмендеген бөліміне өтетін жерінде қуыстың
кішірейетін аймағы болады-қолқа мойнағы немесе қылтасы. Даму ақауларында
қолқа қуысы бұл жер кішіреюі немесе толық бітеліп шиыршықталуы мүмкін.
Қолқа доғасының шығыңқы бөлімінен иық-бас сабауы,сол жақ жалпы ұйқы
артериясы және сол жақ бұғана асты артериясы шығады. Қолқа доғасының
бастапқы бөлімі алдыңғы көкірекаралықтың жоғарғы бөлімінде, соңғы бөлігі
артқы көкірекаралыққа өтеді.

29.

Қолқа доғасынң бастапқы бөлігі төстіктің оң жақ жиегі бойымен II төстікқабырға буынының деңгейіне проекцияланады. Шығыңқы бөлігінің жоғарғы
нүктесі төстік сабының ортасына проекцияланады.
Қолқа доғасының алдыңғы сол жақ беткейіне сол жақ көкеттік,артында –
сол жақ кезеген жүйкесі жатады. Қолқа доғасының оң жақ беткейіне жоғарғы
қуысты вена, артында-кеңірдек, өңеш және кеуде түтігі, қолқа доғасының
шығыңқы беткейі-өкпе беғанасының бифуркациясына және сол жақ бронхқа
түйісіп жатады. Қолқа доғасы мен өкпе бағанасы арасында, сол жақ бұғана
асты артериясының бөліну деңгейінде артериальді байлам орналасады lig.arteriosum ( Боталлов түтігі). Қолқа доғасының және оның тармақтары
алдында безымянные веналар және айырша безі жатады.
Төмендеген қолқа IV -XI кеуде омыртқаларының арасында жатады. Артқы
көкірекаралықта орналасады. Жоғарғы жартысында омыртқадан солға қарай
орналасады,төменгі жартысында—ортаңғы сызыққы жақындайды ( VIIомыртқадан XI омыртқаға дейін). Төмендеген қолқадан жұп сегментарлы
қабырғааралық артериялар және санының тұрақсыздығымен және
топографиясымен ерекшелінетін висцеральді тармақтар (бронхтық, өңештік,
жоғарғы көкеттік, көкірекаралықтық)шығады.

30.

31.

32.

33.

34.

35.

36.

37.

Ішкі ұйқы артериясы

38.

Бұғанаасты артериясы

39.

Қолтық артериясы
Кәрі жілік және шынтақ
артериясы

40.

Қолқа артериясы
English     Русский Rules