Similar presentations:
План, карта, профиль
1. План, карта, профиль
Дайындаған: Абылхаева А. АТексерген: Кауметова Д. С.
2. План
(лат.planum — жазықтық) —
жер бетінің белгілі бір телімін жазықтықта
(1:10000 не одан да үлкенірек масштабпен)
шартты белгілердің көмегімен бейнелейтін
сызба (топографиялық План);
қандай да бір ғимараттың немесе нәрсенің
горизонталь қимасы немесе оның
жоғарыдан қарағандағы көрінісі;
горизонталь проекция;
3. Геодезиялық план
4.
Планэлементтері –– сызбада көрсетілген
сызықтық контурлардың, аудандардың,
масштабтан тыс объектілердің, жазулардың
шартты белгілері. План элементтері өздерінің
бейнеленуі бойынша штрихтық, аялық, жартылай
түсті құйылған және түрлі түсті болып бөлінеді.
План элементтері тушьпен, қарындашпен,
сондай-ақ декольдермен және темплеттермен
сызылады.
5. Масштаппен берілген план
6. Пландар дәлдігі
–– пландағы объектілерорындарының жергілікті жердегі нақтылы
орындарымен айырмашылығы шамасын
сипаттайтын ұғым. Пландар дәлдігі план
бойынша анықталған контурлар орны мен
нүктелер биіктігі жер бетінде тексеру-өлшеу
нәтижелерінен алынған мәліметтер
айырмашылығымен бағаланады. Шектеулі
айырмашылық нұсқаулармен белгіленген
орташа квадраттық қателіктердің екі есе
шамасынан аспауы қажет. Шектеулі шамадан
асатын айырмашылық саны жалпы тексеруөлшеу санының 5%-ынан аспауы тиіс. Шектеулі
айырмашылық саны 10%. Орташа қателіктерді
есептеуге шектеулі шамадан асатын барлық
айырмашылықтар енгізіледі.
7. Қазақстанның физикалық картасы
8. Карта
(немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes – жазуғапайдаланылатын папирус парағы) – Жер
бетінің, жұлдызды аспанның немесе оның
бөліктерінің картографиялық проекцияларды пайдалана
отырып, шартты белгілер арқылы жасалған кішірейтілген
бейнесі (үлгісі).
Картадан өзен арнасының, топырақ жамылғысының,
жыралардың өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен
жолдардың сипатын, т.б. анықтауға
болады. Масштаб бойынша нысандардың өзара орналасуы
мен байланысын, саралық және сандық сипаттарын
анықтайды.
Картаның өндіріс пен шаруашылықта, ғылым мен елдің
қорғанысында маңызы зор. Сонымен бірге іздестіру
жүргізуде, жоспарлауда, әр түрлі құрылыс
ғимараттарын жобалауда кеңінен қолданылады; [1]
Карта — Жер шарының бетін немесе оның бөліктерін
белгілі бір картографиялық проекцияда жазықтыққа
кішірейтіп және жинақтап бейнелеу. Қолданылу мақсатына
қарай керекті мәліметтер көрсетіледі.
9. Әлем картасы
10. Профиль
Профиль— география мен геология
ғылымдарында кездесетін вертикалды (тік)
қималар немесе кейбір рельеф
формаларының (аңғардың, таудың,
теңіздің), геологиялық қабаттардың
көлденең қимасы. Бұл вертикалды
жазықтықта рельеф формаларьшың, жер
қабығы құрылысымен құрамының өзгеруін
зерттеуде картаны толықтыру үшін
жасалады. Өсімдік, топырақ тағы басқалар.
комплексті профиль ландшафт құрайтын
әрбір табиғат элементтерінің
байланыстарын түсіндіру үшін сызылады.