665.53K
Category: geographygeography

Геодезия және картография

1.

Жер ресурстарын басқару, сәулет
және дизайн факультеті
«Жергеорналастыру және геодезия» кафедрасы
Оқытушы туралы мәліметтер: Капасова Айзада Зарлыковна– т.ғ.к,
«Жергеорналастыру және Геодезия» кафедрасының аға оқытушысы,
ЖРБСжД факультеті, (каб. 6113), байланысу телефон: 39-79-47; 8700-669-75-34; идентиф.номер ZOOM № 427-809-09-13; пароль 1953,
электрондық почта [email protected]
Пән:
ГЕОДЕЗИЯ
Оқыту бағдарламасы: «Геодезия және картография»
Білім беру бағдарламасының тобы: В074-«Қала құрылысы,
құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс»
Дайындау бағыты: 6В073-«Сәулет және құрылыс»
Білім беру саласы: 6B07 –«Инженерлік, өндеу және и құрылыс
саласы»
1

2.

ПӘН БОЙЫНША ОҚУ УАҚЫТЫН ШАМАМЕН БӨЛУ
Триместр
апталары
1
Дәрістер
2
2
2
2
2
2
2
2
ЗЖ
3
3
3
3
3
3
3
СОӨЖ
2
2
2
2
2
2
СӨЖ
8
8
8
8
8
Барлығы
15
15
15
15
15
2
3
4
10
Барлығы
2
2
20
3
3
3
30
2
2
2
2
20
8
8
8
8
8
80
15
15
15
15
15
150
5
6
7
8
9
2

3.

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Негізгі әдебиеттер:
1. Нурпеисова М.Б. Геодезия. - Оқулық. -Алматы: Эверо, 2015. -276 б.
2. Г.Г.Поклад, С.П. Гриднев. Геодезия: учебное пособие для вузов. – М.:
Академический проект, 2017. -592с.
3. Игильманов Ж.А., Кусаинова Г.Д., Игильманов А.А. Геодезия.– Оқу
құрал.- Астана, 2013-145с.
4. Капасова А.З. Геодезия. – Оқу құрал. -Қарағанды, 2014. -120 б.
5. Кочетова Э.Ф., Акрицкая И.И., Л.Р.Тюльникова, А.Б.Гордеев Н.
Инженерная геодезия: учебное пособие. Новгород: ННГАСУ, 2017. –
158 с.
Қосымша әдебиеттер:
1. Инструкция по топографической съемке в масштабах 1:5 000, 1:2000,
1:1000, и 1:500. http://www.racurs.ru/
2. Инструкция по топографической съемке в масштабах 1:5 000, 1:2000,
Москва, ЦНИИГАиК.
3. Условные знаки для топографических планов масштабов 1: 5000,
1:2000, 1:1000, 1:500. http://geo-fond.ru/docs/uz-top.pdf
3

4.

5-Дәріс
Жер бетін жазықтықта бейнелеу. План, карта, профиль.
Масштабтар мен олардың дәлдігі. Пландар мен карталардың
шартты белгілері. Пландар мен карталардың
номенклатурасы. Жер бетін цифр түрінде бейнелеу
(2-сағ)
Дәріс жоспары:
1. План, карта, профиль
2. Масштабтар мен олардың дәлдігі
3. Пландар мен карталардың шартты белгілері
4. Пландар мен карталардың номенклатурасы
5. Жер бетін цифр түрінде бейнелеу
4

5.

1.План, карта, профиль
Жер бетінің немесе оның жеке бөлшектерінің кішірейтіліп,
арнаулы деректері толық көрсетіліп, жазықтық бетке кескінделуін
карта дейді. Ал, шағын аймақтың дәл осындай кескінін, яғни ірі
масштабтағы картаны план деп атайды. План мен карталардың
біздің халық шаруашылығымыздың қай саласында болсын,
атқаратын рөлі зор. Жерге байланысты ғылыми және практикалық
жұмыстар ең алдымен карта арқылы сол территорияны жете
зерттеу қажет, яғни зерттеу объектісін белгілеп, жүретін
маршруттарды, жолдарды, т.б. қағаз бетіне (планға) түсіру керек.
Жергілікті жердің территориясын зерттеп, көптеген жаңалықтар
енгізіліп, бұрынғы карта мен план толықтырылады (8, a -сурет).
Демек, барлық жүргізілген жұмыстар картадан, планнан шығады
және картаға (планға) түседі, картадан (планнан) басталады да,
картаман (планмен) аяқталады.
5

6.

План мен картаның негізгі ерекшеліктері:
1. Планда жердің шағын аймақтары үлкен масштабпен алынса,
1:500, 1:1000, 1:2000, 1:5000 карталарда үлкен аймақтар ұсақ
масштабпен 1:50000, 1:100000 алынады.
2. Картада меридиандар мен параллельдер міндетті түрде
сызылады, ал план бетінде тік бұрышы координаталық тордың
кескіні ғана болады.
3. Планда жердің дөңестігі ескерілмейді. Кескіндеу масштабы
планның барлық бағытында тұрақты болса, картада ол тек
меридиандар мен параллельдер бағытында ғана сақталады.
Жер бетін план мен картадан басқа профиль деп аталатын
жердің вертикаль бағыттағы кесіндісі арқылы бейнелеп көрсетуге
де болады (8, ә-сурет).
Жалпы алғанда, профиль көлденең кескіннің (қиманың) дербес
(жеке) түрі болып есептелінеді. Жер қыртысының бетінен оның
терең қабаттарына дейінгі аралығының тік бағыттағы (вертикаль)
көрінісін қима немесе көлденең кесінді дейді.
6

7.

Қималар әрқашанда горизонталь және вертикаль
масштабтарда сызылады. Жол және әртүрлі құрылыс салуда,
сол жердің рельефі мен геологиялық құрылысы арасындағы
байланысты анықтау қажет болғанда, қиманың вертикаль
масштабы горизонталь масштабпен ондаған, кейде жүздеген
есе үлкейтіліп (іріленіп) сызылады. Мәселен, горизонталь
масштаб 1:5000 болса, оның вертикаль масштабы 1:500
болып келеді.
Қималар (8,б-сурет) геологияда маркшейдер және тау-кен
ісінде пайдалы қазбалардың орналасуын анықтауға, ізденіс
және барлау, сумен қамтамасыз ету жұмыстарын жобалауға
мүмкіндік береді.
7

8.

8-сурет- План, профиль, қима
8

9.

2. Масштабтар мен олардың дәлдігі
Жер беті мен оның шағын аймақтары қағаз бетіне белгілі бір масштаб
арқылы кішірейтіліп кескінделеді.
Масштаб дегеніміз пландағы, картадағы сызықтың (кесіндінің) өзіне
сәйкес жер бетіндегі ұзындығының горизонталь проекциясына қатынасы.
Масштаб сандық, сызықтық және көлденең болып бірнеше түрге бөлінеді.
Егер план 1:1000 масштабында жасалса, онда жер бетіндегі ұзындығы
1000 см-лік арақашықтық планға 1 см-лік кесінді түрінде кескінделген
болады. Мұндай масштаб сандық масштаб делінеді. Мына төмендегі бірнеше
сандық масштабтар 1:1000; 1:2000; 1:5000; 1:10000, т.б. ірісінен ұсақтарына
қарай қатармен жазылады. Масштаб ірі болса, ол планда арнаулы деректер
толық көрсетіледі. Әр планның мақсатына лайықты өзіне сәйкес масштабы
болады. Егер сандық масштаб белгілі болса, сызықтың ұзындығын қағаз
бетіне не керісінше, пландағы кесінді арқылы оның жер бетіндегі ұзындығын
анықтауға болады. Бірінші мысал: жер бетіндегі сызықтық проекциясы 275
м-ге тең делік. 1:5000 сандық масштабта бұл қашықтық планға 275 : 5000=
0,055м болады, сонда 5,5 см-ге тең кесінді болып кескінделеді. Екінші мысал:
1: 2000 масштабы пландағы кесінді ұзындығы 6,5 см болса, онда жер
9
бетіндегі ұзындығы 6,5 x 2000 =13 000 см сонда, 130м.

10.

Іс жүзінде бұл есептерді қолдану ыңғайсыз болғандықтан, сандық
масштабтың орнына сызықтық, көбінесе көлденең масштаб
қолданылады. Сандық масштабтың қағаз бетінде график түрінде
бейнелеуін–сызықтық масштаб дейді.
9-сурет - Сызықтық масштаб
Сызықтық масштаб бір түзудің бойын масштаб негізі деп аталатын
біріне-бірі тең бірнеше кесінділерге бөлгеннен шығады. Масштаб негізі
әдетте 1 см-ге тең болып келеді (9-сурет). Сол жақтағы шеткі негіз 10
тең бөлікке бөлінеді де, оның оң жақ ұшы 0-деп белгіленеді.
10

11.

Сандық масштабтың да кемшілігі бар, ол сызықтық масштабпен
пайдаланғанда, оның 0-ден сол жақтағы негізінің ұсақ бөлшектерінің
аралығын көз мөлшермен бағалаудан тұрады. Сондықтан өте үлкен
дәлдікті қажет ететін өлшеулер үшін көбіне көлденең масштаб
қолданылады. 1:5000 масштабына сәйкес келетін көлденең масштаб
10-суретте көрсетілген.
10-сурет - Көлденең масштаб
11

12.

Түзу сызық жоғарыдағыдай «масштаб негізін» 2см-ге тең етіліп,
бірнеше бөліктерге бөлінеді. Оң жақтағы 0, 2, 4, 6, 8 нүктелерінен
перпендикуляр тұрғызылып, олар төменге түзу сызықтан бастап,
әрқайсысы 2 немесе 3мм-ге тең 10 бөлікке бөлінеді. Бөлінген
нүктелер арқылы бастапқы түзу сызыққа параллель сызықтар
жүргізіледі. Сол жақтағы масштаб негізінің төменгі және жоғарғы
қабырғалары «10–ға бөлініп, масштабтың кіші негізі» алынады. Олар
суреттегідей қиғаш сызықтармен қосылады. Осылай сызылған
көлденең масштабтың ең кіші бөлігі «bo1» кесіндісі «BO'» –ның 1/10
на, яғни 0,2 мм-ге тең. 0,2 мм-ге сәйкес келетін жер бетіндегі
горизонталь ұзындықты көлденең масштабтың дәлдігі дейді.
Масштаб дәлдігі мына формуламен анықталады:
0,02см M
0,01см М
t
, м,
t
, м.
граф
шекті
100
100
Мысалы: 1:1000; 1:2000; 1:5000 масштабтарының графиктік
дәлдіктері 0,2; 0,4; 1,0 м тең болып келеді. Мұндай көлденең
масштабтар топографиялық транспортирлер мен металдан жасалған
сызғыштарға қондырылады. Оларды масштабтық сызғыштар дейді.
12

13.

3. Пландар мен карталардың шартты белгілері
Жер бетін планға, картаға түсіру күрделі жұмыс, ол өте аса дәлдікті
қажет етеді және дәл аспаптарды пайдаланып, маман-геодезистер,
маркшейдерлер жасайды. План мен картаның мазмұны толық, түсінікті
және көрнекті болуы үшін пішіні, түрі мүмкіндігінше жердегі заттарды
бейнелейтін белгілер қолданылады.
Топографиялық картадағы шартты белгілер: карталарды түрлі-түсті
безендіруден, түсіндірме жазулардан, цифрлы белгілерден тұратын бір
тұтас жүйеден тұрады. Шартты белгілер мен олардың түстері жердің
әртүрлі объектілері, тектік түрлерін көрнектендіре түседі. Ал,
түсіндірме жазбалар мен цифрлық белгілеулер шартты белгілерде
кескінделетін объектілердің және ерекшеліктері туралы мәліметтермен
толықтырылады. Карталар мен пландардағы шартты белгілер
масштабты (контурлық), сызықтық, масштабтан тыс және түсіндірме
шартты белгілерге бөлінеді (11-сурет).
Жер бетіндегі заттарды планға масштабпен кішірейтіп салу үшін
қолданылатын шартты белгілерді контурлық деп атайды.
13

14.

Контурлық белгілер орманның, шабындықтың және олардың
көлемін де білуге мүмкіндік береді. Объектілердің контурлары
нүктелік пунктирлермен немесе жіңішке тұтас сызықпен жер
бетінің белдерін және шын мәніндегі сұлбаға ұқсастығын сақтай
отырып белгіленеді.
Бейнелейтін заттардың көлемі кішкентай болып, оны масштаб
арқылы көрсету мүмкін болса, ондай заттар масштабтан тыс шартты
белгілермен көрсетіледі. Мәселен, жаңа өскен ағаштар, құдықтар,
километр бағаналары, т.б. заттардың мөлшері көрсетілмей тұрған
орындары белгіленеді, яғни масштабтан тыс шартты белгілер тиісті
объектінің сыртқы түрін еске салатын геометриялық фигуралар.
Өзендер, каналдар, жолдар, т.б. сызықтық объектілер де масштабтан
тыс шартты белгілермен кескінделеді. Олар объекті осін оның
табиғи орнына сәйкес береді, ал олардың ені біршама ұлғайтылып
көрсетіледі.
14

15.

Контурлық және масштабтан тыс белгілерді толықтыратын
және оларды түсіндіретін белгілерді түсіндіргіш шартты белгілер
дейді. Мәселен, өзендердің ағын жылдамдығы, көпірдің
ұзындығы мен көтерімділігі, геодезиялық пункттердің,
ормандағы ағаштардың жанында жазылған сандар, т.б.
түсіндіргіш белгілеріне жатады.
Елді мекендердің, өзен көлдердің, таулардың, т.б. аттары
толық жазылады. Қысқартылған жазулар объектілердің маңызын
немесе қасиетін түсіндіреді. Мысалы: вкз–вокзал; ск–скважина;
қ–құдық деген мағынаны береді. Топографиялық карталардағы
түрлі-түсті бояулардың түсі кескінделетін объектілердің шын
өзіне сәйкес болып келеді; мәселен, ормандар–жасыл; су–көк,
жер бедері–қоңыр, теміржолдар, өнеркәсіптік, шаруашылық және
әлеуметтік–мәдениет объектілері–қара бояулармен боялады.
15

16.

11-сурет - Шартты белгілер:
а- контурлық; б- сызықтық; в -масштабтан тыс; г –арнайы
(түсіндірме) 1-орман, 2-кесілген ағаштар, 3-шалғын, 4жемісті бақ, 5-асфальт жол, 6-теміржол, 7-байланыс жүйесі,
8-электр өткізгіш жүйе, 9-газ трубасы, 10-ағаш көпір, 11желдермен,12-зауыт, фабрика, 13-километрлік діңгек, 14триангуляция пункті, 15-трасса,16-су жүйесі,17-канализация,
18-су жинағыш коллонка, 19-фонтан
16

17.

4.Пландар мен карталардың номенклатурасы
Пландар мен карталарды пайдалану қолайлы болу үшін олар
белгілі бір жүйемен белгіленеді. Әрбір планды, картаны белгілеу
(нөмірлеу) жүйесін - номенклатура дейді.
Халықаралық географиялық конгрестің шешімі бойынша
миллиондық (1:1000000) масштабтағы карталар жасалынып,
оның трапециясының мөлшері бойлық бойынша 6°, ал ендігі 4°
болып тағайындалған. Демек Гринвич меридианнан бастап жер
шарын 6°-тық бойлық бойынша меридиандармен бөлсек, зоналар
шығады. Егер зоналарды нөмірлеу Гринвич меридианынан
бастамай, бойлығы 180°-тық меридианнан бастап, сағат тілінің
бағытымен нөмірлесе, онда колонна деп атайды. Сонда әрбір
зона нөмірінің оған сәйкес колонна нөмірінің айырмашылығы 30ға тең болмақ. Яғни, 37 колонна 7 зона, ол 43 колонна 13 зона
болып кете бермек.
17

18.

15-сурет- Карта номенклатурасы
18

19.

4° сайын жүргізілген параллельдер экватордан бастап латын
алфавитінің бас әріптерімен солтүстік және оңтүстік полюстерге
қарай белгіленеді, яғни жер эллипсоидында трапециядан тұратын
картографиялық тор құрылып, әрбір трапеция қатарлары әріппен
және колонна нөмірімен белгіленеді (15-сурет). Мысалы, Москва 37
трапециясында, ал Алматы К-43 трапециясында орналасқан. Бұл
трапециялар картаға 1:1000000 масштабпен салынған. 1:500000
масштабтағы картаны алу үшін әрбір миллиондық (1:1000000)
трапецияны меридианмен параллель арқылы төрт бөлікке бөліп,
әрқайсысын А, Б, В, Г әріптерімен белгілейді (16-сурет). Бөлетін
трапециямыздың номенклатурасы К-43-А, К-43-Б, т.б. болады.
Егер осы К-43 трапециясын 144 тең бөлікке бөлсек (16, ә-сурет),
онда жаңа картаға 1:100000 масштабымен салынады. Ал бұл
карталардың әрқайсысы араб цифрларымен (1,2,3....144) белгіленіп,
номенклатурасы К-43-1, К-43-2. К-43-144 болады.
19

20.

1:100000 масштабтағы картадан 1:50000 масштабтағы картаға
көшу үшін жүз мың масштабтағы картаның бір трапециясы 4-ке
бөлінеді (16,б-сурет). Олар орыс алфавитінің бас әріптерімен (А, Б,
В, Г) белгіленіп, номенклатурасы К-43-78-Г, т.б. болып кете береді.
Өз кезінде 1:50000 масштабындағы картаның бір трапециясы 4ке бөлініп, 1:25000 масштабтағы карталар алынады да, олар орыс
алфавитінің кіші әріптерімен белгіленіп (16, в-сурет) номенклатура
нөміріне қосылып жазылады. Мысалы, К-43-78-Г-г.
Ал, 1:25000 масштабтағы карта өз кезегінде тағы да бөлініп,
олар араб цифрларымен белгіленіп, 1:10000 масштабтағы карталар
алынады. Ол карталар трапециясының нөмірі былайша жазылады:
К-43-78-Г-г-4 (16, г-сурет).
20

21.

16-сурет- Карта номенклатурасы
21

22.

Ауданы 20 шаршы километрден кем жердің топографиялық
пландарын алу үшін трапециялық емес квадраттық бөлу
қолданылады.
1:5000 масштабтағы карта номенклатурасының негізгі 1:10000
масштабтағы картаның беті болып саналады, ал ол 1:5000
масштабтағы картаның 256 бетіне бөлінеді (17, а-сурет).
1:2000 масштабтағы картаның номенклатурасын алу үшін 1:5000
масштабтағы картаның беті 9-бөлікке бөлінеді, олар орыс
алфавитінің кіші әріптерімен белгіленеді (17,ә-сурет).
22

23.

17 –сурет - 1:5000, 1:2000 масштабтағы пландар
парақтарының номенклатурасы
23

24.

Топографиялық карталардың масштабына байланысты жеке
парақтардың өлшемдері туралы мәліметтер мен номенклатура
үлгілері 2-кестеде берілген.
1:5000; 1:2000; 1:1000 және 1:5000 масштабтағы пландарды
жасауда тік бұрышты торлар қолданылады. Оның рамкасының
өлшемі 1-5000 масштаб үшін 40х40 см (17, б-сурет). Бұл планшетке
1:2000 масштабты орыс әріптерімен белгіленген (А, Б, В, Г) 4 парақ
сәйкес келеді, 1:2000 масштабты картаның бетіне рим
цифрларымен (I, II, III, IV) белгіленген 1:1000 масштабтағы төрт
бет араб цифрларымен (1, 2, 3, 4,16) белгіленген
1:500
масштабтағы 16 бет сәйкес келеді.
24

25.

2-кесте - Карталардың номенклатурасы
Масштабтар
ы
Парақ өлшемдері
Ендік
Номенклатурасы
Бойлық
1:1000000


К-43
1:100000
20/
30/
К-43-64
1:50000
10/
15
К-43-64-Б
1:25000
5/
7/ 30//
К-43-64-Б-а
1:10000
2° 30/
3/ 45//
К-43-64-Б-а-4
1:5000
1° 15/
1' 52", 5
К-43-64 (256)
1:2000
25//
37", 5
К-43-64 (256-И)
Масштабтары
1:5000-1:500
аралығындағы
план
парақтарының номенклатуралары мен өлшемдерді 3-кестеде
келтірілген.
25

26.

3-кесте - Пландардың номенклатуралары
Масштабта
р
1:5000
Планшет
номенклатурасы
4
Рамалардың
өлшеулері, см
40x40
1 :2000
4-Б
50 х50
1:1000
4-Б-ІҮ
50x50
1:500
4-Б-15
50x50
26

27.

5. Жер бетін цифр түрінде бейнелеу
Есептеу
техникаларының
және
автоматты
сызба
аспаптарының (графиктік сызба жабдығы) дамуы құрылыстарды
жобалау және жүргізудегі әртүрлі инженерлік есептерді тез шешу
үшін автоматтандырылған сызба жүйелерін құруға әкелді. Бұл
есептердің жартысы топографиялық пландар мен карталарды
пайдалана отыра шешіледі. Осы тұрғыда жергілікті жердің
топографиясы туралы мәліметтерді цифрлы түрде компьютерде
сақтау және керек болған жағдайда жедел пайдалана білу
мүмкіндігі туды.
Компьютер жадында жергілікті жердің мәліметтері Х,Y,Н
координаталары бар көптеген нүктелер түрінде сақталады.
Осындай координаталары белгілі көптеген нүктелер жер бетінің
цифрлық моделін (жцм) құрайды.
Мазмұнына қарай жердің цифрлық моделі ситуациялық
цифрлы модель (сцм) және бедерлік цифрлы модель (БЦМ)
болып бөлінеді.
27

28.

Ситуацияның барлық элементтері Х және Y
координаталары белгілі нүктелермен бейнеленіп, жергілікті
жердің контурын және заттардың орнын анықтайды. Бедерлік
цифрлы модель жер бетінің топографиялық жағдайын
сипаттайды, яғни жердің бедерін қажетті түрде бейнелейтін, Х,
Y, Н координаталары белгілі көптеген нүктелер арқылы
беріледі.
Жер бедерінің әрқилылығына байланысты оны цифр
түрінде жан-жақты бейнелеу өте күрделі мәселе.
Сондықтан шешілетін мәселеге байланысты және жер
бедерінің сипатына қарай цифрлы модельдерді жасаудың
әртүрлі тәсілдері қолданылады. Мәселен, бедерлік цифрлы
модельді жер учаскесінің ауданында біркелкі орналасқан
квадраттар немесе дұрыс үшбұрыштар төбелерінің Х, Y, Н
координаталарының кестесі түрінде құралады.
28

29.

18-сурет - Жер бедерінің цифрлы
моделіндегі нүктелерінің орналасуы
29

30.

Төбелердің арақашықтықтары жер бедерінің түрінде
(пішініне) және шешілетін есепке байланысты алынады.
Цифрлы модель жер бедерінің ерекше нүктелері орналасқан
(су айырғыш, қайқы бел және т.б.) жерлер немесе
горизонтальдар координаталарының кестесі түрінде де
бейнеленеді (18-сурет). Цифрлы модель нүктелерінің
координаталары мәндерін пайдалана отыра, жер бедерін
компьютерлік программа арқылы бейнелеп, адам жер
учаскесінің кезкелген нүктесінің биіктігін анықтауға болады.
30

31.

СӨЖ тақырыб бойынша тестке дайындық:
5-Дәріс
Жер бетін жазықтықта бейнелеу. План, карта, профиль.
Масштабтар мен олардың дәлдігі. Пландар мен
карталардың шартты белгілері. Пландар мен карталардың
номенклатурасы. Жер бетін цифр түрінде бейнелеу
(2-сағ)
3- СӨЖ: Топографиялық карта парақтарының номенклатурасы
31

32.

26 Карта парағының ішкі рамасындағы солтүстік
және оңтүстік сызықтары аталады :
А) экватор сызықтары;
В) координаттық торының сызықтары;
С) меридиандары;
D) параллельдер;
Е) осьтік меридианға параллель сызықтар.
27 Картадағы нүктенің тік бұрышты координатасы
анықталады:
А) B = B0 + П,
В) B = B0 + У,
С) X = B0 + X,
D) X = X0 + X,
Е) B = B0 + В,
L = L0 + П
L = L0 + X
У = L0 + У
У = У0 + У
L = L0 + L
32

33.

31 Картадан х және у координаталары қандай
сызықтардан анықталады?
A) нүктелер арасындағы сызықтардан
B) меридиандар сызығынан
C) параллелдер сызығынан
D) километрлік торлар сызығынан
E) геодезиялық сызықтардан
32 Картадағы қандай сызықтардан ендік және
бойлық анықталады?
A) меридиандар мен параллелдер сызығынан
B) километрлік торлар сызығынан
C) параллелдер сызығынан
D) нүктелер арасындағы сызықтардан
E) геодезиялық сызықтардан
33

34.

37 Масштабтың негізгі түрлерін атаңыз:
А) сандық және графикалық (сызықтық және көлденен);
В) сандық, түсіндірме және сызықтық;
С) сандық, сызықтық, көлденен және трансверсальдық;
D) сызықтық, алаңдық және графикалық;
Е) сызықтық және кеңістік.
38 Саңдық масштаб деп аталады:
А) план немесе картада жердің қысқартылған ұзындық
сызық дәрежесін сипаттайтын бөлшегі;
В) бөлшек саны мен келтірілген масштаб шамасы;
С) дұрыс бөлшек, алымында – бір, ал бөлімінде –жердегi
сызықтардың план мен картада кескiндеу кезiнде
қаншалықты кiшiрейгенiн көрсетедi;
D) план немесе картада жердің жазық проекция сызығын
кішрейту дәрежесі;
Е) жердің сызық ұзындығын планда көрсету кезіндегі
кішрейту сандық мәні.
34

35.

39 Көлденен масштаб графикалық дәлдігі деп аталады:
А) план масштабында көрсетілген көлденен масштабтың ең
кіші бөлігі 0,02см сәйкес келеді;
В) пландағы 0,01см-ге сәйкес жердегі қашықтығы;
С) план масштабында көрсетілген көлденен масштабтың негізі;
D) пландағы 0,03см-ге сәйкес жердегі қашықтығы;
Е) көлденен масштабтың негізінің оңдық бөлігі.
40 Топографиялық план деп аталады:
А) жердің қисығын есепке алып, анықталған математикалық
заңы бойынша жер бетіндегі участкаларды жазықтыққа
кішрейтілген бейнесі;
В) жер бетіндегі кіші участкалардың кішірейтілген және
бұрмалаған бейнесі;
С) жер бетіндегі едәуір территорияның жазық проекцияның
кішрейтілген және бұрмалаған бейнесі;
D) жердің қисығын есепке алып, жер бетіндегі едәуір
территорияның кішрейтілген және сол бетіндегі бейнесі;
Е) жер бетiнің шектеулi учаскесi бедерiнің контурлары мен
пiшiндерiн горизонталь проекцияда қағаз бетiнде кiшiрейтiп
және осы сияқты кескiндеу (Жер қисықтығы ескерiлмейдi).
35

36.

41 Масштабқа байланысты карталар келесі түрлерге бөлінеді:
А) орта масштабты 1:200000 -тан 1:1000000-қа дейін, ұсақ масштабты
1:1000000 –тан және одан ұсақ;
В) ірі масштабты 1:10000-тан 1:100000-қа дейін, орта масштабты
1:100000-тан 1:500000-қа дейін, ұсақ масштабты 1:1000000-тан ұсақ;
С) ірі масштабты 1:1000-тан 1:50000-қа дейін, орта масштабты 1:100000тан 1:500000-қа дейін, ұсақ масштабты 1:1000000-тан және одан ұсақ;
D) ipi масштабты - 1 : 10000, 1: 25000, 1: 50000, орта масштабты -1:100000,
1:200000, ұсақ масштабты - 1 : 500000, 1 : 1000000.
Е) ұсақ масштабты 1:1000000-тан және одан ұсақ, ірі масштабты 1:1000тан 1:100000-қа дейін.
42 Салынды деп атайды:
А) пландағы екі көршілес горизонтальдар арасындағы қысқаша
арақашықтығы;
В) құламаның көлбеу бұрыш;
С) екі көрші жазықтық арасындағы биіктік бойынша қашықтық;
D) құламаның жазықтыққа қарай көлбеу tg бұрыш немесе еңіс;
Е) деңгей бетінен тіктеуіш сызық бойынша жазықтықтың тұру.
36

37.

43 Жер бедерінің қима биіктігі деп аталады:
А) деңгей бетінен жазықтық бетінің жер бедерінің
биіктігі бойынша тұруы;
В) деңгей беттен жазықтыққа дейінгі аралық;
С) тіктеуіш сызық бойынша Балтық теңіз деңгейден
жердің бедеріне дейінгі аралық;
D) пландағы көрші жазықтық арасындағы қашықтық;
Е) жер бедерінің көршілес жазықтықтар аралығындағы
тіке қашықтығы.
44 Жер бедері деп:
A) жер бетінің тегіс еместігін атайды;
B) жер бетінің төмендеуін атайды;
C) жер бетіндегі горизонтальдарды атайды;
D) жердің физикалық бетінің ойлы-қырлы жиынтығын
атайды;
E) жергілікті жердің жағдайының және жер бетінің тегіс
еместігін атайды.
37

38.

47 Горизонталь деп жер бетінің ирелендеген сызығы,
нүктелерін қосатын:
A) бірдей қуатты тақталарын;
B) бірдей қысымды атмосфераларын;
C) бірдей биіктік белгілерін;
D) бірдей өсімшелерді;
E) бірдей координата өсімшелерін.
48 Масштаб деп:
A) жергілік сызық горизонтальды проекциясының ұлғаю
сатысы;
B) жергілікті сызық горизонтальды проекциясының қолдану
сатысы;
C) нүктелер ара қашықтығының азаю сатысы;
D) нобай өлшемінің азаю сатысы;
E) планға немесе картаға сызықты салғанда жергілікті
сызықтың горизонтальды проекциясының азаю сатысы.
38

39.

49 Бергштрuх:
A) беткейдiң төмендейтiн бағытын көрсетеді;
B) беткейдiң жоғарылау бағытын көрсетеді;
C) беткейдің бағытына қатысы жоқ;
D) төбенің шыңын көрсетеді;
E) қазан-шұңқырдың түбін көрсетеді.
50 Орташа таулар биіктігі:
А) 2000м-ден 3000м-гедейін;
В) 100м-ге дейін;
С) 500м-ден 1000м-ге дейін;
D) 100м-ден 500м-ге дейін;
Е) 1000м-ден 2000м-ге дейін.
39

40.

51 Жердің созылған ойлы жері, ол бір бағытта
біртіндеп төмендейді:
A) жота;
B) өзек;
C) тау;
D) жазық;
E) шұңқыр.
52 Палетка:
А) параллель сызықтар сызылған мөлдір қағаз;
В) сызғыштың түрі ;
С) ара қашықтық өлшейтін аспап;
D) түрлі - түсті қағаз;
Е) карандаштың түрі.
40

41.

53 Профиль:
А) жер бедері;
В) жер бедерінің тіке тіліктегі көрінісі;
С) карталар мен пландарда жер бедерінің тұрпатын
ажырататын сызық;
D) тұйық сызық;
Е) горизонталь иректері.
54 Өзекке қарама-қарсы біртіндеп әр бағытта созыла
орналасқан жер бетінің дөңес пішіні:
А) жазық;
В) төбе;
С) тау;
D) жота;
Е) кезең;
41

42.

55 Планның масштабы :
А) 1:1000000;
В) 1:10000 –нан 50000-ға дейін;
С) 1:10000-ға дейін;
D) 1:5000-ға дейін;
Е) 1:5000-нан артық.
56 1:5000 масштабтағы пландағы ара қашықтық
d=50,0 мм. Жергілікті жердегі D сызығына сәйкес
келетін ұзындықты анықтау керек.
A) 250 м
B) 50 м
C) 300 м
D) 150 м
E) 200 м
42
English     Русский Rules