Similar presentations:
Картографияның негізгі түсініктері
1. Тақырып:
Картографияның негізгітүсініктері
2. Жоспар:
КіріспеНегізгі бөлім
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиет
3. Кіріспе
Картография– географиялық карталар, оларды
жасау және пайдалану туралы ғылым.
Картография табиғат пен қоғам құбылыстарының
үйлесуі мен өзара байланысуын, олардың кеңістіктегі
орналасуын және уақыт бойынша өзгеруін, т. б.
картографиялық кескіндеудің (бейнелеудің) көмегімен
зерттейтін ғылым. комителық ұғымдарға – аспан
денелері мен жұлдызды аспанның карталары,
глобустар мен жер бедері карталары, картографиялық
белгілермен берілген кеңістік модельдері (үлгілері)
жатады.
[1]
4.
Карта (немісше Karte – түпнұсқа; грекше chartes –жазуға пайдаланылатын папирус парағы) – Жер
бетінің,
жұлдызды
аспанның
немесе
оның
бөліктерінің
картогрфиялық
проекцияларды
пайдалана отырып, шартты белгілер арқылы жасалған
кішірейтілген бейнесі (үлгісі). Картадан
өзен
арнасының, топырақ жамылғысының, жыралардың
өзгеруін, батпақтанудың, елді мекендер мен
жолдардың сипатын, т.б. анықтауға болады.
5. Комитеның негізгі салалары:
1. Картография пәні мен әдістемесі, карта туралы ілім,картографиялық проекциялар теориясы,
генерализация мен кескіндеу әдістерінің (шартты
белгілер жүйесі) теориялары;
2. Картография ғылымы мен өндірісінің тарихы;
3. картографиялық деректер тану (картографиялық
деректерді саралау және оларға қатысы бар ғылымиақпарат теориясының мәселелері);
4. карталарды жобалау және оларды дайындау
теориясы мен технологиясы;
5. карталарды пайдаланудың теориясы мен әдістемесі.
6. Картографиялық проекция
Картографиялық кескін – Жер эллипсоидының (шардың) немесе планетаның бетінматематикалық тәсілдер арқылы жазықтықта бейнелеу.
Картада кездесетін бұрмаланулар сипатына қарай, картографиялық проекциялардың
мынадай түрлері белгілі: тең ауданды, тең бұрышты, тең аралықты және еркін
проекциялар.
Тең ауданды проекциялардағы карталарда географиялық объектілердің ауданы
бұрмаланбай дәл беріледі, бірақ өте үлкен аумақтарда бұрыштар мен геометриялық
пішіндер елеулі бұрмалануға ұшырайды.
Тең бұрышты проекциялардағы карталарда бұрыштардың бұрмалануы жоқ. Сонымен
қатар мұндай карталарда аумағы шағын жерлер пішіні де дәл кескінделеді. Ал
ұзындықтың масштабы картаның кез келген нүктесінде барлық бағытта да бірдей
мөлшерде сақталады. Неғұрлым аумағы үлкен географиялық объектілердің ауданы қатты
бұрмалануға ұшырайды.
Тең аралықты проекциялардағы картада ұзындықтың масштабты тек канa бір басты
бағыт бойынша, тек параллель — немесе мередиан бойымен ғана сақталады. Бұрыштар
мен ауданнын бүрмалануы соншалықты байқала бермейді.
Еркін проекциялардағы карталарда бұрыштар мен ауданның, ұзындықтың бұрмалануы аз
мөлшерде картаның кез келген нүктесінде кездеседі.
7.
Географиялықобъектілерді жазықтыққа көшіру үшін
пайдаланылатын көмекші геометриялық беттердің түріне
және картографиялық тордың ерекшелігіне қарай
проекциялар: цилиндрлік, конустық және азиммуттық де
п бөлінеді.
Азимуттық проекцияда параллельдер тұйық шеңбер
жасап, ал меридиандар бір нүктеден жан-жаққа бойлық
бұрыштарының көрсеткішіне сәйкес бөлінген түзу
сызықтар түрінде таралады. Азимуттық проекциялар
жекелеген материктер мен полюстік аймақтардың
картасын жасауда кенінен қолданылады.
Цилиндрлік проекцияда параллельдер мен меридиандар
көп жағзайда бір- біріне тікбұрыш жасап орналасады.
Цилиндрлік проекциялар дүниежүзілік карталардың барлық
түрін жасауда кеңінен пайдаланылады.
Конустық проекциялар қоңыржай ендіктерде орнасқан
аумақтар үшін өте қолайлы, бұрмалану аз байқалады.
Сондықтан Ресей, Қазақстан және ТМД елдерінің
карталары көбінесе осы проекциялар негізінде жасалады.
8.
Масштаб (нем. Mastab. Ma — өлшеуіш, мөлшержәне Stab — таяқ)[2] — сызба, жоспардағы
аэрофототүсірудегі
немесе
картадағы
кесінді
ұзындығының сол кесіндінің нақты ұзындығына
қатынасы. Дерексіз санмен өрнектелген бұл қатынас
сандық
Масштаб
деп
аталады.
Жоспар
мен карталардың сандық Масштабты бөлшек сан
арқылы өрнектеледі, алымы бірге тең болса, бөлімі
бейнеленген сызықтың неше есе кішірейтілгенін
көрсетеді. Сызбада машиналар мен приборлардың
ұсақ бөлшектері, көбінесе үлкейтілген мөлшерде
көрсетіледі. Бұл жағдайда сандық Масштаб бірден
үлкен санмен өрнектеледі. Жоспар мен картадағы
ұзындықты
өлшеуде
қолданылатын
сызықтық
Масштаб заттың ұзындығын көрсететін, тең бөліктерге
бөлінген, жазуы бар түзу сызықтан құралады
9. Масштабтың үш түрі бар:
СандықАтаулы
Сызықтық