Similar presentations:
Бухгалтерлік есептеу жүйесі
1. Бухгалтерлік есептеу жүйесі.
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Факультет:
Топ:
Фармация
ФА12-004-01
Дайындаған: Шоханов Н.Н
Тексерген: Елшибекова К.М
2. Жоспар
*1.Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және
экономикалық мәні.
2. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері
мен міндеттері.
3. Басқару есебі мен қаржылық есептің
салыстырмалы сипаты.
3.
* Бухгалтерлік есептің шоттары дегеніміз – шаруашылыққорлары мен олардың көздерін ақшалай бағамен
топтастырудың, ағымдағы есепке алудың, бақылаудың және
көрсетудің әдісі.
* Шот – бұл ақпарат жинақтаушы. Кейіннен ол жинақталады
және әр түрлі жинақ көрсеткіштер мен есептемелерді жасау
үшін пайдаланылады.
* Шоттар шаруашыдық қорларының әрбір түріне, олардың
көдеріне және шаруашылық процестеріне бухгалтерлік есеп
объектілерінің белгіленген жіктемесі арқылы ашылады.
Бухгалтерлік шоттарға барлық жазулар құжаттардың
негізінде жазылады. Операцияларды шоттарда тіркеу
ақшалай түрде жүргізіледі. Бұл орайда алғаншқы
құжаттардағы натуралды көрсеткіштер ақшалай
көрсеткіштерге ауырстырылады.
4. Бухгалтерлік басқару есебінің пәні және экономикалық мәні.
*Басқару есебі – экономикалық субъектіні жоспарлау, бақылау
және басқару іс-әрекетін реттеу мен шешім қабылдау процесі
арқылы басқару. Басқару есебінің негізінде қаржылық,
материалдық және еңбек ресурстарын тиімді басқару жүйесі
жатыр.
Басқару есебінің мазмұнын жалпылай алсақ, екі топқа:
өндірістік ресурстар, шаруашылық процестері мен олардың
нәтижелеріне біріктенуге болатын өндірісті басқарудың бүкіл
циклі процесіндегі объектілердің жиынтығы жатады.
5.
Өндірістік ресурстар кәсіпорынның шаруашылық қызметібарысында адам еңбегінің мақсатқа сәйкестілігін қамтамасыз
ету. Олар мыналарды біріктіреді:
* негізгі құралдар;
* материалдық емес ресурстар – мерзімнен бұрын қаржы
бөлінген объектілер (жерді пайдалану құқығы, патенттер,
лицензиялар, тауарлық белгілер және т.б.);
* материалдық ресурстар – еңбек құралдарының көмегімен
өндіріс процесінде өңдеуге арналған еңбек керекжарақтары;
* еңбек ресурстары – кәсіпорынның осы шақта бар нақты
еңбек ететін көпшілігі, мақсатқа сәйкес қызмет пен еңбек
нәтижесінде еңбек ресурстарын пайдалану.
6.
* Бухгалтерлік басқару есебі – есеп процесі мен кісіпорындыбасқару арасындағы байланыстырушы буын.
7. Басқару есебінде жауапкершілік орталығының төрт түрі атап көрсетіледі:
** шығын орталығы;
* кіріс орталығы;
* пайда орталығы;
* инвестиция орталығы.
8.
* Шығын орталығы — өндірістік ресурстардыңшығындарын байқау, бақылау, басқару, сондай-ақ
оларды пайдалануды бағалау мақсатымен
мөлшерлеу, жоспарлау және өндіріс шығындарды
есептеуді ұйымдастыратын кәсіпорынның
құрылымдық бөлімі.
Шығындар орталығы екі бағытта жұмыс істей алады:
— берілген қаржы деңгейінен ең көп шамада нәтиже
алу;
— берілген нәтижеге жету үшін қажетті қаржыны ең
аз шамаға жеткізу.
9.
* Кіріс орталығы – жауапкершілік орталығы, мұндаменеджер кірістерді алу үшін жауап береді, бірақ
шығындар үшін (мысалы, сауда ұйымның көтерме
сауда бөлімі және т.с.с.) жауап бермейді, оның
басшыларының іс-әрекеті алынған кірістер
негізінде бағаланады. Осы жағдайдағы басқару
есебінің міндеті — жауапкершілік орталығының
қызмет қорытындылары шығарда нәтижелерді
кесімді белгілеу
10.
* Пайда орталығы – бұл да жауапкершілік орталығы.Оның басшысы бір уақытта өзінің бөлімшесінің
кірістері үшін де, шығындары үшін де жауап береді,
тұтынылатын ресуостар саны және күтілетін бүкіл
мөлшері жөнінде шешім қабылдайды. Іс- әрекетті
бағалаудың белгісі – алынған пайда мөлшері.
Сондықтан басқару есебі жауапкершілік
орталығына кірер шығындардың құны, осы орталық
ішіндегі шығындар және сегмент іс-әрекетінің
қорытындылары шығарда түпкілікті нәтижелер
туралы ақпарат ұсынуға тиісті.
11.
* Инвестиция орталығы – кәсіпорын сегменттері,бұлардың менеджерлері өз бөлімшелерінің
шығындары мен кірістерін бақылап қана қоймайды,
басқа орталық басшылары шұғылданбайтын,
инвестицияланған қаржыны тиімді пайдалануды да
қадағалайды.
12.
* Басқару есебінің мәні – шығындар мен кірістерді,мөлшерлеуді, жоспарлауды, бақылауды және
кісіпорынның болашақ даму мәселелерін үйлестіру
мен шұғыл басқару шешімдері үшін ақпаратты
жүйелендіретін талдауға есеп жүйесін біріктіріп
кіріктіру (интеграциялау).
13. Басқару есебінің объектілері, тәсілдері мен міндеттері.
** Басқару есебінің объектілері ұйым мен оның
бөлімшелерінің шаруашылық қызметінің
қорытындылары мен шығындары; баға белгілеу,
бюджеттеу және ішкі есеп беру болып табылады.
* Басқару есебінің өрісі – есеп беру орталықтарының
(ұйым сегментінің) өндірістік іс-әрекеті, сондықтан
басқару есебін кейде жауапкершілік орталықтары
жөніндегі есеп немесе сегменттік есеп деп те
атайды.
* Сегменттік есеп – ұйымның жеке құрылымдық
бөлімшелерінің қызметі туралы ақпаратты жинау,
көрсету және жинақты қорыту жүйесі.