Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.
Жоспар
Бухгалтерлік есеп бойынша негізгі заңнамалық құжаттар:
Бухгалтерлік есептің анықтамасы, оның мақсаты мен міндеттері. Бухгалтерлік есепке қойылатын талаптар.
Бухгалтерлік есептің міндеттері:
Есептің түрлері:
Бухгалтерлік ақпараттарды қолданушылар (ішкі және сыртқы). Бухгалтерлік есептің негізгі бөлімдері (қаржылық есеп,басқару есебі)
Бухгалтерлік есептің базалық қағидалары мен қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары.
Қаржылық есептіліктің сипаттамалары:
Пайдаланылған әдебиеттер:
126.44K
Category: financefinance

Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде

1. Бухгалтерлік есеп ақпараттық жүйе ретінде.

Орындаған : Достиярова М
Айтбек Б
Қабылдаған : Ахметова С

2. Жоспар

1.Бухгалтерлік есеп бойынша негізгі заңнамалық
құжаттар
2. Бухгалтерлік есептің анықтамасы, оның мақсаты
мен міндеттері. Бухгалтерлік есепке қойылатын
талаптар.
3. Есептің түрлері (жедел, статистикалық,
салықтық). Есепте қолданылатын өлшеуіштер
(заттай, еңбек, ақшалай).
4. Бухгалтерлік ақпараттарды қолданушылар (ішкі
және сыртқы). Бухгалтерлік есептің негізгі
бөлімдері (қаржылық есеп, басқару есебі).
5. Бухгалтерлік есептің базалық қағидалары мен
қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары.

3. Бухгалтерлік есеп бойынша негізгі заңнамалық құжаттар:

Бухгалтерлік есеп бойынша ҚР Қаржы министрлігі шығарып
бекіткен нормативтік-құқықтық құжаттар:
ҚР бухгалтерлік есеп стандарттары және олардың
қолданылуының түсіндірме әдістемесі
Типтік шоттар жоспары
Типтік шоттар жоспарын қолданудың әдістемелік түсіндірмесі
Алғашқы құжаттардың типтік нысандары
Бухгалтерлік есеп регистрлері

4. Бухгалтерлік есептің анықтамасы, оның мақсаты мен міндеттері. Бухгалтерлік есепке қойылатын талаптар.

Бухгалтерлік есеп – белгілі бір шаруашылық жүргізуші субъект туралы қаржылық ақпараттарды ө
Америкалық ант беруші бухгалтерлер институтының мәлімдеуінше, бухгалтерлік есептің міндетті
қызметі (функциясы) – басқару шешімдерін қабылдау мақсатына пайдалану үшін шаруашылық
жүргізуші субъект туралы қаржылық сипаттағы сандық ақпараттарды дайындау. лшеуді, өңдеуді
Бухгалтерлік есеп субъектінің шаруашылық қызметі мен шешім қабылдаушы адамдардың арасын
байланыстырушы сала ретінде қызмет атқарады. Ол:
1.Субъектінің
шаруашылық қызметі
туралы мәліметтерді
ары қарай пайдалану
үшін оларды тіркеу
жолымен өлшейді;
2. Керекті сәтке дейін
сақтай отырып,
мәліметтерді өңдейді,
ал содан кейін олар
пайдалы ақпараттарға
айналу үшін қайта
өңдейді;
Қорытынды есеп
беру арқылы
ақпараттарды
оларды
пайдаланушылар
шешім қабылдау
үшін тапсырады

5. Бухгалтерлік есептің міндеттері:

Субъектіні, сонымен бірге басқа
да мүдделі тұлғаларды оның
шаруашылық қызметі туралы
толық және дұрыс ақпараттармен
қамтамасыз ету;
субъектінің шаруашылық қызметін
жүзеге асыру кезінде Қазақстан
Республикасы заңдарының
сақталуына бақылау жасаушы
мемлекеттік органдарды қажетті
ақпараттармен қамтамасыз ету.

6. Есептің түрлері:

статистикалық
оперативтік-техникалық
бухгалтерлік
•Статистика – қоғам құбылыстарының сан жағын зерттейтін ғылым. Сан есебін жүргізеді.
Статистикалық есеп әлеуметтік өмірдің көптеген бір түрлі салалы құбылыстары мен процестерін
зерттейді, талдайды және жинақтап қорытады.
•Оперативті-техникалық есеп – шапшаң, тез, қолма-қол басшылық жасауға қолданылатын
шаруашылық есеп түрі. Бұл есепте қолданылатын мәліметтер шаруашылық жұмыс қызметінің
бөлімшелерінде жинақталынып, дайындалады да, өте қажет көрсеткіштер дайын түрінде,
басшылық қызметінде қолданылуға беріледі. Ол шапшаң іс жүзінде қолданылып, қолма-қол
тексеру, басқару жұмыстарын жүргізеді. Бұл есептің басқа есеп түрлеріне қарағанда өзгешелігі
болып табылады.
•Бухгалтерлік есеп – үзіліссіз және бір-біріне байланысқан байқау мен бақылау жүйесі. Мекемелер
мен олардың бөлімдерінің және мекемелеріндегі шаруашылық қызмет істерін күнделікті және
қорытынды жинақты мәліметтер береді.

7. Бухгалтерлік ақпараттарды қолданушылар (ішкі және сыртқы). Бухгалтерлік есептің негізгі бөлімдері (қаржылық есеп,басқару есебі)

Ішкі-осы кәсіпорында қызмет атқаратын
тұлғалар:фирмалардың әкімшілік
органдары,олардың менеджерлеріфирманың жеке
тұлғалар құрамы. Бұлардың әрқайсының
ақпараттары орындайтын функциялары мен
атқаратын мамандықтарына байланысты
анықталып отырады.
Сыртқы- осы кәсіпорында қызмет атқаратын
тұлғалар:фирмалардың әкімшілік
органдары,олардың менеджерлеріфирманың жеке
тұлғалар құрамы. Бұлардың әрқайсының
ақпараттары орындайтын функциялары мен
атқаратын мамандықтарына байланысты
анықталып отырады.
•.
•.
:
Бухгалтерлік есеп пайдаланушылардың сұраныстарына сәйкес қаржылық
және басқару болып бөлінеді.
.
Қаржылық есеп – шаруашылық операцияларды тіркейтін және бухгалтерлік рәсімдеуді
қамтамасыз ететін, сонымен қатар қаржылық есеп беруді құрудағы есеп ақпаратын
жинайтын жүйе
Басқару (өндірістік) есеп – өнімнің (жұмыстар мен көмектердің) нақты өзіндік құны туралы деректер
жинастырып өңдейді. Бұл есеп ақпараты кәсіпорынның коммерциялық құпиясы, сондықтан ол ақпарат тек
тиісті басшы адамдар өз ішінде ғана пайдалануларына арналады.

8. Бухгалтерлік есептің базалық қағидалары мен қаржылық есептіліктің сапалық сипаттамалары.

Есептеу
Есептеу әдісі бойынша құрылған қаржылық
қорытынды есеп оны пайдаланушыларды ақша
қаражаттарын қабылдаумен және төлеумен
байланысты өтіп кеткен операциялармен ғана
емес, сонымен бірге келешектегі ақша төлеу
міндеттемесі туралы және келешекте алынуға
тиісті ақша қаражаттары болып табылатын
ресурстар жөнінде хабардар етеді.
Үздіксіздік
Үздіксіз қызмет ету принципі. Бұл
принципке сәйкес субъект үздіксіз қызмет
етуші, яғни көз жетерлік болашақта өзінің
жұмысын жалғастырушы ретінде
қарастырылады. Демек, кәсіпорынның
жойылатын да немесе өзінің қызметінің
көлемін едәуір азайтатын да ойы жоқ деп
пайымдалады, егер тек керісінше
жағдайды дәлелдеуші фактілер болмаса.
Бухгалтерлік
есептің
принциптері:

9. Қаржылық есептіліктің сипаттамалары:

Орындылық
Түсiнiктiлiк
Бұл принципке сәйкес қаржылық қорытынды
есепте көрсетілген ақпараттардың негізгі
сапасы – пайдаланушылардың түсінуі үшін
олардың қолайлылығында.
Пайдалы болу үшін ақпараттар, шешім
қабылдаушы пайдаланушылар үшін орынды
болуға тиісті. Ақпарат орынды болып
табылады, егер пайдаланушыларға өткен,
қазіргі және болашақтағы оқиғаларды
бағалауға, дәлелдеуге немесе олардың
бұрынғы бағаларын жөндеуге көмектесе
отырып, пайдаланушылардың экономикалық
шешім қабылдауына әсер ететін болса.
Сенімділік
Пайдалы болу үшін ақпараттар сенімді болуға тиісті.
Ақпараттар оларда елеулі қателер және алдын ала
болжанған бұрмалаушылық болмаған кезде және не
ол көрсетуге тиісті шындықты, немесе ол көрсетеді
деп негізді түрде күтілетін шындықты көрсетуші
ретінде пайдаланушылар оған сенуге болатын кезде
сенімді болып саналады.
Салыстырмалылық
Кәсіпорынның қаржылық жағдайындағы және
қызметінің нәтижесіндегі тенденцияларды анықтау
үшін ақпараттарды пайдаланушылардың
кәсіпорынның әр түрлі кезеңдегі қаржылық
қорытынды есебін салыстыра алу мүмкіндігі болуға
тиісті.

10. Пайдаланылған әдебиеттер:

1.
С.Т. Миржакыпова, Г.Н. Аппакова, Основы бухгалтерского учета,
Учебное пособие для вузов –Алматы: «Издательство Экономика», 2009.186с.
2. В.Л. Назарова, М.С. Жапбарханова Бухгалтерлік есеп, Оқулық-Алматы:
Экономика, 2012-623 б.
3.В.Л. Назарова Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік
есеп, Оқулық-Алматы: Экономика 2005.-309б.
4.В.П.Проскурина Бухгалтерлік есеп «басынан бастап» балансқа дейін
(көмекші құрал)- Алматы. «LEM», 2010.- 370б.
English     Русский Rules