2.59M
Category: financefinance

Ұйымды басқару жүйесіндегі бухгалтерлік есеп

1.

Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университеті
Тақырып № 1
Ұйымды басқару жүйесіндегі
бухгалтерлік есеп
Лектор: э.ғ.к., доцент Қажмухаметова А.А.
Нұр-Сұлтан, 2022 г.

2.

Дәрістің мақсаты - бухгалтерлік есептің пайда болу
тарихын, негізгі объектілерін, ақпарат жүйесін
қарастыру.
.
Дәріс сұрақтары:
1.1 Бухгалтерлік есептің пайда болуы және дамуы.
1.2 Бухгалтерлік және шаруашылық есептің мәні мен
мақсаты. Қаржылық есептілікті пайдаланушылар.
1.3. Бухгалтерлік есепті нормативтік-құқықтық реттеу
2

3.

«Махаббат, музыка және
бухгалтерлік есеп – мәңгілік!»
В.К. Радостовец
Есепсіз дүние жоқ!
3

4.

1. Бухгалтерлік есептің пайда болуы және дамуы
Бухгалтерлік есеп адамзат дамуымен бірге қалыптасып, дамып
келе жатыр. Ежелгі Египетте, Месопатамиде, Вавилонда, Иранда
шаруашылық есеп жүргізетін есепшілердің болғаны анық. Египетте папирустарға, Вавилонда - қыш кестелерге жазбалар жазылған. Біздің
уақытқа дейін келіп жеткен есеп регистрлары ретіндегі бос парақтар
сол уақытта – ақ қалыптасқан.Шамамен 5-6 мың жыл бұрын
бухгалтерлік есептің әдіс – тәсілдері пайдаланыла бастаған.
4

5.

Ежелгі Греция мен Римде шаруашылық есеп
жүргізідің деңгейі едәуір жоғары болды. Ағаш
тақтайшаларға есеп жазып, оларды кодекс деп атаған.
Шаруашылық қатынастардың болуы, адамзаттың дамуы
өздігінен есептің дамуын қажет етті. Қажеттіліктен
туындаған есеп жүргізудің ежелгі әдістері бүгінгі
бухгалтерлік есептің негізін құрайды.
Орта ғасырдың соңында бухгалтер сөзі
пайда болды. 1498 жылы Әулие Рим
империясының
императоры
Максимилиан 1 алғашқы бухгалтер етіп
Христоф Штехерді сайлады. Сол
уақыттан бері есепті арнайы кітаптарда
жүргізу қалыптасқан.
5

6.

Бухгалтерлік есеп бойынша алғашқы кітапты 1494
жылы белгілі математик, монах Лука Пачоли жазды. Бұл
кітап математикадан болатын, «Арифметика, геометрия
сомалары, пропорциялар мен қатынастар туралы ілім» деп
аталған.
Онда «Жазбалар мен шоттар туралы трактат» деп
аталатын бөлім қосарлы бухгалтерияны жүргізудің
тәсілдерін сипаттайды. Итальяндық қосарлы бухгалтерия
есептің дамуына үлкен үлес қосты.
6

7.

Ежелгі Ресейде есепті шіркеулер мен монастырларда
жүргізді.Жазба кітаптарында мал саны, жер өлшемдері сияқты
деректер болды. Петр І Ресейдегі есептің дамуына үлес
қосты.Арнаулы мектептерде есеп жүргізетін адамдарды даярлап,
есеп кітаптарын жүргізуді ұйымдастырды. Петр І мемлекеттің
табыстары мен шығындарына ғана есеп жүргізіп қана қоймай,
қазыналық зауыттарда да есеп жүргізуді талап етті. Одан
кейінірек орыс тілінде бухгалтерлік есеп туралы баспа кітаптар
шыға бастады. 1783 жылы бухгалтерлік есеп туралы «Коммерция
және сауданың кілті, немесе бухгалтерия ғылымы, көпестер
шоттарының шығуы» деген алғашқы кітап шықты.
Адамзат қоғамы сияқты, бухгалтерлік есеп те ежелден
дамып келеді.
7

8.

2. Бухгалтерлік және шаруашылық есептің мәні мен
мақсаты. Қаржылық есептілікті пайдаланушылар
Республикамызда халық шаруашылық негізін мемлекеттік
кәсіпорындарымен қатар, басқа да әртүрлі бірлестіктер,
акционерлік қоғамдар, кооперативтер, бірлескен немесе жеке
меншіктелген кәсіпорындар құрайды. Ал, осы кәсіпорындар
жұмысында көптеген шаруашылық процестері орындалады. Сол
процестердің мазмұны тек қана шаруашылық есепте көрсетіліп,
бір жүйеге келтіріп топталады.
Сондықтан шаруашылық есептің атқаратын міндеті өте зор.
Себебі, шаруашылық процесін нарықты қатынас жолымен даму
кезінде тиімді жүргізу үшін шаруашылық есептің нақты
мәліметтер қажет. Сонымен қатар сол мәліметтер шаруашылық
процестерінің мазмұнын және санын көрсететін болғандықтан,
сол мәліметтер одан әрі қарай сол шаруашылық процестерінің
финанстық қорытындысын шығаруға, экономикалық талдау
жасауға және келешек даму жоспарын жасауға бірден-бір негіз
8
екені анық.

9.

Шаруашылық есеп - бұл зерттеу, бақылау және басқару
мақсатында экономикалық қызметтің барлық тараптарының
сандық көрінісі және сапалық сипаттамасы.
Шаруашылық есептің алғашқы құрамы–субъектілердің
шаруашылық қызметтерінің фактілері мен құрлыстарын бақылау
болып табылады.
Шаруашылық есеп
Жедел есеп
Статистикалық есеп
Шаруашылық есеп
9

10.

Жедел есеп (оперативті, шұғыл есеп) нақты, бақыланылатын
фактілерге, құбылыстарға тән өлшемдер бойынша (дана, теңге,
тонна және т.б.) сандық мөлшерлер тіркеледі. Жедел есеп
субъектінің шаруашылық қызметтерінің тұтастай жағдайын
көрсетіп бере алмайды.
Статистикалық есеп - Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні
жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы
ақпаратпен қамтамасыз етеді. Статистикалық есеп құбылыстардың
қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану
жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау
үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы
байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен
мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол
негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму
тенденциясын белгілеу үшін қажет.
10

11.

Бухгалтерлік есеп кәсіпорынның қаржылық қорытындыларын,
міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін
ақпараттық жүйе. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың
сандық жағын саналық жағымен үздіксіз байланыстырып, шаруашылық
операцияларды табиғи және ақшалай бейнеде тіркейді.
Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік туралы» Заңында (28.02.2007 ж.)
бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі
принциптері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің
міндеттері мен құқықтары белгіленген. Қазақстан
Республикасының аумағындағы барлық заңды тұлғалар,
соның ішінде коммерциялық, өндірістік, сақтық, ғылыми зерттеу, қоғамдық, саяси ұйымдар т.б. бухгалтерлік есепті
жүргізуге міндетті.
11

12.

Бухгалтерлік есеп сеп мәліметінің пайдаланушылары:
Ішкі пайдаланушылары – басшылар, акционерлер, экономика
бөлімі, қаржы бөлімі, маркетинг бөлімі, заңгерлер, өндіріс
бөлімі, кадр бөлімі
Сыртқы пайдаланушылары – банктер, инвесторлар, бизнеспартнерлар (жабдықтаушылар, сатыпалушылар), салық
органдары, аудиторлар, қаржы полициясы, статистика
басқармасы.
12

13.

3. Бухгалтерлік есепті нормативтік-құқықтық реттелуі
Бухгалтерлік есепке алуды
және есептілікті реттеу
жүйесін дамыту барлық мүдделі тараптардың мүддесін ескеретін,
шығындардың
төмендеуін
және
реттеудің
тиімділігін
арттыруды қамтамасыз ететін модельді құруға бағытталуы тиіс.
Осы модельдің негізі – мемлекеттік билік органдары мен кәсіби
қауымдастықтың (кәсіби қоғамдық бірлестіктер мен басқа да
мүдделі жұртшылық) қызметтерін саналы түрде үйлестіру.
Қазақстанда бухгалтерлік есепті нормативтік құқықтық
реттеуде қабылданған нормативтік құжаттардың оңтайландырылған, әрі кәсіпорындардың дұрыс жұмыс атқаруына
кепіл болуы өте маңызды мәселе.
13

14.

14

15.

Қазақстан
Республикасындағы
нормативтік реттелуі (4 деңгейі):
бухгелтерлік
есепті
1) 2007 жылғы 28 ақпандағы № 234-III «Бухгалтерлік есеп және
қаржылық есептілік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
(2022.01.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен).
2) Қаржылық есептіліктін халықаралық стандарттары (ҚЕХС),
Қаржылық есептіліктін ұлттық стандарттары (ҚЕҰС), Кодекстер,
басқада заңдар, Типтік шоттар жоспары.
3) Салаларға байланысты есептің нормативтік актілері, ережелер,
нұсқаулықтар, хаттамалары.
4) Кәсіпорынның есеп саясаты, жұмыс шоттар жоспары.
15

16.

Әдебиеттер:
1.
16
English     Русский Rules