Similar presentations:
Трансмиссивті инфекция қоздырғыштары. Риккетсиоздардың қоздырғаштары. Сиппатамасы. Қасиеттері. Диагноз қою
1. СӨЖ Тақырыбы: Трансмиссивті инфекция қоздырғыштары. Риккетсиоздардың қоздырғаштары. Сиппатамасы. Қасиеттері. Диагноз қою.
Орындыған: Сейлхан С. Қ.Тексерген: Сержанова Ш. У.
2.
• Табиғатта кездесетін жұқпалы инфекциялық аурулардың басым түріжануарлар арқылы адамдарға тарайды.
Жұқпалы аурулар — зардапты вирустардың, микоплазмалардың,
хламидийлердің, риккетсиялардың, спирохеталардың организмге еніп,
онда өсіп-өну және өмір сүру салдарынан туатын аурулар. Жұқпалы
ауруларды кейде тек «инфекция» деп те атайды. Олар: ішектің;
жоғарғы тыныс жолдарының; қанның; сыртқы қабықтардың аурулары
болып бөлінеді. Ішек ауруларында (мысалы А-гепатиті) вирус ас
қорыту жолдарына ауыздан кіріп, ішектен нәжіспен бірге шығады.
Тыныс жолдары ауруында шырышты қабықтар зақымданады және
организмге вирус ауамен кіреді. Қан немесе трансмиссивті аурулар
(әртүрлі энцефаломиелиттер, гемаррагиялық безгектер) аурудан сау
адамға және жануарларға қан; сорғыш насекомдар арқылы беріледі.
• Трансмиссивті инфекциялар әсіресе көктем, жаз мезгілінде көп
таралады. Бұл ауруларды таратушы буынаяқтылардың зиянды және
пайдалы түрлері бар.
3.
• Rickettsiacеае тұқымдастығы - грам теріс облигатты жасушаішілікпаразиттер тобы, олар адамдарды, жануарлар, құстар және
буынаяқтыларды зақымдайды. Барлық риккетсиялар облигатты
жасуша ішілік паразиттер болып келеді. Риккетсиялар вирустар мен
бактериялар арасынан орын алады. Вирустар сияқты, риккетсиялар
майда пішінді микроорганизмдерге жатады және мезоэндотелия
жасушаларының ядросы мен цитоплазмаларында өсіп өнеді.
Қарапайым қоректік орталарда өспейді, тірі және ауыспалы
жасушаларда дақылданады. Бактерияларға ұқсас нуклейн
қышқылының 2 түрі (ДНҚ мен РНҚ) бар, көп қабатты жасуша қабығы
бар және цитоплазмасында дәнге ұқсас қосындылары бар, L-пішінге
өте алады, гемолизин, токсиндер түзеді, фагтары бар. Арнайы
антигендік қасиетке ие. Риккетсия жасушалары полиморфты:
кокк пішінді, овоидты-эллипсоидты, диаметрі 0,2 - 0,5 мкм, гомогенді дәнді, осы пішінде иесінің жасуша ішінде жиі кездеседі, бұл пішін
қоздырғыштың жедел жасуша іші көбейгенін көрсетеді;
4.
5.
• Риккетсия жасушалары полиморфты:кокк пішінді, овоидты-эллипсоидты, диаметрі 0,2 - 0,5 мкм, гомогенді - дәнді, осы пішінде
иесінің жасуша ішінде жиі кездеседі, бұл пішін қоздырғыштың жедел жасуша іші көбейгенін
көрсетеді;
таяқша пішінді – ұзындығы 1-4 мкм, протоплазмасы нашар боялатын, екі шетінде бір
дәннен орналасқан, қоздырғыштың интенсивті көбеюімен сипатталады;
жіптәрізді немесе «мицелиальды» - ұзындығы 10 - 40 мкм нашар боялатын көп дәнді
протоплазмамен, инфекцияның басталумен сипатталады;
ұзынша таяқшалар - 0,5 х 3 - 4 мкм, екі ұшында 2 - 4 жұп дәндері (үлкендігі 20 - 70 нм) бар,
баяу көбеюмен сипатталады.
• Эпидемиологиясы. Адам және жануарлар арасында таралуы тасымалдаушылардың
(кенелер, биттер) көптігімен байланысты. Риккетсиялар тудыратын аурулардың жалпы
аталуы - риккетсиоздар. Риикетсиоздар – дене қызбасымен сипатталатын трансмиссивті
аурулар тобы.
6.
7.
• Таксономиясы. Rickettsiaceae тұқымдастығы келесі туыстастықтардан тұрады:Rickettsia, Orientia, Ehrlichia, Coxiella. Қазіргі жіктелуі бойынша Rickettsiaсeae
тұқымдастығы альфа-1 - протеобактериялар класына жатады және 3 туыстық кіреді:
Rickettsia, Orientia, Ehrlichia. Coxiella туыстығы осы тұқымдастықтан шығарылып
гамма-протеобактериялар класына жатқызылған. Альфа-2 - протеобактерияларға
Bartonellaceae тұқымдастығы жатқызылған.
• Морфологиясы, дақылдандыруы және антигендік қасиеті.R. prowazekii - грам теріс
таяқшалар, Романовский - Гимзе әдісі бойынша қызыл түске боялады. Олардың
субмикроскопиялық құрылысы грам теріс бактериялардың құрылымына ұқсас.
Жаусуша ішіндегі R. рrowazekii-ді электронды микроскопта қарағанда
микрокапсуласын көруге болады.
Негізгі екі антигені бар: беткейлі орналасқан термостабилді топтық- спецификалық
липополисахарид және ерімейтін соматикалық түрлік-спецификалық термолабилді
ақуызды - полисахаридті кешен. Провацек риккетсиясының генетикалық инженерия
әдісімен үш ақуызды антигені анықталды. Бөртпе сүзегінің қоздырғышы - жасуша
цитоплазмасында көбейетін жасушаішілік паразит. Токсикалық және
гемолитикалық қасиетке ие. Оны тауық эмбрионының сары уыз қапшығында,
жасуша дақылында және сезімтал жануарларда (тышқан, теңіз шошқасы, ор қоян)
өсіреді.
Провацек риккетсиясы қоршаған ортаға тұрақсыз. Жоғары температураға,
антибиотиктерге, дезинфекция ертінділеріне өте сезімтал, дегенмен төменгі
температурада, биттің құрғақ экскременттерінде ұзақ сақталады (6 тәуліктен 3
жылға дейін).
8.
Патогенезі.Риккетсиялар қанға түсіп, қан тамырларының қабырғасында орналасқанэндотелий жасушасына енеді, сонда көбейеді және эндотоксин бөледі. Токсин
әсерінен эндотелий жасушалары бұзылып, риккетсиялар қайта қанға түседі. Ұсақ қан
тамырлардың, капиллярлардың зақымдануына байланысты мида, бүйректе,
миокардта және басқа да ағзаларда микроайналым бұзылуы нәтижесінде
менингоэнцефалит, миокардит, гломерулонефрит дамиды. Науқас жазылған соң
риккетсиялар адам ағзасында ұзақ уақыт сақталуы ықтимал, бұл бөртпе сүзегінің
рецидивтік түріне әкелуі мүмкін.
Клиникалық көріністері.Инкубациялық кезеңі - орташа 12 - 14 тәулік. Ауру ағымын 3
кезеңге бөледі: бірінші 4 - 5 күн бөртпе пайда болғанша; аурудың масимальды
айқындалуы 5 - ші күннен 10 - 12-ші күнге дейін; реконвалесценция кезеңі (2 - 3 апта).
Аурудың белгілері бойынша ауыр, орташа және жеңіл түрге бөлінеді. Аурудың негізгі
белгілері: дене температурасы 38 - 390С, сандырақтау, естудің нашарлауы, бастың
қатты ауыруы, миалгия, қан тамырларының зақымдану әсерінен розеолоздыпетехиальды бөртпемен сипатталады. Ауру дене қызуының көтерілуімен, бастың
қатты ауыруы, ұйқысыздық, сандырақтаумен басталады; 4 - 5 күннен кейін тері
капилляларының кеңеюі және оның зақымдану нәтижесінде ерекше бөртпелер
пайда болады. Ауыр жағдайда жүрек және ми зақымдануының асқынулары дамуы
мүмкін.
Организмде ауруға қарсы пайда болған иммунитет әсерінен Брилль-Цинссер ауруы
жеңіл өтеді. Бөртпе розеолозды және аз мөлшерде, олардың дамуы мен сипаты
бөртпе сүзегіне ұқсас.
9.
Микробиологиялық диагноз қою.Науқас ағзасынан риккетсияны бөліп алу қиындықтар тудырады. Негізгі диагноз қою әдісі –серологиялық. Науқастардан алынған әртүрлі материалдардан (қан сарысуы) риккетсиялық антиген немесе антиденелерді
анықтау үшін ПГАР, АР, КБР, ИФР, ИФТ қолданылады. Бөртпе сүзегінің және Брилль-Цинссер ауруын ажырату «иммунологиялық
ес» феноменіне негізделген. Бөртпе сүзегінде алғашқыда IgM, содан кейін IgG түзіледі. Ал, Брилл ауруында IgG тез түзіледі.
ПГАР. Гетерогенді аглютининдерден босату үшін зерттелінетін сарысуды 30 мин 560 С-та қыздырып изотоникалық ерітіндімен
1:10-нан 1:5120-ға дейін сұйылтады. Қой эритроциттерін сезімтал ету үшін (диагностикум дайындау) R. рrowazekii ерітілетін
фракциясынан тұратын құрғақ антигенді жиі қолданады. Сарысудың максимальды титрін анықтайтын антигеннің жұмыс
мөлшерін алдын ала анықтайды. Пробиркада немесе ойшықтарда 0,4 мл антиген ерітіндісін 0,1 мл үш мәрте натрий хлоридінің
изотоникалық ерітіндісімен шайылған сезімталды эритроциттермен араластырады. Бақылау алдын ала иммунды және қалыпты
сарысумен сезімталдырылған эритроциттер; сезімталмаған эритроциттер зерттелінетін сарысумен және сарысусыз, сондай-ақ
сарысу тек қана құйылған пробиркаларда атқарылады. Реакция талдауы 370 С-та 2 сағат инкубациялағаннан кейін бақылауда
эритроцит тұнбаға түскенде жүргізіледі. Сосын талдауды 24 сағат бөлме температурасында инкубациялағаннан кейін,
эритроциттер «қолшатыр» мен «түйме» тәріздес тұнба түзуіне қарай қорытынды жасалады... Диагностикалық титр 1:250 болып
есептеледі және қайта қойғанда титрі өседі.
Агглютинациялық реакция R. рrowazekii-мен (Вейгля реакциясы) микросопиялық әдіспен шыныда немесе макроәдіспен
пробиркада қояды (Мосинг, Шульман бойынша және т.б.). Микроскопиялық агглютинацияда зертелінетін сары судың
сұйылтуларын (1:20, 1:40, 1:80 және т.б.) ілмекпен шеттеріне вазелин жағылған жабын шыныларға енгізеді. Оған жіңішке
созылған пастер түтікшесімен натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде араластырылған жұмыртқа сарыуызында,
кеміргіштердің өкпесінде дақылданған R. рrowazekii-дің корпускулярлы антигенін немесе құрғақ антигенін қосады. Жабын
шынының ортасына антигенді бақылауға тамызады. Оны ойығы бар заттық шыныға жабады. РАР нәтижесін 370 С-та 1 - 2 сағат
немесе бөлме температурасында 24 сағат инкубациялағаннан кейін диафрагмасы тарылған микроскопта қарап тіркейді.
КБР. Реакцияда корпускулярлы немесе ерітілген антиген қолдалынады. КБР жалпы кесте бойынша қояды: көлемі – 1,25 мл,
суықта (40 С-та 18 сағат) немесе термостатта (370 С-та 1 сағат) байланысады. Комплементті мұқият титрлейді. Гемолитикалық
жүйені 370 С-та 30 минут инкубациялағаннан кейін қосады. Бөртпе сүзегін эндемиялық сүзектен ажырату үшін R. рrowazeki-лік екі
антигенмен және Музер антигенімен (R. typhi) қояды. Бөртпе сүзегінде диагностиаклық титрі аурудың 6-8 күні 1:80 және жоғары,
2-4 аптада кейін 1:1280-1:5150 болып есептеледі. Бөртпе сүзегімен бұрын ауырғандарда рекация нәтижесі оң болады.
10.
Емдеуі. Риккетсиоздарды емдеу үшін ең қолайлысы - тетрациклин,левомицетин, рифампицин т.б. антибиотиктер қолдану.
Алдын алуы.Биттеудің алдын алу және жою шараларын жүргізу қажет.
Арнайы сақтандырудың яғни тірі әлсіз вирулентті вакцина (ЖКСВ-Е)
егудің тек қана қосымша маңызы бар. Отан соғысы жылдары өлтірілген
вакцина кең қолданылды. Құрғақ аралас бөртпесүзек вакцинасы
шығарылады: ерітілген Провачек риккетсиясының антигені (вирулентті
Брейнль штамм) және лиофильді кептірілген стерильді сиыр сүтіндегі
Провачек риккетсиясы (авирулентті штамм - Мадрид Е). Тері астына 0,25
мл вакцина енгізгенде 2 жылдан аз емес уақытқа созылатын иммунитет
дамиды, 2 жылдан кейін ревакцинация жүргізіледі.