ТАҚЫРЫБЫ:
87.60K
Categories: physicsphysics industryindustry

Болатты шынықтыру кезінде суыту жылдамдығы мен құрамындағы көміртектің болаттың қаттылығына әсері

1. ТАҚЫРЫБЫ:

Болатты шынықтыру кезінде суыту жылдамдығы
мен құрамындағы көміртектің болаттың
қаттылығына әсері

2.

Металдар мен қорытпалар құрылымы мен қасиетін
едәуір өзгерту үшін тиімді тәсілдерінің бірі
термиялық өңдеу болып есептеледі.Металдар мен
қорытпалардың қасиеттерін тиімді бағытта
өзгерту үшін жүргізілетін белгілі бір
температураға дейін қыздыру,сол температурада
ұстау және салқындату операциялар жиынтығын
термиялық өңдеу дейді.

3.

Көміртекті болаттардың шынықтыру температура
аралықтары

4.

Шынықтыру – 950 С-қа дейін қыздыру, беріктікті,
қаттылықты, тозуға төзімділікті жоғарылату үшін суда
немесе майда салқындату арқылы біраз ұстап тұру. Ереже
бойынша шынықтырудан соң болатты босаңдату жүреді.
Болаттың әрбір типі мен маркасының өзінің шынықтыру
температурасы мен салқындату сұйығы болады. Кейбір
легірленген детальдарды ауада да шынықтыра береді
Шынығу қабатының тереңдігі жоғары температурада
болатты ұстап тұру уақыты мен оның шынығуына
байланысты болады

5.

Шынықтыру – қыздырылған материалды баяу салқындату
кезінде пайда болатын қажетсіз процестерге жол бермеу
немесе қыздырылған материалды күрт салқындату арқылы
оның жоғары температурадағы күйін сақтауды жүзеге асыру
үшін жүргізілетін термиялық өңдеу. Ол заттың төменгі
температурадағы тепе-теңдік күйі мен жоғары
температурадағы тепе-теңдік күйі арасында айырмашылық
болған жағдайда орындалады. Шынықтыру салқындатудың
нақты жылдамдығы заттағы қажетсіз процестерді
болдырмауға жеткілікті жағдайда ғана тиімді. Шынықтыру
нәтижесінде затта түзілген құрылым тек салыстырмалы
күйде болады, ал қыздырғанда ол құрылым неғұрлым
орнықты күйге ауысады. Көптеген заттарды табиғи
жағдайда не арнайы технологиялық әдістермен (металл,
олардың қорытпасы, шыны, т.б.) Шынықтыруға болады.
Шынықтыру тәсілімен өңделетін материалдардың ішінде
болат ерекше орын алады

6.

Назар қойып тыңдағандарыңызға
рахмет
English     Русский Rules