291.34K
Category: industryindustry

Болаттың ХТӨ кезіндегі құрамы мен құрылымының өзгеру заңдылықтары

1.

Болаттың ХТӨ кезіндегі
құрамы мен құрылымының
өзгеру заңдылықтары

2.

Дәрістің жоспары:
1. Диффузиялық қабаттың қалыңдығы бойынша
концентрацияның өзгеруі.
2. Диффузиялық қабаттың құрылысы.

3.

Химия-термиялық өңдеу кезінде процестің неғұрлым баяу кезеңі болып
диффузия табылады.
Диффузия нәтижесінде диффузиялық аймақ түзіледі – бұрынғыдай
химиялық құрылымы мен қасиеттері, құрамы бойынша ерекшеленетін
қанықтыру бетіндегі материал қабаты.Қасиет пен құрылымның өзгеруіне
әкелетін диффузиялаушы элементтің концентрациясы беттен металл
тереңіне азаяды (1 – сурет).

4.

Төменірек жатқан γ - фазасы арасында фаза аралық шекара ажырауы
пайда Диффузияланған қабаттың қалыңдығы (1, а – сурет) бойынша
концентрацияның µөзгеруін микро зондпен, қабаттық химиялық және
спектрлік талдаулар (оптикалық және рентгендік) тәсілдерімен
анықтайды.
Диффузияланған қабаттың құрылысы күрделі, мысалы, темірді
түрлі элементтермен қанықтыру кезінде. Қабат құрылысы диффузияның
жалпы заңдылықтарына бағынады және құрамы (1, а – сурет), фазалы
тепе - теңдік Fe-Ме диаграммасының бір фазалы облыстарына сәйкес
келетін, бір фазалы қабаттар түзіледі (Ме – қанықтырушы элемент).
Диффузияланған қабаттағы фазалар күй диаграммасындағы бір фазалы
облыстар секілді, сол реттілікте орналасады. Бір фазадан басқасына өту
кезінде фазалы тепе-теңдік диаграммасы облысының екі фазалы еніне
тең келетін, концентрация секірісі байқалады (1, б – сурет).
Концентрация секірісі екі фазалы облыстар α+γ диффузиялы жолымен
қалыптаса алмайтындығынан пайда болады. Бұл фазалар құрамы екі
фазды облыс шектерінде тұрақты және олардың әр қайсысына
концентрация градиенті нөлге тең болуымен түсіндіріледі. Бетте
түзілген α –фазасы мен болады (1, в – сурет). α - фазасының тумалары
(зародыш) өздеріне тең бағаналық кристалдар түзе отырып диффузия
бағыты бойынша өседі, себебі олардың өсуі үшін қажетті аса
қанықтырылуға α - фазасы мен γ - фазасы түйіспесінде жетеді.

5.

Диффузияланған қабаттың негізгі сипаттамасы – оның қалыңдығы (2 –
сурет). Диффузияланған қабаттың жалпы және тиімді (эффекті)
қалыңдығын ажыратады.

6.

Диффузия қабаттың жалпы қалыңдығы – базалы параметрдің мәні
бойынша анықталатын, қанықтыру бетінен өзекшеге дейінгі ең қысқа
қашықтық. Базалы параметр – бұл қанықтыру бетінің басталу ара қашықтығына байланысты қандай-да бір қасиеттің өзгеру критерийі.
Базалы параметр ретінде диффузиялаушы элемент концентрациясының
өзгерісі, құрылысы немесе қандай - да бір қасиет, әдетте қаттылық бола
алады.
Диффузияланған қабаттың тиімді қалыңдығы (dэ) химия-термиялық
өңдеуден кейінгі бақылауда неғұрлым жиі қолданылады. Бұл қанықтыру
бетінен базалы параметрінің белгілі мәні бар учаскеге дейінгі ең қысқа
арақашықтықпен анықталатын,диффузияланған қабаттың жалпы
қалыңдығының бірлігі.
Өзекше – қанықтыру ортаның әсеріне түспеген материал.
Диффузияланған қабаттың өтпелі аймағы – бұл ені жалпы және тиімді
қалыңдықтың әр түрлілігімен анықталатын, диффузияланған қабаттың
өзекшеге жататын бөлігі.

7.

Видеолар:
Https://youtu.be/kB3EeWr-I4k
https://youtu.be/tsRGXjyTABk
English     Русский Rules