Аль-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Факультет:Философия және саясаттану Кафедра:Педагогика және білім беру
Шындық туралы
Ақиқат
Ақиқатты қалай тани аламыз?
Ақиқат құндылығы бойынша сабақ өткізу əдіс-тəсілдері
Сабақ барысы:
Тыныштық сəті
Дəйексөз
Əңгімелеу
Үй тапсырмасы
Соңғы тыныштық сəті
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!
671.82K
Category: pedagogypedagogy

Ақиқат құндылығы бойынша сабақ өткізу əдіс-тəсілдері

1. Аль-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Факультет:Философия және саясаттану Кафедра:Педагогика және білім беру

менеджменті
Мамандық:Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану
Тақырыбы:
Ақиқат құндылығы бойынша сабақ өткізу
əдіс-тəсілдері
О р ы н д а ғ а н : М а м бе т н и я з о ва А .
Жа р ы л қ а п У.
Абд у қ а д і р Г.
Қыдырбай А.
Қ а б ы л д а ғ а н : Ә р і н ов а Б .

2. Шындық туралы

Шындық көзге шұқиды қашаннан да,
Шыбын жаның шындықтан қаша алған ба.
Ар-ақиқат үкімі жасалғанда,
Қолға тұрар ноқтасыз асаулар да.
Қолға тұрар қулар да, зұлымдар да,
Ат жалынан мал тапқан жылымдар да.
Арамзаны, ұрыны жұлып түспей,
Ақиқаттың алмасы суынған ба!
Шындық деген - шымылдық біреулерге,
Қалқа қылып шындықты жүрер пенде.
Шымылдығын шындық кеп жұлып алса,
Шыбыны ұшып, бишара кірер жерге.

3. Ақиқат

Ақиқат– таным теориясының негізгі
категориясы, адам ойының өмір шындығымен
сәйкестілігі. Ақиқат — танушы кісінің объектіні дұрыс,
дәл бейнелеуі, адам санасынан тыс және тәуелсіз
күйінде, өмір сүрген қалпында көрсетуі. Ақиқат
категориясы білімнің затқа сәйкес келуін ғана емес,
танымдық қызмет тәсілін де сипаттайды. Ақиқат —
салыстырмалы, себебі ол ішкі қайшылықта үнемі
дамып, толықтырылып, тереңдетіліп, түзетіліп
отыратын процесс.

4.

Дүниежүзіндегі денсаулық сақтау ұйымы
Объективті ақиқат — білімінің
адамға да , адамзатқа да тәуелсіз
мазмұны.
Абсолюттік ақиқат — затты
толық сипаттайтын, таным
дамуында теріске шығарылуы
мүмкін емес мызғымас ілім.

5.

Қазіргі сəтте мен қалай
толық өмір сүре аламын?
Мен кіммін?
Ақиқатты тану
сұрақтары
Менің өмірдегі мақсатым
не?
Өзімнің ішкі менімді
қалай тани аламын?
Ақиқатқа қалай қол
жеткізе аламын?

6. Ақиқатты қалай тани аламыз?

Дүниедегі әрненің өзіне ғана тән сипаты, мәні,
бұлжымас хақ заңдылығы бар. Демек осы хақты анық
білу білім де, қалғанының барлығы – жалғанды ақиқат
деп тану, яғни білу емес – білмеу, ақиқатты білмеу.
Жалғанды ақиқат деп тану – өзінің адасқанын білмеу.
Бұндай «білім», яғни адасу, неге апаратынын қоғамның
бүгінгі ахуалынан пайымдай беріңіз. Тастай қараңғы
жердегі қаптаған заттардың әрқайсысын жыға тану
мүмкін еместігі сияқты, менің ойымша деумен дүниенің
ақиқаты ешқашанда табылмайды.

7. Ақиқат құндылығы бойынша сабақ өткізу əдіс-тəсілдері

Ақиқат құндылығы бойынша сабақ өткізу әдістәсілдері
Мерзімі: 04.11.2017ж
Тақырып: Ақиқат- шындықта.
Құндылық: дұрыс іс - әрекет
Қасиеттер: әділдік; шындықты айту;қарапайымдылық;өзөзіне адал болу;
Мұғалім: Мамбетниязова А. Жарылқап У. Қыдырбай А.
Әбдуқадыр Г.
Сынып: 5 сынып
Оқушылар саны: 24

8.

Сабақтың мақсаты:
Студенттерге: Оқушыларды адалдыққа, сенімділікке, өзіне де өзгеге де
шындықты айтуға, бойларындағы күш қуат арқылы ақиқат құндылығын ашу
Сабақтың міндеттері:
Білімдік:Кішіпейілділік,шыншылдық,жауапкершілік,қасиеттері
түсініктерін кеңейту
-Дамытушылық:Студенттердің
бойына
жауапкершілік,қасиеттерін дамыту.
кішіпейілдік,
-Тәрбиелік:Студенттерді
кішіпейілділік,
жауапкершілік,қасиеттеріне тәрбиелеу.
туралы
шыншылдық,
шыншылдық,

9. Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi.
-Сәлеметсіздер ме, құрметті оқушылар!
-Мен сіздерді көргеніме қуаныштымын.
-Көңіл-күйлеріңіз қалай?
-Бүгінгі өтетін сабағымыздың тақырыбы «Ақиқат-шындықта».

10. Тыныштық сəті

Тыныштық сәті
Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды,
аяқтарын айқастырмауды өтініңіз. Арқаларын тік ұстауын қадағалаңыз. Жайлы, баяу музыка қойыңыз).
Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат
жасаймыз.
Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң
аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне
алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға
шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз:
мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді,
суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор
сегізаяқ. Су асты- неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы
тыныштық күйде болыңыз.(Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).
Ал қазір жоғарыға, өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және
тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне
шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін
ризашылық білдіріңіз.
Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда
сақтауға тырысыңыз.

11.

Үй тапсырмасын тексеру.
«Адалдық-адамдықтың белгісі»
тақырыбына эссе жазу

12. Дəйексөз

Дәйексөз
«ШЫНДЫҚ ШЫРАҒЫ ДАУЫЛ СОҚСА ДА ӨШПЕЙДІ»
Ғ.МҰСТАФИН

13. Əңгімелеу

Әңгімелеу
«ӨСИЕТ»
Ә К Е С І Ө Л Е Й І Н Д Е П Ж АТ Ы П Б А Л АС Ы Н Ш А Қ Ы Р Ы П А Л Ы П С О Ң Ғ Ы С Ө З І Н Д Е : « Б А Л А М М Е Н І Ң
Б І Р Т І Л Е Г І М Б А Р, О Р Ы Н Д А Й С Ы Ң Б А ? - Д Е П Т І . А Ж А Л АУ З Ы Н Д А Ғ Ы Ә К Е Т І Л Е Г І Н
ОРЫНДАМАЙТЫН БАЛА КЕМДЕ -КЕМ, «ОРЫНДАЙМЫН ӘКЕ!»
Е Н Д Е Ш Е М Е Н І Ң А Я Ғ Ы М Д А Ғ Ы Н Ә С К И І М Д І Ш Е Ш П Е Й Ж Е РЛ Е Т Ж Ә Н Е М Ы Н А Қ А Ғ А ЗД Ы
Ж Е РЛ Е П Б ОЛ Ғ А Н С О Ң О Қ Ы , О Ғ А Н Д Е Й І Н О Қ Ы М А » Д Е П Т І .
Ш А Л Ө Л Д І . Ж Е РЛ Е У Р Ә С І М І Б АС ТА Л Ғ А Н Д А Б А Л АС Ы . « Ә К Е М Н І Ң С О Ң Ғ Ы С Ө З І
Е Д І , Н Ә С К И І М Е Н Ж Е РЛ Е Й І К » - Д Е П Ө Т І Н Е Д І . Б І РА Қ Ш А Р И Ғ АТ З А Ң Ы Б О Й Ы Н Ш А Қ А Л А Й
Д Ү Н И Е Г Е К Е Л Д І , С ОЛ А Й Ж Е РЛ Е Н Е Д І А Қ Ы Р Ы . Ә К Е С І Н Ж Е Р Қ О Й Н Ы Н А ТА П С Ы Р Ғ А Н
ТА П С Ы Р Ғ А Н Ж І Г І Т, О Ң А Ш А Ж Е Р Г Е Б А Р Ы П Қ А Ғ А ЗД А Ғ Ы Ж А З УД Ы О Қ И Д Ы . « Б А Л А М , Ө З І Ң
КӨРГЕНДЕГІДЕЙ МЕН О ДҮНИЕГЕ ЖЫРТЫҚ НӘСКИДЕ АЛЫП КЕТЕ АЛМАДЫМ. ДҮ НИЕГЕ
К Ө П Қ Ұ Н Ы Ғ А Б Е Р М Е » Д Е Г Е Н Ж А З У Б А Р Е К Е Н Ә Л Г І Қ А Ғ А ЗД А .
С Ұ РА Қ ТА Р :
А Ң Ы ЗД Ы Ң О Й Т Е Р Е Ң Д І Г І Н Е Д Е ?
Ә К Е С І Қ А Н Д А Й Т Ә Р Б И Е Б Е РД І ?

14.

Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
1. Оқушылар таратылған смайликтер бойынша 3 топқа бөлініп,
ақиқат құндылығын негізге ала отырып сахналайды.
2. Шындық туралы өлеңді өз ойларымен жалғастыру
3. Сыныптағы шыншыл баланының суретін салу
Тапсырма орындау барысында уақыт беріледі және баяу әуен
қосылады.

15.

Топпен ән айту
М.Өрісбаев «Өмір сыры»
1)Өмір деген –
Жанымның шуағындай жарқырайды.
Көңіл деген –
Бар кезде шарықтап шалқымайды.
Арман деген –
Жүректің жұбанышы үзілмейтін.
Үміттің серігің ғой көз ілмейтін.
Өмір ғой несіне таң қаласың.
Қ/ы
Бұл дүниені
Жарығым қайта оянып көрер болсам
Өмірге қайта айналып келер болсам
Сезер – ек бақыттың шын бағасын
2)Бақыт деген –
Уақыттың сүйіп өткен ақ самалы
Уақыт деген –
Өзгермес сұрапыл соқса тағы
Ақымақ деген –
Жүректің жұбанышын көз ілмейтін
Үмітің серігім ғой көз ілмейтін.
Өмір ғой несіне таң қаласың

16. Үй тапсырмасы

«Еңбек өмір мәні» тақырыбында эссе жазу

17. Соңғы тыныштық сəті

Соңғы тыныштық сәті
Соңғы тыныштық сәтi.
«Мелодия – Дождь»
Баяу әуен қойылады. Оқушылар денесін, басын тік ұстап, көзін жұмып отырады.
Мұғалім жәй дауыспен:
Әр қайссымыз оң қолымызбен жүрегімізді ұстап көрейік. Өз жүрегіміздің жылылығын сезініп, жүрек
жылуымызды адамдарға, айналамызға жеткізу үшін іштей оларға жақсы тілектер тілейік. Жақсы ой
ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық! Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүректеріңізге
түйіп алыңыздар. Рахмет! Көздеріңізді ашуға болады.

18. НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

English     Русский Rules