Similar presentations:
Араб елдері Африка
1.
2.
1915 жылы армян мен түріктер арасындаөткен қырқыста миллионнан астам адам
қырғынға ұшырады;
Ағылшын әскері Палестина мен Сирия
жеріне енді;
Жау түріктерге соққы бере отырып,
бүкіл Араб түбегіндегі, Ирактағы,
Палестинадағы, Сириядағы, Ливандағы
сұлтан әкімшілігін жойды;
Ресейді қатыстырмай, француз және
ағылшын үкіметтері араб жерін бөлісіп
алу туралы Сайкс-Пико келісіміне қол
қойды;
Араб елдерін бөлісу 1920 жылы 25
сәуірде Сан-Ремо келісімі бойынша
реттеліп, Франция қамқорлығына Сирия
мен Ливан, ал Англия қамқорлығына
Египет, Ирак және Палестина өтті.
Осылайша Арабтық Шығыс тұтасымен
Еуропа елдерінің қарамағына еріксіз
қарады.
Соғыс кезінде Африканың табиғи байлығы,
халқы отаршылдардың мүддесіне қызмет
етті. Англия әскери қатарына 25 мыңнан
астам қара нәсілдерді шақырса, Франция 250
мыңға жуығын сапқа тұрғызды. Олар осы
құрлықта, Еуропада болған шайқастарға да
қатысты. Африкалықтарды Бельгия,
Германия, Италия, да соғыс қимылдарына
тартты;
Тропиктік және Оңтүстік Африка елдерінде
сол жылдары өндіріс салалары біршама дами
түсті. Тас көмір, темір кені, алтын, алмаз,
түсті металдарға Еуропа тарапынан сұраныс
көп болғаны белгілі;
Африка жұмысшылары сан жағынан ұлғая
түсті;
Оңтүстік Африка Одағы германдық
Оңтүстік-Батыс Африкаға (қазіргі Намибия)
мандат алды. Нәтижесінде бірнеше Еуропа
мемлекеттері бүкіл құрлықты бөліп, халқын
қанады.Империалистік отаршылдық тәртіп
зардабына қарсы Африка халықтары
көтеріліске шығып отырды.
3.
4.
Германияның Югославакия мен Грекияныжаулап алуы, Францияның жеңіске ұшырауы
фашистік мемлекеттердің қауқарын айдын
көрсетті. Кейбір Араб елдерінде германдық
топтардың әрекеті жандана бастады. 1941
жылы сәуірде Р.А. аль - Гайлани өкіметіне
қарсы төңкеріс жасады. Бұған жауап ретінде
Англия Иракты басып алып, оның үкіметін
Германияға соғыс жариялауға мәжбүр етті;
Сирия мен Ливан тәуелсіз ел болып
жарияланды. Сирия президенті Шукри аль Куатли сайланды;
1942 жылы Египетті жаулап алу мақсатында
Ливияда генерал Роммель басшылық еткен
итальян-герман әскерлерінің шабуылы
басталды;
1942 жылы қарашада ағылшын -американ
десанты Мароккоға түсіріліп, бүкіл Солтүстік
Африка одақтастардың бақылауынан өте
бастады.
Соғыс қимылдары бұл аймақта тек
Эфиопия, Эритрея, Сомали жерлерінде
жүрді. Аталған елдерді ішкі аудандарын
басып алу мақсатында Италия 1940 жылы
шабуылға шықты;
Солтүстік Африкада, Еуропа
майдандарында жүздеген, мыңдаған
африкандықтар фашизмге қарсы соғысты.
Олар Бирма мен Малайзияда Жапония
әскерлерімен арпалысты;
Соғыс барысында африкалық отарлардың
келешегін қарастырды. Қабылданған
қарарларда отар елдерде демократия
тәртібін орнату, тұрғындарға сайлау
құқығын беру, оларды өкімет органдарына
қатыстыру, т.б. шаралар белгіленді. Бірақ
соғыс біткен соң, бұл шараларды Франция
үкіметі орындаудан бас тартты.