Similar presentations:
Әлемдік отарлау жүйесі қалай қалыптасты?
1.
Нұр-Сұлтан қаласы Білім беруді жаңғырту орталығыСабақ тақырыбы: ӘЛЕМДІК ОТАРЛАУ ЖҮЙЕСІ ҚАЛАЙ ҚАЛЫПТАСТЫ?
7-сынып.
Дүниежүзі тарихы
Пән мұғалімі: Тарамбай
Маряш
2.
Бүгінгі сабақта:• Еуропалық отаршылдық экспансияның
Шығыстың дәстүрлі қоғамдарына ықпалын
сипаттайсыз;
• отаршылдық экспансияның салдарын
талдау арқылы XIX ғасырдағы әлемнің саяси
картасындағы негізгі өзгерістерді
анықтайсыз.
3.
4.
1875 жылы Мысыр монархынанСуэц каналын сатып алған
Англия бұл каналмен өтетін кеме
қатынасын толық бақылауға
мүмкіндік алды.
Мысыр отарларын жаулап алу
жоспарын дайындай бастады.
1882 жылы
ағылшын
әскерлері
Мысырды басып
алды.
Осындай сыртқы күрделі саяси жағдайында Франция Тунисті
жаулап алды.
Англияның Мысырды, Францияның Тунисті иемденуі басқа
капиталистік елдердің әлі бөлінбеген Африканы жаппай бөлісу
үшін күресіне түрткі болды.
5.
1884 жылы Конго өзеніалқабының басым
бөлігін Бельгия
бақылауына алды.
80-90-жылдары
Франция өзінің
иеліктерін Алжирмен
көрші- Сахара шөлін
қосу арқылы кеңейте
түсті. 1886 жылы
Франция Мадагаскар
аралдарын жаулап
алды.
6.
1877 жылдың соңында Англия Малайзиянықұлдыққа түсіруді аяқтады, сөйтіп, онда өзінің
протектораттығын орнатты.
Франция Үндіқытайдың оңтүстік бөлігін
иемденіп, Орталық Вьетнамға шабуылдады.
Тек 90-жылдардың соңында ғана кескілескен
соғыстардан соң Вьетнам Францияның қол
астына өтті.
Францияның Вьетнамды бағындыруы және Англияның 1885 жылы
Бирманы басып алуы бұл мемлекеттерді енді Сиам (Таиланд) үшін
күреске киліктірді. Ақырында басқыншылар бұл елді бөлісіп алды.
Батысын Англия, шығысын Франция иемденді.
7.
Италиялықотарлау
Италияның
бірігуінен соң
басталды.
«Қара материкке»
Италияның ұмтылуы
Абиссиниямен (1895-1896)
соғыста Италия сәтсіздікке
ұшырады.
Арабтармен соғыстан
кейін италиялықтар
1884 жылы Кассала
қаласын иемденді
1882-1885 жылдары Абиссиния
мен Қызыл теңіздің үлкен
жағалауы бойындағы Ассаб
қаласын және Массауа айлағын
иемденді.
Сомали түбегіне
иелік жасады.
8.
1894 жылы шілденің соңында ЖапонияҚытайға соғыс ашты.
Соғыс 1895 жылы 17 сәуірде Жапонияның
Симоносеки қаласында бітімге қол қоюмен
аяқталды.
Қытай Жапонияның
сауда кемелері еркін
кіретін бірнеше
порттық қалаларын
ашуға және Жапонияға
соғыс шығындары үшін
200 миллион лян
өтемақы төлеуге
мәжбүр болды.
Ресей 1896 жылы
Қытаймен одақ
жасасып, егер Жапония
жағынан Қытайға
басқыншылық жасалса,
онда Қытайды қорғауға
міндеттенді.
Ал Қытай осыған
жауап ретінде
Ресейге Шығыс
Қытай
теміржолын
салуға және
пайдалануға
концессия берді.
9.
ГерманияФранция
Ресей
1897 жылдың соңында Қытайдың Циндао
порты мен Цзяочжоу бухтасын басып алды
және Шаньдун провинциясын өзінің ықпал
ету аймағына айналдырды.
Қытайдың Гуанжоувань бухтасына өзінің
ықпал жүргізуін қамтамасыз етті және
көршілес Үндіқытайға теміржол құрылысын
сала бастады.
1898 жылдың басындағы орыс-қытай
келісімі бойынша Қытай Ресейге Порт-Артур
мен Ляодун түбегін жалға берді.
10.
ХХ ғасыр басында дүниежүзінаумақтық тұрғыдан бөлісу
аяқталды.
«Бос жер»
тіпті қалған
жоқ.
Империалистік державалардың
мақсаты тауар өткізу мен шикізат
көзін соғыс арқылы табу болатын.
11.
1898 жылы II Вильгельм түрік сұлтаныменкездесті және Босфор - Кіші Азия Месопотамия - Кувейт Парсы шығанағына
шығатын үлкен теміржолды бірігіп салуға
келісті.
Англия Германияның Түркияға енуіне мазасызданды.
Өйткені ол Арабия мен Месопотамияны жаулап алуды
жоспарлап жүрген. Ал немістердің Парсы шығанағына
жылжуы Үндістанға қауіп төндірді. Германияның шығанаққа
шығуын кесіп тастау үшін Англия 1901 жылы Кувейт портын
басып алды.
Мұның бәрі екі империалистік жыртқыштардың
арасындағы қайшылықтарды шиеленістіре түсті.
12.
.70-жылдар ортасында түрік езгісінде
болған Балқан түбегінің көптеген
халқы ұлт-азаттық көтеріліске шыққан
болатын. Осы сәтті пайдалана
отырып, Герман өкіметі Ресейді
Түркиямен соғысқа итермеледі.
Сөйтіп, 1877 жылы 24 сәуірде Ресей
Түркияға соғыс жариялады.
13.
Орыс әскерлеріАдрианопольді алып,
Константинопольды
құлатуға жақын қалған
кезде түрік өкіметі
бітімге келісім сұрады.
1878 жылы 3 наурызда
Сан-Стефанода
Ресейге Карс, Ардаган,
Баязет және Батуми
қалаларын берді.
Балқан мемлекеттері:
Черногория, Сербия
және Румыния заңды
түрде толық
тәуелсіздік алды.
Осылайша Сан-Стефано
шарты серб және
румын халықтарын
түрік езгісінен толық
азат етті.
Бессарабияның
оңтүстік бөлігін
қайтаруды туралы
бітімшартына қол
қойылды.
Болгарияның
жартылай азаттық
алуына жол ашты.
14.
1878 жылы 13 маусымда Берлинконгресі Сан-Стефанода
қабылданған шешімдерді қайта
қарады. Нәтижесінде Берлин
трактатына қол қойылды.
Карс, Ардаган,
Батуми Ресейге
өтіп, Баязет
Туркияда калды.
Ресейге Оңтүстік
Бессарабия
қайтарылып,
Добруджа
Румынияға өтті.
Черногория,
Сербия және
Румыния
тәуелсіздігі
бекітілді.
Берлин трактаты
бойынша
Болгарияның
аумағы бірден
қысқартылды.
Болгария ұлттық
мемлекетінің
құрылуын
тездетті.
15.
Берлин конгресініңнәтижесінде қалыптасқан
Еуропадағы мемлекеттердің
отаршылдық бәсекелесінің
көрініс табуы (ең алдымен
Англия мен Францияның
және Англия мен Ресейдің)
Үштік одақтың
қалыптасуына әсер етті.
Батыс мемлекеттерінің
дүниежүзін қайта бөлісу күресінің
күшеюіне әкелді.
16.
МақсатыФранцияға
қарсы бірігу.
1882 жылы 20
мамырда
Германия, АвстроВенгрия және
Италия арасында
Үштік одақ
шартына қол
қойылды.
17.
1891 жылы тамыздафранцуз-орыс пакті
жасалды.
1893 жылы француз
Бас штабының
өкілдері мен орыс Бас
штабының өкілдері
әскери конвенцияға
қол қойды.
Әскери конвенция
1893 жылдың
соңында бекітілді.
Француз-орыс одағы.
Ол өте құпия сипатта
болды.
18.
Германия өзінің алдына дүниежүзінбөлісуге байланысты ауқымды
міндеттер қоя отырып, аса қуатты
флот құруға кірісті.
Ағылшын-герман бақталастығы күшейе түсті.
19.
Қорытынды.
Құрылған екі әскери одақ бір-бірінен асып
түсіп, күш көрсетуге кірісті. Бұл екі жақтың
соғысқа әзірлігін тездетті. Еуропа мен әлем
халқы екі әскери одақтың талан-таражына
айналып, дүниежүзілік соғыстың
табалдырығына таяды
history