Аралас әдіс
586.65K
Category: lingvisticslingvistics

Аралас әдіс

1. Аралас әдіс

Сәрсенбекова Әсел ШТҚ 311

2.

Шет елдерде ХХ ғ. шетел тілдерін оқытуда тура
әдістің қанат жайған шағында бірыңғай бағыт
туындады. Оның жақтаушылары орта мектепте ең
тиімді әдіс тура әдіс пен грамматикалық-аудару
әдісінің үйлесімі деп санады. Бұл бағыт аралас әдіс
атауына ие болып, бірден кеңінен таралып, осы
уақытқа дейін жетті.

3.

ХХ ғ. алғашқы тоқсанында аралас әдісті
жақтаушылардың қатарында мына ғалымдар бар:А. И.
Томсон, Ф. И. Буслаев (Ресей), К. Флагстад (Дания), Э.
Врио, А. Пэнлош (Франция), Г. Пауль, Э. Отто, Ф.
Аронштешг (Германия); 30-40 жылдары П.
Хэгболдтың (АҚШ), А. Боленнің (Германия)
жұмыстары пайда бола бастайды, ал 50-60 жылдары
Ф. Клоссэнің (Бельгия), Ф. Шубелдің, Р. Бронеманнің,
А. Боленнің, Ф. Лейзингердің (ГФР) дәптерлері
кәдімгідей танымал болды

4.

5.

Аралас әдіс өз алдына қандайда бір әдістемелік жүйе
құрмайды. Сонымен қатар, оның көптеген өкілдері
әдістемені белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған,
оқытудың нақты шарттарының әсерінен өзгере алатын
тәсілдердің жиынтығы ретінде қарастырады.
(П.Хэгболдт, Ф. Клоссэ).

6.

Оқытудың мазмұнын анықтай отырып, аралас әдістің
жақтаушылары шет тілін меңгеруде фонетиканың рөлі
маңызды екенін айтып, оқытудың басы есту-моторлы
кейіпті қалыптастыруға арналуы тиіс деп санайды.
Кейбір әдіскерлер (К. Флагстад, А. Болен) осы
мақсатта тек ауызша жұмыс кезеңін атап көрсетеді;
бірақ, көпшілігі текст оқу арқылы, есту-моторлы
кейіпті қалыптастыру жұмысын нығайтуды ұсынады.
Тек А.И.Томсон ғана ең басынан көру-моторлы оқыту
тәсілін ұсынғанын байқаймыз.

7.

Сондай-ақ лексикаға және оқушылардың сөздік
қорының көбеюіне үлкен мән берілген. Сөздіктің
көлемі 2500-3000 бірлікпен анықталады, көптеген
әдіскерлер осыған байланысты активті\репродуктивті
және пассивті\рецептивті сөздік деп бөледі (К.
Флагстад, Ф. Арон- штейн, П. Хэгболдт, Ф. Клоссэ).
Ал кейбіреулері онымен жұмыс істеудегі тәсілдердің
айырмашылығын атап көрсетеді (яғни, бірінші ауызша
жаттығуларды орындау, екінші оқуға арналған
жаттығуларды меңгерулері керек)(П. Хэгболдт, Ф.
Клоссэ) .

8.

9.

10.

English     Русский Rules