2.06M
Category: pedagogypedagogy

Жалпы адамзат қазынасы. Тұлғаның кәсіби қалыптасуының негізі. Құндылықтар

1.

2.

Жоспар:
1. Жалпы адамзат қазынасы.
2. Тұлғаның кәсіби қалыптасуының негізі.
3. Құндылықтар.

3.

Тәрбие жұмысының басты міндеттерінің бірі- жас ұрпақты жалпы
адамзаттың құндылыққа негіздей отырып тәрбиелеу.
Құндылық - философиядағы, қоғамтанудағы және педагокикадағы
негізгі құбылыстардың бірі.Жалпы адамзаттың құндылықтарға
философтар, прогресшіл ойшылдар мен педагогтар адамның
құқығы, бостандығы, табиғат, ата-бабаларымыздан қалған мәдени
мұра және соған сәйкес келетін тәрбие мен білім ұғымдарын
енгізеді. Жалпы адамзаттық құндылықтар - түрлі халықтың, түрлі
діннің, түрлі дәуірдің рухани мақсаттарын жақындастыратын, туыс
ететін құбылыс.
Ең биік құндылықтардың бірі — адамның өмірі. Оған озбырлық
жасауға ешкімнің құқы жоқ. Келесі құндылық - адамға өмір
сыйлаған адамның алдында бас ию.

4.

Конвенция - белгілі бір шарт. Балалар құқығы туралы
халықаралық Конвенцияның 80 жылға жуық тарихы бар.
Алғаш рет 1923 жылы "Балаларды құтқарудық
Халықаралық одағы" деп аталатын мемлекеттік емес
ұйым әлемдегі балалардың жай-күйі жайлы дабыл қағып,
арнайы Декларация (мәлімдеме) жариялайды.
"Женевалық" деген атауға ие болған бұл Деклара-цияны
келесі жылы Ұлттар Лигасының Бесінші Ассамблеясы
мақұлдайды. 1959 жылы балаларды қорғау мен олардың
хал-жағдайын жақсартуға бағытталған 10 берік негізден
тұратын жаңа Декларация қабылдайды. 19 78 жылы
Польша үкіметі БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі
Комиссиясына осы Декларацияның негізінде жасалған
Конвенцияның алғашқы жобасын ұсынды. Халықаралық
балалар жылы деп аталған 1979 жылы Конвенция
қабылдануға тиіс болатын. Бірақ, Комиссия оны жанжақты, терең зерттеу керек деген шешімге келіп, арнайы
жұмыс тобын қүрады. Жылына бір-ақ реттен отырыс
өткізген жұмыс тобы 9 жыл бойы
Конвенцияға өзгертулер, толықтырулар енгізіп, 1989 жылы
оның дайын екенін мәлімдейді.

5.

Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің
іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және
оны іске асыруының нәтижесі. Ерік-жігер механизмі дегеніміз адамның өзіне тән қасиеттерін іске асыруы. Адам ойына келген ісәрекетті іске асыруда ерікке жол береді. Бірақ адам бір нерсені
істерде алдымен еркін ақыл-парасат таразысына салып, оны іске
асыру жөн бе, басқалар оған қалай қарар екен? -деген ойға
қалады. Ерік-жігердің іске асырылуы ақыл мен санаға бағынышты.
Өмірде кейбір адамдар бір іс-әрекетті іске асырарда өте байыппен
қарап, осының нәтижесі қалай болар екен деп "мың ойланып, жүз
толғанып" іске кіріседі, ал кейбіреулер бірден ойына алғанын
апыр-топыр іске асырып, кейін опық жеп жатады. Осының бәрі
адамның ерік-жігер күшінің түріне байланысты. Тұлға дегеніміз сезімнің, әсердің, ішкі күйініш-сүйініштің бойға жинақталған
көрінісі.

6.

«Құндылық» термині қоғамдық мұраттар
қамтыған, сонысымен де міндеттілік өлшемі
(эталон) ретінде танылған нысандар мен
құбылыстарды, олардың қасиеттерін,
сонымен бірге бейнақты идеяларды
белгілеу, əрі сипаттау үшін қолданылады.
Құндылықтар заттасқан жəне субъектив
болып ажыралады. Сан қилы адамзат
қызметінің, қоғамдық қатынастардың өнімі
жəне олардың аймағына қосылған табиғат
құбылыстары заттасқан құндылықтар
сапына кіреді. Ал субъектив құндылықтар –
бұлар бағалау –баға негізіне алынған
өлшем-шектері (критерий), өрнек үлгілер,
əлеуметтік стандарттар. Бұлардың бəрі
идеялар, принциптер, мұраттар, іс-əрекет
мақсаттары ретінде қоғамдық санада бекіп,
ол сананың бағыт-бағдарын айқындап
отырады.
Құндылық ретінде əлеуметтік
ілгерілеумен (прогресс)
байланысты ұнамды мəнмағыналы оқиғалар мен
құбылыстар ғана танылады.
Əрқандай тарихи нақты
қоғамдық формация əлеуметтік
реттілікті қамтамасыз етуші, өзіне
ғана тəн құндылықтар
жиынтығына ие. Сол
құндылықтарды танып меңгеру
негізінде тұлға қалыптасады,
қоғамда қабылданған тəртіптер
жүйесі қолдау табады.

7.

Адамзат дамуының əрқилы кезеңдерінде де өзгеріске түспей,
тұрақты қалпында сақталатын құндылықтар болады. Мұндай
құндылықтар: өмір, бейбітшілік, еңбек, денсаулық, махаббат,
əсемдік, шығармашылық жəне т.б. – адамзат қауымының гуманистік
бастауы болған бұл категориялар мəңгілік, ешбір төңкеріс не
идеология, саясат оларды жоюы мүмкін емес. Əр тарих кезеңде олар
мəні қайта қарастырылып, жаңа көзқараспен басқаша бағалануы
ықтимал.
Жалпы құндылықтар арасында педагогикалық құндылықтар өз
алдына дербес топ құрайды. Олардың мəні тəрбиелеу жəне білім
беру қызметінің ерекшелігі, оның əлеуметтік ролі жəне
жасампаздық мүмкіншіліктерімен анықталады.

8.

Білім – қоғамдық құндылықтардың
аса маңыздысы. Мұның дəлелі –
көпшілік елдер Ата заңында
келтірілген əрбір адамның білім
алуға болған құқығы. Бұл құқық
əртүрлі бастау тұжырым,
бағыттардың дүниетаным
шарттарына сəйкестендірілген
нақты дəуір білім жүйесімен
қамтамасыз етіледі. Білім, өз
кезегінде, мемлекеттік, қоғамдық
жəне жеке тұлғалық құндылықтарға
ие. Білімнің мемлекеттік тұрғыдан
құндылықты болуының себебімемлекеттің адами-инабаттық,
ақыл-парасаттық, ғылымитехникалық, рухани-мəдени жəне
экономикалық мүмкіндіктерінің
негізі – білімде. Осыдан, білімді елмықты, мызғымас ел.

9.

10.

Қолданылған Әдебиеттер тізімі :
1. Бала құқықтары туралы Конвенция. - А., 2001.
2. П.И. Пидкасистый. Педагогика. - М., 1996.
1. С.Қалиев. Ш.Майғаранова, Г.Нысанбаева, А.А.Бисенбаев.
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудық, жеке тұлғаның
рухани-адамгершілігін дамыту сабақтарын ұйымдастыруға
арналған әдістемелік құрал. /Құрастырушы: Б.Қ. Игенбаева. Алматы, 2000.
2. К.Ж. Қожахметова. Сынып жетекшісі. - Алматы: Әлем, 2000.
3. К.Ж. Қожахметова. Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары. - Алматы: Әлем, 2000.
4. Педагогика тағылымдары. Құрастырушылар:
Б.Айтмамбетова, А.Бисенбаева. - Алматы, 2001.
5. Ә.Табылдиев. Әдеп әліппесі. - Алматы: Рауан,
English     Русский Rules