Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы.
Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы
Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы
Сүйек ағза ретінде. Сүйектің құрылысы
Остеон
Қаңқаның дамуы
Сүйектің дамуы.
Сүйектің жіктелуі
Даму жолындағы ақаулары
3.42M
Category: medicinemedicine

Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы

1. Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы.

С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ
ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА
Қалыпты анатомия кафедрасы
м. ғ. к. доцент Мынжанова Г.Р.

2.

Сүйек ағза ретінде.
Сүйектің құрылысы және дамуы.
Сүйектің жіктелуі.
Қаңқаның дамуы мен құрылысындағы
әлеуметтік және биологиялық
факторлардың орны.

3. Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы

Тірек-қимыл аппараты организмнің қозғалуын іске
асырады. Қозғалыс қызметінен басқа тірек-қимыл
аппараты дененің жерге тірегі қызметін де
атқарады, сондықтан да оны тірек-қимыл аппараты
деп атайды. Бүкіл қозғалыс аппаратын пассивті
(қаңқа және оның қосылыстары) және активті
(бұлшықеттер) бөлігі деп ажыратуға болады.
Негізінде, тірек-қимыл аппараты үш жүйеден:
сүйектерден, олардың қосылыстарынан және
бұлшықеттерден тұрады.

4. Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы

Қаңқа (sceleton, грекше –кептірілген скелет) –
механикалық маңызы бар, мезенхимадан дамитын
тығыз түзілістердің жиынтығы болып табылады. Ол
өзара дәнекер, шеміршек немесе сүйек тіндерінің
көмегімен байланысқан жеке сүйектерден тұрады;
қаңқа қимыл аппаратының пассивті бөлімін
құрайды.
Қаңқаның атқаратын механикалық қызметі тірек,
қорғаныш және қозғалысты іске асыру қабілетімен
сипатталады.

5.

6. Сүйек ағза ретінде. Сүйектің құрылысы

Сүйек, os, ossis, тірі организмнің ағза ретінде бірнеше
тіндерден тұрады, олардың ең бастысы сүйек тіні.
Сүйектердің химиялық және физикалық қасиеттері.
Сүйек заты химиялық заттардың екі түрінен тұрады:
органикалық заттар, негізінен оссеин және
бейорганикалық, негізінен кальций тұздары, әсіресе
фосфорқышқылды ізбес. Бұл заттар сүйекке аса
беріктік және серпімділік қасиет береді.

7.

Сүйектердің химиялық құрамы.
Органикалық заттар
заттар (1/3)
Оссеин
Бейорганикалық
(1/3)Кальций тұздары
(51,04%)Фосфор қышқылды ізбес

8.

Сүйектің құрылымдық бірлігі – остеон, яғни
тамырлары мен нервтері бар орталық өзекті
айнала сақиналы орналасқан сүйек
табақшалары жүйесі болып табылады.
Остеондар жүйесіз емес, сүйекке түсетін
функциональдық жүктмеге сәйкес
орналасады: жілікті сүйектерде с.йектің
ұзына бойына параллельді , кемікті
сүйектерде – вертикальді білкке
перпендикулярлы, бас сүйектің жалпақ
сүйегінде сүйек бетіне параллельді және
сақина болып орналасады.

9. Остеон

10.

Жай
көзбен көрінетңн сүйектің ірілеу
элементтері – сүйек затының аралық
шабақтары немесе трабекулалар
остеондардан тұрады. Осы трабекулалар
екі текті сүйек затын құрайды: егер
трабекулалр тығыз жатса, онда тығыз
тұтас зат, substansia compacta алынады,
ал егер трабекулалар бостау жатса, онда
кеуекті зат, substansia spongiosa
болады.

11.

12.

Сүйек ұяшықтарында жілік майы – қан жасау және
организмді биологиялық қорғау ағзасы болады. Ол
сүйектің қоректенуі мен дамуына және өсуіне
қатысады. Сүйектің бүкіл ішкі кеңістігі ағза ретіндегі
сүйектің ажырамас бөлігін құрайтын жілік майымен
толтырылған.
Жілік майы екі түрлі болады: қызыл және сары.
Қызыл жілік майы, medulla ossium rubra, торлы тіннен
тұратын нәзік қызыл масса түрінде болады, оның
тұзақтарында қан жасалауына және сүйек жасалуына
(сүйек құраушылар,өостеобластар,сүйек бұзұшыостеокластар). Қан тамырлар мен қан элементтері жілік
майына қызыл түс береді.

13.

Сары
жілік майы, medulla osseum
flava, негізінен май жасушаларынан
түзілетіндіктен сары түсті болады.
Іштегі нәресте мен жаңа тұған
балада тек қызыл жілік майы
болады. Бала өскен сайын қызыл
жілік майы біртеөбірте сары жілік
майымен ауысады да, ересек
адамның жілік сүйектерінің
қуыстарында тек сары жілік майы
ғана болады.

14.

Сүйек сыртқы жағынан, буын беттерін
қоспағанда, сүйек қабымен, periosteum,
жабылған.
Сүйек қабығы-сүйекті сыртынан
қоршаған қызғылт түсті дәнекер тінді
жұқа қабыршақ. Ол екі қабаттан:
сыртқы және ішкі сүйек түзуші
қабаттардан тұрады. Сүйек қабығы
нервтер мен қан тамырларға бай.
Тесікшелері: foramina nutricia.

15. Қаңқаның дамуы

1.
2.
3.
Ұрықтың даму кезеңінде ішкі қаңқаның алғашқы
бастамасы мезодермадан пайда болатын арқа жіпшесі –
chorda dorsalis болып табылады. Дәнекер тінді хорданың
айналасында және басқа жағында шеміршекті қаңқаға
ауысады, оның өзі сүйекке айналады.
Сүйектің дамуымен кішкентай ғана қалдықтары қалып,
хорда жоғалады. Филогенез үрдісінде қоршаған ортаға
бейімделу құбылысы ретінде біртіндеп қаңқаның үш түрі
ауысады. Бұл ауысу адам онтогенезі үрдісінде де
қайталанады, бұл кезде қаңқа дамуының үш кезеңі
байқалады:
Дәнекер тінді (жарғақты);
Шеміршекті;
Сүйекті.
Шеке, бас сүйектері , бет сүйектерінің көбі , дәнекер тін
негізінде пайда болады.

16. Сүйектің дамуы.

Кез келген сүйектің түзілуі мезенхима текті жас дәнекер
тінді жасушалар – остеобласттар есебінен жүреді,
оларды басты тірек ролін атқаратын жасушааралық
сүйек заты жасап шығарады. Қаңқаның үш даму
сатысына сәйкес сүйектер дәнекер немесе шеміршек
тіндер негізінде дамиды. Сүйектенудің (остеогенездің)
келесі түрлерін ажыратады:
Эндосмальді;
Перихондральді;
Периостальді;
Эндохондральді.

17.

Сүйектенудің мынадай
түрлерін ажыратады:
1.Эндесмалды сүйектену (en-
ішкі,desme-байланыстығыш)алғашқы жабынды
сүйектердің дәнекер тіндерінде жүреді.
Болашақ сүйектің пішіні бар ұрықтың дәнекер
тінінің белгігі бір бөлігінде остеобласттардың
әрекеті нәтижесінде сүйекті заттың
аралшықтары пайда болады. Бірінші
орталықтан сүйектену үрдісі сүйекті заттың шет
жақтарына қарай үстемелей өсуі арқлы сәуле
тәрізденіп жан-жаққа таралады. Жабынды
сүйек қалыптасатын дәнекер тіннің беткі
қабаттары сүйек қабығы түрінде қалады, сүйек
қабығы жағынан сүйек қалыңдап өседі.

18.

2.Перихондралды
сүйектену(peri-айнала, chondros-
шеміршек) шеміршек қабығының қатысуымен
сүйектің шеміршекті бастамаларының сыртқы
бетінде жүреді.
3. Периосталды сүйектену
сүйектену шеміршекті моделінің сүйекті
моделге ауысуымен шеміршек қабығы сүйек
қабығына айналып, сүйек тінінің одан әрі қарай
өсуі сүйек қабығының есебінен жүреді.
Сондықтан перихондралд және периосталды
остеогенездер бірінен соң бірі жүреді.

19.

4. Эндохондралды сүйектену
(грекше endo-ішкі, chondros-шеміршек)
тамрлары бар шеміршек бастамаларының
ішінде жүреді. Сүйек түзуші тін тамырларымен
бірге шеміршек қабатына ене отырып, алдын
ала ізбестенген шеміршекті бұзып, сүйектің
шеміршектің моделінің орталығында
сүйектену нүктесін түзеді. Эндохонралды
сүйектену үрдісінің орталықтан шетке қарай
таралуы кемік сүйек затын түзуге әкеледі.
Шеміршек сүйекке тікелец айналмайды, ол
бұзылып, жаңа сүйек тінімен алмасады. д

20. Сүйектің жіктелуі

Түтікті
(жілік)
•Ұзын
•Қысқа
Кемікті
сүйектер
•Ұзын
•Қысқа
•Сесам
Жалпақ
сүйектер
•Бас сүйектер
•Иық, жамбас
белдеулерінің
сүйектері
Аралас
сүйектер

21.

22.

Эпифиз
Метафиз
Диафиз
Метафиз
Эпифиз

23.

Қаңқада мынандай сүйектерді ажыратады: тұлға
қаңқасы (омыртқалар, қабырғалар, төс), бас қаңқасы
(бассүйек пен бет сүйектері); қол-аяқ сүйектері-иық
белдеуі (жауырын, бұғана) және жамбас астауы белдеуі
(жамбас астауы) және қол сүйектері (тоқпан жілік,
шынтақ жілік, кәрі жілік және қол ұшы), аяқ сүйектері
(ортан жілік, сирақ сүйектері және аяқ ұшы).
Ересек адамдардың қаңқасына кіретін жекелеген
сүйектердің саны 200-ден асады, олардың 36-40 дененің
орта сызығы бойымен орналасқан және тақ,
қалғандары- жұп сүйектер.
Сыртқы пішіні бойынша сүйектер ұзын, қысқа, жалпақ
және аралас болады.
English     Русский Rules