Ас қорыту жүйесі, дамуы
Асқорыту бездері — асқорытуға қажет ферменттерге бай асқорыту сөлін бөлетін бездер.
Сілекей бездері
Шықшыт безі
Өт шығару жолдарының гистофункционалды сипаттамасы
Қолданылған әдебиеттер
2.55M
Category: medicinemedicine

Балалардың ас қорыту жүйесіндегі бездардін гистокұрылысынын ерекшелігі. Өт шығару жолдарының гистофункциональді сипаттамасы

1.

С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА
УНИВЕРСИТЕТІ
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ
МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ
С.Д. АСФЕНДИЯРОВА
СӨЖ
Тақырыбы:
Орындаған: Базарбай А.Б
Факультет:Жалпы медицина
Группа:001-01
Курс:3
Тексерген:Алсеитова Ф.Д
Алматы,2017жыл

2.

Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Ас қорыту жүйесі, дамуы
Асқорыту бездері , балалардағы ерекшелігі
Өт және өт шығару жолдарының гистофункциональді сипаттамасы.
Қорытынды

3. Ас қорыту жүйесі, дамуы

Ас қорыту жүйесі ағзаға түскен тағамды қарапайым
мономерлерге дейін ыдыратып, қан мен лимфаға дейін
сіңіріп, қалған қалдық өнімді сыртқа шығарып отыратын
организмдегі маңызды жүйе. Ас қорыту жүйесінің
мүшелеріне ауыз қуысы, үш жұп сілекей бездері,
жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ащы ішек пен тоқ ішек,
сонымен қатар бауыр мен ұйқы бездері жатады.
Ұрықтық дамудың бастапқы 4 аптасында ас қорыту
мүшелері қалыптасады, жүктіліктің 8 аптасында барлық ас
қорыту мүшелері анықталады.

4. Асқорыту бездері — асқорытуға қажет ферменттерге бай асқорыту сөлін бөлетін бездер.

Асқорыту бездері — асқорытуға қажет
ферменттерге бай асқорыту сөлін бөлетін бездер.
Сілекей бездері
Шықшыт бездері
Бадамша бездері
Өңеш бездері
Асқазан бездері
Ішек бездері
Бауыр және ұйқы бездері

5. Сілекей бездері

Жаңа дүниеге келген нәрестелердің сілекей бездері толық дамып
жетілмегендіктен, сілекейі аздау болады, алайда 3-4 айлық болғанда
сілекейдің бөлінуі көбейе бастайды, 4-6 айлық балалар күніне 200 мл
сілекей бөліп шығарады, алайда бұл кезде нәрестенің жұтыну қабілеті
әлі толық жетілмегендіктен,әрі ауыз қуысының өте тар болуына
байланысты сілекейдің сыртқа қарай ағуы өте көп байқалатын
құбылыс, тістері шыға бастағанда тіпті де көбеюі мүмкін, бұның
барлығы қалыпты жағдай есептеледі, баланың тістерінің толық шығуы
және жұтыну әрекетін толық игеруіне қарай, сілекей ағатын жағдайы
да біртіндеп жоғалып кетеді.
Жалпы алғанда сілекей бездерінің қызметі нәрестенің сүт тістері
пайда болған мерзімнен бастап (5-6 ай) белсенді болады.

6.

Сілекей бездерінің қызметінің реттелуі. Ас ауызға
түскеннен кейін бірнеше секундтен соң, сілекей шығару күшейе
бастайды. Мұндай сілекейдің тез бөлінуі рефлекторлы түрде,
жүйке жүйесінің қатысуымен реттелетінін білдіреді. Соңғы
кезде сілекейдің құрамында қанды ұйытатын және қанның
үюына кедергі жасайтын түрлі ферменттердің бар екені
анықталды. Бұл сілекейдің қорғаныш қызметін күшейтеді.
4 жастан 12 жасқа дейін ауыз қуысының кілегейлі қабаты
саны жағынан да сапасы жағынан да өзгереді. Бұл балалардың
осы кездегі зат алмасуының ерекшеліктеріне және қорғаныс
тетіктерінің қалыптасуына байланысты болса керек деген
болжамдар бар. Бұл кезде кілегейлі қабаттағы түрлі клеткалар
үлкен өзгеріске үшырайды.

7. Шықшыт безі

Жаңа туған сәбидің шықшыт безінің салмағы 1,5-2 г, жақ асты безі
0,72-1,00 г, тіласты безі 0,2-0,6 г. Бұл бездер 3 айлық балада
шамамен 2 есе, 6 айда 3 есе, 1 жаста 3-4 есе, 2 жаста 5 есе өседі. 5
жастағы балалардың сілекей бездерінің құрылысы ересектерге
ұқсайды, бірақ олардың өсуі 13-15 жасқа дейін жалғасады. Жаңа
туған сәбидің сілекейіндегі амилаза мен лизоцим ферменттері
жоқтың қасы, өйткені ана сүтінің құрамында бұл ферменттер бар.
Амилаза ферментінің мөлшері 1 жаста ересек кісілердегідей
болады. Сәбидің сілекейінде аз шамада муцин, ал суы көп болады.
Олар ауыз қуысының, тілдің құрғап қалмауын қамтамасыз етеді.

8.

Бадамша бездері—
мұрын, жұтқыншақ, ауыз қуысының аралықтарына
орналасқан бездер. Бадамша лимфоидты тіндерден
құралады, иммундық жүйеге жатады және
организмді қоршаған ортаның зиянды
микробтарынан қорғайды. Сәбилерде,
жасөспірімдерде бадамша жақсы қорғаныс
қызметін атқарады. Ересек адамдарда лимфоид
тіндерінің бірте-бірте дәнекер тіндеріне айналуына
байланысты бадамшаның қорғаушы қасиеттері
азаяды. Бадамша таңдай, тіл, жұтқыншақ, түтіктік
бадамшалары болып ажыратылады.

9.

Өңеш – адамның ас қорыту жүйесінің ауыз қуысы мен
жұтқыншақты асқазанмен жалғастыратын бөлімі. Оның
қабырғасын ішкі – кілегейлі, кілегей асты, ортаңғы – етті,
сыртқы –адвентиция құрайды. Өңештің кілегейлі қабығы көп
қабатты жалпақ мүйізделмеген эпителий, меншікті және етті
пластинкалар астарлайды. Меншікті пластинкасы дәнекер тінді,
құрамында кардиальды бездері орналасқан. Бездер қарапайым,
тармақталған, түтікшелі. Ал өңештің меншікті бездері кілегей
асты негізінде орналасқан. Олар күрделі, алвеолярлы-түтікшелі,
тармақталған. Таза шырыш бөледі.

10.

Асқазан бездері
Асқазан бездері- қарапайым түтікшелі, тармақталмаған. Өзектері асқазан
шұңқырына ашылады. Жіктелуі: кардиальды, фундальды, пилорикалық.
Бала туғаннан кейін оның асқазаны ет қабаты мен кілегейлі қабаты күшті
өзгереді. Сәбилердің асқазанының етті қабаты әлсіз, без жасушалары
нашар дамыған және аз болады. Қарын сөліндегі ферменттердің
белсенділігі ересектерден анағүрлым төмен. 1,5-3 жаста, 5-6 жаста және 1214 жаста белокты ыдырататын ферменттер, 15-16 жаста түз қышқылының
мөлшері көбейеді. Балалардың асқазан сөліндегі тұз қышқылының
концетрациясы аз болғандықтан асқазан сөлінің бактерицидтік қабілеті 6-7
жасқа дейін нашар болады да, ішек-қарын инфекцияларына қарсы күрес
нашарлайды. Баланың осіп, дамуына байланысты асқазан сөлінің мөлшері
көбейіп қана қоймай, ферменттердің белсенділігі артады.
Баланың жасына сай асқазанның сиымдылығы да өзгереді: жаңа туған
сәбиде 30-35 мл, 1 жаста он есе өседі, 10-12 жаста – 1,5 л. Ересек адамда 1,5-2 л.

11.

Ішек бездері
Лайықты мөлшерде қорытылған ас қоймалжыңы асқазанның ет
қабатының және арнайы қарын сфинктерінің босап ашылуымен қарын
қуысынан аш ішектің алғашқы бөлімі он екі елі ішекке жылжытылады.
Он екі елі ішекте дуоденальды бездер орналасқан . Олар альвеолярлытүтікшелі, тармақталған таза шырыш бөледі. Мұнда екі үлкен бездерден
сөл құйылып, асты қорытуға қатысады. Олар бауырдың өті мен
ұйқы безінің сөлі. Сонымен қатар, он екі елі ішектің өз бездері де ішек
сөлін өндіреді. Ішек бездері- кілегейлі қабықтың эпителийінде меншікті
пластинкаға иіліп, ойыстанып түтікшелер түрінде енеді, ішектің 1мм² -да
100шақты бездері болады.

12. Өт шығару жолдарының гистофункционалды сипаттамасы

Өт — ас қорыту жүйесінің құрамдас бөлігі болып саналатын мүше
Өт шығару жолдары
Бауыр ішілік
Бауырдан тыс
Бауыр ішілік өт шығару жолдарына бөлікше аралық өт өзектері, ал
бауырдан тыс өт шығару жолдарына жалпы бауыр өзегі, өт қабының
өзегі және жалпы өт өзегі жатады.
Бөлікше аралық өт өзектері қақпалық вена және бауыр артериясының
тармақтарымен бірігіп бауырда триада құрайды. Бөлікше аралық
өзектердің қабырғасы бірқабатты текшелі, ал ірілеу өзектерде жиекшелі
цилиндр тәрізді эпителийден және борпылдақ дәнекер тіннің жұқа
қабатынан тұрады.

13.

Өт қапшығының гистофункционалды сипаттамасы
Өт қабының қабырғасы қабықшалары:
Шырышты қабық
Бұлшық етті қабық
Адвентициалды қабық
Сірлі қабықпен қапталған.

14.

Жалпы өт өзегінің (3,5-5 мм жіңішке түтікшелер) құрылысы:
Шырышты қабықта бір қабатты биік призмалы эпителийден және
жақсы жетілген дәнекер тінді меншікті пластинкадан тұрады.
Жасушаларында лизосомалық және өт пигменттері, эпителиі
құрамында эндокринді және бокал тәрізді жасушалар кездеседі.
Өт өзектерінің шырышты қабығының меншікті пластинкасыда
эластикалық талшықтар бойлай және айналмалы орналасады.
Құрамында аздаған шырышты бездер болады.
Бұлшық ет қабықшасы жұқа, айналмалы бағытталған жазық
миоциттердің шоғырларынан және айналарында орналасқан дәнекер
тіннен тұрады.
Адвентициалды қабықша борпылдақ талшықты дәнекер тіннен
тұрады.

15. Қолданылған әдебиеттер

Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы:
«Сөздік-Словарь», 2009.
О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев,
Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша
орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”,
2005 жыл.
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев –
Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 589800-123-9, I том
1.Гистология, эмбриология, цитология : учебник / Н. В. Бойчук, Р. Р.
Исламов, Э. Г. Улумбеков, Ю. А. Челышев ; под ред. Э. Г.
http://malimetter.kz/askorytu-zhujesinin-zhastyk-ereksheligi/
English     Русский Rules