Similar presentations:
Халықаралық құқықтың қайнар көздері
1. Халықаралық құқықтың қайнар көздері
ХАЛЫҚАРАЛЫҚҚҰҚЫҚТЫҢ
ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ
2. БҰҰ Халықаралық сот статутының 38 бабының 1 пунктіне сәйкес
БҰҰ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТ СТАТУТЫНЫҢ 38 БАБЫНЫҢ 1ПУНКТІНЕ СӘЙКЕС
1. Дауларды халықаралық құқық негізінде шешуге міндетті Сот,
келесілерді қолданады:
а) дауласушы мемлекеттермен айқын танылған ережелерді
бекітетін жалпы және арнайы халықаралық конвенциялар;
b) Құқықтық норма ретінде танылған және жалпы тәжірибе
дәлелі ретіндегі халықаралық әдет-ғұрып;
с) өркениетті ұлттармен танылатын құқықтың жалпы қағидалары;
d) Құқықтық норманы анықтаудың қосымша құралы ретінде сот
шешімдері, халықаралық жария құқығының аса квалификациялы
мамандар доктриналары.
3.
МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ БІРЖАҚТЫ АКТІЛЕРІХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМ ШЕШІМДЕРІ
- ӘДЕТТЕ ОЛАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
МІНДЕТТЕМЕЛЕР ҚАЙНАР КӨЗДЕРІ ДЕП
АТАЙДЫ.
4.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚШАРТТАР
5.
• Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясы 1969 ж(кушіне 27 қаңтар 1980 ж енді, Қазақстан 1994 жылдан мүше болып
табылады);
• Мемлекеттер мен халықаралық ұйымдар немесе халықаралық
ұйымдар арасындағы шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясы 1986
ж. (1996 жылы күшіне енді, ҚР мүше емес);
• Халықаралық шарттар бойынша мемлекеттердің құқықмирасқорлық
туралы Вена Конвенциясы 1978 ж. (күшіне 1996 жылы енді, ҚР мүше
емес);
• Ұлттық заңнама: ҚР Конституциясы, ҚР Конституциялық Кеңесінің
қаулылары, 30 мамыр 2005 жылы қабылданған «Қазақстан
Республикасының халықаралық шарттары туралы» ҚР Заңы.
6. 1969 жылғы Вена Конвенциясының 2 б. 1.1 тармағы бойынша
1969 ЖЫЛҒЫ ВЕНА КОНВЕНЦИЯСЫНЫҢ 2 Б.1.1 ТАРМАҒЫ БОЙЫНША
• Нақты атауына тәуелсіз, бір, екі немесе өзара
байлаысты бірнеше құжаттарда бекітілетін,
халықаралық құқықпен реттелін, жазбаша
нысанда мемлекеттермен жасасқан
келісімшарт «Халықаралық шарт» болып
табылады.
7. «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» ҚР Заңының 1 бабының 8 тармағы бойынша
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚШАРТТАРЫ ТУРАЛЫ» ҚР ЗАҢЫНЫҢ 1 БАБЫНЫҢ 8 ТАРМАҒЫ
БОЙЫНША
• Қазақстан Республикасының халықаралық шарты Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекетпен
(шетелдiк мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен
(халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және
мұндай келiсiмнiң бір құжатта немесе өзара байланысты
бiрнеше құжаттарда мазмұндалатынына қарамастан, сондайақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқық
реттейтiн халықаралық келiсiмi
8. Qatar v. Bahrain (1994) ICJ (Maritime Delimitation and Territorial Questions between Qatar and Bahrain) (Jurisdiction and
QATARV.
BAHRAIN
(1994) ICJ
(MARITIME
DELIMITATION
AND TERRITORIAL QUESTIONS BETWEEN
QATAR
AND BAHRAIN)
(JURISDICTION
AND
ADMISSIBILITY)
СОТТЫҢ ШЕШІМІ БОЙЫНША, 1987 ЖЫЛЫ ҮШЖАҚТЫ
НОТАЛАР АЛМАСУ МЕН 1990 ЖЫЛЫ ӨТКЕН КЕЗДЕСУ
ПРОТОКОЛЫ ӨЗ ІШІНДЕ МЕМЛЕКЕТТЕР ҮШІН
МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ АЛУ НИЕТІ МЕН ДЕЛДАЛДЫҚ
КӨМЕГІМЕН ШЕШІЛМЕГЕН ДАУЛАРДЫ БҰҰ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТЫНА БЕРУ МІНДЕТТІЛІГІН
БЕКІТКЕНІ ОЛАРДЫҢ БАРЛЫҒЫ ХАЛЫҚАРЛЫҚ ШАРТ
ЕКЕНІН ДӘЛЕЛДЕЙДІ
9. United Kingdom v. Iran (1952) ICJ (The Anglo-Iranian Oil Company Case)
UNITED KINGDOMV. IRAN
(1952) ICJ
(THE
ANGLO-IRANIAN OIL COMPANY
CASE)
• СОТТЫҢ ШЕШІМІ БОЙЫНША, 1933 ЖЫЛЫ ҚОЛ ҚОЙЫЛҒАН
ШАРТ, ИРАН ҮКІМЕТІ МЕН БРИТАН КОМПАНИЯСЫ
АРАСЫНДАҒЫ КОНЦЕССИЯЛЫҚ ШАРТ. ЯҒНИ БҰЛ ШАРТ ЕКІ
МЕМЛЕКЕТ ҮШІН ЕШ МІНДЕТТЕМЕЛЕР ТУҒЫЗБАЙДЫ. ОСЫ
ШАРТТЫҢ БАСТЫ МАҚСАТЫ ИРАН ҮКІМЕТІ МЕН БРИТАН
КОМПАНИЯСЫ АРАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ.
СОНДЫҚТАН ОЛ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТ БОЛЫП
ТАБЫЛМАЙДЫ.
10. United Kingdom v. Iceland (1973) (The Fisheries Jurisdiction Cases)
UNITED KINGDOMV. ICELAND
(1973)
(THE
FISHERIES JURISDICTION
CASES)
• СОТТЫҢ ШЕШІМІ БОЙЫНША, ЕКІ МЕМЛЕКЕТ
АРАСЫНДАҒЫ НОТАЛАР ІШІНДЕ ШЕКАРА ТУРАЛЫ
КЕЛІСІМНІҢ БОЛУЫ ЖӘНЕ ДАУ ТУЫНДАҒАН
ЖАҒДАЙДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СОТҚА ЖҮГІНУ ТУРАЛЫ
КЕЛІСІМНІҢ БОЛУЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТ ЕКЕНІН
ДӘЛЕЛДЕЙДІ.
• КЕЛІСІМДІЛІК ЕРЕЖЕ (compromissory clause)
11.
• МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ КЕЛІСІЛГЕН ЕРКІ• МЕМЛЕКЕТТЕР МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ӨЗГЕ
СУБЪЕКТІЛЕРІ
• ЖАЗБАША ЖӘНЕ АУЫЗША НЫСАНДА
• ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН РЕТТЕЛУІ
• БІР НЕМЕСЕ БІРНЕШЕ ҚҰЖАТТАН ТҰРУЫ
• АТАУЫ ӘР ТҮРЛІ БОЛУЫ МҮМКІН
• ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІ АЛУҒА НИЕТ
• ИМПЕРАТИВТІ НОРМАЛАРҒА ҚАРАМА ҚАЙШЫ КЕЛМЕУІ
12.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚШАРТТАРДЫ ЖАСАСУ
13.
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТЫ ЖАСАСУ ҮШІН МЕМЛЕКЕТӨКІЛІНЕ АРНАЙЫ ӨКІЛЕТТІГІН ДӘЛЕЛДЕЙТІН РЕСМИ
ҚҰЖАТ ҚАЖЕТ.
1969 Ж. ВК-ның
7 БАБЫ БОЙЫНША ӨКІЛЕТТІКСІЗ МЕМЛЕКЕТ АТЫНАН
ШАРТ ЖАСАСУҒА ҚҰҚЫЛЫ ТҰЛҒАЛАР ТІЗІМІ БЕРІЛГЕН.
8 БАБЫ БОЙЫНША ӨКІЛЕТТІКСІЗ ЖАСАЛҒАН АКТІНІҢ
ҚҰҚЫҚТЫҚ САЛДАРЫ ТУРАЛЫ ЕРЕЖЕ БЕКІТІЛГЕН
14. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТЫ ЖАСАСУ САТЫЛАРЫ
• ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТ БОЙЫНША КЕЛІСІСӨЗДЕР МЕНМӘТІНІ БОЙЫНША КЕЛІСУ;
• ШАРТ МӘТІНІН ҚАБЫЛДАУ, АУТЕНТИКАСЫН БЕКІТУ;
• ШАРТ МІНДЕТТІЛІГІНЕ КЕЛІСІМ БЕРУ+ЕСКЕРТПЕЛЕР
ЖАСАУ;
• ШАРТТЫҢ ӨЗ КҮШІНЕ ЕНУІ
15.
• ШАРТ МӘТІНІН ҚАБЫЛДАУ – КЕЛІСІЛГЕН МӘТІНДІҚАБЫЛДАУ ҮШІН ДАУЫС БЕРУ АРҚЫЛЫ ШЕШІМГЕ КЕЛУ
САТЫСЫ.
МЕМЛЕКЕТТІҢ ШАРТ МІНДЕТТІЛІГІН МОЙЫНДАҒАНЫ ДЕП
САНАЛМАЙДЫ
• АУТЕНТИФИКАЦИЯ – ШАРТ ТОЛЫҚТЫЛЫҒЫН, ДӘЛДІГІН
БЕКІТУ ПРОЦЕДУРАСЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ ӘР ТҮРЛІ
ТІЛДЕРДЕГІ ШАРТ ДӘЛДІГІН АНЫҚТАУ (ӘДЕТТЕ БҰЛ ҮШІН
ПАРАФИРЛЕУ ПРОЦЕДУРАСЫ ҚОЛДАНЫЛАДЫ).
16.
ШАРТ МІНДЕТТІЛІГІНЕ КЕЛІСІМ БЕРУНЫСАНДАРЫ/ӘДІСТЕРІ:
• ҚОЛ ҚОЮ
• РАТИФИКАЦИЯ, ҚАБЫЛДАУ (approval), БЕКІТУ
• ШАРТТЫ ҚҰРАЙТЫН ҚҰЖАТТАРМЕН АЙРБАСУ
• ҚОСЫЛУ
1969 ж. ВК-на СӘЙКЕС ШАРТПЕН КӨРСЕТІЛГЕН КҮН МЕН
ТӘРТІП БОЙЫНША КҮШІНЕ ЕНЕДІ.
17.
ЕСКЕРТПЕбұл шартқа қол қояр алдында, ратификациялауда,
бекітуде, қабылдауда, оған қосылған кезде
мемлекеттің осы келісімшарттың нақты
жағдайларын белгілеген мемлекетке
қолданылуының заңды әрекетін алып тастауға
немесе өзгертілуін білдіретін мемлекеттің біржақты
мәлімдемесі.
18. ЕСКЕРТПЕ БЕЛГІЛЕРІ
• ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ: БІРЖАҚТЫ АКТ• КЕЗ КЕЛГЕН ТҰЖЫРЫМДА (ФОРМУЛИРОВКА)
• АТАУЫ ӘР ТҮРЛІ БОЛУЫ МҮМКІН (ЕСКЕРТПЕ, МӘЛІМДЕМЕ)
• ЖАСАЛУ УАҚЫТЫ: ШАРТ МІНДЕТТІЛІГІНЕ КЕЛІСІМ БЕРУ
• МАҚСАТЫ: ШАРТ НОРМАЛАРЫНЫҢ ЗАҢДЫ КҮШІН АЛЫП ТАСТАУ НЕМЕСЕ ӨЗГЕРТУ
• НЫСАНЫ: ЖАЗБАША
• ВК-сы ЕСКЕРТПЕЛЕРДІҢ «РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН» РЕЖИМІН БЕКІТЕДІ. (19 БАП 1-3
ТАРМАҚТАРЫ)
• ЕСКЕРТПЕГЕ ҚАТЫСТЫ МЕМЛЕКЕТТЕР ҚАРСЫЛЫҚ БІЛДІРУГЕ ҚҰҚЫЛЫ
• ЕСКЕРТПЕЛЕР БЕЛГІЛІ ЗАҢЫ САЛДАРЛАР ТУҒЫЗАДЫ.
19.
1977 жылы 10 мемлекет континентальді шельфті бөлужөнінде шартқа қол қояды. Шарт өз күшіне 1978 жылдың
5 ақпан айында енеді. Бұл шартқа 1980 жылы Амега
мемлекеті қосылуға ниеттенеді. 1981 жылдың 2
қаңтарында Амега мемлекеті шартты ратификациялайды,
және осы шарттың 6-шы бабына ескертпе жасайды.
Ескертпе жөнінде хабарлама мүше мемлекеттерге
жіберіледі.
1983 жылдың 30 желтоқсанында осы шартқа мүше болған
Альфа мемлекеті Амега ескертпесіне қарсылық білдіреді.
20.
Алайда Амега мемлекеті Альфамемлекетінің қарсылығын жоққа
шығарып, шартты ескертпемен қолдана
береді.
Альфа мемлекеті наразылығын білдіріп,
мүлдем қатынастарды жояды.
21.
Ескертпені жасау мен оғанқарсылық білдірудің мүше
мемлекеттерінің
міндеттемелеріне қандай
құқықтық салдар туғызады?
22.
2010 жылдың 22 наурызында Альфа мен Бета мемлекетіосы мемлекет азаматтарының кіші кәсіпкерліктерін
салықтан боату туралы шартқа Альфа мемлекетінің атынан
Сыртқы Істер Министрі, ал Бета атынан Қаржы
Министрлігінің басшысы қол қояды. Шартың нормаларына
сәйкес, қол қойылған күннен бастап, 6 айдан кейін шарт өз
күшіне енуі тиіс. 2010 жылдың 21 желтоқсанында Бета
мемлекеті Альфа азаматы Дэвид Геттаның киім сату
компаниясына қатысты салық инспекциясын жүргізіп,
оның салық төлеуден бас тартқаны үшін айыптайды.
23.
Осыны білген Альфа мемлекетінің үкіметінаразылық білдіріп, 2010 жылғы шарттың
бұзылуын көрсете отырып, Бетаға нота жібереді.
Алайда Бета мемлекетінің жауабы бойынша, 2010
жылғы шарт жарамсыз болып табылады. Себебі
Бетаның «Халықаралық шарттар туралы»
заңнамасына сәйкес, Қаржы Министрліктің
басшысы, халықаралық шарттар жасасуға құқылы
емес.
24. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ
• ВЕНА КОНВЕНЦИЯСЫНЫҢ 26 БАБЫ БОЙЫНША PACTA SUNTSERVANDA ҚАҒИДАСЫ БЕКІТІЛГЕН
• ВЕНА КОНВЕНЦИЯСЫНЫҢ 27 БАБЫ БОЙЫНША
МҮШЕ МЕМЛЕКЕТ ШАРТТЫ ОРЫНДАМАУДЫҢ
НЕГІЗІ РЕТІНДЕ ҰЛТТЫҚ ЗАҢНАМА ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ
СІЛТЕМЕ ЖАСАЙ АЛМАЙДЫ.
25.
2010 жылдың 22 наурызында Альфа мен Бета мемлекетіосы мемлекет азаматтарының кіші кәсіпкерліктерін
салықтан боату туралы шартқа Альфа мемлекетінің атынан
Сыртқы Істер Министрі, ал Бета атынан Қаржы
Министрлігінің басшысы қол қояды. Шартың нормаларына
сәйкес шарт ратификация процедурасынан кейән өз күшіне
енеді.
Альфа мемлекеті шартты 2012 жылы ратификациялайды.
Алайда Бета мемлекеті бұл процедураны жүзеге асырған
жоқ.
26.
2012 жылдың 20 сәуірінде Бетамемлекеті Альфа азаматы Дэвид
Геттаның киім сату компаниясына
қатысты салық инспекциясын жүргізіп,
оның салық төлеуден бас тартқаны
үшін айыптайды.
27. ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ
ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ 31 БАПБОЙЫНША:
• ШАРТ АДАЛ ТАЛҚЫЛАНУЫ ҚАЖЕТ
• ШАРТ ПЕН КОНТЕКСТІДЕ БЕРІЛГЕН ТЕРМИНДЕР
ОЛАРДЫҢ ӘДЕТТЕГІ МАҒЫНАЛАРЫ БОЙЫНША
ТАЛҚЫЛАНУЫ ҚАЖЕТ
• ШАРТТЫҢ ОБЪЕКТІСІ МЕН МАҚСАТТАРЫ НЕГІЗІНДЕ
ТАЛҚЫЛАНУЫ
28. Competence of the General Assembly for the Admission of a State to the United Nations Advisory Opinion (1950) ICJ
COMPETENCEOF THE GENERAL
ASSEMBLY
FOR THE
ADMISSION OF A
STATE TO
THE
UNITED NATIONS ADVISORY OPINION
(1950) ICJ
КОНСУЛЬТАТИВТІ ҚОРЫТЫНДЫ БОЙЫНША, БҰҰ
ЖАРҒЫСЫНЫҢ 4 БАБЫ ТІКЕЛЕЙ МАҒЫНАДА ТАЛҚЫЛАНУЫ
ҚАЖЕТ.
4 БАБТА КӨРСЕТІЛГЕН ТАЛАПТАРҒА СӘЙКЕС КЕЛГЕН
МЕМЛЕКЕТ, ҚАУІПСІЗДІК КЕҢЕСІНІҢ ҰСЫНЫСЫ БОЙЫНША
МҮШЕЛІККЕ КІРУГЕ ҚҰҚЫЛЫ
29. United States v. Alvarez-Machain 504 US 655 (1992), US SUPREME COURT
UNITED STATES V. ALVAREZ-MACHAIN 504US 655 (1992), US SUPREME COURT
ЖАУАПКЕР, МЕКСИКА АЗАМАТЫ, АҚШ-та СОТТАЛУЫ ҮШІН
МЕХИКОДАН ҰРЛАНДЫ. АҚШ ЖОҒАРЫ СОТЫ АҚШ ЖӘНЕ
МЕКСИКА АРАСЫНДАҒЫ ЭКСТРАДИЦИЯ ТУРАЛЫ ШАРТТА
КҮШ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ҰСТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
БЕКІТІЛМЕГЕНІНЕ СІЛТЕМЕ ЖАСАДЫ. СОНДЫҚТАН
АЙЫПТАЛУШЫНЫ БАСҚА МЕМЛЕКЕТ ТЕРРИТОРИЯСЫНА
КҮШ АРҚЫЛЫ ҰСТАУҒА ЖОЛ БЕРІЛЕДІ ДЕГЕН ШЕШІМГЕ
КЕЛДІ.
30. Golder v. United Kingdom [1975] 1 EHRR 524
GOLDERV.
UNITED KINGDOM
1
EHRR
524
[1975]
• СОТТЫҢ ШЕШІМІ БОЙЫНША, АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ
ЖӨНІНДЕГІ ЕУРОПАЛЫҚ КОНВЕНЦИЯНЫҢ 6 БАБЫ,
5 ЖӘНЕ 13 БАПТАРЫНАН ЕРЕКШЕЛЕНЕДІ, ЖӘНЕ ДЕ
ОЛ СОТҚА ҚОЛЖЕТКІЗУ ҚҰҚЫҒЫН БЕКІТЕДІ.
ЕУРОПАЛЫҚ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ БОЙЫНША СОТ
КОНВЕНЦИЯ МӘТІНІН ӨЗІНІҢ ІШКІ СЕНІМІ МЕН
ТҮСІНІГІ БОЙЫНША ТАЛҚЫЛАМАЙДЫ. ТАЛҚЫЛАУ
КОНВЕНЦИЯНЫҢ ОБЪЕКТІСІ МЕН МАҚСАТЫ
НЕГІЗІНДЕ ОРЫНДАЛДЫ.
31. ШАРТТЫ ТАЛҚЫЛАУДЫҢ ҚОСЫМША ӘДІСТЕРІ
• ЕГЕР ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР НЕГІЗІНДЕТАЛҚЫЛАУДАН КЕЙІН:
• НОРМА МАЗМҰНЫ АНЫҚ ЕМЕС НЕМЕСЕ ЕКІ
МАҒЫНАЛЫ БОЛСА;
• ТАЛҚЫЛАУ НӘТИЖЕЛЕРІ АБСУРДТЫ НЕМЕСЕ
ҚИСЫНСЫЗ БОЛСА ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
32.
•БІРНЕШЕ ТІЛДЕ ЖАСАЛҒАНШАРТТЫҢ ТАЛҚЫЛАНУЫ ҮШІН
ШАРТТЫҢ ОБЪЕКТІСІ МЕН
МАҚСАТЫН ҮЙЛЕСТІРЕТІН ЕҢ
ЫҚТИМАЛ МАҒЫНА ҚОЛДАНЫЛАДЫ.
(33 БАП)
33. Халықаралық шарттар әрекетінің тоқтатылуы (КҮШІНІҢ ЖОЙЫЛУЫ)
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТАР ӘРЕКЕТІНІҢТОҚТАТЫЛУЫ (КҮШІНІҢ ЖОЙЫЛУЫ)
ВЕНА КОНВЕНЦИЯСЫНЫҢ (1969) 42 б. 2 п. ЖӘНЕ 65 Б.
СУБЪЕКТИВТІ
НЕГІЗДЕР
ОБЪЕКТИВТІ
НЕГІЗДЕР
34. СУБЪЕКТИВТІ НЕГІЗДЕР
• ШАРТ ДЕНОНСАЦИЯСЫ НЕМЕСЕ ШАРТТАН ШЫҒУ• ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШАРТТЫ БҰЗУ
• БІРДЕЙ СҰРАҚ БОЙЫНША ЖАҢА ШАРТ
ҚАБЫЛДАУ
• ДИПЛОМАТИЯЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЖОЙЫЛУЫ
35.
2015 жылы Альфа, Бета, Гамма және Амега мемлекеттеріконсулдық мекемелердің иммунитеттері мен артықшылықтары
туралы халықаралық шартқа қол қояды. Шарт тараптармен
ратификацияланып, 2016 жылдың 1 қаңтарында өз күшіне енеді.
2017 жылы Бета мемлекеті бұл шарттан шығуға ниеттенеді. Бета
мемлекетінің шығуы туралы хабарлама барлық мүше
мемлекеттерге 2017 жылдың 10 ақпанында жіберіледі. 2017
жылдың 21 желтоқсанында Альфа мемлекеті Бетаның шарттан
шығуына қарсылық білдіреді. Альфаның қарсылығы бойынша
Шартта денонсация туралы ереже бекітілмегеннен бұл шарттан
шығуға тыйым салынады.
36.
2010 жылы Альфа, Бета және Гамма мемлекеттері азаматтық, неке жәнеқылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы шартқа қол қояды.
Шарт өз күшіне 2010 жылдың 25 қыркүйегінде өз күшіне енеді. Шарттың
әрекет ету мерзімі бекітілмеген.
2015 жылы Альфа, Бета және Амега мемлекеттері азаматтық, неке және
қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы жаңа шартқа қол
қояды.
2016 жылы Гамма мемлекетінің азаматы қылмыс жасап, Бета мемлекетінің
территориясына қашып кетеді. Гамма мемлекеті 2010 жылғы шартқа
сілтеме жасап, бұл азаматты ұстап беруді сұрайды. Алайда Бета мемлекеті
осы әрекеттерден бас тартады. Бета пікірінше, 2010 жылғы шарт өз күшін
жойды, өйткені бұл сұрақ бойынша жаңа шарт 2015 жылы қабылданды.
37. ОБЪЕКТИВТІ НЕГІЗДЕР
• ШАРТ МЕРЗІМІНІҢ БІТУІ• АЛЫНҒАН МІНДЕТТЕМЕЛЕРДІҢ ОРЫНДАЛУЫ НЕМЕСЕ
РЕЗОЛЮТИВТІ ТАЛАПТЫҢ ОРЫН АЛУЫ
• ШАРТ ҚАТЫСУШЫЛАР САНЫНЫҢ КЕМУІ
• ЖАҢА JUS COGENS НОРМАСЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ
• ШАРТТЫ ОДАН ӘРІ ОРЫНДАУДЫҢ МҮМКІН ЕМЕСТІГІ
• МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ ӨЗГЕРУІ
38.
2014 жылы біркелкі экономикалық аймақ құру туралы шарт жасалды.Осы шартқа 7 мемлекет мүше болды. Шарт ережелеріне сәйкес ол өз
күшіне 6 мемлекеттің ратификациялық грамотасын тапсырғаннан кейін
енеді деп бекітілген.
2015 жылы Альфа мемлекеті 6-шы ратификациялық грамотасын
тапсырды. Депозитарий басқа мемлекеттерге бұл жөнінде хабарлама
жасады.
2016 жылы бұл шартқа тағы 3 мемлекет қосылды. Алайда
территориялық даулардың себебінен 5 мемлекет бұл шартты
денонсациялады.
Альфа мемлекеті шарттың күшіне енуге қажетті мемлекеттер санының
азаюы оның тоқтатылуына әкелетініне сілтеме жасап, шарттан бас тарта
бастады.
39.
2000 жылы Альфа және Бета мемлекеттері арасында мемлекеттікшекара туралы келісімшарт жасалды. Осы келісімшартқа Альфа
Королі мен Бета Президенті қол қойды.
2000 жылғы келісімшарт бойынша Маршалл аралдары Альфа
мемлекетіне тиесілі болды. 2002 жылы Бета мемлекетінде
азаматтық соғыс нәтижесінде үкімет өзгереді. Сол сияқты осы жылы
Маршалл аралдарында мұнай табылады.
Бета мемлекетінің жаңа үкіметі rebus sic stantibus ережесіне сілтеме
жасап, 2000 жылғы шарттың күші жойылды деп көрсетеді.
2003 жылы бұл дау БҰҰ Халықаралық Сотына беріледі.
40. REBUS SIC STANTIBUS
• СУБЪЕКТИВТІ ЭЛЕМЕНТ – ТАРАПТАРДЫҢ ШАРТ ЖАСАСУҮШІН НЕГІЗ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН АСА МАҢЫЗДЫ МӘНЖАЙЛАРДЫҢ ЖАЛҒАСУЫ ЖӨНІНДЕГІ МОТИВАЦИЯСЫ
• ОБЪЕКТИВТІ ЭЛЕМЕНТ – ОСЫ МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ
ӨЗГЕРІСІ ТҮПКІЛІКТІ ТҮРДЕ ТАРАПТАР
МІНДЕТТЕМЕЛЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІНЕ ӘКЕЛУІ ҚАЖЕТ
41. МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ ТҮПКІЛІКТІ ӨЗГЕРІСІНЕ СІЛТЕМЕ ЖАСАУ ҮШІН КЕЛЕСІ ТАЛАПРТАР БОЛУЫ МІНДЕТТІ:
• ӨЗГЕРІСКЕ ҰШЫРАҒАН МӘН-ЖАЙЛАР, ШАРТ ЖАСАСУ БАРЫСЫНДАОРЫН АЛУЫ ҚАЖЕТ
• ӨЗГЕРІС ФУНДАМЕНТАЛДЫ БОЛУЫ ҚАЖЕТ
• ОСЫНДАЙ ӨЗГЕРІС ШАРТ ЖАСАСУ БАРЫСЫНДА ТАРАПТАРҒА БЕЛГІСІЗ
БОЛУЫ ҚАЖЕТ
• ОСЫ МӘН-ЖАЙЛАР ТАРАПТАРДЫҢ КЕЛІСІМ БЕРУІНІҢ БАСТЫ НЕГІЗІ
БОЛЫП ТАБЫЛУЫ ҚАЖЕТ
• МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ ӨЗГЕРІСІ ТАРАПТАР МІНДЕТТЕРІН ТҮПКІЛІКТІ
ӨЗГЕРТУІ ҚАЖЕТ.
42. ШАРТ ЖАРАМСЫЗДЫҒЫ
• ҚАТЕЛІК• АЛДАУ
• МӘЖБҮРЛЕУ
• МЕМЛЕКЕТТІҢ ӨКІЛІН ПАРАҒА САТЫП АЛУ
• EX TUNC, EX NUNC
43. Temple of Preah Vihar (Cambodia v. Thailand, 1962)
TEMPLE OF PREAH VIHAR (CAMBODIA V.THAILAND, 1962)
ЭСТОППЕЛЬ – ТАРАПТЫҢ ШАРТ
ЖАРАМСЫЗДЫҒЫНА СІЛТЕМЕ
ЖАСАУ ҚҰҚЫҒЫНАН
АЙЫРЫЛУЫ