1.50M
Category: lawlaw

Стандарттау жайлы жапты түсініктер

1.

2.

Стандарттау – нақты бар міндеттерге қатысты жаппай және көп мәрте пайдалану үшін
белгілі бір салада ережелерді реттеудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізуге бағытталған
іс-әрекет.

3.

Стандарт – уәкілетті органмен көзделген тәртіппен бекітілген көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатын техникалық
реттеу объектілеріне ережелерді жалпы принциптері мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.

4.

Стандарттаудың негізгі мақсаттары – техникалық алға дамуды тездету, қоғамдық өндірістің және еңбек өнімділігінің
тиімділігін арттыру, соның ішінде басқару мен инженерлік жағын, өнімдердің сапасын жақсартып және оны қолайлы
деңгейде ұстау.
Еліміздің қорғаныс талабына сай өнімді үйлесімді ету – стандарттаудың негізгі мақсаты.

5.

Стандарттау жүйесі – стандарттауға қатысушылардың, өнімге, процестерге, қызмет көрсетулерге қойылатын
талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы.

6.

Мемлекеттік стандарт (МЕСТ) - уәкілетті орган бекіткен және тұтынушылардың көпшілігі қолы жетімді стандарт;
Техникалық шарт (ТШ) – нақты өнімге, процестерге, көрсетілетін қызметтерге немесе өнімнің бірнеше түріне қойылатын
техникалық талаптарды белгілейтін нормативтік құжат;
Халықаралық стандарт (ИСО) – стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың
көпшілігінің қолы жетімді стандарт;
Ұлттық стандарт – шет мемлекеттің стандарттар жөніндегі уәкілетті органы қабылдаған және тұтынушылардың қалың
көпшілігінің қолы жетімді стандарт;
Аймақтық стандарт (ҚР СТ) - стандарттау жөніндегі аймақтық ұйым қабылдаған және тұтынушылардың қалың
көпшілігінің қолы жетімді стандарт;
Техникалық регламент – стандартқа немесе ережелерге тікелей не оларға сілтеме жасау арқылы, не осы құжаттардың
мазмұнын енгізу арқылы міндетті талаптар белгілейтін нормативтік құжат.

7.

Стандарттаудың объектілеріне жататындар: нақты өнімдер, нормалар, ережелер, талаптар, әдістер, терминдер,
белгілеулер және өндірістік технология тағы басқа ұйымдастыру-әдістемелік және жалпы техникалық сипаттағы,
сонымен қатар халықаралық сауда-саттықта көп рет қайталанып қолданылатындар.
English     Русский Rules