Тақырыбы: Гигиена тарихы
Жоспар:
1. Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік қоғамдардағы гигиенаның дамуы.
5.56M
Category: medicinemedicine

Гигиена тарихы

1. Тақырыбы: Гигиена тарихы

Текскрген:Молдақарызова А. Ж.
Орындаған: Джантасова С.К
Тобы: ЖМ 005-2

2. Жоспар:

1. Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік
қоғамдардағы гигиенаның дамуы.
2. Гигиеналық білімдердің орта ғасырлардағы (б.э.д.
VIXIVжж.) және феодализм мен өндірістік
капитализмге өту кезеңіндегі (б.э.д. XV-XVIII жж.)
дамуы.
3. Гигиенаның өз алдына жеке ғылым ретінде аяғына
тұруы.
4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы кезеңіндегі алдын
алу медицинасының дамуы.
5. Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы.

3.

Гигиенаның даму тарихы
Эмпирикалық
гигиена
• көп ғасырға
созылды
Ғылымиэксперимента
лдық
• қысқа кезеңді
қамтыды

4. 1. Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік қоғамдардағы гигиенаның дамуы.

Құл иеленушілік кезеңдегі
эмпирикалық гигиенаның дамуы
туралы Ертедегі Шығыс (Ертедегі
Үндістан, Ертедегі Қытай,
Ертедегі Мысыр), Ертедегі Греция
және Ертедегі Рим елдерінде
кеңінен таралған алдын алу
шаралары жөніндегі ойлар айқын
куә бола алады.
Біздің эраға дейінгі (б.э.д.) 4-3 мың
жылдары Ертедегі Үндістанда
қолданылған гигиеналық
ережелер кейінірек (б.э.д. 1000-500
жылдары) Ману мен Аюрведу
заңдары жинағына және басқа да
тарихи заңнама көздердің
құрамына кірді.

5.

1. Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік
қоғамдардағы гигиенаның дамуы.
Ертедегі Мысырда б.э.д. 4-5 мың жылдар бұрын аурудың алдын алу
мақсатында уқалау, дәрет алуды кеңінен қолданған, іш айдайтын, зәр
айдайтын және тер шығаратын заттарды қолданған. Сол уақыттың
өзінде-ақ жеке бас гигиенасы, жыныс гигиенасы, науқастарды
оқшаулау, өлген адамдарды жерлеу сұрақтарына қатысты ұсыныстар
болған.

6.

1. Алғашқы қауымдық және құл иеленушілік
қоғамдардағы гигиенаның дамуы.
Ертедегі гректер «дене күштерінің жоғарғы деңгейде
дамуына, ағзаның бүтіндігі мен сұлулығына, әсіресе,
жастарда ұмтылыс болғандығымен» ерекшеленді.
(Ф.Ф.Эрисман). Оған дене жаттығуларына,
гимнастикаға, шынығуға негізделген спартандық тәрбие
арқылы, жарыстарға қатысу, «гигиастиктер» деп
аталатын, дені сау адамдарға арналған «диететиктерді»
сақтау арқылы қол жеткізген.
Б.э.д. V-IV ғасырларда Ертедегі Грецияда жиналған
гигиеналық білімдерді қорытатын, жүйеге келтіретін
бірінші еңбектер пайда болды. Ол еңбектердің авторы,
ертедегі атақты дәрігер Гиппократ (б.э.д. 460-377 жж.)
болды. Өзінің атақты «Ауа, су және жергілікті жерлер
жөніндегі», «Салауатты өмір сүру салты»
трактаттарында Гиппократ адамның тіршілігі үшін ауа, су
және топырақтың маңызын қарастырды және
дәрігерлерге климатты, жергілікті жердің жағдайларын,
өмір сүру салтын, халықты тамақтандыру және т.б.
зерттеуді ұсынды. Ол дені сау адамдардың ауырмауы
үшін жағдай жасаулары жөнінде кеңес берді.

7.

2. Гигиеналық білімдердің орта ғасырлардағы
(б.э.д. VIXIVжж.) және феодализм мен өндірістік
капитализмге өту кезеңіндегі (б.э.д. XV-XVIII жж.)
дамуы.
Феодализм дәуірінде Батыс
Еуропада өмір сүрудің барлық
салаларында, оның ішінде гигиенаның
дамуында да, қараңғы дағдарыс және
құлдырау кезеңі басталды. Құдіретті
шіркеу ауруларды емдеуге тыйым
салды, себебі, бұл «құдайдың ісіне
араласу» деп есептеді, ал емдеген
адамдарды қатаң қуғынға ұшыратты,
аскетизмді уағыздап, барлық
гигиеналық шаралардан бас тартуға
шақырды. Осының нәтижесінде,
ертедегі гигиенаның барлық ережелері
ұмытыла және жойыла бастады, ал
орта ғасырлық қалалар жұқпалы
аурулардың нағыз ордасына айналды.

8.

2. Гигиеналық білімдердің орта ғасырлардағы
(б.э.д. VIXIVжж.) және феодализм мен өндірістік
капитализмге өту кезеңіндегі (б.э.д. XV-XVIII жж.)
дамуы.
Ибн-Сина жекелеген аурулар мен жыл
мезгілдері, климат арасында байланыс
бар екенін айрықша атап көрсетеді. Ол
ластанған ауаның әсері жөнінде
сұрақтарды қарастырды, су арқылы ғана
емес, сонымен қатар ауа арқылы да
берілетін көзге көрінбейтін аурудың
қоздырғыштары сөзсіз бар екенін
болжаған. «Каноны» кітаптарының
бірінде су, ағза үшін қандай роль
атқаратыны, ішетін суды қалай таңдау
керек екені туралы ғалымның айтқан
сөздері келтіріледі. Ибн-Сина «ең жақсы
су – бұлақ суы, бірақ барлық бұлақ емес,
таза жермен аққан бұлақ суы» және де
су «күн үшін ашық» болуы қажет
екендігін атап айтқан.

9.

XVIII-XIX ғасырларда машиналармен өнім шығару
өндірісін енгізу, еңбектің қарқындылығы шұғыл
күшеюіне, жаппай кәсіптік аурулардың пайда болуына
әкеп соқты. Осыдан туған жұмысшылар көтерілісі мен
қоғамның алдыңғы қатарлы өкілдерінің қозғалысы
Еуропаның бірқатар елдерінің үкіметін арнайы
санитарлық заңдар қабылдауға, санитарлық кеңестер
ұйымдастыруға мәжбүр етті. Санитарлық абаттандыру
сұрақтарымен айналысатын дәрігерлер мен әкімдер
пайда бола бастады. Олар үшін, сол жылдары
шыққан, санитарлық шараларды жүргізудің мазмұны
мен тәртібі көрсетілген, Петербургтің медикохирургиялық академиясының ректоры И.П. Франк
(1745-1821 жж.) жазған «Жалпыға бірдей
медициналық полиция жүйесі» деп аталатын іргелі
еңбегі іс жүзіндегі нұсқаулық болды.

10.

3. Гигиенаның өз алдына жеке
ғылым ретінде аяғына тұруы.
19 ғасырға дейін гигиена эмпирикалық сипатта болып келді. 19
ғасырдың ортасында жаратылыс ғылымдарының дамуы, гигиенаны
эксперименталдық жолға қойды да, өз алдына жеке пән ретінде
басына бастады. Ғылыми-эксперименталдық гигиенаның негізін
қалаушылар :
Германияда-М.Петтенкофер, К.Флюге, М.Рубнер.
Англияда - Э.Паркс пен Дж.Саймон.
Францияда - М.Леви.
Ресейде- А.П.Доброславин мен Ф.Ф.Эрисман
болды.

11.

3. Гигиенаның өз алдына жеке
ғылым ретінде аяғына тұруы.
Макс Петтенкофер гигиена тарихында құрметті
орынға ие болған ғалым. Медициналық білім
алған соң ол, атақты химик О. Либихтан тәлім
алды. Ол 1865 жылы Мюнхен университетінде
алғашқы гигиена кафедрасын құрды, ал, 1879
жылы өзінің ұйымдастыруымен құрылған
Гигиеналық институттың басқарушысы болды.
Жан-жақты білімді ғалым бола отырып, ол
бірінші рет қоршаған орта факторларын
бағалау үшін химиялық, физикалық,
микробиологиялық әдістерді қолданды.
Қалалар мен тұрғын үйлерді санитарлық
абаттандыру қажеттілігін дәлелдеді.
М. Петтенкофер құрған ғылыми мектепте
ауамен, сумен, топырақпен, тамақтанумен,
киіммен байланысты гигиеналық мәселелер
кеңінен зерттелді.

12.

3. Гигиенаның өз алдына жеке
ғылым ретінде аяғына тұруы.
Ресейде ғылымиэксперименттік
гигиенаның негізін
салушылар
Ф.Эрисман (18421915жж)
А.П.Доброславин
(1842-1889жж)

13.

Федор Федорұлы Эрисман,
Швейцарияда туылған, бірақ
«швейцариялықтан орысқа айналды, Ресейді
шынайы сүйді және оған қызмет етуге өз
өмірінің барлық жақсы жылдарын сарп етті»
(И.М.Сеченов). 1869 жылы жас көз дәрігері
Ф.Ф.Эрисман Цюрихтен Петербургке көшіп
келеді. Бұл жерде 4000 астам оқушылардың
көздерінің көруін зерттеп, балаларда алыстан
көрмеушіліктің дамуына нашар
жарықтанғандық, дұрыс жасалмаған
парталар, жазу кезінде дұрыс отырмау,
оқулықтардың әріптерінің нашар басылуы
және т.б. әсер ететіндігіне көзі жетеді. Ол
жарықтандыруды жақсартуды, оқулықтарды
дұрыс басып шығаруды ұсынады, өзі
партаны құрастырды, бұл кейіннен барлық
мектептерге де енгізілді («Эрисман
партасы») және бүгінгі күннің өзінде де,
мектеп жиһаздарының түптұлғасыболып
табылады.
Ф.Эрисман
(1842 -1915жж)

14.

Ф.Ф. Эрисман гигиена және
санитарлық іс сұрақтарына
қызығушылығынан гигиеналық
әдіснамасы бойынша, М.
Петтенкофердең екі жылдық сынақ ісін
өтіп, білімін толықтырады, содан соң ол
ары қарай өзінің еңбегін гигиена маманы
ретінде жалғастырады. Ол мектеп
гигиенасы, халықтың тұрғын үй
жағдайлары, ауыз судың сапасы мен
тұрғындарды сумен қамтамасыз ету,
фабрика жұмысшыларының тамақтану
жағдайы туралы және басқа да
сұрақтарды терең және жан-жақты
зерттеумен айналысады. 1872-1877 жж.
Ф.Ф.Эрисман кеңінен белгілі болған
«Гигиена жөніндегі нұсқау» деген бірінші
еңбегін жазады. Ал 1877 жылы «Кәсіби
гигиена немесе ой және дене еңбегінің
гигиенасы» деген екінші күрделі еңбегі
жарық көреді.
Ф.Эрисман
(1842 -1915жж)

15.

Алексей Петрұлы Доброславин
28 жасында гигиенаның профессоры болды, ал
1871 жылы Ресейдегі бірінші Петербургтің
медико-хирургиялық академиясының гигиена
кафедрасын басқарды. Ф.Ф.Эрисманмен бірге
Ресейде эксперименттік гигиенаның негізін
қалады. А.П. Доброславин санитарлық
ұсыныстардың бәрі де ғылымиэксперименталдық тұрғыдан негізделуі, ал,
гигиена мамандардың жұмысына зертханалық
әдістер белсенді түрде енгізілуі қажет деп
санады. Осы мақсатта ол гигиеналық
зертхананы ұйымдастырды. Онда тұрғын үй
гигиенасы, тамақтану, сумен қамтамасыз ету,
мектеп гигиенасы және т.б. жөнінде жан-жақты
эксперименталдық жұмыстар жүргізілді. Бұдан
басқа, оның ынтасымен Петербургте тағамдық
азықтарды зерттеуге арналған санитарлық
зертхана құрылады, «Денсаулық» деп
аталатын бірінші гигиеналық журнал ашылады

16.

А.П.Доброславиннің
А.П.Доброславин
(1842-1889жж)
еңбектері кеңінен танымал. Оның 1882 жылы
«Гигиена- қоғамдық денсаулық сақтау курсы»
деп аталатын іргелік нұсқауы шықты. Осы
жылда А.П.Доброславин әскери гигиенаның
курсын оқуды бастады, ал 1885-1887жж.
«Әскери гигиена курсы» деген жаңа нұсқауды
жазады. Әскери гигиенаның сұрақтарын
дайындауда А.П. Доброславиннің гигиена
маманы ретінде орыс-түрік соғысы (18771878жж.) кезіндегі әрекеттегі армияға қатысуы
маңызды роль атқарды. А.П.Доброславин мен
Ф.Ф.Эрисманның және олардың шәкірттері
мен ізбасарларының арқасында Ресейдегі
гигиена ғылымы алдыңғы қатарға шықты және
санитарлық істің ары қарай дамуына септігін
тигізді. 19 ғасырдың 70-80-жылдарында
Ресейдің ірі қалалары мен губернияларында
санитарлық комиссиялар, санитарлық
кеңестер және станциялар құрыла бастады,
бірінші санитарлық дәрігерлер пайда болды.

17.

4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы кезеңіндегі
алдын алу медицинасының дамуы
Бұл кезеңде гигиена
ғылымы мен
санитарлық істің
дамуында
Н.А.Семашко (18741949жж)
З.П.Соловьев (18761928жж)
В.А. Рязанов (19031968жж)

18.

4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы
кезеңіндегі алдын алу медицинасының
дамуы
Н.А.Семашко
(1874-1949жж)
Денсаулық сақтаудың бірінші
халық комиссары болды. Оның
тікелей қатысуымен, Кеңес
республикасының санитарлықэпидемиологиялық қызметі
қалыптасты. Кеңестік денсаулық
сақтаудың теориялық аспектілері
дайындалды. 1922 жылы ол
Мәскеу университетінде бірінші
әлеуметтік гигиена кафедрасын
ұйымдастырды. Оның
орынбасары

19.

4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы
кезеңіндегі алдын алу медицинасының
дамуы
З.П.Соловьев
(1876-1928жж)
Қызыл Армияның әскери-санитарлық
қызметін басқарды, әскерлерді
гигиеналық қамтамасыз етуді,
тамақтануды нормалауды,
казармалардың құрылысын және т.б.
ұйымдастыру жөнінде үлкен
жұмыстарды жүргізді. Ол, сонымен
қатар, кәсіптік гигиенаның және
өндірістегі жұмысшыларды
медициналық қамтамасыз ету
мәселелерімен де айналысты.

20.

4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы
кезеңіндегі алдын алу медицинасының
дамуы
С.Н.Черкинский
(1897-1980 жж.)
су және сумен қамтамасыз ету
гигиенасының мәселелерін дайындау
жөніндегі гигиеналық мектептің және
ғылыми бағыттың негізін қалаушы. Ол ауыз
судың және сумен қамтамасыз ететін су
көздеріндегі судың сапасын стандарттау
жөніндегі, сонымен қатар, судың
құрамындағы химиялық заттарды
гигиеналық нормалаудың негіздері
жөніндегі отандық құжаттарды
дайындаушылардың бірі болды. «Ағынды
суларды суаттарға жіберудің санитарлық
шарттары» деп аталатын еңбегі үшін Ф.Ф.
Эрисман атындағы жүлдеге ие болды.

21.

4. Кеңестік мемлекетттің құрылуы
кезеңіндегі алдын алу медицинасының
дамуы
В.А. Рязанов
(1903-1968жж)
Академик атмосфералық ауаны
санитарлық қорғау сұрақтарын
дайындаумен айналысты, А.Н.
Сысин атындағы жалпы және
коммуналдық гигиена ғылыми
зерттеу институтын басқарды.
Оның «Атмосфералық ауаны
санитарлық қорғау»
монографиясы осы бағыттағы
теориялық негіздер мен
практикалық шараларды бірінші
рет баяндаған іргелі еңбек болып
табылды.

22.

5. Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы.
Қазақстан аумағында гигиенаның пайда болуы мен дамуы да, ғасырлар
тереңіне кетеді және өзіндік ерекшеліктері бар. Қазақтардың едәуір бөлігі
көшпелі, мекендейтін ортасының физикалық-географиялық
ерекшеліктеріне тұрақты түрде бейімделуін қажет ететін, өмір сүру салтын
жүргізді. Ол денсаулықты сақтаудың және аурулардың алдын алудың
өзіндік әдістерін қалыптастырды.

23.

5. Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы.
Қазақстанның мәдени орталықтарының бірі Отырарда (бұрын Фараб болған)
атақты ойшыл, ғалым-энциклопедист, философ және дәрігер, қыпшақ
жауынгерінің ұлы Әбу Насыр Әль –Фараби (870-950 жж.) дүниеге келді және
бастапқы білімін алды. Әль-Фарабидің мұрасы 160 трактаттарды құрады,
олардың бір бөлігі медицинаға арналған. Әль-Фараби жеке бас гигиенасын
сақтауды, тұрғын үйді таза ұстауды, қызуы көтерілген науқастардың
ыдыстарын бөлек ұстауды ұсынды.

24.

5. Қазақтың халық медицинасы мен гигиенасы.
18 ғасырда Қазақстанда, тек әскер бөлімдеріне ғана қызмет көрсеткен
бірінші медициналық қызметкерлер пайда бола бастады. 19 ғасырдың
ортаңғы үштен бірінің аяғына дейін Қазақстан аумағында қазақ халқын
емдейтін және санитарлық шаралар жүргізетін дипломы бар дәрігерлер
болған жоқ.
19 ғасырдың аяғында және 20 жүзжылдықтың басында Қазақстанда
Ресей университеттерінде жоғары медициналық білім алған, бірінші
қазақ дәрігерлері пайда болды, себебі, өзінің оқу орны болмады.
Олардың арасында
Садуақас Шалымбеков,
Нұрғали Ипмағамбетов,
Әбубәкір Алдияpoв,
Мұхамеджан Қарабаев,
Халел Досмұхамедов,
Мәжит Чумбалов,
Әміре Айтбақин,
Санжар Асфендияров,
Есенғали Қасаболатов және басқалар болды. Олардың бәрі де емдеу
дәрігерлері болса да, ауыр санитарлық-гигиеналық мәселелерді
шешуіне тура келді.
English     Русский Rules