Similar presentations:
Тағамдық және санитарлы микробиология
1.
2. Мақсаты: Пәннің негізгі мазмұнын және қажеттілігін түсіндіру. Тағамдық және санитарлы микробиологияға жататын
микроорганизмдергетолықтай сипаттама беру
Міндеті: Микроорганизмдермен жұмыс үстеу
әдістерін білу, микроорганизмдердің барлық
топтарының микрофлорасымен танысу
3.
Халықтың жағдайы әрдайым қоршаған ортаның қасиетіне тәуелдіболғандықтан, қоршаған ортаны санитарлы-гигиеналық бақылаудан
өткізіп отыру қажет. Қоршаған ортаның адам өмірінен әсері бірнеше
факторлар жиынтығына тәуелді болады: қоршаған ортаның табиғаты,
әлеуметтік жағдайы, өндірістік және тұрмыстық жағдайы, өз кезегінде
бұлардың барлығы адам өмірінің санитарлық жағдайы болып табылады.
Осы санитарлық жағдайларды зерттеу үшін гигиеналық талаптар мен
нормаларға сай екендігін анықтайтын әлеуметтік-гигиеналық және
зерханалық санитарлы-гигиеналық әдістер қолданылады. Сонымен
гигиеналық зерттеу әдістерін білу қоршаған орта объектілерін
санитарлық бақылауға қажетті мәліметтердің бірі болып табылады.
4. Халықтың əртүрлі топтарының тамақтану ерекшеліктерін гигиеналық бағалау төмендегі жағдайларды ескере жүреді: *тамақтануда
Халықтың әртүрлі топтарының тамақтануерекшеліктерін гигиеналық бағалау төмендегі
жағдайларды ескере жүреді:
*тамақтануда қолданылатын тағамдық өнімдерді
қолданылуы;
*тамақтану режимі,
*энергетикалық жұмсауы,
*зерттеуге алынған контингенттің физикалық жетілу
ерекшеліктері мен денсаулығы,
*тағамдық өнімдердің химиялық құрамы ескеріледі.
Гигиеналық зерттеулердің арасында санитарлық
бақылау жұмыстары үлкен орын алады.
5.
Гигиена– (грек тілінен,hygieinos–емдік,шипалы,сау)қор-шаған
ортаның әртүрлі факторларының және өмірі мен еңбек ету
жағдайларының адам денсаулығына әсерін, сонымен қатар адам
денсаулығын сақтау мен өмірін ұзарту, әлеуметтік жағдайын
қанағаттандыратындай әртүрлі аурулардың алдын алу шарала-рын
өңдеумен айналысатын ғылым.
Гигиена − халықтың өмі-ріне қолайлы жағдай жасау жайындағы
ғылым. Кейбір елдерде гигиена – қоғамдық денсаулық туралы ғылым
немесе адам экологиясы және қоршаған орта деп аталған. Гигиенаның
салалары: тамақ гигиенасы, коммунальді гигиена, еңбек гигиенасы,
балалар және жасөспірімдер гигиенасы, радиациялық және космостық
гигиена, әлеуметтік гигиена, эпидемиология т.б. Əрбір саланың
мамандары санитарлық ережелер мен нормаларды өңдейді.
6.
Теориялық немес ғылыми гигиена – адам денсаулығына қажетті жалпытүсініктер мен талаптарды өңдейді.
Қолданбалы гигиена немесе санитария – ғылыми немесе теориялық
гигиенаның талаптарын санитарлық заңдар мен бақылаулар арқылы
практикада іске асырумен айналысады.
Гигиена жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың ортасында қа-лыптасты.
Гигиенаның дамуына үлес қосқан отандық ғалымдар:
А.Н. Доброславин (1842 -1889) – жалпы
әскери және тағамдық гигиена
саласының ірі маманы, орыстардың
гигиеналық мекте-бін қалаған, медикохирургиялық академияның гигиена
кафедрасының 1-меңгерушісі. Ол
тағамдық өнімдердің (азық –
түліктердің ) тағамдық құндылықтарын
зерттейтін зертхана ашты.
7.
Ф.Ф. Эрисман (1842-1915) – Ресейдегіғылыми гигиенаның негізін салушы, МГУ –
гигиена кафедрасының профессоры. Ресейдегі алғашқы тағамдық өнімдер
экспертизасы және олардың
фильсификациясымен күресу әдістерін
өңдеуге арналған сани-тарлыэпидемиологиялық стансаны (1891)
ұйымдастырды.
Л.В. Хлопин (1863-1923) – Ұлы Ресейлік врач-гигиенист, "Основы гигиены"
кітабының және "Тағамдық өнімдер және сусындарды зерттеу әдістері"
нұсқауының авторы.
Тағам гигиенасына сонымен қатар М. Н. Шейерникова (1870-1939), А.А.
Покровский, К.С. Петровский, О.П. Молчанов, А.Н.Уголев, т.б. орасан зор
үлестерін қосқан.
8.
Тағам гигиенасы – тағамдық өнімдердің санитарлық та-залығын сақтаужәне өндірістік шикізаттардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, оларды өндеу,
қоғамдық тамақтану орындары-на тарқату жағдайлары және халықтың
сауықты тамақтануы жайындағы ғылым.
Тамақ гигиенасы жалпы гигиенаның бір саласы болып табылады.
9.
Тағам гигиенасының міндеттері:* Физиологиялық қажеттіліктеріне байланысты халықтың
әртүрлі топтарына тағамдық өнімдердің гигиеналық
нормативтерін өңдейді.
* Тағамдық өнімдерге қоршаған орта факторларының әсерін
зерттейді.
* Тағамдық өнімдердің адам организіміне кері әсерінің себепсалдарын зерттейді.
* Өндіріс орындарына азық-түлік өнімдерін сақтауға,
тасымалдауға, сатуға санитарлық талаптар орнатады.
10.
Санитария (лат.sanitos–саулық,денсаулық) –халықтың әлауқатын, денсаулығын жақсартуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және адам өмірін ұзартуға бағытталған гигиенасаласын-да өңделген шараларды практика жүзінде іске
асыратын сала.
Санитария гигиенаның талаптарына сай санитарлы-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралардың практикалық
жиынтығы деп айтуға да болады. Санитарлық бақылауды
санитарлы-эпидемиологиялық стансалар жүргізеді.
11.
Санитарлық микробиология – қоршаған орта микрофлорасын жәнеоның адам денсаулығына және тіршілік ортасына әсерін зерттейтін
медициналық микробиологияның бір саласы.
Санитарлық микробиологияның дамуының алғашқы саты-сы француз
ғалымы Э.Масе ішек таяқшасын судың фекалды ластануының көрсеткіші
ретінде қолдануды ұсынған кезден басталды. Адамның тіршілік ортасы,
микрофлорасы мен мик-робиологиялық процестерді зерттеу, қоршаған
ортамен қа-рым-қатынасын гигиеналық бағалау мақсатында жүргізеді.
Санитарлы микробиология су, топырақ, ауа, тамақ өнімдерін және
басқада тұрмыстық заттардың бақылау әдістерін өңдейді.
12.
Санитарлы микробиологияның негізгіміндеттері:
* патогенді микроорганизмдер өсіп-өнуіне қолайлы
орталарды, биоценоздарды зерттеу және сол орталардың
патогенді микроорганизмдерінің жинақталуындағы рөлін
анықтау;
* қоршаған орталарды зерттеудің микробиологиялық әдістерін, қоршаған ортаны сауықтыратын микробиологиялық
нормативтер мен шараларды өңдеу.
13.
Тамақ санитариясы – тағам объектілерде тағамдықулану-лар мен аурулардың профилактикасын қамтамасыз
ету және тағамдық өнімдерді сапалы және қауіпсіз өндіру
мақсатында жүргізілетін шаралардың жиынтығы.
Тағамдық
өнімдердің
санитарлы-гигиеналық
зерттеудің негізгі мақсаты:
тамақтанудың гигиеналық сипаттау және оныңғылыми
негізделген нормаларға сәйкестігін анықтау. Санитарлыгигиеналық бақылау – қоршаған ортаның табиғи және
жасанды объектілерін бағалаудағы ең маңызды түрінің бірі
болып табылады. Санитарлы – гигиеналық бақылаудың
негізінде гигиена, санитария және гигиеналық нормалау
немесе сани-тарлы-гигиеналық норма жатыр.
14.
Гигиеналық нормалау немесе санитарлыгигиеналық норма –табиғи ортадағы-ауа,су,топырақ,өндірістік мекемелермен
тұрғын үйлерде, тағамдық өнімдер мен дәрілік қосылыстардың құрамында кездесетін зиянды заттардың адам денсаулығына қауіпсіз дәрежесін анықтау мен негіздеуге бағытталған
сандық және сапалық көрсеткіш.
15. Қорытынды
Қоршаған ортаның адам өмірінен әсері бірнешефакторлар жиынтығына тәуелді болады: қоршаған ортаның
табиғаты, әлеуметтік жағдайы, өндірістік және тұрмыстық
жағдайы, өз кезегінде бұлардың барлығы адам өмірінің
санитарлық жағдайы болып табылады.
Осы санитар-лық жағдайларды зерттеу үшін гигиеналық
талаптар мен нор-маларға сай екендігін анықтайтын
әлеуметтік-гигиеналық
және
зерханалық
санитарлыгигиеналық әдістер қолданылады.
Сонымен гигиеналық зерттеу әдістерін білу қоршаған
орта
объектілерін
санитарлық
бақылауға
қажетті
мәліметтердің бірі болып табылады.