Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Өзіндік бақылау үшін сұрақтар
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
272.50K
Category: historyhistory

Қазақстанның оңтүстігіндегі Орта Азия хандарының саясаты

1. Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Қазақстанның жаңа және қазіргі заман тарихы
9 тақырып. Қазақстанның оңтүстігіндегі Орта Азия хандарының
саясаты. .
Мамандығы: 5В020300-Тарих
Авторлары:
Жакин М.С., т.ғ.к., археология, этнология және Отан тарихы
кафедрасының доценті
Бөдеев Қ.Т., археология, этнология және Отан тарихы кафедрасының
аға оқытушсы
Сабақ түрі: дәріс
Қарағанды 2015

2.

ХVІІІ ғ. аяғы мен ХІХ ғ. басында
Қазақстанның оңтүстігіндегі саяси
жағдай күрделі болды. Мұнда Орта
Азиялық үш мемлекет - Хиуа,
Бұқара және Қоқанның мүдделері
қақтығысқа түсті. ХІХ ғ. басына
қарай күшейген Қоқан хандығы,
енді Оңтүстік Қазақстанды жаулап
алуды көздейді. Оның негізгі
себебі: өзінің қазынасын
толықтыру, мал шаруашылағын
дамыту, сонымен қатар, Ресей мен
Қытайды байланыстыратын Орта
Азиядағы керуен жолдарына
бақылау орнату және мұсылман
халықтары тұратын территорияны
иелену еді.

3.

Қоқан хандығының қол астына Ұлы жүздің көп
рулары: Бестамғалы (35 мың үй), Сыйқым (5
мың үй), Шымыр (9 мың үй), Жаныс (7 мың үй)
қарады. Жоғарғы әкімшілік билік Ташкент
әкімінде (наместник) болды. Оның екі
көмекшісі: 1) Саркар (мырзабасшы) салық
жинаумен және азаматтық істермен; 2) батыр
басшы (әскери басшы) әскери іс және
көшпенділер мәселесімен айналысты. Билерге
артықшылықтар беріліп салықтан босатылды,
олардың кейбіреулері “датқа” лауазымын
алды. Бұқара халықтың негізгі бөлігі “зекет”
салығын (шариғат бойынша мүліктің 1/4 бөлігі)
төлеп тұрды. Қоқан бекіністерінің төңірегінде
тұратын қазақтар бекіністердің жөндеу және
кеңейту жұмыстарына тартылып, әскерді азықтүлікпен қамтамасыз етуге тиіс болды.
Сонымен қатар, қазақтар әскери
міндеткерліктер атқарып, олар қарсылық
көрсеткендерді тыныштандыру жорықтарына
да қатыстырылып отырды.

4.

Қоқандықтардың қазақтарға түрлі
салықтар салуы қарапайым адамдарға
үлкен ауыртпалық түсіріп, ішкі
әлеуметтік қайшылықтарды тереңдетіп,
халық ішінде кедейлердің
көбеюіне әкеліп соқты. Қоқандықтар
билік жүргізген тұстағы ауыр жағдайлар
елдің есінде қатты сақталып қалды. Ол
туралы Ш.Уәлиханов: “Қазақтардың
арасында "әзірейіл барда жаным бар
деме, қоқандақтар барда малым бар
деме" - деген мәтел пайда болды”,- деп
көрсетеді. Қазақ халқы қоқан билігіне
қарсы наразылықтар көрсетіп отырды.
1810 ж. Ташкент өңірінде тұратын
қазақтар салық төлеуден бас тартты.
Қоқан ханы Әлім бек қарсылық
көрсеткендерді тыныштандыруға және
Сайрам, Ташкент, Түркістанды
бағыныру үшін 12 мың әскер жіберді.

5.

Қоқандықтардың қолына түскен
төңіректегі қазақтар тонаушылыққа
ұшырады. Қоқандықтар Түркістанды
басып алуы кезінде оның билеушісі
Тоқай Төре Бұхараға қашуға мәжбүр
болды. Бұхараның әмірі Тоқай Төреге
Бұхарадағы соғысқа жарайтын
қазақтардан жасақ жинап алуға рұқсат
берді. Жасақ жинап жарақтанған Тоқай
Төре алдымен Созаққа бекініп, одан
кейін Түркістанды қоршауға алды. Оған
қарсы қоқандықтар Ташкенттен 300
жауынгермен Базар бахадүрді
аттандырды. Олар жолда Тоқай Төреге
көмек көрсеткен 1000 отбасынан
тұратын қазақ ауылына шабуыл жасап,
ауылды тонап, көп пайда түсіріп,
адамдарын тұтқындап алып кетті. Түнде
Тоқай Төре Созақты тастап қашуға
мәжбүр болды. Одан кейін қазақтардың
қарсылығы біраз уақыт басылды. Тоқай
Төре уақытша Бұхараны паналады, ал
кейін ол Бұхара әмірінің
балалары билікке таласқан тұста
өлтірілді.

6.

Ұлы жүз қазақтарының 1810-1820 жылдардағы
қоқандықтарға қарсы күресте жеңілуінің негізгі
себептері: қоқандықтардың әскери
басымдығы, көтерілісшілердің арасында
ауызбірліктің болмауы, Бұхара әмірінің
көмегіне арқа сүйеген көтеріліс жетекшілерінің
беделінің төмен болуында еді. Дегенмен де,
бұл Ұлы жүз қазақтарының өз еркіндігі мен
тәуелсіздігі жолында қоқан үстемдігіне қарсы
шыққан ұлт-азаттық күресі болатын.
1822-1842 жж. Қоқан хандығының тағына Омар
ханның кіші баласы Мадалы хан (Мұхамед
Әли) отырды, оның тұсында жекеленген
облыстар мен Ташкенті өз алдына билеген
Күшбегілердің ролі күшейді. Ұлы жүздің басып
алынған территориясының бір бөлігі және
Сырдария бойындағы қазақтар Ташкент
Күшбегіне жылына 20 мың алтын ақша төлеп
тұруға міндетті болды. Салық төлеушілерді
қанау бұрынғыдан да күшейе түсті. Одан
кейінгі жылдары қоқан билеушілерінің өзара
қырқыстары Ұлы жүз қазақтарының одан әрі
зардап шегіп, кедейлене түсуіне әкеліп соқты.
Құдияр хан (1845-1875 жж.) тұсында қазақтар
ғана емес, Қоқан хандығының жергілікті
диқандары да қанауға түсті.

7.

1797 жылғы Есім ханның өлімінен кейін Кіші жүздің бір топ
сұлтанының Қаратай сұлтанды хан сайлау жөніндегі ұсынысына
қарамастан және оның ел арасындағы беделінен сескенген патша
әкімшілігі Айшуақты хан тағына отырғызады. Бұл шешімге келіспеген
Қаратай халық арасында ханды сайлау туралы үгіт жүргізе
бастайды. 1805 жылы Жантөрені хан сайлағанға дейін патша
әкімшілігімен бейбіт қатынас ұстады.
1806 жылы Қобда өзенінің жағасында болған съезд Ресей
әкімшілігінің шешіміне қарамастан Қаратай сұлтанды хан сайлайды.
Осылайша Қаратайдың Жантөреге қарсы күресі біртіндеп Ресей
үкіметіне қарай бағытталады. Күрес барысында Қаратай транзиттік
сауда жолдарының бәрін өзіне қаратып Ресейдің Орта Азиямен
саудасын шектейді. Герценберг пен Бородиннің жазалау
экспедициясына қарамастан Қаратайдың жанына топтасқан Кіші жүз
жасақтары төменгі Орал шептеріне жорықтар жасайды. Қаратай
1809 жылы Жантөре ханды өлтіргеннен кейін 1812 жылға дейін
Хиуада жасырынуға мәжбүр болады.

8.

Жантөренің өлімінен кейін Ресей Айшуақтың ұлы Шерғазыны хандыққа бекітеді. Ресей
әкімшілігінің ондай шешіміне риза болмаған Қаратай өзінің қарулы қарсылығын 1816
жылы Орданың Батыс бөлігіне басқарушы-сұлтан болып тағайындалғанға дейін
жалғастырады. Транзиттік сауда мәселесі алаңдатқан Ресей Қаратаймен осындай
келісімге барған еді. Сөйтіп, 1816-17 ж. келіссөздер нәтижесінде Қаратай сұлтан өзінің
қарсылығын тоқтатты.
1816 жылдан 1821 жылға дейін Арынғазы Хиуаға қарсы азаттық күресін жүргізді. 1815
жылы Арынғазының әкесі Әбілғазы хан өлгенде ол 30 жасқа толады. Оған дейін Кіші
жүздің иеліктерінде қайраткерлік танытқан Арынғазы ел арасында біршама бедел
жинаған болатын. 1816 жылы ел ішінде тәртіп орнату мақсатында старшындардың
билігін шектеп, сұлтандардың өз білгендіктерін істеуін тоқтатқан еді. Сондай-ақ, ол
билер соты мен молдалардың да өкілеттілігін шектеді. Арынғазының ел арасында
беделінің өсуіне байланысты старшындардың көпшілігі оны Кіші жүзге хандыққа бекітуді
сұрап патша әкімшілігіне өтініш білдіреді. Арынғазы болса, хиуалықтардың үстемдігін
біржола жойып, сонымен қатар бір хандық құруды жоспарлайды. Бір хандық қана құру
Ресейдің келісімінсіз мүмкін емес-ті. Сондықтан, Ресеймен жақындасуды ойлаған
Арынғазы Орынбор генерал-губернаторы Эссен мен Шекаралық комиссия төрағасы
А.Веселицкийдің қолдауына сүйене отырып, патшадан қолдау көрсетуді сұрау үшін 1821
жылы Санкт-Петербургке аттанады. Бірақ, оның үміті ақталмайды. Бұхар мен Хиуа
хандықтарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырамыз деген желеумен патша әкімшілігі
оны шақырып, тұтқындап, Калугаға жер аударады. Ол 1833 жылы сонда қайтыс
болады.

9. Өзіндік бақылау үшін сұрақтар

1. Қай жылы генерал-губернатор Б.Игельстром Кіші жүзде
хандық билікті қалпына келтіріп, Айшуақты хан етіп қойды:
A) 1797ж.
B) 1793ж.
C) 1787ж.
D) 1799ж
E) 1784ж.
2. Әбілқайыр (XVIIIғ.) кім:
A) батыр
B) би
C) сұлтан
D) хан
E) рубасы.

10. Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

Атабаев Қ.М. Деректану-Қазақстан қоғамдық ғылымдарының
методикалық негізі. // Тарихи дерек: археография және деректану
мәселелері: Республикалық галыми-теориялык конференция
материалдары. -30 қазан. -2007ж. - Алматы, 2007. - 3-11 бб.
Тәсілова Н. Щербинаның экспедициясы: тарихи алғышарттары,
зерттеушілердің құрамы мен негізгі әдістемесі. // Қазақ тарихы. №2. -2008 ж. -51-57 бб.
Қазақстан тарихы: лекциялар курсы: оқу құралы / ред.басқ. Қ. С.
Қаражан. - Алматы : NURPRESS, 2011. - 376 б
Калиева, К. С. Тарихнама: оқулық / К. С. Калиева. - Алматы :
Полиграфкомбинат, 2012. - 279 б.
Қазақстан тарихы: оқу-әдістемелік құрал / жауапты ред. А. З.
Смагұлова. - Астана : Ұлттық тестілеу орталығы, 2013. - 98 б.
Мұхатова, О. Х. Тарихнама ғылымы: теориялық - методологиялық
негіздері және зерттеу үлгілері: оқу құралы / О. Х. Мұхатова ; Әл Фараби атын. Қазақ ұлттық ун-ті. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2009. 185 б.
English     Русский Rules