2.36M
Category: historyhistory

XIX ғасырдың 40-60 жылдарындағы қазақтардың ортаазиялық хандықтармен қарым-қатынастары

1.

XIX ғасырдың 40-60
жылдарындағы қазақтардың
ортаазиялық хандықтармен
қарым-қатынастары
7-сынып, ІІІ тоқсан
Қазақстан тарихы

2.

Неліктен Орта Азия
хандықтарының
Қазақстанның оңтүстік
аймақтарына
экспансиясы күшейді?

3.

Оқу мақсаттары
7.3.1.5 – халықтың отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық
күресінің себеп-салдарын анықтау;
7.3.1.6 – ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының рөліне баға
беру

4.

5.

6.

Жанқожан Нұрмұхамедұлы бастаған
ұлт-азаттық қозғалыс
Жанқожа – 1774-1860
жж. өмір сүрген.
Кіші жүздің Әлімұлы
тайпасының кішкене
шекті руынан
шыққан.

7.

Қоқан мен Хиуа хандықтарына қарсы күресі
Хронологиясы: ХІХ ғ. 30-40 жж.
Қамтыған аумағы: Сыр бойы, Арал теңізінің
маңы
Қозғаушы күші: бұқара халық, батырлар (Есет
батыр).

8.

9.

Көтерілістің себептері:
Жер мәселесі. Арал маңындағы қазақтарға қарсы Хиуа мен Қоқан хандығы
шабуыл жасап тұрды: 1808 ж. Ташкентті, 1814 ж. Түркістанды, 1818 ж.
Ақмешітті басып алды.
Салық мәселесі. Қоқандықтар қазақтардан ауыр алым-салықтар енгізіді. Мысалы, Сыр мен
Арал қазақтар жыл сайын Қоқан хандығына 6 қой, 4 арба сексеуіл, 1000 бау қамыс төлеу
міндеттелді. Ал хиуалықтар зекет, ұшыр салығын жинады.
Бекіністердің салынуы. 1835 ж. Сырдария бойында Қожанияз және
Жаңақала бекіністері, Хиуа хандығы Қуаңдария өзенінің бойында Құртөбе
іскери бекінісін құрды.

10.

Жанқожа батырдың Ресей империясына қарсы күресі
1856-1857 ж.ж.
Көтерілістің себептері
жер мәселесі (1847 ж.
салынған Райым
бекінісіне Орынбор мен
Жайық казактары, башқұрт
отбасылары аударыла
бастайды. Райым бекінісі
толған соң 1855 ж.
казактар Қазалы бекінісіне
де аударыла бастайды);
бекіністердің салынуы
(1847 ж. Райым, 1855 ж.
Қазалы)
салық: патша 1,5 сом салық
алды.

11.

Көтерілістің барысы
• 1856 ж. желтоқсанда Ресейге қарсы ашық түрде көтеріліс
басталады. Көтеріліске 3 мыңдай адам жиналды. Көтерілістің
орталығы – Жаңақала аймағы болды.
• 1856ж. желтоқсанның аяғына таман Қазалы бекінісі қоршауға
алынды. Көтерілісшілердің саны 5 мыңға жетті.
• Көтерілісті басып жаныштау үшін Орынбор басшылығы
Фитингоф басқарған 300 казак және 320 жаяу солдаттан құралған
жазалаушы әскери отряд жібереді.
• Фитингоф отряды мен Жанқожа жауынгерлері арасында шешуші
шайқас 1857 ж. 9 қаңтарда Арықбалық шатқалында өтеді.
Көтерілісшілер жеңіліп, Бұхара мен Хиуаға шегінуге мәжбүр
болады.

12.

Есет Көтібарұлы бастаған
ұлт-азаттық көтерілісі

13.

Хронология: 1838-1858 жж.
Қамтыған аумағы: Кіші жүз, Сыр бойы, Арал теңізі
Қозғаушы күші: бұқара халық (табын, тама руы). Есет – 1807-1888
ж.ж. өмір сүрген Кіші жүздің батыры.
Көтерілістің себептері: жер мәселесі, салық.
Көтерілістің барысы:
1838 ж. Есет батыр Елек бекінісіне шабуыл жасайды.
1847 ж. жазында Есет Жем өзенінің бойында патша үкіметінің
жазалаушы әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасайды.
Ресеймен 20 жыл бойы күрес жүргізген Есет батыр 1858 ж. өз
еркімен Ресей империясының бейбіт келісім жасасу жөніндегі
шартын қабылдады. Ресей патшасы батырға кешірім жариялап,
түтін салығынан босатады. Кейінірек оны Торғай облысындағы
Ырғыз уездік басшының көмекшісі қызметіне тағайындайды.

14.

Бекіту тапсырмалары
Не себепті Орта Азия
хандықтары қазақ жерін
отарлады?

15.

Жер
мәселесі
Бекіністердің
салынуы
Салық
мәселесі

16.

Бекіту тапсырмалары
Жанқожа Нұрмұхамедұлы
бастаған ұлт-азаттық
көтерілістің қамтыған аумағы
қандай?

17.

18.

Бекіту тапсырмалары
Есет батырдың көтерілісінің
нәтижесі қандай болды?

19.

Есет батыр 1858 ж. өз еркімен Ресей империясының бейбіт
келісім жасасу жөніндегі шартын қабылдады. Ресей патшасы
батырға кешірім жариялап, түтін салығынан босатады. Кейінірек
оны Торғай облысындағы Ырғыз уездік басшының көмекшісі
қызметіне тағайындайды.
English     Русский Rules