Similar presentations:
Жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы
1. ЌАРАЄАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ Эпидемиология жјне коммуналдыќ гигиена кафедрасы
ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІЭпидемиология және коммуналдық гигиена кафедрасы
Жұқпалы аурулардың
иммунопрофилактикасы.
м.ғ.к., доцент Шайзадина Ф.М.
2. Маќсаты:
Мақсаты:егу ісінің теориялық және әдістемелік негіздерін
меңгеру.
3.
Дәріс жоспары:1. Жұқпалы аурулардың нақты топтары кезінде
алдын алу және эпидемияға қарсы шаралар
жүйесіндегі иммунопрофилактиканың алатын
орны.
2. Жоспарлы және эпидемиялық көрсеткіштер
бойынша егулер.
3. Профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі.
4. Вакцинация жүргізуге көрсетілімдер мен қарсы
көрсетілімдер. Жедел иммунизация.
5. Егу ісін ұйымдастыру.
4.
Жыл сайын жер жүзінде туылған 130 млн.балалардың, 12 миллиондайы 1 аптадан бастап 14
жасқа дейін қайтыс болады.
9 миллиондай бала жұқпалы аурулардан қайтыс
болады, оның ішінде 3 миллионы қарсы
вакциналары бар аурулардан.
Жыл сайын 3 млн. баланы вакцинаның көмегімен
аман сау алып қалады.
5.
Иммунопрофилактика - бұлжасанды
иммунитетті
қалыптастыру
немесе
күшейту
арқылы тұрғындарда толық немесе жекеленген
әдіспен жұқпалы аурулардан қорғау.
6.
Иммунопрофилактика бөлінеді:Арнайы- нақты
қоздырғышқа қарсы, 2
түрде болады:
- арнайы белсенді профилактика - иммунитет
қалыптасқан
үшін
вакцина
мен
анатоксиндерді қолданады.
- арнайы пассивті профилактика - бұл кезде
қансарысулары мен иммуноглобулиндер
қолданылады.
Арнайы емес- бұл организмнің жалпы
резистенттілігін
жоғарылату
үшін
қолданылады.
7.
Иммунитет – вирустардан, бактериялардан,паразиттерден қорғауды, мутациялық өзгерген
жеке клеткаларды құртып жоюды, қатерлі ісікке
қарсы қорғануды қамтамасыз етеді.
Иммунитет – организмдің қорғаныс жүйесі, яғни
макроорганизмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру
қабілетілігі.
8.
Иммунитеттуа пайда болған (түрлік,
тұқым қуалаушылық,
филогенетикалық)
жүре пайда болған
(онтогенетикалық,
жекебастық)
табиғи
жасанды
белсенді
пассивті
белсенді
(ауырып
шыққанан
кейін)
(анасынан
баласына)
(вакцина,
анатоксин)
пассивті
(қансарысу,
иммуноглобулин)
9.
Вакциналар - құрамында қоздырғыштыңангигендері
болады. Микроорганизмдерден
антигендер қандай тәсілмен бөлініп алуына
байланысты бірнеше түрге бөлінеді тірі, өлі,
химиялық және жасанды вакциналар.
10.
Тірі вакцина- бұл вируленттілігі жойылғаннемесе
әлсіздендірілген, микроорганизмнің
көбеюіне белсенді жасанды иммунитет тудыру
қабілеті сақталған, бірақ ауру туғыза алмайтын
микроорганизмдердің
тірі штамдары. Тірі
вакцинаға
туберкулез, оба, бруцеллез, сібір
түйнемесі, Папатачи қызбаға, сары қызбаға,
эпидемиологиялық
паротитке,
тұмауға,
қызамыққа, қу лихорадка ауруларына қарсы
тұратын вакциналар жатады.
11.
Өлі вакцина- химиялық немесе физикалықәдістермен
микроорганизмнің
белсенділігін
жою, яғни өлтіру жолымен алынады, алдын-ала
вируленттілігі
күшті және
иммуногенділігі
жоғары штамдар іріктелініп алып, содан кейін
қоздырғышы
фенолмен
өңдеу
арқылы
дайындалады.
Микроорганизмдер
инактивацияланғаннан
кейін
дайындалған
препараттар химиялық заттармен тазартылады.
12.
Вакцина t = +4+8С температурада сақталуыкерек. Бұл топқа мына препараттар кіреді: бөртпе
сүзегіне,
құтыруға,
лептоспирозға,
тұмауға,
герпеске, тырысқаққа, қу қызбаға, омбылық
геморрагиялық қызбаға қарсы препараттар.
13.
Химиялық вакциналар - жұқпалы ауруларқоздырғыштарының
клеткаларынан
немесе
олардың бөлшектерінен арнайы химиялық
өңдеу
жолымен
алынған және
ерітілген
антигендерден тұрады. Химиялық вакциналар
үлкен
дозада
және
қысқа
мерзімде
қолданылады. Қазіргі
таңда
химиялық
вакциналар менингит инфекциясына, тұмауға,
обаға, іріңді тері ауруларына қолданылады.
14.
Жасанды вакциналар - бұл препараттар жаңатипті. Оларды 2 бағытта қолданылады.
- табиғи
модельді
антигендердің
синтезін
құрайтын антигендердің құрылымы.
- препарат аналогтары жоқ жасанды антигендерді
жасау.
15.
Анатоксиндер – ұлы қасиетінен айырылған,бірақ антигендік және иммундық қасиетін сақтаған
бактериялардың
залалсыздандырылған
экзотоксиндері.
Анатоксиндерді макроорганизмге бірнеше
қайта енгізеді. Дифтерияға, сіреспеге, газды
гангренаға, ботулизмге, тырысқаққа, стафилококкты
инфекцияларға қарсы анатоксиндер қолданады.
16.
Пассивті иммунитетті қалыптастыратынпрепараттар:
қансарысуы;
- иммуноглобулиндер.
-
17.
Бұл препараттар тез әрі қысқа уақыттаинфекциядан қорғануды қалыптастырады. Пайда
болған иммунитет бірнеше күннен 4–6 аптаға дейін
сақталады.
Қан
сарысулары
мен
иммуноглобулиндер – адам қанынан немесе жануар
қанынан бөлініп алады.
Оларды үлкен дозада, тері астына, тері ішілік
не болмаса тамыр ішіне енгізеді.
Қан сарысулары көбінесе жануар қанынан
дайындалады, оларды гетерологиялық деп айтайды.
Гетерологиялық препараттарды Безредко әдісімен аз
мөлшерде бөліп-бөліп енгізеді.
18.
Адамқанынан
дайындалса,
оларды
гомологиялық деп атайды. Барлық дозасын бір
мезгілде енгізеді.
Гомологиялық
препараттар
қолданғанда
иммунитет 6 аптаға созылады, ал гетерологиялық
препараттарды
қолданғанда иммунитет 1-2
аптаға дейін сақталады.
19.
Гомологиялық иммуноглобулиндер – күйдіргіге,тұмауға, күлге қарсы, менингитті инфекцияға,
лептоспирозға,
сіреспеге,
стафилакоккты
инфекцияға қарсы қолданылады.
Гетерологиялық
иммуноглобулиндер – сібір
түйнемесінде.
Гетерологиялық
қансарысуы газды
гангренаға, ботулизмге, дифтерияға қарсы
қолданылады.
20.
Профилактикалық инфекция аурулары үшінқолданылатын қосымша биологиялық заттар: оған
бактериофаг, интерферон жатады.
Бактериофагтар көбінесе алдын алу ретінде және
ем үшін дизентерия, іш сүзегі, сальмонеллез т.
б. ошақтарда қолданылады.
Бактериофагтар бактериальды
жасушаларды
тежейді. Тиімділігі 5-7 күн. Оны тамақтың
алдында 30 мл 3% сода ерітіндісімен бірге ішеді.
21.
Ішектік бактериофагтар бөлінеді: бактериофаг,іш сүзегі, сальмонеллезді, колипротейнді болып
бөлінеді.
Ашық
бактериофагтар:
стафилококкты,
протейнді, емдеу үшін қолданылады.
22.
Интерферонпрофилактикалық және емдеу
үшін вирусты ауруларды емдеуге қолданылады.
Төмен
моллекулярлы
термотұрақты
белоктардағы вирустың репликациясын тежейді.
Интерферон вибрионға әсер етпейді, тек қана
вирустардың репродукциясын тежейді.
23.
Егу түрлері:жоспар бойынша;
эпид. көрсеткіштер бойынша.
24.
Жоспар бойынша егулер 2 топқа бөлінеді:а) толық, барлық тұрғандарды егу (туберкулезге,
полиомиелитке, күлге, көкжөтелге, сіреспеге,
қызылшаға, эпид. паротитке, ВГВ-ға қарсы);
б) селективті (таңдамалы) – тұрғындардың
жекеленген топтарына егу: кәсібіне байланысты,
эндемиялық және табиғи ошақтарда тұратын
тұрғындарға, әскери қызметкерлерге (іш сүзегіне,
обаға, туляремияға, тырысқаққа, бруцеллезге,
лептоспирозға, кене энцефалитіне, Ку қызбаға,
күйдіргіге қарсы).
25.
Эпид. көрсеткіші бойынша жүргізіледі:жұқпалы аурулардың енуі мен таралуына қауіп
туса;
эпид. жағдайы нашар аймақтарға жіберілсе (сары
қызба бойынша сәтсіз аймаққа);
жұқпалы аурулар ошақтарында;
құтыру мен сіреспенің жедел профилактикасы
үшін.
26.
Жоспар бойынша егу егу-профилактикалықкүнтізбесі арқылы өткізіледі. Әр мемлекеттің өзінің
егу-профилактикалық күнтізбесі қолданылады.
Мысалы,
Ресейде
егу-профилактикалық
күнтізбесіне
енгізілген
препараттар
біздің
еліміздегідей. АҚШ-та желшешек инфекциясына
қарсы егулер бар.
27.
Вакциналарды енгізу тәсілдері:Вакциналардың көбісін тері астына егеді, ал
сорбцияланған препараттар бұлшық етке егіледі.
Вакцинаны жаурынның астына немесе иықтың
жоғарғы және орташа бөліктерінің
сыртқы
жағына егеді.
Жаурын астына, тері іші тәсілімен вакцинаны
екеннен кейін реакциялар аз кездеседі.
Вакциналарды бұлшық етке енгізу (санның
жоғарғы сыртқы бұлшық етінің квадрантына,
жамбастың алдынғы сыртқы жағына).
28.
БЦЖ вакцинасын егу үшін тері ішілік әдісқолданылады. Вакцинаны иықтың сыртқы жағына
егеді. Препаратты тері ішіне енгізген жерде
томпақша пайда болады, оның беті лимон
қабыршағының сыртына ұқсайды. Егер препарат
енгізген жерде томпақша пайда болмаса, онда
препараттың тері ішіне емес, тері астына түскені.
Ол дұрыс егілмеген болып саналады, оның суық
абсцеске айналуы мүмкін.
29.
Тері үстілік әдіс кейбір тірі вакциналарды(туляремияға,
Ку-қызбасына,
күйдіргіге,
бруцеллез,
обаға
қарсы)
еккенде
және
диагностикалық
аллергиялық
сынамалар
жасағанда қолданылады.
Вакциналарды
аэрозольді түрде қолдансақ
аэрозольді (ингаляционды) иммунизация пайда
болады, бірақ вакцинаны мұрынға тамшы арқылы
тамызса тыныс алу жолдарына вакциналардың
бөлшектері енеді.
30.
Ғылыми зерттеу барысында коньюктивальды әдісқолданады, бұл кезде антиген тез ара мұрын
қуысына түсіп ауамен өкпеге барады. Мұрын
арқылы өлі және химиялық вакциналарды
қолданғанда
концентрленген
вакцинаны
қолданады. Мұрын арқылы әдіс көбінесе
ревакцинация үшін қолданады. Аэрозольді түрде
вакцинация аз уақыт арасында өкпенің жоғарғы
тұрақтылығын
қалыптастырады,
бұл
респираторлы инфекциялардың алдын алуда
үлкен маңыздылығы бар.
31.
Вакцинаны ауыз арқылы қолданса, әр түрліинфекцияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға
болады. Энтеральды вакциналардың төмен
реактогенділігі және аз аллергиялық қасиеті бар.
32.
Вакциналардың кері әсерлеріВакциналар көп мүшелер мен жүйелердің
функциясына кері әсерлер тигізуі мүмкін.
Иммунизациядан кейінгі кері реакциялар 4 типке
бөлінеді:
вакцинадан кейінгі пайда болған, кері реакциялар;
вакцинация кезінде жіберілген қателіктерге
байланысты болған кері реакциялар;
кездейсоқ сәйкестік кезінде пайда болатын кері
реакциялар.
33.
Вакцинадан кейінгі реакциялар - жалпы жәнежергілікті болып бөлінеді.
Жалпы
реакциялар - бұл температураның
көтерілуі.
Температураның
көтерілуіне
байланысты реакциялар бөлінеді: төмен (3737,50С), орташа (37,6-38,50С),
және жоғары
(38,50С жоғары).
Егуден
кейін
жергілікті
реакциялар
инфильтраттың
диаметріне
байланысты
жіктелінеді: реакция төмен (2,5 см), реакцияның
орташа күші (5 см), реакция жоғары (5 см жоғары
немесе лимфангоит, лимфаденитпен болуы).
34.
Химиялықвакциналарды
еккеннен
кейін
аллергиялық реакциялар пайда болады. Олар
вакциналар еккен аумақта гиперемия және
ісінумен
сипатталады,
жалпы
реакциялар
қызбамен, артериальді қысымның төмендеуімен,
бөртпелердің пайда болуымен, артралгия және
т.б. сипатталады.
Пайда болу мерзіміне байланысты аллергиялық
реакциялар бөлінеді: тез арада пайда болуы (1
сағат ішінде), кешігіп пайда болу (24-48 сағаттан
кейін) және аралас.
35.
Вакцинадан кейінгі асқынулар:Вакцинация кезінде тіркелген патологиялық
процестер пайда болуы мүмкін:
вакциналардың
сапасы
төмендесе
немесе
вакцинацияның ережесін бұзса;
созылмалы инфекциялардың қайта асқынулары,
сырқаттың
білінуімен
(ревматизмнің,
туберкулездің, созылмалы гепатиттің, нефриттің,
созылмалы
дизентерияның,
бронхиальді
астманың) қайта асқынулары;
вакцинация
қалыптастырған
интеркурентті
инфекциялардың қосылуы;
организмнің реактивтілігінің ерекшеліктері.
36.
Ең жиі кездесетін вакциналардан кейінгіасқынулардың 3 тобы бар: токсикалық,
аллергиялық реакциялар және нерв жүйесінің
бұзылуымен және аллергиялық сипаты бар
бұзылуына байланысты. Осы реакциялар кейбір
жағдайда өлімге әкелуі мүмкін.
37.
Сорбцияланғанвакциналарды
қабылдағанда
кейбір кезде инфильтраттар, стерильді абсцестер
пайда болады, ал егерде эндогенді немесе
экзогенді жолмен аумаққа іріңді флора енсе іріңді
абсцестер, флегмона, рожа пайда болуы мүмкін.
Туберкулезге қарсы вакцинаны тері ішілік
тәсілмен енгізсе, инфильтраттар, суық абсцестер,
лимфаадениттер пайда болады.
38.
Аллергиялық асқынуларына жатады: полиморфтыдақтар,
Квинке
ісігі,
артралгия,
жалпы
аллергиялық реакциялар және анафилактикалық
шок. Аллергиялық реакциялар жиі вакциналарды
екінші рет енгізсе пайда болады, ал препаратты
бірінші рет енгізсе пайда болған реакциялар
парааллергиялық
білінуімен
сипатталады
("жалған аллергия").
Неврологиялық асқынулар орталық нерв жүйесі
(энцефалит, менингоэнцефалит және т.б.) және
шеткері нерв жүйесі (мононеврит, полиневрит,
полирадикулоневрит т.б.) зақымдалса
пайда
болады.
39.
Клиникалықбарысында
неврологиялық
асқынулардың екі типі анықталған:
1.қысқа қалтырау ұстамалары;
2. энцефалитке ұқсайтын синдром есінен тану,
ұзақ
қалтырау,
ауыр
ағыммен,
қалдық
көріністерімен, кейбір кезде өліммен аяқталады.
40.
Аллергиялық асқынулардың алдын алу үшін егугеанафилактикалық реакциялары туралы анамнез
жинау керек, гетерологиялық белокқа егуді
қабылдау адамның сезімталдығын анықтайды,
антигистаминді препараттарды енгізеді және т.б.
Вакцинадан кейінгі кезеңде еңбектің жеңіл
режимін сақтау керек, жақсы тамақтану және
егуді қабылдаған адамдарды жұқпалы аурулармен
қатынасты болдырмау керек.
41.
Назарларыңызғарахмет!