Similar presentations:
Жұқпалы ауруларды иммундық әдіспен емдеу және алдын алу негіздері
1. 9 - Дәріс: Жұқпалы ауруларды иммундық әдіспен емдеу және алдын алу негіздері
Бегадилова Т.С.2.
Иммунды препараттар және Иммунды терапияқолданылады:
1. спецификалық иммунитет жасау немесе иммунды
жүйенің қызметін күшейту қажет болғанда;
2. иммунды жүйенің жүйеленген звеноларының
белсенділігін басып тастау үшін;
3. иммунды жүйе қызметінде ауытқулар болса, оның
жұмысын қалпына келтіру үшін.
ИП және ИТ қолданылатын дәрі - дәрмектерді
иммунобиологиядық препараттар (ИБП) деп атайды.
Осындай препараттарды зерттеу және жасаумен
иммунология ғылымының тарауы –
иммундыбиотехнология айналысады.
ИБП - құрамы бойынша өте күрделі, табиғаты, дайындау
тәсілдері мен қолдану принциптері бойынша
олардың бір-бірінен айырмашылығы болады.
3.
ИБП құрамындағы негізгі әсер етуші компоненттер:антигендер;
микроб жасушалары;
антиденелер;
иммунды цитокиндер;
иммунды компонентті жасушалар;
иммунды реагенттер т. б.
ИБП–ң сапасын жақсарту мақсатында олардың құрамына
қосады:
стабилизаторларды (альбумин, сахароза-желатинді агар т. б. - АГ
бұзылмауы үшін);
адъюванттарды (миниральды сорбенттер – алюминий гидроокисі,
аммоний фосфаты, полимерлер, өсімдік майлары т. б. - әсерін
күшейту үшін);
консерванттар (мертиолят 1:10000, формалин т. б. – кездейсоқ
түскен микробтарды жою және ұзақ сақтау үшін).
4. Қазіргі кезде ИБП–ды 5 топқа бөледі:
1.Микробтардан немесе олардың өнімдерінен дайындалған
препараттар (вакциналар, анатоксиндер, бактериофагтар,
пробиотиктер).
2. Спецификалық антиденелер негізінде алынған ИБП
(иммуноглобулиндер, иммундысарысулар, иммундытоксиндер,
антидене-ферменттер (энзимдер), рецепторлық антиденелер,
мини – антиденелер, моноклональды антиденелер).
3. Иммундымодуляторлар – жұқпалы және жұқпалы емес,
иммунды ауруларда емдеу және алдын алу үшін қолданылады.
Экзогенді иммундымодуляторлар: адъюванттар, кейбір
антибиотиктер, гормондар.
Эндогенді иммундымодуляторлар: интерлейкиндер, интерферон,
тимус пептидтері, миелопептидтер т.б.
5.
4. Адаптогендер - иммундық жүйеге әсер ете алатынөсімдіктерден, жануарлардан және басқалардан алынатын өте
күрделі химиялық заттар. Мысалы жень–шень, элеутерокок т.б.
өсімдіктер экстракты, тіндер лизанты, әр – түрлі биологиялық
белсенді тағамдық қоспалар (липиттер, полисахариттер,
витаминдер, ...).
5. Диагностикалық препараттар (диагностикумдар, антигендер,
диагностикалық сарысулар, анатоксиндер, антитоксикалық
сарысулар, аллергендер т. б.) ОЛАРДЫҢ КӨМЕГІМЕН :
Антигендерді, антиденелерді, ферменттерді, метаболизм
өнімдерін, биологиялық белсенді пептидтерді, бөгде жасушаларды,
аллергиялық жағдайларды т.б. анықтайды.
6. Вакциналар
Вакциналар – микроорганизмдерден,олардың бөлшектерінен, өнімдерінен
немесе гендік – инженерлік тәсілмен
дайындалған, адамдар мен жануарларға
енгізгенде жүре пайда болған жасанды
белсенді иммунитет туғызатын
биологиялық препараттар.
7. Вакциналардың түрлері: Тірі вакциналар
I. Тірі вакциналар – вируленттілігі төмендетілген немесе мүлдежойылған микробтардың штаммдарынан дайындалады. Тірі
вакциналарды еккенде әлсізденген микроб штаммдары табиғи
жағдайда жұқпалы аурумен науқастанған кездегідей ішкі
органдарда өсіп-өніп көбейеді, бірақ ауру қоздырмайды, пайда
болған иммунитет ұзақ мерзімге созылады.
• Аттенуацияланған вакциналар – антигендік (иммуногендік
қасиетін сақтаған микробтардың авирулентті штамдарынан
дайындалады (қызылшаға, полиомиелитетке, туберкулезге (БЦЖ)
қарсы вакциналар т. б.).
• Дивергентті вакциналар - антигендік қасиеті бойынша патогенді
қоздырғыштарға ұқсас, бірақ ауру қоздырмайтын микробтардан
дайындалады (шешекке қарсы вакцина сиыр шешегі вирусынан
дайындалады).
• Векторлық рекомбинантты вакциналар гендік – инженерлік
әдіспен алынады, протективті антигеннің синтезіне жауап
беретін микроорганизм гені зиянсыз микроорганизмнің
геномына тіркеледі (гепатит В–ге қарсы НВs геном гепатит В
вироусының + сиыр шешегінің вирусы).
8. Өлі вакциналар
ВИРУЛЕНТТІЛІГІ ЖОҒАРЫ МИКРОБ ШТАММДАРЫНАН ДАЙЫНДАЙДЫКорпускулярлы вакциналар – бүтін микроб жасушасынан,
вирионынан дайындалады. Оларды өлтіру ұшін әртүрлі
физикалық, химиялық, биологиялық факторлардың әсерін
пайдаланады (көкжөтелге, тұмауға, кенелі энцефалит т.б.
ауруларға қарсы вакциналар).
Субжасушалық субвириондық вакциналар - бактерияларды
немесе вирустарды ыдыратып, иммунизациялау үшін қажетті
антигендік бөлшектерінен дайындайды (іш сүзегіне – О, Н
және vi антигендерінен, грипке қарсы нейраминидаза және
гемаглютининдерінен).
Молекулалық вакциналар – экзотоксин молекулаларына
формалинмен әсер ететін, антигендік қасиетін сақтаған бірақ
токсингендігін жоғалтқан препарат – анатоксин (сіреспеге,
дифтерияға, т. б. карсы вакциналар).
9. Ассоциацияланған вакциналар
Бірнеше вакциналардың қоспасы, бір мезгілдебірнеше ауруларға қарсы қолданылады (АКДС –
адсорбцияланған көкжөтел вакцинасы +
дифтериялық анатоксин +сіреспелік анатоксин)
Қазіргі кезде гендік (ДНК) вакциналар дайындау
жүргізіліп жатыр.
10.
жасы бойынша1-4 күн
Екпе түрлері
БЦЖ
ВГВ
+
+
2 ай
Сал
АбКДС Хиб
+(АбКДС+Хиб+ВГВ+ИПВ)
3 ай
Пневмо ККП
+
+(АбКДС+Хиб+ИПВ)
4 ай
+(АбКДС+Хиб+ВГВ+ИПВ)
+
12-15 месяцев
+(ОПВ)
+
18 месяцев
+(АбКДС+Хиб+ИПВ)
6 жас (1 сынып)
АДС-М
+
+
+
+
16 жас
+
және әрбір 10 жылдан
кейін
+
11. АД-М – дифтерия ; АДС, АДС-М – күл, сіреспе; АКДС – көкжөтел, күл, сіреспе; БЦЖ – туберкулез; ВГВ – вирусты гепатит В; ККП – қызылша, қызамық, п
АД-М – дифтерия ; АДС, АДС-М – күл, сіреспе; АКДС – көкжөтел,күл, сіреспе; БЦЖ – туберкулез; ВГВ – вирусты гепатит В; ККП –
қызылша, қызамық,
паротит; ОПВ – сал; Hib
инфекция
– гемофильді
12. Вакциналарды дайындау кезеңдері:
тиісті микроб штамдарынан алдын - ала көптеп өсіру;
физиологиялық ерітіндімен шайып алу;
микроб тазалығын (біркелкілігін) тексеру;
вакцина түріне қарай тиісті амалдар қолдану
стандарттау;
консервациялау;
стерильдігін (өлі вакциналар үшін), иммуногендігін,
залалсыздығын тексеру;
• дозасын анықтап, дайын вакциналар шығару.
Вакциналар ұнтақ, құрғақ, таблетка, конфет-драже, сұйыќ күйінде
шығарылады.
13. Егу тәсілдері:
тері ішіне
тері астына
бұлшық етке
аэрозольді әдіс (тыныс алу
жолдары арқылы)
• энтеральді (ас қорыту жолдары
арқылы)
Жаппай вакцинациялау әдістеріне
инесіз әдіс арнайы инъекторлар
арқылы егу, пероральді (ауыз
арқылы) және аэрозольді әдістер
жатады.
14.
Вакцинациялаудың тиімділігі мыналарменбайланысты
• вакцинаның сапасымен (иммуногенділігімен);
• егілетін организм жағдайымен;
• қолдану тәсілімен; егу календарын мұқият
орындаумен.
Қарсы көрсеткіштер:
жедел инфекциямен ауырып турған жағдай;
аллергиялық жағдай;
ОЖЖ аурулары;
бауыр, бүйректің созылмалы аурулару;
жүрек – тамыр патологиясының ауыр түрлері;
иммундық тапшылықтар;
қатерлі ісік аурулары т.б.
15.
Вакцинациялау негізінде профилактикалықмақсатта, яғни індеттің алдын - алу үшін
жүргізіледі:
1. Міндетті түрде егу (туберкулезге, көкжөтелге,
дифтерияѓа, сіреспеге, ќызылшаға, қызамыққа,
эпидемиялық паротитке, полимиелитке, гепатит
А және В-ға қарсы).
2. Жоспарлы – кәсіби егу (бруцеллезге, күйдіргіге,
дизентерияға, іш сүзекк - парасүзекке қарсы т.б.)
3. Эпидемиологиялық көрсеткіш бойынша
(эпидемия қаупі төнгенде турғындарды жаппай
егу)
Сирек жағдайда (аурудың созылмалы түрінде)
емдеу мақсатында қолданылады (созылмалы
бруцеллез, дизентерия, соз, стафилококкты
16.
Иммунды сарысулар (ИС) – құрамында тиістімикробтарға (антигендерге) немесе олардың
токсиндеріне қарсы жеткілікті деңгейде
антиденелдері бар, организмге енгенде
жасанды пассивті иммунитет тудыратын қан
сарысулары. Қолдану мақсатына қарай 2
топқа бөледі:
1) емдеу профилактикалық (адамдар ұшін);
2) диагностикалық (оларды ешқашанда емдеу
үшін қолданбайды, тек қана серологиялық
реакциялар қойып, диагнозын анықтауға
пайдаланады).
17.
ИС-ды зертханалық жануарларды (жылқы, есек, қоян, т.б.)спецификалық антигендермен (бактериялардың,
вирустардың антигендері, анатоксиндер)
гипериммунизациялау әдісімен дайындалады. Оларды
гетерогенді сарысулар дейді, өйткені құрамында адам
организміне сарысулық жат ақуыздары болады.
Сондықтан гомологиялқ сарысуларды қолданған абзал.
Оларды дені сау адамдардың қанын алып, тазалап,
концентрациялап иммунды глобулиндер
дайындайды(донорлар қанынан, әйелдерден босанған
кезде кететін қаннан)
18.
Емдеу және алдын – алу мақсатында адамдарғақан сарысуын (әсіресе гетерологиялық)
енгізгенде әр түрлі асқынулар кейде
анафилактикалық шок (естен тану) болуы мүмкін.
Сондықтан оны организмге бөлшектеп
(А.М.Безредка әдісі) енгізу керек:
1. Сарысуды физ. ерітіндімен 1:100 сұйылтады.
2. Тері ішіне 0,1 мл –ін енгізеді.
3. 20-30 мин-тен кейін жағымсыз реакция бермесе
сұйытылған сарысудың 0,1 мл –ін енгізеді.
4. 30-60 мин-тен кейін жағымсыз реакция бермесе
қалған барлық дозасын енгізеді.
19.
ИБП –дың барлығының жапсырмасында(этикеткасында) мынадай мәліметтер
болуы керек:
1. Препараттың аты.
2. Дайындаған мекеменің аты.
3. Дозасы (антитоксиндік сарысуда АЕ
немесе МЕ антитоксиндік,
халықаралық бірлік – единица;
басқаларында мг немесе мл).
4. Сериялық нөмірі.
5. Сақталу (қолдану) мерзімі.
20.
Анафилактикалық шок - организмгеаллерген енген жағдайда бірден дамитын
аллергиялық реакция нәтижесінде пайда
болатын өмірге қауіпті патологиялық процесс
және қан айналымы, тыныс алу, орталық
жүйке жүйесінің ауыр бұзылыстарымен
сипатталады.
21.
ЖІКТЕЛУІ.Ағымы - жедел басталады, артериалдық қысым тез үдемелі төмендейді,
естен тану, тыныс жетіспеушілігі үдейді. Бұл ағымның ерекшелігі
жүргізілген белсенді шокқа қарсы емге төзімді және үдемелі терең
коматозды жағдайға дейін дамиды. Алғашқы минуттарда немесе
сағаттарда өмірлік маңызды ағзалардың зақымдануына байланысты өлімге
әкеледі.
Бұл ағым екі түрде өтуі мүмкін.
Жедел тыныс жетіспеушілігі, жедел тамыр жетіспеушілігімен.
•Жедел тыныс жетіс.: кенеттен әлсіздік пайда болып, үдейді, кеудесінде
қысу сезімі, ауа жетпеуі, жөтел, экспираторлы ентікпе, бас ауруы, жүрек
тұсындағы ауырсыну, қорқыныш сезімі пайда болады. Тері жабындары
бозарған, цианозды. Тыныс алуы қиындаған, құрғақ сырылдар тыныс
шығару соңында. Беттің немесе дененің басқа бөліктерінің
ангионевротикалық ісігі дамуы мүмкін. Жедел тыныс жетіспеушілігі үдеген
жағдайда және жедел бүйрекүстілік жетіспеушілік қосылған жағдайда
өлімге әкелуі мүмкін.
•Жедел тамыр жетісп.: кенет әлсіздік, құлақта шу , суық тер. Тері
жабындары бозарған. Акроцианоз. Артериалдық қысым үдемелі түрде
төмендейді, тамыр соғысы жіп тәрізді, жүрек тондары тұйықталған.
Бірнеше минуттан кейін естен тануы мүмкін, тырысулар байқалады. Жүректамыр жетіспеушілігі үдеген жағдайда өлімге әкеледі.
22.
Қайталанбалы ағым - клиникалық белгілеріжақсарғаннан кейін бірнеше сағат немесе тәулік
өткенде шок белгілерінің қайтадан дамуы. Кейде шок
қайталанғанда алғашқы кезеңге қарағанда ауыр
өтеді және емге төзімді болады.
Абортивті ағым - шоктың асфиксиялық түрі.
Науқастарда шоктың клиникалық белгілері тез
жойылады, кейде емдік препараттарды қолданусыз.
23.
Анафилактикалық шок дамуы мүмкін егер:анамнезінде дәрілік аллергия, дәрілік препараттарды
ұзақ қабылдау, әсіресе қайталанған курстармен,
депо-препараттарды қолдану, полипрагмазия, дәрілік
препараттың жоғары сенсибилизациялық белсенділігі,
мамандығына байланысты дәрімен ұзақ қатынаста
болу, анамнезіндегі аллергиялық аурулар,
пенициллинге сенсибилизация көзі түрінде
дерматомикоздардың (эпидермофития) болуы.
24.
ЖЕДЕЛ КӨМЕК.1.Науқасты жатқызу. Аяғын көтеру. Бетін бүйірге бұру.
2.Аллергеннің организмге одан әрі түсуін тоқтату: иньекция
орнын немесе жәндік шаққан жерді 0,18% 0,5 мл эпинефрин
ерітіндісін 5,0 мл натрий хлорид изотониялық ерітіндісінде
крест тәрізді енгізу және мұз басу.
3. Аллергенді мұрынға немесе көзге тамызса сумен жуу.
Аллергенді ішке қабылдаған жағдайда асқазанды жуу.
Шоққа қарсы шаралар:
0,18% эпинефрин ерітіндісін 0,3-0,5 мл бұлшық ет ішіне.
Қайталап 5-10 минуттан кейін артериалдық қысымды
бақылаумен. Антигистаминді препараттар 1% дифенгидрамин
ерітіндісі 1,0 мл бұлшық етке (процестің одан әрі өршуін
тоқтатады). Көк тамырға инфузионды ем - 0,9 % натрий
хлорид ерітіндісі 1 литр мөлшерінде.
Аллергияға қарсы ем: преднизолон 90-150 мг көк тамыр ішіне.
Симтоматикалық ем.
25.
НАЗАР АУДАРЫПТЫҢДАҒАНДАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!