Similar presentations:
Трансплантологияның медицинаэтикалық және құқық аспектілері
1. Алматы технологиялық университети Тағамдық биотехнология кафедрасы ПӘН «Биоэтика және тағам биотехнологиясындағы қауіпсіздік негіздер
Алматы технологиялық университетиТағамдық биотехнология кафедрасы
ПӘН «Биоэтика және тағам
биотехнологиясындағы
қауіпсіздік негіздері»
Дәріскер:
Алибаева Бахыт Насихатқызы
2. Дәріс № 5
Тақырыбы: Трансплантологияның медицинаэтикалық және құқық аспектілеріЖоспары
1. Трансплантология мәселелері мен трансплантация түрлері.
2. Адам тірі денесінен мүшелерді алудың жағдайы мен мәселері.
3. Өлі денелерден мүшелердің алудың заңнамалық үлгілері.
4. Адам донорлық мүшелері мен ұлпаларының бөлу критерийлері
5. Ксенотрансплантацияның медицина-этикалық мәселелері.
6. Адам мүшелері мен ұлпаларының трансплантациясын реттейтін
негізгі этикалық ұстанымдар мен құқықты заңнамалар.
7. Дәрістің негізгі терминдері, қолданылатын әдебиеттер мен
электронды ресурстар
3. Трансплантология мәселелері мен трансплантация түрлері :
Трансплантацияның бірнеше түрі бар:1. Мүшені тірі донордан қайта отырғызу.
2. Мүшені өлі донордан қайта отырғызу
3.Мүшелерді жануарлардан алып, қайта отырғызу ксенотрансплантация
Трансплантологияның мәселері:
1.Жанды донорлардан мүшелерді алу рәсімінің моральды
мәселелері;
2. Өлік мүшелерін қайта отырғызудың моральды мәселелері;
3.Биологиялық өлімді анықтаудың критерийлерін ғылыми түрде
орнату
4.Адам мүшелері және ұлпаларымен сауда жасаумен байланысты
этикалық мәселелер
5. Ксенотрансплантацияның этикалық аспектілері;
6.Трансплантацияның құқықтық аспектілерін жетілдіру
4. Тірі донорлардың мүшелерін алу жағдайы мен мәселесі: :
Тірі донордан реципиентке трансплантация жасау үшін, яғни мүшелер менұлпалар алу үшін келесі жағдайларды сақтау қажет:
донор өзінің мүшелері мен ұлпаларын алуға өз еркімен және саналы түрде
жазба түрінде келісімен берген кезде;
донор өзінің мүшелері мен ұлпаларын алу кезіндегі оның денсаулығына
болатын асқынулар туралы ескертті болса;
донор барлық жан-жақты медициналық тексерулерден өткен
және
трансплантациялау үшін мүшелер мен ұлпаларды алуға болтындығы туралы
дәрігер-мамандардың консилиумы бекіткен болса; сонымен бірге, донор
реципиентпен генетикалық тұрғыдан туыстық қатынаста болса, яғни ол
реципиенттің туысы болуы маңызды шарт.
Соңғы шарт, бұл генетикалық байланысты болуына қатысты міндеттілік,
мүшесін берген үшін донорға сыйақы беру және зорлық-зомбылық
әрекетініңе тыйым салу. Туыстар арасындағы қаржылық қарым-қатынас,
басқа бөтен адамдарға қарағанда әлде қайда аз. Сонымен қатар, туыстық
трансплантация жағдайында, мүшелердің иммундық қабыл алмау
мүмкіншілігі төмендейді.
5. Өлі донорлардың мүшелерін алудағы заңнамалық үлгілер
Келісу презумпциясыҚарсылық танытылмаған жағдайда,
айқын деп саналатын келісім
және ол тек тыйым салу арқылы
өзгертілуі мүмкін
Австрия, Бельгия, Финляндия,
Польша, Венгрия, Латвия, Эстония.
Литва, Греция, Португалия, Чехия,
Словакия, Ресей, Қазақстан
Яғни, егер адам тірі кезінде
мүшелерінің қайта
отырғызылуына тыйым салмаса,
онда ол өлімнен кейін автоматты
түрде донорға айналады.
Келіспеушілік презумпциясы
Ақпараттандырылған келісім
Донордың тірі кезінде алынған, не
оның өлімінен кейін жанұясының
жақын мүшелерінің немесе заңды
қамқоршыларының келісімі, ол
кейіннен арнайы құжаттарда
тіркеледі.
Германия,АҚШ,Канада,Ирландия
,Голландия,Швейцария,
Австралия,
ЛатынАмерикасы,
Люксембург, Словения
Әр адам оның мүшелерінің басқа
адамға
қайта
отырғызылатындығына
ерте
бастан қарсы деп жорамалдайды.
6. Адамның донорлық мүшелері және (немесе) ұлпаларын бөлудің критерийлері:
Негізгі критерий болып, дәрігердің шешімімен, жұп донор-реципиенттің иммунологиялықүйлесімділік дәрежесі болып табылады.
Адамдардың иммунологиялық және
биологиялық мәліметтері, мүшелерді қажет ететін адамдардың, яғни «күту
парағы» мәліметтер базасына енгізіледі. Бір жағынан, донорлық мүшелер мен
олардың иммунологиялық көрсеткіштерінің мәліметтер базасы болады. Донорлық
мүшелердің пайда болуы кезінде, «күту парағында» болатын адамдардың биологиялық
параметрлерімен (мәліметтері) салыстыра бастайды. Содан кейін кімнің параметрі қай
реципиентке үйлесімді болып табылса соған мүшені береді. Бұл принцип, медициналық
көзқарас бойынша біршама әділ және өзін-өзі толық ақтаған шешім болып табылады,
яғни осы берілген мүшенің қабыл алмау мүмкіншілігі төмендейді. Егер де, донорлық
мүше немесе ұлпа тізімдегі бірнеше реципиентке сәйкес келсе, бұл жағдайда екінші
критерийге көшеміз – реципиенттің ауру дәрежесінің көрсеткіш критерийі. Алайда, іс
жүзінде екі реципиентке мүше бірдей жағдайда сәйкес келсе және екеуі де ауыр
жағдайда болса, бұл жағдайда негізігі критерий бойынша кезекте тұру жағдайы
қабылданады. Яғни, «күту парағы» мәліметтер базасына кім бұрын тіркелген болса,
соған беріледі. Сондықтан, донорлық мүшелерді бөлудің негізгі критерийлері
олардың маңыздылығына байланысты: бірінші, басты - жұп донор-реципиенттің
иммунологиялық үйлесімділік дәрежесінің сәйкес келуі, екінші реципиеттің
аурлық жағдайының дәрежесі және үшінші кезекте тұруы.
7. Ксенотрансплантация:
Ксенотрансплантация – бұл жануарлардың мүшелерін адамға қайтаотырғызу. Бүгінгі күні донорлық мүшелердің жетіспеушілігіне орай,
жанаурлардың мүшелері адамдардың дефицитті мүшелеріне балама
қызметін атқаруы әбден мүмкін деген пікір бар. Адамның ұлпаларына ең
көп сәйкестікке доңыздың ұлпалары ие болатындығы белгілі. Алайда,
жүргізіліп жатқан эксперименттер мен ксенотрансплантация бойынша
зерттеулерге қарамастан, бүгінгі күні жануарлардың жүрек, бауыр,
бүйрек
сияқты
мүшелері
адамға қайта
отырғызу
үшін
қолданылмайды. Олардың қолданылмайтындығына екі себеп бар:
біріншісі – адам ағзасының жануарлар мүшелерін иммунды түрде
қабылдамауы, екіншісі – жануардан адамға инфекция тасымалдаудың
қаупінің болуы. Ксенотрансплантацияның әлемдік тәжірибесі адамның
жануар мүшесімен тіршілік еткен ең максималды мерзімі 9 айды құрайды
деп көрсетеді, науқасқа 1964 ж шимпанзеның бүйрегі қайта отырғызылды.
Бұл нәтиже ксенотрансплантология тарихында «ертегі» болып саналады,
себебі жиірек бұл бірнеше күн өмірді, сирек аптаға шамалас өмір ғана
сыйлай алады.
8. Ксенотрансплантация:
Ксенотрансплантация:Ксенотрансплантациядан бас тартудың екінші себебі болып, донор-жануардан
реципиент-адамға инфекцияның берілу қаупі болып табылады.
Халықаралық мамандардың пікірі бойынша, жануарлардың адамға, онда
қорғанудың табиғи механизмдері болмайтын түр аралық вирустарды
тасымалдаудың сұсты қауіпі туындайды.
Ксенотрансплантация
технологиясын пайдаланудың салдары болып, «жасанды» пандемиядардың
туындауы болуы мүмкін, оларға мысалы, кейбір ғалымдар АҚТҚ
пандемиясын жатқызады. Қазіргі кезде ксенозооноз сияқты үғым пайда,
яғни жануардың мүшелерін адамға қайта отырғызу салдарынан туындайтын
ауру. Еуропада ксенотрансплантацияларды өткізуге бірнеше жылға
мораторий жарияланған. Сондай-ақ, жануар мүшесі қайта отырғызылатын
адамның сәйкестігі бойынша қауіптену мен салыстырмалы байбаламдар бар.
Осылайша, донорлық мүшелер мен ұлпалар оларды қабылдайтын адаммен
(реципиентпен) оның тұлғалық рухани-тәндік бірлігінің ортасына
енетіндігіне де назар аударылады. Сондықтан, ешқандай жағдайда да
мұндай трансплантация моральдық айыпсыз деп таныла алмайды, себебі ол
рецепиенттің ерекшелігі үшін қатер төндіруі мүмкін және адамның тұлға
мен түр өкілі ретінде қайталанбастығына қол сұғуы мүмкін.
9. Адам мүшелері мен ұлпалары трансплантациясын реттейтін негізгі этикалық ұстанымдар мен құқықтық заңнамалар.
1. Адамның мүшелері сауда-саттық нысаны ретінде қарастырыла алмайды. БМБдекларациясы (1987): “Адам мүшелерін сату-саудалау қатаң түрде жазаланады. ҚР
«Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңында № 170-IIIЗРК-бап.36, 3
тармағы бойынша 7.07.2006 ж бастап трансплантацияға арнап мүшелер мен
ұлпаларды сатуға тыйым салынған.
2. Тірі донордан қайта отырғызу, басқа адамның өмірін құтқару үшін ерікті түрде өзін
құрбан етуге ғана негізделеді. Бұл жағдайда мүшені алуға келісім беру
сүйіспеншілік пен аяушылықтың белгісі болып табылады.
3. Потенциалды донор, оның денсаулығы үшін эксплантацияның мүмкін болатын
салдары жайлы толықтай ақпарат алуы тиіс.
4. Донордың өміріне тікелей қауіп төндіретін эксплантация адамгершілік тұрғысынан
мүмкін емес. ҚР заңнамасына сәйкес тірі донордан мүшені алу үрдісі, тек донор
реципиентпен генетикалық байланыста немесе онымен ұлпалық сәйкестікке ие
болған жағдайда ғана мүмкін болып танылады. (7.07.2006 ж бастап қабылданған ҚР
«Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңы № 170-IIIЗРК-36 бап, 4 тармақ).
5. Бір адамның өмірін, екінші адамның өмірін ұзарту мақсатында қысқарту, соның
ішінде тіршілікті қамтамасыз ететін үрдістерден бас тарту дұрыс емес деп
танылады.
10. Адам мүшелері мен ұлпалары трансплантациясын реттейтін негізгі этикалық ұстанымдар мен құқықтық заңнамалар.
6. Ең кең түрдегі практика болып, күні бүгін қаза тапқан адамдардан мүше алуболып табылады.
Бұл жағдайда өлім сәтін анықтаудағы көмескілік
ықтималдылығы болмау керек.
7. «Ми өлімін» этикалық дұрыс диагностикалау шарты болып, маман-дәрігерлер
консилиуымымен тіркелген қорытынды болып табылады. (7.07.2006 ж
бастап қабылданған ҚР «Азаматтардың денсаулығын сақтау туралы» заңы №
170-IIIЗРК-36 бап, 5 тармақ).
8. Донорлық мүшелерді оңтайлап бөлу басымдылығы, белгілі бір жеке
топтардың артықшылығын анықтаумен және арнайы қаржыландырумен
анықталмауы тиіс.
9. Донорлық мүшелерді оңтайлап бөлген кезде үш критерий ескеріледі: донорреципиент жұбының иммунологиялық сәйкестілігі, реципиент жағдайының
күрделілік дәрежесі мен кезектілік.
10. Адамгершілік тұрғысынан қорғауға алынбаған және экстремалды
жағдайларда орын алатын адамдардың контингентін: үйсіз қалған,
психиатриялық клиникалардың емделушілерін, балаларды, экономикалық
түрде артта қалған мемлекеттердің түрғындарын донор түрінде пайдалану
мүмкін болып табылмайды.
11. Дәрістің басты терминдері:
ТрансплантацияБиологиялық өлімдің критерийлері
Тірі донор
Өлі донор
Әлеуетті (потенциалды) донор
Эксплантация
Келісу презумпциясы
Келіспеушілік презумпциясы
Иммунологиялық үйлесімділік
Түр аралық вирустарды тасымалдаудың қауіпі
Ксенозооноз
Феталдық мүшелері
12. Әдебиеттер мен электронды ресурстар:
1. Юдин Б.Г., Тищенко П.Д Введение в биоэтику: учебное пособие. – Москва,Прогресс-Традиция, 2008. - 382 с.
2. Этика [Электронный ресурс] : учебник для бакалавров / А. А. Гусейнов [и
др.]. - Электрон. текстовые дан. - Москва : Юрайт, 2015. - 569 с. ; 12 см. (Бакалавр. Уг.лубленный курс). - CD-ROM. Электрон. версия печ. публикации . ISBN 978-5-9916-2385-8 (в кор.) : Б. ц. Электронная копия учебник
3. Силуянова И. В. Биоэтика в России: ценности и законы. М., 2001.
4.Стеценко С. Г. Регламентация донорства как фактор регулирования
трансплантации//Медицинское право и этика, -2000, -№ 2, стр. 44-53.
5. http://dic.academic.ru/ Словари и энциклопедии на Академике
6. http://www.bioethics.ru Биоэтический форум.
7. http://bioethica.iatp.by/ Белорусский сайт, посвященный биоэтике.
8. http://www.linacre.org/ Сайт содержит обширную информацию по многим
биоэтическим вопросам (англ.).