Similar presentations:
Трансплантация тарихы
1. Трансплантация
2. Трансплантация
Трансплантация (ортағасырлық лат.transplantatіo – ауыстырып салу) – адам мен
жануарларда органдар мен тіндерді ауыстырып
салу. Өсімдіктерде – өсімдіктер бөліктерін
аналық өсімдіктердің басқа жеріне немесе
басқа өсімдіктерге ауыстырып салу. Бақша
өсіру мен эксперименттік зерттеулерде
қолданылады.
3. Тарихы
Трансплантация әдісі көне заманнан белгілі. Тері қабатының орнын ауыстырып салу әрекеті алғаш ретБ.з.д. 1500 жылы жасалған. Клиникалық тәжірибеде бұлшық еттті, сіңірді, қан тамырларын, жүйке
талшықтарын, сүйек кемігін, т.б. ауыстырып салу жиі қолданылады. Трансплантацияның ерекше бір түрі –
қан құю. Ең жиі алмастырылатын орган – бүйрек болып саналады.
1902 жылы австриялық хирург Е.Ульманн алғаш рет бүйректі Трансплантациялау операциясын
жасады.
Бұрынғы КСРО-да мұндай операцияны бірінші болып белгілі орыс хирургі Б.Петровский жасады
(1965). Ол донор бүйректі шешесінен алып қызына салды, операция сәтті аяқталды. *Адамнан адамға
жүрек алмастырудың алғашқы операциясын 1967 жылы оңтүстік африкалық хирург К.Барнард жасады.
Пациент 18 күн өмір сүрді.
Клиникада өкпені ауыстырудың алғашқы операциясын 1963 жылы америкалық кардио-хирург
Дж.Харди (бір топ дәрігерлермен бірге) іске асырды.
Қазіргі кезде трансплантация экспериментті биология мен медицинада ауто- (өз тіндерін
Трансплантациялау), гомо- (сондай түрдің донорынан Трансплантациялау) және гетеротрансплантация
(басқа түрдің донорынан Трансплантациялау, мысалы итке қояннан) кеңінен қолданылады. мысалы
экспериментті онкологияда (жануарларға тәжірибе жасауда) қатерлі ісік штаммдарын Трансплантациялау.
Трансплантацияға қажетті орган не тінді трансплантат деп атайды. Мұны ауру адамның ең жақын
туысынан немесе қайтыс болған адамнан (мәйіттен) жан-жақты медициналық тексеруден өткізген соң
алады. Трансплантатқа қойылатын басты шарттар: мәйіт жас адамдікі болғаны жөн; қан қысымы қайтыс
болғанша қалыпты деңгейде болуы; қатерлі ісік немесе жұқпалы аурумен ауырмағандығы;
Қазақстанда органды Трансплантация операциясын тұңғыш рет М.Әлиев жасады.
4. Трансплантация тарихы
Трансплантация мәселесі 1902 жылы ғалымдар арасында қызығушылық туғызады.Австриялық зерттеуші Э.Ульман жануарлардың бүйрегін ауыстыруды тәжірибе жүзінде іске
асырыпты. Әлемде адамға тұңғыш трансплантация операциясын хирург Ю.Вороной жасаған.
1933 жылдың 3 сәуірінде жасы 60-ты еңсеріп, қайтыс болған қарияның бүйрегі 26 жасар
келіншекке салынған екен. Алайда бұның соңы сәтсіз аяқталып, емделуші екі күннен кейін
көз жұмады. Ю.Воронойдың сәтсіз операциясынанн соң, Еуропа мен АҚШ ғалымдары
жануарларға тәжірибе жасап көреді. 1950 жылдың 17 маусымында АҚШ-та бүйрек
ауыстырып салынады. Бұдан соң емделуші бес жыл өмір сүрген. Әлемдік тәжірибеге көз
жүгіртсек, трансплантациялық операциядан кейін 37 жыл өмір сүрген адам да болыпты.
Бұрынғы КСРО аумағында да трансплантация мәселесі кеңінен дамыған. Мәселен, 1951
жылы ғалым В.Демихов тұңғыш рет иттің жүрегін ауыстырған. Ал 1967 жылы Біріккен Араб
Әмірліктерінің ғалымы Кристиан Барнард адамның жүрегін ауыстыру операциясын тұңғыш
рет жүзеге асырған екен.
5. Трансплантация ізгі қадам ба?
Биыл Қазақстанда бірінші рет науқасқа донордың жүрегін ауыстырып салу операциясысәтті жасалды. Жалпы, тіндер мен мүшелерді ауыстыру медицина саласының ең ірі
жетістігі саналады. Бүгінде әлемнің алпауыт елдері мүше трансплантациясын жасаудың
ең озық үлгілерін қолданып жатыр. Бір адамның ағза мүшелері 4 адамның өмірін сақтап
қалуға мүмкіндік береді екен.
Қазіргі кезде елімізде 4000 адам ағза ауыстыру үшін тіркеліп, кезегі келетін сәтті асыға
күтіп жүр. Олардың ішінде 1200 науқастың жүрегі сыр берсе, 1300 адамның бауыры, 2000
адамның бүйрегі ауыстырып салу сияқты күрделі операцияны қажет етеді. Алайда бәріне
бірдей «тегін мүше» табыла бермейді, тегін квота да жетпейді. Сондықтан жыл сайын
жүздеген адам трансплантациялық операция жасату үшін шетел асады екен. Пәкістан мен
Қытайға осы мақсатта баратын отандастарымыз көп. Жұрт Пәкістандағы баға әлемдегі ең
төмен баға саналады дегенді айтып жүр. Дегенмен өлім-жітім көп. Ол жақта ота
жасатқандардың ішінде спецификалық және тропикалық инфекциялардың салдарынан
көз жұмғандар туралы деректерден қорыққан қазақстандықтар үшін Ұлттық ғылыми
кардиохирургиялық орталықта жүрек ауыстыру операциясының сәтті жасалғаны
қуанышты хабар болды. Ағзасында мүше ауыстыруға байланысты ақауы бар адамдардың
көздерінде нұр, көңілдерінде үміт сәулесі жылт етті. Көп жұртқа сенсация болған осы
күрделі отадан кейін Қазақстан әлемдегі донорлық жүректі ауыстырып салатын 27 елдің
қатарына қосылды
6. Жасанды бүйректің жұмысы
«Трансплантация туралы» Заңға өзгерістер енгізіп, адамға дене мүшесін донорретінде беру мәселесін қайта қарастыруды қолдайтындардың бірі — облыстық
денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Әсет Қалиев. Ол ел
арасында адам ағзасының сатылуы туралы әңгімені жоққа шығарады. Мәселен,
жүрек қайтыс болған адамнан ғана алынады және ол донордан рецепиентке 4
сағаттың ішінде ауыстырылып үлгерілуі керек. Әрі донор мен рецепиенттің
арасында қан тобының, типтік анализдерінің нәтижесі сәйкес келуі міндетті.
Сәйкес келмеген донорлық мүшені рецепиенттің ағзасы қабылдамайтыны
өзінен өзі түсінікті. Жасанды мүшелер Ол нағыз мүшедей қызмет атқармаса да,
адам өмірін ұзартады. Жасанды сүйектер. Құрылуы кезеңі: клиникалық
зерттеулерде орындалады. Жуырда лимон қышқылы октандиолмен бірге
резеңке секілді зат жасауға болады, ол эластикалы болады. Және де сол
арқылы адамның зақымдалған бөліктеріне орналастыруға болады. Алынған
полимер, гидроаптитпен бірге зақымдалған сүйектің орнына қолданылатын
қатты затқа айналады
7.
8.
9. Трансплантология негіздері
Трансплантация дегеніміз — бір организмненекінші организмге жасушаларды, тіндерді және
мүшелерді алмастыру. Түрлі
трансплантациялардың хирургиялық әдістері
біздің дәуірде жетілдірілген. Ғалымдар мүшелер
мен тіндерді бір индивидуумнан екінші
индивидуумға алмастыру сұрақтарына
хирургиялық технологиялар көмегімен жауап
тапқан.
10. Трансплантат тұрақтамауындағы механизмдер туралы қазіргі көзқарастар
Трансплантат тұрақтамауы донор мен реципиент арасындағы генетикалықайырмашылықтармен себептеледі. Әр түрлі салынған трансплантатқа қарсы
иммундық жауаптың дәрежесі де әр түрлі болады. Әрбір трансплантат түрін
белгілеу үшін бірнеше терминдер қолданады: Изотрансплантат — ол
генетикалық ұқсас индивидумдар арасындағы салынған тіндер мен мүшелер.
Изотрансплантациялау таза линияға жататын тышқандар арасында
орындалады. Адамдарда изотрансплантация генетикалық ұқсас егіздерде
өткізіледі. Аллотрансплантат — ол бір биологиялық түрге жататын генетикалық
түрлі организмдердің арасындағы алмастырған тіндер мен мүшелері.
Тышқандарда аллотрансплантациялау бір таза линиялы тышқандардан екінші
таза линиялы тышқандарына тіндерін немесе мүшелерін алмастырғанда
орындалады. Адамдарда көбінесе бір индивуумнан екінші индивидумга
мүшелерін алмастырғанда өтеді, мысалы донор орнында реципиентке ұқсас
емес егізі болса. Ксенотрансплантат деп, әр түрге жататын организмдер
арасында салынған тіндер немесе мүшелерін айтады. Мысалы, адамға
маймылдан алынып салынған жүректі ксенотрансплантат деп атайды.
Ксенотрансплантат өте жоғары генетикалық сәйкессіздік білдіретіндіктен, ол
салынған тіндер тұрақтамауының өте тез жүруіне себеп болады.
11. Трансплантологияда қолданылады:
Жасанды мүшелер – нағыз мүшелерді алмастырғыштар. Бағаналыклеткалардан мүшелерді клондау Медициналық практикада өте жиі
аллотрансплантатты қолданады. Бұл кезде реципиент пен донор екеуінде
кейбір гендердің түрлі аллельдері вариантты болады. Реципиенттің
иммунды жүйесі аллотрансплантат жасушаларының бетінде
экспрессияланған антигендерді бөгде зат ретінде танып, оған қарсы
иммунологиялық тұрақтамау серпілісін шақырады.
12. Жасанды мүшелер
Ол нағыз мүшедей қызмет атқармаса да, адам өмірін ұзартады. Жасанды сүйектер.Құрылуы кезеңі: клиникалық зерттеулерде орындалады. Жуырда лимон қышқылы
октандиолмен бірге резеңке секілді зат жасауға болады, ол эластикалы болады. Және де
сол арқылы адамның зақымдалған бөліктеріне орналастыруға болады. Алынған полимер,
гидроаптитпен бірге зақымдалған сүйектің орнына қолданылатын қатты затқа айналады.
Жасанды тері. Құрылу стадиясы: зерттеушілер нағыз теріні шығаруды ойлстырып жатыр.
1996жылы жасалған жасанды тері күйікке салынған. Бұл әдіс терінің негізін құрайтын,
клетка ішілік матрицаны дамыту үшін жануарлардың шеміршегінен алынған
коллагендермен гликозамингликандерді байланыстырудан тұрады.2001 жылы осы
тәсілдің негізінде өзі қалпына келетін жасанды тері шығарылды. Жасанды қол -аяқтар.
Құрылу кезеңі: зерттеулер жүргізілуде. Саламандр жұлынған аяқ-қолдар қалпына келтіре
алады. Соңғы кездері аяқ-қолдарын ампутирленген адамдарға үміт пайда болды.
Бағаналы жасушалардан мүшелерді өсіру
Трансплантологиядағы дамыған жағдайлардың бірі бағаналы жасушалардан мүшелерді
өсіру болып табылады. Егер бұл зерттеулер сәтті болса, адамдар кез-келген мүшесін
басқа сау мүшеге ауыстыруға кең мүмкіндік беред