Мың күндік байлықтан Бір күндік саулық артық. Өмірің болмасын десең қысқа Денсаулығыңды мықты ұста.
Жемістерді көп қолдану –пайдалы
Салауатты өмір салтын қалыптастырайық
Орталық Азияның 5 елінде сауалнама жургізілген 15 442 адамның 45,5 %-ы темекі шегіп көрген Пайыздық қатынас бойынша мынадай:
Денсаулыққа қауіпті факторлар
Шылымқордың ағзасы
2.75M
Category: medicinemedicine

Салауатты сөзінің негізгі мағынасы

1.

• Салауатты сөзінің негізгі мағынасы – парасатты, байыпты,
ақылды, ойлы, білімді, зерделі және сабырлы деген ұғымды
білдіреді. Қоғамымыздағы адамзаттың өмірінің аяғына дейін
денсаулығының мықты болуы қоршаған ортаның тазалығына
байланысты.
• Өмір сүру салты дегеніміз - әрбір жеке адамнан бастап, бүкіл
қоғамның қалай еңбек етіп, қалай тұрмыс құрып, бос уақытында
демалатыны, қысқасы, олардың қалыптасқан өмір тіршілігі,
яғни, адамның өмір сүру салты қандай болса, өзі де сондай, өмір
сүру салты тұлға мен қоғам деңгейінің прогресті даму
көрсеткішінің категориясы.
• Салауатты өмір сүру салты тұлға және адам деңгейінде болуы
әлеуметтік экономикалық жағдайларға байланысты болады,
адамның психикасына, денсаулығына, ағзаның функционалдыбиологиялық қасиеттеріне де байланысты. Биологиялық
ерекшелігіне байланысты салауатты өмір сүру салты бір келкі
болады.

2.

• Салауатты өмір сүру салты дегеніміз – био-әлеуметтік
категория Салауатты өмір сүру салты – интегратифті
түрде қалыптасады және адамның іс-әрекетіне
байланысты болады. Салауатты өмір сүру салты –
шаруашылық күнделікті үй тұрмысы, материалдық және
рухани формаларын қанағаттандыру үшін қоғамдық
ұйымдарда өзін-өзі ұстай білу, қоғамдық тәртіппен
санасу, артық сөз айтпау, орынсыз саясатпен айналыспау,
кез-келген адамдарды жамандамау, біреуді біреуге
шағыстырмау, өзін ақылды деп есептеп, басқаларды
ақымақ ретінде көру, ата-анамен баланың тәрбиелі
қарым-қатынасы, тазалық гигиенасын сақтау, ұтымды
тамақтану, зиянды әдеттерден аулақ болу, спортпен
шұғылдану тағы басқалар жатады.

3.

• Салауаттанудың даму кезеңдері.
• I кезең – классикалық кезең адам денсаулығының
маңыздылығы, оны алдын ала сақтау қажеттілігі
жөніндегі ой-пікірлердің дамуы. (Гиппократ, Әбу Әли
Ибн-Сина және тағы басқа).
• II кезең – клиникалық медицина тәжірибелерінің
қорытындысы – адам организмінің ауру түрлерінің,
олардың себептері, емдеу жолдарының зерттелуі,
сауықтыру мүмкіндігінің анықталуы.
• III кезең – гигиеналық медицина тәжірибелерінің
қорытындысы. Ауру түрлерінің алдын алу
мүмкіндіктеріне байланысты әлеуметтік, гигиенелық,
психологиялық деңгейде денсаулықты сақтау және
нығайту іс-әрекеттері жүйесін жасау жөніндегі
ғылыми түсініктер дамиды.

4.

• IV кезең - саналогия ілімінің дамуы. Организмнің
ауру түрлеріне қарсы күресудегі мүмкіндіктері мен
күресу тәсілдері анықталады.
V кезең – салауаттану – дені сау адамның
денсаулығын сақтаудың, нығайтудың
заңдылықтарын, тәсілдері мен тетіктерін зерттеу
жөніндегі ғылым. Кезінде Әбу Әли Ибн-Сина (9801037ж.) өзінің “Дәрігерлік ғылым ережелері”
еңбегінде, ұзақ өмір сүрудің тиімді жолы, ауруды
емдеу жолы емес, денсаулықты сақтау мен нығайту
екенін атап көрсеткен болатын.

5.

• Қазіргі ғылым “салауатты өмір
салтын”:
• - ең жақсы үйлесімді тәртіп;
• - иммунитетті және денені шынықтыру;
• - дұрыс тамақтану;
• - орнықты өмір сүру әдеті;
• - зиянды әдеттің болмауы (“ауру қалса
да, әдет қалмайды”);
• - жоғары дәрігерлік белсенділік – деп
түсіндіреді.

6.

• жаңа XXI ғасырдың адамы – дені сау рухы күшті, жан
дүниесі таза адам болуы шарт. Сондықтан оқушылардың
салауатты өмір сүруін қалыптастыру – мемлекеттің
қамқорлығы. Дені сау адам – қоғамның маңызды
құндылығы.
• Деннің сау болуы – ол, яғни өмірді шексіз сұлу, қуаныш
сезіміне бөлену, өмірден ләззат алу, баланың жаңа жыл
сыйлығын шыдамсыз тосқанындай, әрбір таңды, күнді
асыға ризашылдық көңіл күймен тосу және кешкілік
қамкөңілсіз, кіршіксіз тәртіп ұйқыға кету, ең қажеттісі,
өзіңді-өзің сүю, құрметтеуден басталады.

7.

• Біздің көзқарасымызша, “Салауатты өмір сүру салтына”
3 идея негіз бола алады: дене үйлесімділігі, жан
тазалығы, ақыл-ойдың айқындылығы. Бұл үшеуі тәрбие
жұмысының мақсатын анықтау мен оны
ұйымдастырудың негізгі қазығы, діңгегі және баланың
өзін-өзі тәрбиелеуінің жетекші бағыты болуы тиіс. Ол
үшін мұғалімнің өзі осы идеяның маңызды жетекшісіне
айналуы тиіс. Ол өзінің педагогикалық әрекетін
“АҚИҚАТ, ЖАҚСЫЛЫҚ, ӘДЕМІЛІК” заңына
байланысты атқаруы және соған сай өзі де өмір сүре білуі
тиіс. Сонда ғана ол ақиқат дүниеге айнала алады.

8.

• Осыдан мынадай тұжырымға келуге болады:
• І.Ойы саудың — жаны сау. Жеке тұлғаның білімге, ғылымға деген
ықыласын арттыру, олардың ақыл-ой қабілетін дамыту, ой парасатын
қалыптастыру.
• 2.Жаны саудың — тәні сау. Ұлтымыздың төл мәдениеті, салтдәстүрлері, әдет-ғұрпы арқылы жеке тұлғаның сана-сезімін,
имандылық қадір қасиетін қалыптастыру бағытында жұмыстар
ұйымдастыру.
• 3. Тәні саудың — дені сау. Адамның бір байлығы — денсаулық.
Халқымыздың тән тазалығы дене сымбаты жайлы мұрасы мол. Осы
мұраның негізінде жеке тұлғаны салауатты өмірге бағыттау, олардың
тән саулығымен, жан сұлулығының, имандылығының қалыптасуына
көмектесу, багыт беру.
• 4. Ісі саудың — өмірі сау. Еңбек дағдысын жеке тұлғаның бойына
жастайынан сіңіру, адал, үлкен жауапкершілікпен, іскерлікпен еңбек
ету арқылы өмірін көркейтуге бағыттау.

9.

10.

Байлық
Машина
Табиғат
Білім
Денсаулық
Мал
Саябақ
Баспана
Ақша

11. Мың күндік байлықтан Бір күндік саулық артық. Өмірің болмасын десең қысқа Денсаулығыңды мықты ұста.

12.

Денсаулық туралы мақал - мәтелдер.
•Денсаулық – зор байлық.
•Жарлының байлығы – дененің саулығы.
•Ауру кірді - әлек кірді.
•Ауру кісі күлкі сүймес. Ауыр жүкт і жылқы сүймес.
•Бас ауырса жан қорқады.
•Қай жерің ауырса. Жаның сол жерінде.
•Екі ауру бір келсе ажалыңның жет кені.
•Жан ауырса – т ән азады. Қайғы басса – жан азады.
•Сәт ін салған ауруға. Не болса, сол ем болады.
• Тәні саудың жаны сау.
• Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны.
• Өт пейт ін өмір жоқ. Сынбайт ын т емір жоқ.
• Бас аманда мал т әтті. Бас ауырса жан т әтті.
• Тазалық – саулық негізі. Саулық – байлық негізі.
• Ауру желмен келіп, т ермен шығады
• Сырқат – т ән жарасы. Қайғы – жан жарасы.
• Азғын денеге ауру үйір.
• Ұйқы – т ынықт ырады. Жұмыс – шынықт ырады.
• Көзің ауырса қолыңды т ый. Ішің ауырса т амағыңды т ый.
• Тісі ауырғанның көңілін сұрамайды.
• Аурудың жақсысы жоқ, дәрінің т әттісі жоқ.
• Жарлының байлығы — денінің саулығы.
• Ауру ат анды да шөкт ірер.
•Ауру бат пандап кіріп, мысқылдап шығады.
• Ауру кісі күлкі сүймес, ауыр жүкт і жылқы сүймес.
• Қот ыр қолдан жұғады, т аз т ақиядан жұғады.

13.


Денсаулық – зор байлық.
Жарлының байлығы – дененің саулығы.
Ауру кірді - әлек кірді.
Ауру кісі күлкі сүймес. Ауыр жүкті жылқы
сүймес.
Бас ауырса жан қорқады.
Қай жерің ауырса. Жаның сол жерінде.
Екі ауру бір келсе ажалыңның жеткені.
Жан ауырса – тән азады. Қайғы басса – жан
азады.
Сәтін салған ауруға. Не болса, сол ем болады.
Тәні саудың жаны сау.
Көңіл жақсы болғаны – өмір жақсы болғаны.
Өтпейтін өмір жоқ. Сынбайтын темір жоқ.

14.

Нанды, дәнді дақылдарды,
макарон өнімдерін, күріш
немесе картопты күніне
бірнеше рет тұтыну.
Табиғи жағдайда
өсірілген көкөністер мен
жемістерді жаңа үзілген
күйінде пайдалану.
Күнделікті әртүрлі
тағам өнімдерін көп
мөлшерде қабылдау.
Күнделікті қант мөлшерін
60, ал йодталған тұз
мөлшерін 4-6 граммнан
артық пайдаланбау.
Майлы етті құс
етіне, балыққа,
бұршаққа,
фасольге
ауыстыру.
айды тамақтан
йін 1-2 сағаттан
ң ішу.
Дене салмағын
қадағалап, бір
қалыпты ұстау.
Дене шынықтыру
белсенділігін
арттырып, ішімдік
пен шылым шегуді
тоқтату.

15.

Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар:
1) Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың
болуы (нәруыз, май, көмірсу);
2) Тамақ рационында қосымша заттардың болу
(витаминдер, микроэлемент);
3) Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйін
табиғат климатына байланысты;
4) Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшер
сақтау;
5) Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық
нормаға сай болуы.

16.

17.

Тамақтану
режимі және құрамы
төмендегі проценттік қатынас
негізінде жүруі қажет:
1.Таңертеңгілік ас 7.30 – 8.00 25%
2.Таңертеңгілік ас 11.00 – 11.30 10%
3.Түскі ас 14.00 – 14.30 35%
4.Түстен кейінгі ас 16.30 – 17.00 10%
5.Кешкі ас 19.00 – 20.00 20%

18.

19.

Пайдалы тамақтар:
нан,макарон өнімдері,әртүрлі
жармалар,көкөніс пен
жеміс жидек
Пайдасыз тамақтар:
қант,тәттілер,кондитерлі
к өнімдер,газды сусындар.

20.

21. Жемістерді көп қолдану –пайдалы

Жемістерді көп қолдану –
пайдалы

22.

«Тамақ пирамидасы»
1.Қатарда - нан
өнімдері,жармалар.
2.Қатарда - көкөністер мен
жеміс - жидектер
3.Қатарда - сүт
тағамдары,ет,балық.
4.Қатарда - қант,тұз,түрлі
тәттілер.

23. Салауатты өмір салтын қалыптастырайық

24. Орталық Азияның 5 елінде сауалнама жургізілген 15 442 адамның 45,5 %-ы темекі шегіп көрген Пайыздық қатынас бойынша мынадай:

барлығ
ы
ұлда
р
қызда 15р
18
жас
19-21 22жас
24
жас
Қазақстан
52,3
54,9
49,4
50,4
57,1
54,8
Қырғыстан
58,0
75,8
39,5
52,7
57,6
66,4
Тәжікстан
25,1
32,7
19,4
19,7
36,0
48,6
Түркіменста
н
41,9
59,4
28,5
39,5
42,7
42,7
Өзбекстан
46,3
42,4 55,9
40,3 54,5
48,4
• Көріп тұрғандай, “алдыңғы шепте” жалпы алғанда да, жастары
бойынша алғанда да Қазақстан мен Қырғызстан тұр. 15-18
жастағы жасөспірімдердің әрбір екіншісі темекі шегіп көрген
(50,4%-ы).

25. Денсаулыққа қауіпті факторлар

Артық
салмақ
Шылым
шегу
Дұрыс
тамақтанбау
Зиянды
әдеттер
Наркомания
Жоғарғы
қан қысымы
Алкогольді
Ішімдіктерге
әуестену

26. Шылымқордың ағзасы

• Шаш түсуі
• Катаракта
• Терінің
• Остеопороз
қартаюы
Есту
қабілетінің
төмендеуі
Терінің рак
ауруы
Эмфизема
(кебу, ауа
кернеу)
Тістердің
бұзылуы
(сүйек
ұлпасының
сиреуі)
Жүрек ауруы
Асқазан жарасы
ауруы
Тырнақтың
сарғаюы
Түсік
Ісік ауруы

27.

Өкпеңізде екі
үлкен дақ бар
Бұл сенің өмірің бе?
35 жыл бойы сен мені
тартып едің, енді мен
сені тартамын

28.

ҚОРЫТЫНДЫ
Денсаулықтың қай анықтамасы болсын оны адам
организмінің бейімделуі, қарсыласуы, күресуі, өз
мүмкіндіктерін кеңейтуі деген тұжырымға негізделген.
Бірақ денсаулықты организмнің атқаратын қызметтерін
ескермей пайымдау мүмкін емес екені де күмәнсіз.
Адам – тірі жүйе,оның негізін физикалық пен рухан,
табиғи мен әлеуметтік, тұқымқуалай берілген және
жүре қалыптасқан бастамалар құрады. Денсаулық
тіршілік барысында жастық ерекшеліктеріне,
организмнің қоршаған ортамен арақатынасына,
әлеуметтік әрекеттер ерекшеліктеріне байланысты
қалыптасады
Демек, салауатты өмір салтын насихаттау
жұмысы жылдан-жылға толықтырыла түсетін болса
дені сау, жаны сау ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндігіміз
артатынана толық сенім білдіреміз.
English     Русский Rules