Similar presentations:
Денсаулық көрсеткіштері
1.
АҚ «Астана Медицина университеті»Кафедра: Еңбек гигиенасы және коммуналдық гигиенасы
СӨЖ
Тақырыбы:
ДЕНСАУЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ
Орындаған: Байтасова Ә.Қ 401 қдс
Тексерген: Сембиева Ф.
Астана қ. 2015 ж.
2. ЖОСПАР
• Кіріспе• Негізгі бөлім
1. Денсаулық деңгейлері, түрлері
2. Денсаулық көрсекіштері
3. Қазақтандағы қоғам денсаулығының көрсеткіші
• Қорытынды
• Пайдаланған әдебиеттер
3. Кіріспе
Қазіргі күнге дейін денсаулық деген түсініктің біркелкі алынған дәлелдіанықтамасы болмағандықтан, адамдардың денсаулығына дұрыс баға беру
біршама қиындық туғызады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының
жарғысы бойынша, денсаулық деп «аурушандық пен дене бітімінде
кемшіліктердің бар не жоғы ғана емес, сонымен қатар адамдардың толық
физикалық, әулеметтік және рухани қолайлы жағдайларын» түсінеміз.
Академик В.П.Казначеевтің жеке бас денсаулығы туралы анықтамасы бұдан да
толығырақ:» денсаулық дегеніміз, организмнің ұзақ өмір сүру барысында
биологиялық және психикалық әрекеттері мен тиімді жұмыскерлігінің,
әлеуметтік белсенділігінің, сондай-ақ жас етекщеліктеріне сәйкес дені сау
ұрпақ жалғастыру қабілетінің сақталуы мен дамуы».
4.
Денсаулықты жеке адамның денсаулығы жәнежалпы халықтың денсаулығы деп бөледі. Жеке адамның
денсаулығын, яғни оның
организмінің клиникалық,физиологиялық және биохимиялық көрс
еткіштерінің жиынтығын адамның жынысына, жасына, сондай-ақ
климаттық және географиялық жағдайларына байланыстыра
отырып анықтайды.
Ал жалпы халықтың денсаулығы санитарлық-статистикалық
кешенді көрсеткіштермен, яғни халықтың өсімі,
өлуі, балалар өлімі, әр түрлі ауруларға шалдығуы, адамның дұрыс
өсіп дамуы, орташа жасы, т.б. факторлар арқылы анықталады.
Жалпы халықтың денсаулығының қалыпты болуы – жеке
адамдардың ай сайынғы алатын еңбек ақысына, жұмыс уақытының
ұзақтығына, еңбек және тұрмыс жағдайларына, дұрыс
тамақтануына, денсаулық сақтау ісінің даму барысына, елдің
жалпы санитарлық жағдайына тікелей байланысты. Адам
денсаулығының мән-маңызына қазақ халқы ежелден көп көңіл
бөлген; күнделікті өмірде денені күтіп ұстауға, тазалық сақтауға,
дұрыс тамақтануға да өте қатты мән берген. Қазақ халқының
«Бірінші байлық – денсаулық», «Дені саудың – жаны сау», «Жаны
саудың – тәні сау» деген мақал-мәтелдері адам денсаулығын
күтуде терең тәрбиелік және философиялық маңызын осы күнге
дейін жойған жоқ.
5.
Денсаулық деңгейлеріжеке денсаулық – жеке адамның денсаулығы
топтық денсаулық – қандай да бір белгі бойынша
біріктірілген адамдардың денсаулық сиппаттамасының
жиынтығы: жанұя, еңбек ұжымдары, студенттер және тағы
басқалар;
аймақтық денсаулық – белгілі бір территорияда өмір
сүретін адамдар денсаулығы сипппатамасының жиынтығы
қоғамдық денсаулық - ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз
ететін медициналық-әлеуметтік ресурс және қоғамдық
потенциал.
6.
Қоғамдық денсаулық факторлардың кешенді әсеріне байланысты, бұлфакторларды бірнеше топқа біріктіруге болады:
1. саяси (мемлекеттік әлеуметтік саясат, денсаулық сақтау саласындағы
саясат, денсаулық сақтау жүйесін мемлекеттік реттеу, денсаулық сақтау
саласындағы құқықтық актілер және т.б.);
2. әлеуметтік-экономикалық (тұрғындарға есептелетін ішкі жалпы өнім,
денсаулық сақтау жүйесінің қаржыландырылуы, еңбек және тұрмыс
жағдайы, денсаулық сақтау жүйесінің ұйымдастырылуы, өмір сүру салты
және т.б.);
3. табиғи-климаттық, экологиялық (қоршаған орта жағдайы және
ластануы); биологиялық (жасы, жынысы, тұқым қуалаушылық, ұлты,
конституция, жүйке жүйесінің типі және т.б.)
7.
ФИЗИКАЛЫҚСАУЛЫҚ
ПСИХИКАЛЫҚ
САУЛЫҚ
ӘЛЕУМЕТТІК
САУЛЫҚ
РУХАНИ САУЛЫҚ
8.
Физикалық саулық дегеніміз адам организмінде функциялардыңөздігінен реттелуі, функциялық үрдістердің келісімді өтуі, сыртқы
орта әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі жағдайда
болуы.
Психикалық саулық - ауруды болдырмау, қайтсе де одан арылу
«адам өмірінің мақсаты» болуын болжайды.
Әлеуметтік саулық - адамның әлеуметтік белсенділігінің, яғни
жеке адамның айналадағы өмірмен біте қайнау дәрежесі.
9.
Қоғамдық денаулық көрсеткішіДемографиялық
көрсеткіш
статистика
Физикалық даму
көрсеткіші
Аурушаңдық
көрсеткіші
антропскопия
Алғашқы
аурушаңдық
антропометрия
Динамика
Табиғи
Механикалық
физиометрия
Физ.дамуды
бағалау
Физ.жағдайын
бағалау
Денсаулық тобын
анытау
Мүгедектік
көрсеткші
біріншілік
жалпы
Таралуы
құрылымы
жиілігі
Патологиялық
зақымдану
10.
• Аурушаңдық – халық арасында аурудың таралуы.• Алғашқы аурулық (ауру сырқаулық) халық арасындағы жаңа,
бұрын еш жерде тіркелмеген және биылғы календарлық жылда
алғаш рет анықталған аурулардың жиынтығы.
• Жалпы аурулық– бұл биылғы жылы бірінші реет анықталған
аурулар мен өткен жылы анықталып, биылғы жылы сол аурудың
салдарынан бірінші рет қаралған халық арасындағы барлық
аурулардың жиынтығы.
• Медициналық тексеру мәліметі бойынша аурулық
(патологиялық зақымдалу) дәрігерлік қарауда айқындалған
аурулар мен түрлі морфологиялық және функционалдық
өзгерістердің жиынтығы.
11.
Тұрғындардың мүгедектігі. Алғашқы мүгедектіктің көрсеткіші – тұрғындардың пайызбенкөрсетілген орташа жылдық санына мүгедек деп алғаш танылғын санның қатысы. ДДСҰ мәліметтері
бойынша қазіргі таңда әлемде мүгедектер тұрғындардың шамамен 10% құрайды, олардың көп бөлігі – егде
адамдар. Мүгедектіктің ұстанымдарына байланысты әр елде елеулі өзгешеліктер байқалады: АҚШ – 19%,
Ресей Федерациясында - 6%, Қытайда - 5%, Қазақстанда - 3%. Ересек тұрғындарды мүгедектендіруші
негізгі кемістіктер қан айналым жүйесінің аурулары болып табылады, екінші орында – қатерлі жаңа пайда
болулар, үшінші орында – жарақаттанулар.
- DALY (disability-adjusted life years) денсаулықтың жай-күйін (еңбекке қабілетсіздігін ескере отырып
түзетілген өмір жасының саны) сапалық интеграциялық бағалау көмегімен аурудың жаһандық
ауыртпалығын өлшеу үшін қолданылады
- QALY (quality of life outcome/endpoint) – сапалы өмір сүрген жылдарды көрсететін индекс
- DALE (disability adjusted life expectancy) – дені сау күйде өмір сүрудің күтілетін орташа ұзақтығы
- HALE (healthy life expectancy) – дені сау күйде өмір сүру ұзақтығы
12.
Физикалық даму- дегенде ағзаның күш-қуатының, төзімділігінің жәнежұмысқа деген қабілетінің қорын анықтауға мүмкіндік беретін оның
морфологиялық және қызметтік белгілерінің жиынтығы түсініледі. Дене
бітімдік дамуды бағалау дәрігердің қабылдауы кезінде медициналық бақылау
кезінде жүргізіледі. Балалар мен жас өспірімдердің дене бітімінің дамуын
қарқынды бақылау ағзаның қалыптасу тенденциясын, олардың дене бітім
дамуының стандарттарына сәйкестігін бақылауға мүмкіндік береді. Дене
бітімдік даму соматоскопиясен, антропометриямен және физиометриямен
анықталады.
13.
14. Қорытынды
Қоғам денсаулығының көрсеткішін Үкіметтің оған қатысты барлық жүйелері бірігіп,тығыз байланыста жұмыс жасағанда ғана (қоршаған орта, әлеуметтік қорғау жүйесі,
дене шынықтыру, құқық қорғау органы және т.б.) жоғарылатуға болады. Ауруды алдын
алу ауруды емдегеннен әрқашан да тиімді және мемлекетке арзанға түседі.
Орынды жерде айтқан жөн, аурудың алдын алу тәжірибесі бұрынғы Кеңес Одағында
жүйелі дамыған еді. Сол прогрессивтік идеяны сақтап қалып, сонымен бірге алдыңғы
қатарлы мемлекеттердің тәжірибесін дамыта отырып, денсаулық сақтау жүйесіне
Қазақстан өз даму моделін ұсынбақ. Сол себепті Үкіметтің қоғам денсаулығы
көрсеткішіне қатысы бар барлық жүйенің жұмысын біріктіріп, бағдарлама дайындайтын
және оның жұмысын қадағалайтын қоғамдық денсаулық сақтау орталығы бар.
15.
Әдебиеттер:1. Аканов А.А., Девятко В.Н., Кульжанов М.К. Общественное
здравоохранение в Казахстане: концепция, проблемы и
перспективы. –Алматы, 2013.– 100 с.
2. Лисицын Ю.П., Полунина Н.В. Общественное здоровье и
здравоохранение: Учебник. – М., 2012.– 416 с.
3. Юрьев В.К., Куценко Г.И. Общественное здоровье и
здравоохранение. – С.-Петербург, 2013.– 914 с.