Similar presentations:
Дәріс_11_Салауатты_өмір_сүру
1.
Пәннің атауы: Тіршілік қауіпсіздігіТақырып:
Тіршілік қауіпсіздігі компоненті ретінде
салауатты өмір салтының негіздері
Алигожина Дина Амангельдыевна
Аға оқытушы
Павлодар,
2026 ж.
2.
Сабақтың жоспарыКіріспе
1. Денсаулық сақтау ұғымы
2. Салауатты өмір салты
3. Дене белсенділігі және дұрыс тамақтану
4. Ұйқы, психикалық саулық және цифрлық гигиена
Қорытынды
3.
Кіріспе.Салауаттану – жеке адамның, қоғамның, жалпы табиғаттың денсаулығы
туралы ғылым. Адамның физикалық, психологиялық, моральдық-адамгершілік
және әлеуметтік денсаулығы жаратушының өзара байланысы мен өзара үйлесімді
әрекеттерінен қалыптасады.
Салауаттану ғылымы «денсаулықты қалай
Тіршілік дегеніміз тек адамның
сақтау керек» принциптері мен механизмдерін ғана
емес,
кез-келген
тірі
зерттейді.
организмнің қоршаған ортамен
Салауаттану нысаны:
өзара әрекеттесуі болғандықтан,
1-ден – дені сау адам;
салауаттану өмір сүру үшін қажетті
2-ден – оны қоршап тұрған барлық нәрсе және қоршаған орта әсерінің барлық
денсаулыққа әсер ететін факторлар;
компоненттерін зерттеу міндетін
3-ден – аурудың пайда болу себептері, дененің қояды.
сау күйге оралу механизмі, қорғауға бейімделу
механизмдері;
4-ден – сақтандыру және сауықтыру шаралары.
4. 1. Денсаулық сақтау ұғымы.
Денсаулық сақтау — халықтың денсаулығын қорғауға, аурулардыңалдын алуға, медициналық көмекті ұйымдастыруға және өмір сапасын
жақсартуға бағытталған шаралар мен ұйымдар жүйесі.
Денсаулық сақтау жүйесі профилактиканы, ерте
анықтауды,
емдеуді,
оңалтуды
және
паллиативтік
(жазылмайтын, ауыр аурумен ауыратын адамға көрсетілетін
көмек) біріктіреді. Қызметтер қауіпсіз, сапалы және халыққа
қолжетімді болуы тиіс.
Денсаулықты нығайту тек медицина
қызметкерлерінің міндеті емес. Мемлекет,
білім беру ұйымдары, жұмыс берушілер,
қоғам және әр адам денсаулыққа қолайлы
орта қалыптастыруға қатысады.
5. 1. Денсаулық сақтау ұғымы.
Денсаулыққа әсер ететін факторлар.Инфекциялық емес аурулардың қаупіне темекі мен никотин
қолдану, жеткіліксіз қозғалыс, теңгерімсіз тамақтану және алкоголь
әсер етеді. Алайда денсаулықты тек өмір салтына байланыстырып
қою дұрыс емес: әлеуметтік, экономикалық, экологиялық және
биологиялық факторлар да маңызды.
Студент өзгерте алатын негізгі бағыттар:
• күнделікті қозғалысты көбейту;
• құнарлы тағам мен суды таңдау;
• ұйқы режимін сақтау;
• күйзелісті қауіпсіз тәсілмен басқару;
• темекі, вейп және есірткіден бас тарту.
6. 2. Салауатты өмір салты
Салауатты өмір салты — денсаулықты сақтауға және нығайтуғакөмектесетін тұрақты күнделікті әдеттер жүйесі. Ол адамның
таңдауымен қалыптасады, бірақ оған оқу кестесі, қаржылық
мүмкіндік, қоршаған орта және әлеуметтік қолдау да ықпал етеді.
Негізгі қағида — шағын, нақты және тұрақты өзгерістер.
7.
2. Салауатты өмір салты.Салауатты өмір сүру салтының 3 категориясы болады:
- өмір сүру деңгейі;
- өмір сүру сапасы;
- өмір сүру стилі.
Салауатты өмір сүру деңгейі – экономикалық категория. Адамдардың
материалдық және моральдық-рухани қажеттілігі толығымен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүру сапасы – әлеуметтік категория – үй-іші қызмет істейтін
орындары неше түрлі адам денсаулығын қамтамасыз ететін комфортты жиҺаздар
мен лабораториялық жабдықтармен қамтамасыз етілуі.
Салауатты өмір сүру стилі – әлеуметтік-психологиялық категория, адамның
қоғамдық
орындарда өзін-өзі ұстап және көрсете білуі.
.
Денсаулық пен ауру бір-біріне абсолютті қарама-қарсы ұғымдар емес. Созылмалы
ауруы бар адам да емді сақтап, белсенді өмір сүріп, жоғары өмір сапасына қол
жеткізе алады.
8. 2. Салауатты өмір салты.
Салауатты өмір сүру үшін:9. 2. Салауатты өмір салты.
2. Салауаттыөмір
салты.
• Әр түрлі аурулардың алдын алу үшін организмді үнемі
шынықтыру қажет. Шынығудың арқасында организм қоршаған
ортадағы температураның күрт өзгеруіне бейімделеді және
организмнің жұқпаларға қарсылығын жоғарлатады. Шынықтыру
емшараларын таңдау кезінде адамның жасы, денсаулығы, шынығуға
бейімделу дәрежесі және т.б. жеке ерекшеліктерін ескеру қажет.
● Денсаулықты сақтауда уақытымен және дұрыс тамақтанудың
маңызы зор. Жүріп бара жатып, кітап оқып отырып, теледидар
алдында тамақтануға болмайды. Майлы, тұзды, тәтті тағамдарды
қабылдауды шектеген жөн, тамақты аса көп жеуге, ұйықтар
алдында тамақтануға болмайды. Тағам әр түрлі сапалы,
экологиялық таза болуы тиіс. Төрт мезгіл тамақтануды сақтай
отырып, белгілі бір сағатта ас қабылдаған дұрыс
● Темекі шегуден, ішімдіктен, есірткі және
уытты заттардан бас тарту. Бұл зиянды әдеттер
организмге әсер етіп, денсаулыққа зиян
келтіреді.
10.
3. Дене белсенділігі: студентке арналған нормаАПТАЛЫҚ МАҚСАТ
Орташа қарқында 150–300 минут немесе жоғары
қарқында 75–150 минут қозғалыс.
КҮШ ЖАТТЫҒУЛАРЫ
Негізгі бұлшықет топтарына аптасына кемінде 2
күн жаттығу.
ОҚУ КЕЗІНДЕГІ ҚОЗҒАЛЫС
Әр 45–60 минут отырғаннан кейін 3–5 минут
тұрып, жүру немесе созылу.
ҚАРҚЫННЫҢ ҚАРАПАЙЫМ БЕЛГІСІ
Орташа қарқында сөйлей аласыз, бірақ ән айту
қиындайды. Жүктемені біртіндеп арттырыңыз.
Ескерту: созылмалы ауру немесе жарақат болса, жүктемені медицина
маманымен келісіңіз.
11.
3. Дұрыс тамақтанудың заманауи қағидаларыКӨКӨНІС ПЕН ЖЕМІС
Тәулігіне кемінде 400 г. Түрлі
түсті өнімдерді таңдаңыз.
ТАЛШЫҚ
Тәулігіне кемінде 25 г: тұтас
дән, бұршақ, көкөніс, жеміс
және жаңғақ.
ҚАРАПАЙЫМ ТӘРЕЛКЕ ҮЛГІСІ
Тәрелкенің жартысы — көкөніс пен жеміс; төрттен
бірі — тұтас дән; төрттен бірі — ақуыз көзі.
ТҰЗ
Тәулігіне 5 г-нан аз. Дайын
тағамдағы жасырын натрийді
ескеріңіз.
СТУДЕНТКЕ ҚОЛЖЕТІМДІ ТАҢДАУ
Су, айран, жұмыртқа, сұлы, қарақұмық, бұршақ,
маусымдық көкөніс.
Қантты
сусынды
күнделікті
әдетке
айналдырмаңыз.
12.
4. Ұйқы және оқу қабілеті18–60 ЖАСҚА НОРМА
Тәулігіне кемінде 7 сағат ұйқы. Жеке қажеттілік
адамның денсаулығы мен күн тәртібіне қарай
өзгеруі мүмкін.
ТҰРАҚТЫ РЕЖИМ
Күн сайын бір уақытта ұйықтап, бір уақытта ояну
биологиялық ырғақты тұрақтандырады.
ҰЙҚЫ АЛДЫНДАҒЫ 60 МИНУТ
Жарықты бәсеңдету, экран уақытын азайту, ауыр
тамақ пен кофеинді шектеу.
ҚАУІПТІ БЕЛГІ
Ұйқысыздық, күндізгі қатты ұйқышылдық немесе
қорыл ұзаққа созылса, маманға жүгініңіз.
Ұйқыны қысқарту есте сақтау, назар және эмоцияны реттеуге кері әсер етеді.
13.
4. Психикалық саулық және күйзелісті басқаруКҮЙЗЕЛІС — ТАБИҒИ РЕАКЦИЯ
Емтихан, мерзім және қарым-қатынас қиындығы
қысқа мерзімді күйзеліс тудыруы мүмкін.
КҮНДЕЛІКТІ ДАҒДЫ
Оқу жоспарын бөліктерге бөлу, қозғалу, жеткілікті
ұйықтау және сенімді адаммен сөйлесу.
2 МИНУТТЫҚ ӘДІС
Баяу тыныс алыңыз: 4 секунд дем алу, 6 секунд дем
шығару. 8–10 рет қайталаңыз.
КӨМЕК ҚАЖЕТ КЕЗДЕ
Белгілер оқу мен күнделікті өмірге кедергі
келтірсе, университет психологына немесе
медицина маманына жүгініңіз.
14.
4. Зиянды әдеттер және цифрлық гигиенаТЕМЕКІ ЖӘНЕ ВЕЙП
Никотин күшті тәуелділік
тудырады. Электрондық темекі
мен қыздырылатын темекі
қауіпсіз өнім болып саналмайды.
АЛКОГОЛЬ
Алкогольді қолданудың қауіпсіз
деңгейі жоқ. Тәуекел мөлшер мен
жиілік артқан сайын өседі. Көлік
жүргізерде және дәрі
қабылдағанда алкоголь қолдануға
болмайды.
ЦИФРЛЫҚ ГИГИЕНА
Оқу кезінде хабарламаларды өшіру (ТикТок,
Инстаграм және т.б.);
20–20–20 ережесі кқзге арналған демалыс
20 минут телефонға/компьютерге қарап оқыдың;
20 секунд демал
6 метр алысқа қарау.
ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ СУСЫН
Кофеин мөлшерін тексеріңіз.
Оны алкогольмен
араластырмаңыз және ұйқы
орнына қолданбаңыз.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ШЕКАРА
Ұйқыға дейін экран уақытын азайту; мазасыздық
тудыратын контентті шектеу; құпиялылық
баптауларын тексеру.
15. Қорытынды:
Салауатты өмір салты бір реттік әрекет емес. Ол күн сайын қайталанатын,ғылыми негізделген және адамның жағдайына бейімделген әдеттерден
қалыптасады.
Тұрақты қозғалыс, құнарлы тамақтану, жеткілікті ұйқы, психикалық
саулықты қолдау және зиянды заттардан бас тарту ауру қаупін төмендетіп, оқу
қабілеті мен өмір сапасын жақсартады.
Қиындық туындаса, сенімді ақпаратқа сүйеніп, медицина маманына немесе
университеттің қолдау қызметіне жүгіну қажет.