I бөлім. Конституциялық құрылыс негіздері
II бөлім. Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер
III бөлім. Президент
IV. Құрылтай
V. Үкімет
VI . Қазақстан Халық Кеңесі
VII. Конституциялық Сот
VIII. Сот төрелiгi. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері
IX . Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
122.56K
AI
Category: lawlaw

Қазақстан Республикасының Конституциясы

1.

Қазақстан Республикасының Конституциясы
Қазақстан өз тәуелсіздік тарихында үш рет Негізгі Заңын қабылдады:
1993 жылғы 28 қаңтар — Егемен Қазақстанның тұңғыш Конституциясы
қабылданды.
1995 жылғы 30 тамыз — Бүкілхалықтық референдум нәтижесінде қазіргі
қолданыстағы Конституция қабылданды.
Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясы 2026
жылы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданды.
Жалпы 1995 жылғы Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан
айырмашылығы - жаңа Ата заңға алғаш рет азаматтың құқығына ғана емес,
адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты
нормалар енгізілген. Еліміздің негізгі заңын қабылдаудан бұрын ел
халқымен кеңінен талқылау болды. Жалпы алғанда, жоба 33 мыңға жуық
ұжымдық талқылаудан өтіп, оған 3 миллионнан астам азамат қатысқан.
Талқылау барысында 30 мыңға жуық ұсыныс пен ескерту, 55 бапқа 1100-ден
астам түзету мен толықтыру енгізілген.

2.

2026 жылдың 15 наурызда соңғы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген
Қазақстан Республикасының Конституциясы 11 бөлім, 96 баптан тұрады.
I бөлім. Конституциялық құрылыс негіздері
II бөлім. Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер
III бөлім. Президент
IV бөлім. Құрылтай
V бөлім. Үкiмет
VI бөлім. Қазақстан Халық Кеңесі
VII бөлім. Конституциялық Сот
VIII бөлім. Сот төрелiгi. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері
IX бөлім. Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару
X бөлім. Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу
XI бөлім. Қорытынды және өтпелі ережелер

3. I бөлім. Конституциялық құрылыс негіздері

Қазақстан Республикасы – демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет. Мемлекеттің ең
жоғары құндылығы – адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.
1. Қазақстан Республикасы – унитарлы мемлекет. Басқару үлгісі – президенттік республика.
2. Қазақстан Республикасының Егемендігі оның бүкіл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының
тұтастығын, қол сұғылмауын, бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
3. Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы конституциялық заңда айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласы. Елорда мәртебесі конституциялық заңда
айқындалады.
5. Қазақстан Республикасы мен Қазақстан атауларының мәні бірдей.
6. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы (ақша бірлігі) – теңге.
Теңгені эмиссиялау айрықша құқығы Қазақстан Республикасына тиесілі.
7. Қазақстан Республикасының Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы мен басқару
үлгісі өзгермейді.

4. II бөлім. Негізгі құқықтар, бостандықтар мен міндеттер

Азаматтардың құқықтары
▪
Өмір сүру құқығы.
▪
Жеке бас бостандығына құқығы.
▪
Сөз және шығармашылық еркіндігі.
▪
Ар-ождан және дін бостандығы.
▪
Білім алуға құқығы.
▪
Еңбек ету және мамандықты еркін таңдауға құқығы.
▪
Денсаулығын сақтауға және медициналық көмек алуға құқығы.
▪
Жеке меншікке ие болу құқығы.
▪
Тұрғын үйге құқығы.
▪
Мемлекеттік басқаруға қатысу және сайлау құқығы.
▪
Сот арқылы өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға құқығы.
▪
Заң алдында тең болу құқығы.

5.

Азаматтардың міндеттері
▪
Конституция мен заңдарды сақтау.
▪
Басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу.
▪
Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу.
▪
Салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлеу.
▪
Қазақстан Республикасын қорғау және әскери қызмет атқару.
▪
Табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау.
▪
Тарихи-мәдени мұраларды сақтау.

6. III бөлім. Президент

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекет басшысы, мемлекеттің
ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, Қазақстан
атынан ел ішінде және халықаралық қатынастарда өкілдік ететін ең
жоғары лауазымды тұлға.
Конституция бойынша Президент болып:
Қазақстан Республикасының тумасы;
40 жасқа толған;
мемлекеттік тілді еркін меңгерген;
Қазақстанда соңғы 15 жыл тұрақты тұрған;
жоғары білімі бар азамат сайлана алады.
Президент 7 жыл мерзімге сайланады, әрі бір адам Президент болып
бір реттен артық сайлана алмайды.

7. IV. Құрылтай

Қазақстан Республикасының Құрылтайы – заң шығару билігiн жүзеге асыратын
Қазақстан Республикасының жоғары өкiлдi органы.
ҚР Құрылтайы 145 депутаттан тұрады
Негізгі қызметі: конституциялық заңдар мен заңдарды қабылдау. Қаулы
қабылдайды, олар Конституция мен заңдарға қайшы келмеуі тиіс.
Құрылтайдың қызметі ҚР Конституциясымен және «ҚР Құрылтайы және оның
депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңмен реттеледі.
Құрылтай депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл.
Жиырма бес жасқа толған, Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, оның
аумағында соңғы он жыл бойы тұрақты тұрып жатқан адам Құрылтай депутаты
бола алады.

8. V. Үкімет

Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады,
атқарушы органдар жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық етеді.
мемлекеттiң әлеуметтiк-экономикалық саясатының, қорғаныс қабiлетiнiң, қауiпсiздiгiнiң, қоғамдық тәртiптi
қамтамасыз ету ісінің негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) Құрылтайға республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады, бюджеттің
атқарылуын қамтамасыз етеді;
3) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді;
4) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын жүргізу шараларын әзірлейді;
6) министрліктердің, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық етеді;
7) Қазақстан Республикасының министрліктері, өзге де орталық және жергілікті атқарушы органдары
актілерінің толық немесе бір бөлігінде күшін жояды не қолданысын тоқтата тұрады;
8) мемлекеттік бюджет есебінен қамтылатын барлық орган үшін қаржыландырудың және қызметкерлерге
еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесін Қазақстан Республикасы Президентiнің келісімімен бекітеді;
9) өзіне Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентiнің актілерімен жүктелген
өзге де функцияларды орындайды.

9. VI . Қазақстан Халық Кеңесі

Қазақстан Халық Кеңесі – Қазақстан Республикасы халқының мүддесін
білдіретін жоғары консультативтік орган.
Қазақстан Халық Кеңесі:
1) мемлекеттің ішкі саясатының негізгі бағыттары, қоғамдық келісімді,
жалпыұлттық бірлік пен ынтымақты нығайту, Қазақстан Республикасы
қызметінің негіз құраушы қағидаттарын және жалпыұлттық құндылықтарды
ілгерілету жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлейді;
2) Құрылтайға заң жобаларын енгізеді;
3) жалпыхалықтық референдум тағайындау туралы бастама көтереді;
4) конституциялық заңға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

10. VII. Конституциялық Сот

Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты – конституциялық
бақылауды жүзеге асыратын және бүкіл ел аумағында Қазақстан
Республикасы Конституциясының үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз
мемлекеттік орган.
Конституциялық Сот Төраға мен он судьядан тұрады. Олардың өкілеттік
мерзімі – сегіз жыл.

11. VIII. Сот төрелiгi. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері

Қазақстан Республикасында сот төрелігін сот қана жүзеге асырады.
Сот билігі сот ісін жүргізудің заңда белгіленген азаматтық, әкімшілік,
қылмыстық және өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Заңда
көзделген жағдайда қылмыстық сот ісін жүргізу алқабилердің қатысуымен
өтеді.
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз болады және Конституция
мен заңға ғана бағынады.
Судьяның депутат мандатын қатар алып жүруіне, оқытушылық, ғылыми,
шығармашылық қызметтен басқа ақы төленетін лауазымды атқаруына,
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруына, коммерциялық ұйымның
басқарушы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруіне
болмайды.

12. IX . Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару

Жергілікті мемлекеттік басқаруды тиісті аумақтағы ахуалдың жай-күйіне
жауапты жергілікті өкілді және атқарушы органдар жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының жиырма жасқа толған азаматы мәслихат
депутаты болып сайлана алады. Қазақстан Республикасының азаматы бір
ғана мәслихаттың депутаты бола алады.
English     Русский Rules