Similar presentations:
Асхананың жабдықталуы
1. «Ш. Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ 10.04.2026жыл Көркем еңбек 5 сынып Сабақтың тақырыбы Асхананың
жабдықталуы. Тағам әзірлеуге арналған құралжабдықтар , аспаптар мен ыдыс аяқтарПән мұғалімі: Құдасова Ақмарал Құрманбекқызы
2. Оқу мақсаттары:
5.2.4.3 Тағам әзірлеуге арналған құралдар менжабдықтарды зерделеу және олардың
мүмкіншілігін анықтау.
5.2.6.2 Қол еңбегі құралдарымен жұмыс
істеудің қауіпсіз тәсілдерін, еңбек
гигенасының ережелерін білу (жұмыс орнын,
құралдарды ұйымдастыру және тазалау,
арнайы киімде жұмыс істеу)
3. Сабақтың мақсаты: 1. Ас үй жабдықтарымен танысу, материалдар мен құралдарды дұрыс қолдану, еңбек гигенасын дұрыс сақтай білу.
2. Асханалық құрал-саймандармен , құрылғыларменжұмыс істеу және оларды қолданудағы қауіпсіздік
ережелерімен танысу.
4.
«Гүл құрастыру» әдісі(сұрақ-жауап)
5.
Жаңа сабақБалалар, бүгін біз асханадағы ең маңызды нәрселердің бірі — құрал-жабдықтар,
аспаптар және ыдыс-аяқтар туралы танысамыз. Күнделікті өмірде әрқайсымыз
асханада боламыз, тамақ дайындауға көмектесеміз немесе өзіміз де қарапайым
тағамдар әзірлейміз. Сол кезде біз әртүрлі құралдарды қолданамыз.
Асханадағы барлық заттарды үш топқа бөлуге болады:
1. Құрал-жабдықтар (ас үй техникасы)
Бұлар — тағам дайындауды жеңілдететін үлкен құралдар.
Мысалы:
Плита (газ немесе электр) – тамақ пісіруге арналған
Тоңазытқыш – тағамды бұзылмай сақтау үшін
Пеш (духовка) – нан, бәліш пісіруге
Миксер, блендер – тағамды араластыру, ұсақтау үшін
Бұл құралдарды қолданғанда өте мұқият болу керек, себебі олар электр қуатымен
немесе отпен жұмыс істейді.
6.
2. Аспаптар (ұсақ құралдар)Бұлар — қолмен қолданылатын, тағам дайындауға көмектесетін заттар.
Мысалы:
Пышақ – турау үшін
Қасық, шанышқы – араластыру және жеу үшін
Үккіш – көкөністерді үгу үшін
Кескіш тақтай – тағамды турау кезінде қолданылады
Әр аспаптың өз қызметі бар. Мысалы, пышақты тек турау үшін қолданамыз, ал
тақтайсыз турауға болмайды.
3. Ыдыс-аяқтар
Тағамды дайындауға, сақтауға және жеуге арналған заттар.
Мысалы:
Кастрөл – сорпа, тамақ пісіруге
Таба – қуыруға
Табақ – тамақты салуға
Кесе – сусын ішуге
Ыдыс-аяқтар әртүрлі материалдан жасалады: шыны, металл, пластик, фарфор.
Әрқайсысын өз орнына сай қолдану керек.
7.
Қол еңбегі құралдары дегеніміз не?Қол еңбегі құралдары — бұл біз қолмен қолданатын заттар:
Пышақ , қасық , үккіш ,кескіш тақтай
Еңбек гигиенасы дегеніміз не?
Еңбек гигиенасы — бұл жұмыс кезінде тазалық пен тәртіп сақтау
Еңбек гигиенасының негізгі ережелері
1. Жұмыс орнын ұйымдастыру
Құралдар өз орнында тұру керек
Артық заттар болмауы керек
Үстел таза болуы қажет
2. Құралдарды дұрыс пайдалану және тазалау
Құралды қолданғаннан кейін жуу
Орнына қою
Лас құралмен жұмыс істемеу
3. Жеке тазалық
Жұмыс алдында қолды жуу
Тамақ дайындағанда тазалық сақтау
4. Арнайы киім
Алжапқыш (фартук) кию ,шашты жинау
Қолды таза ұстау
8.
«Гүл сұғару» әдісі(сұрақ-жауап)
9.
Тағам дайындаудағы қауіпсіздік ережелеріАсханада жұмыс істегенде қауіпсіздік өте маңызды.
Мына ережелерді әрқашан есте сақтау керек:
1. Пышақты дұрыс ұстау керек, ойнауға болмайды
2. Ыстық ыдыстарды қолғаппен немесе сүлгімен ұстау керек
3. Газ плитаны қосқанда үлкендердің көмегін алу қажет
4. Электр құралдарын дымқыл қолмен ұстауға болмайды
5. Жұмыс орнын таза ұстау керек
10.
Ұжымдық жұмыс:“Жылдам жауап” (миға шабуыл)
Мұғалім сұрақ қояды, оқушылар хормен жауап береді:
Турау үшін не керек?
Қуыру үшін не керек?
Сорпа қайда піседі?
Қауіпті құрал қайсы?
11.
Сарамандық жұмысСулықты бүктеу
12.
Сергіту сәтіМен және айна
13.
Сабақты бекіту«Гүлге күтім жасау» әдісі
14.
Кері байланысОқулықты жабайық
Кері байланыс жасайық
Білімімізді бағалап
Сый-сыйапат жасайық
15.
Назарларыңызғарахмет!