946.04K

Т.Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық әңгімесі. Композициялық құрылымы

1.

Талап Сұлтанбеков
«Көшпелі алтын» ғылыми – фантастикалық
әңгімесі
• әдеби шығармаға сюжеттік-композициялық талдау жасау
арқылы идеялық мазмұнын түсінеді.

2.

Талап Сұлтанбеков өмірі
мен шығармашылығы
1
Талап Сұлтанбеков 1930 жылы 1 қыркүйекте Алматы
облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында
дүниеге келген.
2
Т. Сұлтанбеков Қазақ мемлекеттік университетін
бітіріп, бұрынғы Семей облысы Абыралы ауданы
Қайнар ауылындағы мектепке мұғалім болып
орналасады.
3
1955–1959 жылдары облыстық «Жетісу» газетінде,
1962–1970 жылдары «Білім және еңбек» журналында
жұмыс істеген.
4
1970–1985 жылдары «Қазақфильм» киностудиясында
еңбек жолын жалғастырған, 500-ден астам көркем
фильмдердің қосалқы туындыгері болды.
5
1985–1991 жылдары Бүкілодақтық «Киноорталық»
бірлестігінің қазақ бөлімінің директоры қызметін
атқарады.
6
Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындарын
насихаттаушы және республикалық дәрежедегі төреші,
Қазақстан Республикасының бірнеше дүркін чемпионы
болады.

3.

Т. Сұлтанбеков – журналист-жазушы, Қазақстан Киноматографистер одағының мүшесі.
Спорт саласы
бойынша
шығармалары
• «Дойбы деген не?»
• «Дойбы, шахмат, тоғызқұмалақ»
Химия саласы
бойынша
шығармалары
• «Химия болашаққа шақырады»
Фантастикалық
шығармалары
• «Көшпелі алтын», «Жүрек тулайды», «Жұлдыз
ат»
• «Лұқпан Хакім», «Тізгін», «Темір еліне саяхат»

4.

Айтылым. «Пысықтау сұрақтарына» жауап беріңдер.
1. Т.Сұлтанбеков қай өңірде, қандай отбасында туып өсті?
2. Т.Сұлтанбеков қандай қызметтер атқарды?
3. Жазушы қазақ әдебиетінің қандай саласына үлес қосты?
4. Оның қандай шығармаларын білесің?

5.

Жазылым. Талап
Сұлтанбеков
өмірінің
хронологиялық
кестесін
жасаңдар.
Жылдар
Маңызды оқиғалар
1930 жылы
Дүниеге келген.

6.

«Қызығушылығын ояту» сұрақтары.
1. Сендер фантастикалық кинолар көріп, әдеби шығармалар
оқисыңдар ма?
2. Қандай фантастикалық кітаптар оқыдыңдар?
3. Фантастика деген не?
4. Фантастика тақырыбында жазатын адамдарды қалай айтамыз?

7.

Түсініктеме:
• Фантастика - әдебиеттің өмір
шындығын қиял тұрғысында әсірлеп
бейнелейтін жанры. Қазақ
әдебиетінде фантастика халық
қиялынан тұрған хайуанаттар жайлы
қиял-ғажайып, тұрмыс-салт
ертегілерінен бастау алады.
• Фантаст -шығармасын ой
елестерінен қиялдан шығарып,
шындықты табиғи қалыптан тыс
әсірелеп жазатын жазушы.

8.

Білгенге маржан.
Ғылыми фантастика (ағылш. scіencefіctіon – ғылыми туынды) –
көркем әдебиетте, сондай-ақ кино, кескіндеме т.б. өнер
салаларын да қалыптасқан жанр. Ғылыми фантастика өнердегі
дербес жанр ретінде XX ғасырда қалыптасқанымен, оның қайнар
бастаулары ежелгі әпсаналарда, ауыз әдебиетінде жатыр. Оған
қиял-ғажайыптық, ертегілік қасиет те тән. Қазіргі әдебиеттану
мен өнертану ғылымында фантастиканың «ертегілік» және
«ғылыми» белгілерінің аражігі ажыратылмаған. Әдебиетте
ғылыми фантастика – ғылыми поэзия және ғылыми проза болып,
екі пішімде қалыптасты. Поэзиядағы ғылыми фантастика жалпы
фантастикалық арнадан бөлекше, философиялық әлеуметтік
бағыттағы мүмкіндігімен ерекшеленеді. Ғылыми фантастика
прозаның барлық жанрында (роман, повесть, әңгіме т.б.)
қарқынды дамып, көркем әдебиеттің арналы саласына айналды.

9.

Қысқаша мазмұндама.
«Көшпелі алтын» ғылыми - фантастикалық әңгіме
Қазақ әдебиеті тарихындағы ғылыми фантастика жанрына
тұңғыш қалам тартқан Талап Сұлтанбековтің "Көшпелі
алтын" әңгімесі. Ол оқырмандарын қиялға, арманға
жетелейді. Бұл әңгімеде автор өз оқырманын ғылымның
табиғи сырына үңілуге, адам миы арқылы оның құдірет
күшін танып білуде кейіпкерлері Қажытай мен Сәмен
арқылы береді. «Көшпелі алтын» ғылыми фантастикалық
әңгімесі арқылы адам қиялын тізгіндеп бағындыруға да
болатынын айғақтайды.
Бұл туынды үш бөлімнен тұрады - «Таудағы от»,
«Шайтантауға сапар», «Үңгірдегі сыр». Әр бөлім атауына
сәйкес әңггіме сюжеті де бағытын өзгертіп отырады.
Негізгі кейіпкер қарапайым мектеп оқушысы - Сәмен.

10.

Қаламгер жайлы не білесің?
Талап Сұлтанбеков
Кім?
Үй тапсырмасы:
Т. Сұлтанбеков «Көшпелі алтын» әңгімесін оқу.
Не істеді?
Қосымша деректер
Кітаптары
English     Русский Rules