3.15M
Category: psychologypsychology

8-сабақ Ғажайып қой аспан әлемі

1.

Сабақтың тақырыбы:
Жұмбаққа толы әлем
Әдебиеттік оқу
4-сынып

2.

Мақсаты:
Сөйлеу барысында мақалмәтелдерді,
өлең жолдарын, нақыл сөздерді,
шешендік сөздерді, тілдік
құралдарды қолдану

3.

Аспан денелерін білеміз бе?

4.

«Сұрақты қағып ал» әдісі
1. Аспан деген сөзді естігенде көз алдыңа не елестейді?
2. Аспанда нелер бар?
3. Ай мен күн бізге қаншалықты керек?
4. Жұмбақ жасырамын шешіп көріңдерші:
а) Санымыз қанша білмейміз,
Түнімен көз ілмейміз.
(..................)
ә) Қанатсыз құс маңып барады,
Көзінен жас тамып барады.
(................)

5.

туған Ай

6.

«Болжау» әдісі
Көкте жүзген қалайы
Секілді ақ табақ бір.
Жұлдыздардың талайын
Қоршап алып, қарап тұр
Қалайы-металл
Сұрақтар!
-Құс жолының бейнесін ақын қай тәсіл арқылы суреттеген?
-Ай мен күнге қандай теңеу айтар едің?
-Өзің білетін аспан денелерін ата?

7.

«Планетарий» дегеніміз не?
Планетарий Алматы обсерваториясындағы күмбезді үйлердің
бірі. Планетарийге барған оқушы жастарға түсіндіруші адам,
жасанды аспанды көрсете отырып, әлемнің құрылысы туралы
терең мәлімет береді. Планетарийде телескоп сияқты басқа да
бақылау жүргізетін аспаптар болады. Әлемдегі тұңғыш
планетарий Мюнхенде 1925 жылы салынған.

8.

Планетарий
Ашық күндері талтүсте жұлдызды аспанды көргілерің келе ме?
Ендеше планетарийге барыңдар. Жұлдызды аспанның тәулік
бойына қалай өзгеріп тұратынын төрт-ақ минуттың ішінде
көріп, жұлдыздар мен ғаламшарлардың шапшаң қозғалысын
бақылай аласыңдар. Мұнда біздің ғаламшарымызды көмкеріп
тұрған аспанның күн мен түннің кез келген уақытындағы
қалпын, поляр шұғыласын, кометаны (құйрықты жұлдыз)
тамашалауға, ғарышкеменің қалай ұшқанын көруге болады.
Мұнда баяндамашының ғаламшарлар, Күн жүйесі жайында,
табиғат құбылыстары мен ғарышты игеру жөніндегі қызықты
әңгімелерін тыңдау – бір ғанибет. Планетарий – бұл негізінен
қызықты дәрістер оқылатын орын. Ал оның планетарий аталу
себебі ондағы ең ғажайып дүние планетарий (проекциялық)
аппаратына байланысты. Соның көмегі арқылы жұлдызды аспан
әлемі көрсетіледі.
«Ол кім? Бұл не?» кітабынан

9.

10.

1. Юрий Гагарин -1961 жылы
2. Валентина Терешкова -1963 жылы
3. Тоқтар Әубәкіров - 1991 жылы
4. Талғат Мұсабаев -1994 жылы
5. Айдын Айымбетов - 2015 жылы

11.

«Сұрақты қағып ал» әдісі
«Планетарий» дегенді қалай түсінесіңдер?
«Планетарий» мәтіні бойынша сұрақтар
құрап жазыңдар.
Үйге:
Аспан денелері туралы ертегі құрастыр;

12.

Рефлексия
Кері байланыс.
English     Русский Rules