Similar presentations:
№10 Катализаторлар ингибиторлар (2)
1.
Тақырыбы: Катализаторлар мен ингибиторлар10- сынып
ҚГБ
Химия пәні мұғалімі:
2.
Оқу мақсаты• 10.3.2.4 химиялық реакция жылдамдығына катализаторлар
және ингибиторлар әсерін түсіндіру;
Бағалау критерийлері
химиялық реакция жылдамдығына катализаторлар және
ингибиторлар әсерін түсіндіреді;
2
3.
Катализаторлар (өршіткілер)Химиялық реакцияны тезететін, бірақ реакция нәтижесінде жұмсалмай
қалатын заттар катализаторлар (өршіткілер) деп аталады.
Сутек тотығы Н2О2 сулы ерітіндіде оттегін
бөліп, ыдырайды. Дегенмен, бөлме
температурасында реакция өте баяу
жүретіні соншалық, тіпті ерітіндіні тұрақты
деп санауға болады.
Катализатордың реагенттен айырмашылығы
реагент – әрекеттесуші заттар.
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/lesson/10463/media/20c812367946b421c
c9ddca86c978a3b/resources/5677945845710848.mp4
3
4.
Ингибиторлар (тежегіштер)Химиялық реакцияларды баяулататын заттар. Реакцияның жылдамдығын
неліктен баяулату керек? Адам ағзасына қажетті үдерістермен қатар, адам ағзасы
мен оның қолданысындағы заттар, қоршаған ортаға зиянды әсер ететін үдерістер
кездеседі. Бұл заттарға металдардың жемірілуі, тамақ өнімдерінің, отындардың
жағар жанармайдың тотығуы, мономерлердің полимері жатады.
Аспирин және соған ұқсас дәрілердің терапевтік
әсері нақты фермент – циклооксигеназаны (ЦОГ)
шектеу әсеріне негізделген. Тікелей ферментке
оның каталитикалық белсенділігін азайту
мақсатымен әсер ететін кез келген молекула
тежегіштер деп аталады.
https://cdn4.bilimland.kz/upload/content/platform_lessons/L_11629/23.mp4
4
5.
«Ойлан, жұптас» әдісі.Реакция жылдамдығына концентрацияның және температураның әсерінен реакция
жылдамдығының өзгерісін анықтау ұсынылады
Тапсырма №1.
1. N2 (г) + 3H2 (г) = 2NH3 (г)
Реакцияның кинетикалық теңдеуін жазыңыз. Сутектің
концентрациясын екі есе арттырды, реакция жылдамдығының
өзгерісін есептеңіз
2. Реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең бастапқы
температура 80 0С болғанда реакция 5 секундта жүрсе, оның
температурасын 400-қа дейін төмендеткенде реакция қанша
уақытта жүреді?
5
6.
Топтық талқылау мақсатында «Ортақ тұжырым»әдісі қолданылады.
1-топ: Гомогенді катализ
Б.Б 5_Гомоген катализ.mp4
2-топ: Гетерогенді катализ
Б.Б 4_Гетерогенді катализ.mp4
3-топ: Автокатализ
Б.Б 6_Автокатализ.mp4
6
7.
Тапсырма №2. Топтық жұмысДұрыс тұжырымдарды анықтаңыз:
• 1)Катализаторды деактивизациялау үшін оның активті
бөлігін уландыру керек.
• 2)Каталитикалық реакцияларда барлық реагенттер мен
катализаторлар бір фазада болуы керек (бір физикалық
күйде).
• 3)Қатты катализатордың беті үлкен болған сайын, ол
тиімдірек болады.
• 4)Қатты фазалы катализатордың қолданылуы реакция
жылдамдығының артуына мүмкіндік береді.
7
8.
Тапсырма №3. Жұптық жұмысГомогенді катализ қолданылуымен жүретін реакцияларды белгілеңіз.
1)H2SO4 қатысуымен жүретін сірке қышқылы мен спирт арасындағы реакция.
2)Катализатор ретінде платинаның қолданылуымен сутек пен оттектен судың синтезделуі.
3)Азот (II) оксиді қатысуымен күкірт (IV) оксидінің қышқылдануы.
4)Темір оксиді қатысуымен сутек пен азоттан аммиактың синтезделуі.
5)Цинк тозаңы мен йод арасындағы реакция (су қатысында).
6)Күкірт қышқылы қатысуымен бензолдың азот қышқылымен нитрленуі.
8
9.
Тапсырма №4. ЕБҚ. Бос орындарға қажетті сөздерді жазыңыз. Жеке жұмысАвтокатализ
Қымыз қышқылы, H2C2O4, мен калий (VII) перманганаты, KMnO4, реакциясы кезінде заттар қандай
физикалық күйде болатынын тауып, сәйкес формулалармен мәтінді толықтыр.
Күкірт қышқылының қатысуымен қымыз қышқылы мен калий перманганаты арасындағы реакция
_____________
фазада жүреді, бірақ өнімнің бірі газ тәрізді, CO2________________________________,
. Сол себепті реакция _________________
болады.
Cұйық, қатты, газ тәрізді, гетерогенді, гомогенді
9
10.
Тапсырма №5.Мәтін
Ингибиторлар – химиялық реакцияларды баяулататын
заттар. Реакцияның жылдамдығын неліктен баяулату
керек? Адам ағзасына қажетті үдерістермен қатар, адам
ағзасы мен оның қолданысындағы заттар, қоршаған
ортаға зиянды әсер ететін үдерістер кездеседі.
Аспирин және соған ұқсас дәрілердің терапевтік әсері
нақты фермент – циклооксигеназаны (ЦОГ) шектеу
әсеріне негізделген. Тікелей ферментке оның
каталитикалық белсенділігін азайту мақсатымен әсер
ететін кез келген молекула ингибитор деп аталады.
Сұрақтарға жауап бер.
10
11.
1112.
Тапсырма №1.1. N2 (г) + 3H2 (г) = 2NH3 (г)
Реакцияның кинетикалық теңдеуін жазыңыз. Сутектің
концентрациясын екі есе арттырды, реакция жылдамдығының
өзгерісін есептеңіз
2. Реакцияның температуралық коэффициенті 3-ке тең бастапқы
температура 80 0С болғанда реакция 5 секундта жүрсе, оның
температурасын 400-қа дейін төмендеткенде реакция қанша уақытта
жүреді?
12
13.
Қосымша1-тапсырма
Суретті пайдаланып отырып сутегі тотығының
ыдырауына марганец (IV)оксиді реакцияның
жылдамдығына әсерін түсіндір.
Марганец (IV) оксидін қосқанда
не себептен сынауықта газ қарқынды бөлінеді,
себебін түсіндір.
Өршіткінің реагентпен айырмашылығын түсіндір.
Дескриптор:
өршіткінің реагенттен айырмашылығын және реакция жылдамдығына әсерін
13
түсіндіреді
14.
Дұрыс жауап1- тапсырма
Сутек тотығуының ыдырауына
марганец (IV) оксиді өршіткі ролін
атқарады.
Өршіткінің реагенттен
айырмашылығы: өршіткі-химиялық
реакцияны тездететін, бірақ
реакция нәтижесінде жұмсалмай
қалатын заттар, ал реагент –
әрекеттесуші заттар
Дескриптор:
Өршіткінің реагенттен айырмашылығын және реакция жылдамдығына
әсерін түсіндіреді
14
15.
Бекіту тапсырмасы2-тапсырма Берілген реакцияларда «катализатор» әлде «ингибитор» қолданылғанын
анықтаңыз
Химиялық реакциялар
Мұнайды құбыр желісі арқылы тасымалдау барысында коррозияға
төзімді жабындар қолданылады. Олар қандай рөл атқарады?
Катализатор/Ингибитор
Сутек пероксидінен оттек алу үшін марганец диоксиді қолданылады.
Марганец диоксиді қандай рөл атқарады?
Автокөлік қозғалтқыштарының жұмысының нәтижесінде түзілген
газдардың толық жануы үшін палладий қолданылады. Палладий
қандай рөл атқарады?
Азық-түліктерді консервілеу үшін консерванттар қолданылады.
Олар қандай рөл атқарады?
Маргарин құрамына кіретін майлардың ыдырау төзімділігін арттыру
үшін антиаксиданттар қолданылады. Олар қандай рөл атқарады?
Дескриптор:
катализатор мен ингибитор түсінігін ажыратады;
15
16.
Дұрыс жауап2-тапсырма
Химиялық реакциялар
Мұнайды құбыр желісі арқылы тасымалдау барысында коррозияға төзімді
жабындар қолданылады. Олар қандай рөл атқарады?
Катализатор/Ингибитор
Ингибитор
Сутек пероксидінен оттек алу үшін марганец диоксиді қолданылады. Марганец
диоксиді қандай рөл атқарады?
Катализатор
Автокөлік қозғалтқыштарының жұмысының нәтижесінде түзілген газдардың
толық жануы үшін палладий қолданылады. Палладий қандай рөл атқарады?
Катализатор
Азық-түліктерді консервілеу үшін консерванттар қолданылады. Олар қандай рөл
атқарады?
Ингибитор
Маргарин құрамына кіретін майлардың ыдырау төзімділігін арттыру үшін
антиаксиданттар қолданылады. Олар қандай рөл атқарады?
Ингибитор
Дескриптор:
катализатор мен ингибитор түсінігін ажыратады;
16
17.
ҚорытындыБүгінгі сабақта:
өршіткінің реагенттен айырмашылығын және
реакция жылдамдығына әсерін түсіндім
реакция жылдамдығына тежегіштердің әсерін
түсіндім
17