Similar presentations:
KHauipsiz-balalykh-shakh (1) (1) (1)
1.
Қауіпсіз балалық шақ2.
Жобаның мақсатыЖобаның негізгі мақсаты – балалар арасында құқық бұзушылықтардың алдын
алу, олардың әлеуметтік және психологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мінезқұлқындағы ауытқушылықтарды ерте анықтап, оларды түзету үшін қажетті
шараларды қабылдау. Бұл мақсатқа жету үшін балаларға құқықтық тәртіпті
түсіндіру, оларды дұрыс тәрбиелеу, әлеуметтендіру және психологиялық көмек
көрсету жұмыстары жүргізіледі.
3.
Жүзеге асыру тәртібі*Аудан прокуратурасының ұйымдастыруымен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
инспекторлардың (әр инспекторға тәжірибесіне қарай 5 – 14 мектептен бекітілген)
бекітілген учаскедегі білім беру мекемелеріне күнделікті 09:00 мен 11:30 аралығында бару
кестесі бекітілді.
* Анықтама: Ішкі істер органдарының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік
полиция инспекторларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан
Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1098 бұйрығына
сәйкес инспекторлардың кәмелетке толмағандармен кездесу уақыты және тәртібі нақты
айқындалмаған.
* Жоба аясында білім беру ұйымдарында кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
инспекторлар мен мамандар жүйелі түрде профилактикалық жұмыстар жүргізуі қажет.
Олардың әрқайсысы белгілі бір рөлдер мен міндеттерді атқарады. Бұл жұмыстың тиімділігі
тек құқық қорғау органдарының қатысуымен ғана емес, мектеп әкімшілігі мен
педагогикалық құрамның үйлесімді әрекет етуімен жүзеге асады.
* Кездесуге мектеп директоры, тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, психолог, әлеуметтік
педагог, медбике және кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор қатысады.
Сонымен қатар, кездесуге міндетті түрде хатшы қатысады. Хатшы ретінде мектеп
директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары тағайындалады.
4.
Кездесудің екі бөліміМектеп оқушыларымен
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлардың және мектеп психологтарының алдын ала
дайындалған тақырыпта түсіндірме жүргізуі арқылы басталып, оқушылардың сұрақтарына жауап берумен
аяқталады.
Кездесу қажеттілігіне қарай 7-11 сыныптың барлық оқушыларына, 7-11 сыныптардың тек ұлдарына, 711 сыныптардың тек қыздарына немесе арнайы бір сыныппен өткізіледі (оқушылармен кездесу 45 минут,
яғни 9:00-9:45 аралығында өткізіледі).
Оқушылармен кездесу аяқталған соң, кездесу барысында көтерілген мәселелер мен оқушылардың
(хаттамада міндетті түрде сұрақ қойған оқушының аты-жөні және сыныбы көрсетіледі) сұрақтары хаттамаға
енгізіліп, жиналған хаттамалар білім бөліміне жолданады. Әрі қарай, білім бөлімінің жанынан құралған
психологтар тобы оқушылармен қойылған сұрақтарға кәсіби тұрғыдан зерделеу жүргізіп, сұрақ қойған
оқушының психологиялық жай-күйіне баға береді. Егер, оқушылармен қойылған сұрақтардың ішінде
күмән тудыратын жағдай анықталған кезде сол оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, оған психологиялық
немесе басқа да көмек көрсетеді.
Сондай-ақ, сұрақтарды зерделеу арқылы оқушыларды қазіргі заман ағымына сай қандай мәселелер
алаңдататынын анықтап, нәтижесімен мектеп әкімшілігіне және кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі инспекторлерге келесі кездесудің тақырыбын айқындауға кәсіби маман ретінде ұсыныс береді.
5.
мектеп әкімшілігімен(мектеп директоры, тәрбие орынбасары, психолог және әлеуметтік педагог) мен
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспектор мектепте орын алған
мәселелерді (бекітілген кестеге сәйкес кездесулер арасындағы уақытта жиналған
мәселелер) талқылайды. Онда мектеп директоры өз бұрыштамасымен орындау үшін
жолданған мәлімет парақтарын кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
инспекторға ұсынады және оның орындалуын талқылайды.
Кездесу барысында анықталған мәселелер өз құзыреттері шегінде шешілмеген
жағдайда, құзырлы органдарға жолданады немесе кәмелетке толмағандардың ісі
жөніндегі комиссиясы алдында осы мәселелерді көтереді.
Анықтама: мәлімет парағы – сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, психолог, әлеуметтік педагог
және тәрбие орынбасарының мектепте анықталған жағдайды мектеп директорына қағаз
нұсқада хабарлайтын қызметтік жазба. Мысалы, 9-а сынып оқушысы Т.Пазылхановтың бетінде
дене жарақаты анықталды. Сынып жетекшісі немесе пән мұғалімі бұл туралы мәлімет
парағымен мектеп директорына хабарлайды. Әрі қарай, мектеп директоры мәлімет парағын өз
бұрыштамасымен тиісті қызметкерлерге орындау үшін жолдайды және орындалауын
бақылайды. Мәлімет парақтарының орындалуын бақылауға алу үшін арнайы журнал арналып,
мәлімет парақтары журналға тіркеледі.)
6.
Әрбір қызметкердің рөлі менміндеттері
Мектеп
директоры
Бекітілген кестеге сәйкес полиция инспекторы келетін уақытқа тәрбие орынбасары,
педагог психолог, әлеуметтік педагог, медбике және оқушылардың қатысуын
қамтамасыз етеді;
- Бекітілген кестеге сәйкес кездесудің өткізілуін бақылайды, кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар келмеген жағдайда АПБ
басшылығынан оларды алмастыратын тұлғаларды сұратады, оқушылармен кездесу
дайындықтықтарын және (кездесу тақырыбын және қатысатын оқушылардың
тізімін әзірлеуін ж/е т.б.) күн тәртібінде қаралатын мәселелерді дайындалуын
қамтамасыз етеді.
- өзіне бағынысты қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырады, назар аударатын
жағдайларды мәлімет парағына жазу арқылы өзіне баяндалуын қамтамасыз етеді,
өзіне келіп түскен мәлімет парағын өз бұрыштамасымен тиісті қызметкерлерге
(психолог, сынып жетекші, медбике және т.б.) жүктеп, оның орындалуын
қамтамасыз етеді (бағынысты қызметкерлер тарапынан түскен мәлімет парағын
жинақтап, полиция инспекторымен келесі кездесуде қарайды).
- оқушылармен кездесу барысында қойылған сұрақтарда туындаған мәселелерді
жедел талқылап, кері байланыс орнату мәселесін қамтамасыз етеді және
орындалуын бақылауға алады;
7.
Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарыТәрбие орынбасары – кездесу хатшысы және кездесу бойынша атқарылатын барлық
жұмыстарға жауапты тұлға. Оның міндеттері:
- мектепте орын алған келеңсіз оқиғаларды, оқушылар арасындағы проблемалық
сұрақтарды, девиантты мінез-құлықты оқушылардың тізімін ұсынады;
- сынып жетекші, психолог және медбикелерден келіп түскен мәлімет парақтарын
директорға ұсынады, әрі қарай директордың бұраштамасымен берілген тапсырманың
орындалауын қадағалайды, орындалған мәлімет парақтарын арнайы журналға
тіркейді.
- профилактикалық бағытта өткізілген кездесу нәтижесімен хаттама жасап (оның
орындалуына тікелей жауапты тұлға), білім беру мекемесінің әлеуметтік желідегі
парақшасына жариялайды;
8.
Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспекторКәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі инспектор өткізілетін кездесу бойынша
негізгі тұлға. Оның міндеттері:
- Бекітілген кестеге сәйкес білім беру мекемелеріне уақытылы барып, кездесу
өткізеді, кездесуге өзі бара алмаған жағдайда мектеп әкімшілігіне өзін алмастыратын
адам туралы күні бұрын ескертеді.
Күні бұрын дайындалған тақырып шеңберінде оқушыларға танымдық қысқа
бейнероликтерді қолдана отырып, құқықтық сабақ өткізеді;
- Мектеп әкімшілігімен оқушыларға қатысты кездесулер аралығында жинақталған
мәселелерді қарайды және мәселелерді өз құзіреті шегінде шеше алмаған жағдайда
құзіретті органдарға жолдайды.
9.
ПсихологОқушылардың
бақылайды,
психологиялық
қиындықтарды
ахуалын
Сынып жетекші
Дене жарақатын
Сынып жетекшісі - оқушылардың көңіл күйі
мен психологиялық жай-күйіне үнемі назар
аударып, олардың сырт бейнесінен, көңіл
күйінен күмән тудыратын мәселе анықталған
жағдайда ол туралы психологқа және мектеп
әкімшілігіне мәлімет парағы арқылы
хабарлайды.
шешу
байқаған
жолдары бойынша кеңестер береді, кездесулерде
жағдайда
баяндама жасайды.
медициналық
Ол кездесу барысында қойылған сұрақтарға
көмек көрсетіп,
зерделеу
мектеп
жүргізу
арқылы
анықтап,
Медбике
алдағы
уақытта
өткізілетін кездесу тақырыбын айқындауға ықпал
әкімшілігіне
етеді.
хабарлайды.
Сынып жетекшісімен үнемі тығыз байланыста
болып, олардан көңіл күйі мен психологиялық
жағдайы
күмән
тудыратын
анықтайды.
Мектеп
бұрыштамасымен
берілген
негізінде
оқушылармен
оқушыларды
директорының
мәлімет
(мәлімет
парағы
парағында
көрсетілген оқушы)
жеке жұмыс жүргізіп, оларға психологиялық
көмек көрсетіп, ол туралы мектеп директоры мен
тәрбие орынбасарына баяндайды.
10.
Жобаны іске асыру мерзімімен жағдайы
Мерзімі
Жұмыс кестесі
Тұрақты
Жұмыс күндері
Материалдық және қаржылық жағдайы
Психологтарды кабинеттермен қамтамасыз ету, жабдықтармен
қамту, білім беру ұйымдарын проекторлармен,
дыбыстағыштармен жабдықтау.
11.
Жобаға қатысушыларБілім беру саласындағы
уәкілетті органдар
Құқық қорғау органдары
Түркістан облысының білім
қала, аудан прокуратуралары,
Облыс әкімдігі, қала және аудан
басқармасы, Білім саласында
Облыстық Полиция
әкімдіктері.
сапаны қамтамасыз ету
департаменті және қала, аудан
департаменті және де басқа
полиция басқармалары мен
бөлімдері.
бөлімдері.
Облыс прокуратурасы және
Жергілікті атқарушы
органдар
12.
ҚорытындыЖоғарыдағы жұмыстардың нәтижесі әрбір мектеп
оқушысымен жеке сұқбаттар жүргізу арқылы оқушының
көңіл-күйіндегі өзгерістерді, отбасындағы жай-күйін
анықтап шешуге септігін тигізеді.
Болашаққа білімді, тәрбиелі, психологиялық тұрақты әрі
өздеріне сенімді жастардың шығатынына сенімдіміз.