1.64M
Category: educationeducation

Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерге енгізілетін құндылықтар

1.

«№12 жалпы орта білім беретін мектебі»
КММ
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА
ОҚЫТЫЛАТЫН ПӘНДЕРГЕ
ЕНГІЗІЛЕТІН ҚҰНДЫЛЫҚТАР

2.

Жаңартылған білім мазмұны
(ӘНХ) – оқушыны
құндылықтарға негізделген
тұлға ретінде тәрбиелеуге
бағытталған. Функционалдық
сауаттылық, сын тұрғысынан
ойлау, шығармашылық, және
практикалық дағдылар жүйелі
дамытылады.

3.

ӘНХ-тағы басты жаңалықтар
- Құндылыққа бағытталған білім беру
- Нақты, өлшенетін оқу мақсаттары
- Интеграцияланған оқу мазмұны
- Қалыптастырушы бағалау
- Цифрлық трансформация (ЖИ)
- Жаңа педагогикалық ұстаным

4.

1.Қазақ тілі мен әдебиеті пәні
Құндылықтарды кіріктірудің алгоритмі:
Тақырып пен құндылықтарды байланыстыру: Тақырыпты
таңдап, мысалы "Тәуелсіздік", "Ана тілі", "Батырлық" және т.б.
ұлттың негізгі құндылықтарымен байланыстырамыз.
Сабақ мақсаты: Мысалы, "Қазақ халқының салт-дәстүрін
түсіну" арқылы — отансүйгіштік пен ұлтжандылықты насихаттау.
Оқыту әдістері: Әдеби шығармаларды талдау, эссе жазу,
пікірталас арқылы оқушыларға құрмет, әділдік, адалдық,
шыдамдылық сынды моральдық қасиеттер үйретіледі.

5.

2.Математика
Еңбекқорлық және кәсібилік: Есептерді ұқыпты орындау,
жүйелі ойлау — оқушылардың тиянақтылығы мен жауапкершілігін
дамытады.
Әділдік: Ресурстарды әділ бөлуге байланысты тапсырмалар
— әділетті ойлауға тәрбиелейді.
Ынтымақтастық: Топтық жобалар (мысалы, "Сыныптың
ауданын есептеу") бірлік пен өзара көмекке баулиды.
Патриоттық: Ақша бірліктері мен валюталар арқылы елдің
тәуелсіздігін тануға мүмкіндік береді.
Креативтілік: Қозғалыс формулаларын өмірмен байланыстыру
— шығармашылықты дамытады.
Тәртіп пен заң: Санитарлық нормалар бойынша есептер —
құқықтық сана мен тәртіпке үйретеді.

6.

3.Жаратылыстану
Табиғатқа құрмет: Қоршаған ортаны зерттеу
арқылы балаларда экологиялық сана қалыптасады.
Жауапкершілік: Тәжірибе жүргізу мен бақылау
логикалық ойлау, ұқыптылықты дамытады.
Ізденімпаздық пен зерттеушілік: Ақпарат
көздерімен жұмыс, экологиялық жобалар — сыни
ойлау мен ғылыми көзқарасты дамытады.

7.

4. Дүниетану
Отбасылық және ұлттық құндылықтар: Отбасы, дәстүр
тақырыптары арқылы балаларға құрмет пен патриотизм сіңіріледі.
Экологиялық жауапкершілік: Табиғатты қорғау және тәртіп
сақтау жайлы білім — тұлғалық жауапкершілік пен этикалық
құндылықтарды дамытады.
Қаржылық сауаттылық: Бюджет, қажеттілік тақырыптары —
экономикалық ойлау мен үнемшілдікті тәрбиелейді.
Әдеп пен мәдениет: Әдеп нормаларын рөлдік ойындар
арқылы меңгеру — коммуникативтік және мәдени дағдыларды
қалыптастырады.

8.

5. Технология
Еңбекке құрмет: Материалмен жұмыс істеу,
қауіпсіздік техникасы — жауапкершілік пен дәлдікке
баулиды.
Ұлттық мұра: Қазақтың қолданбалы өнері арқылы
эстетикалық және ұлттық танымды қалыптастыру.
Шығармашылық: Жобалық жұмыс — өз бетінше
шешім қабылдау, идеяны іске асыру дағдыларын дамытады.

9.

6. Бейнелеу өнері
Эстетикалық талғам: Көркемдік экспрессивтілік пен
композиция жасау арқылы — өнерді түсіну мен сезіну
қабілеті артады.
Ұлттық құндылық: Қазақ мәдениеті элементтерін
бейнелеу — тарихи сананы тәрбиелейді.
Жаңашылдық: Жаңа техника, заманауи әдістермен
жұмыс — креативтілік пен көркем ойлау қалыптастырады.

10.

7. Музыка
Ұлттық рух: Қазақтың дәстүрлі күйі мен әндері
арқылы отансүйгіштік пен ұлттық сәйкестік қалыптасады.
Әлеуметтік жауапкершілік: Топтық орындаулар
ынтымақтастық пен өзара құрметке баулиды.
Шығармашылық: Музыкалық композициялар жасау
— креативтілік пен өз ойын жеткізу қабілетін дамытады.
Авторлық құқық: Заңдылықты түсіндіру — әділеттілік
пен құқықтық сана қалыптастырады.

11.

VII. Оқу процесіне жасанды интеллектіні кіріктіру
Жасанды интеллект (ЖИ) – биылғы әдістемелік нұсқау
хаттағы ең үлкен өзгеріс.
Мұғалімге ЖИ не береді?
Сабақ жоспарын ≤1 сағатта құрастыру;
Көрнекі презентация, инфографика, бейнематериал
жасау;
Оқушы деңгейіне қарай тапсырма бейімдеу;
Автоматты тест құрастыру және тексеру;
Оқушыға жеке оқу ұсыныстарын беру.

12.

ЖИ құралдарының мысалы:
Сабақ жоспарлау: ChatGPT, YesChat, Diffit, Nolej
Презентация: Tome, Gamma, Slidebean
Бағалау: PrepAI, Teachology, Gradescope
Зерттеу: Zotero, Scholarcy, Elicit
Сыныптан тыс жұмыс: Google Arts & Culture, Convai

13.

Практикалық ұсынымдар:
Алдымен 1–2 ЖИ құралын ғана қолданып бастаңыз.
ЖИ жасаған материалды міндетті түрде тексеріп,бейімдеңіз.
Оқушыларға ЖИ-мен жұмыс жасаудың қауіпсіздігі мен сыни
ойлауын үйретіңіз.
Қорытынды шешімді әрқашан мұғалім қабылдайды.
Маңызды ереже:
ЖИ – мұғалімді алмастырмайды, тек оның көмекшісі.
Басты құндылық – әрқашан педагогтің кәсіби шеберлігі
мен адамгершілік ұстанымы.

14.

Қазақ тілі сабақтарындағы
қолдану үлгілері
Тыңдалым және айтылым:
ертегіні қосалқы
кейіпкердің атынан баяндап
беру, ЖИ арқылы сұрақтар
құрастырту.
Оқылым: мәтінге қысқаша
конспект алу.
Жазылым: эссе жазып, ЖИ
көмегімен грамматикалық
қателерін тексеру.
Абай шығармашылығын
өткенде ChatGPT-мен «Қара
сөздер» жайлы сұхбат құру,
пікірталас жүргізу.
Шығармашылық: сурет
генераторлары арқылы
әдеби кейіпкерлердің
иллюстрациясын жасау.

15.

Қорытынды:
Бастауыш сыныптағы әр пән баланың тұлғалық және
рухани дамуына бағытталуы тиіс. Құндылықтарды оқыту
мазмұнына кіріктіру арқылы біз тек білімді емес, сонымен
қатар тәрбиелі, адал, мәдениетті және елжанды ұрпақ
тәрбиелей аламыз.

16.

Жаңа оқу жылында
бәрімізге
сәттілік тілеймін!
English     Русский Rules