Similar presentations:
Геофизикалық қызметті ұйымдастыру. Лекция 2
1.
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлікуниверситеті
Техникалық факультет
“Мұнай - газ ісі” кафедрасы
«Ұңғыны геофизикалық әдістермен
зерттеудің теориялық негіздері» пәні
Лекция №2
Геофизикалық қызметті
ұйымдастыру
Ақтөбе,2025ж
2. Қарастырылатын сұрақтар: 1. ҰГЗ экспедицияларының арнайы қызметтері. 2. Геофизикалық бөлімдердің жұмыстар жиынтығының
кезеңдері.3. Геофизикалық зерттеу
процесіндегі қауіпсіздік шаралары.
3. ҰГЗ экспедициялары кезінде басты өндірістік бірліктердің (каротажды бөлімдер) тоқтаусыз жұмыс жасауы мақсатында келесі арнайы
қызметтерқұрылған:
-диспетчерлік қызмет: тапсырыс берушілердің
жұмысқа сұраныстарын (заявка) тіркейді және осы
сұраныстар негізінде бөлімдерге міндеттеме береді,
бұл міндеттемелердің орындалуын қадағалайды;
-бақылау-түсіндіру партиясы (БТП): бөлімдерден
алғашқы материалдарды (диаграммалар, жазбалар)
қабылдайды, оларды өңдейді, талдайды және
тапсырыс берушіге (заказчик)жібереді;
4. -аппаратуралық цех: ұңғылық құралдар мен аппаратураларды және лабораториялар мен көтергіштерді профилактикалық қараудан
өткізеді,жөндейді, реттейді және эталондайды;
-жөндеу цехы: геофизикалық кабельдің,
механизмдердің, көтеру құралдардың
және автокөліктердің қозғалмалы
бөлшектерін жөндеуді қамтамасыз етеді.
5. Геофизикалық кәсіпорынның өндірістік қызметі келесідей ұйымдастырылады: 1.Геофизикалық экспедиция ұңғыны зерттеу үшін тапсырыс
берушімен келісімге отырады және бұлкелісімде экспедиция мердігер (подрядчик) ретінде
қарастырылады.
2.Екі жақтың қарым-қатынасы «Ұңғылардағы
геофизикалық зерттеулердің негізі» және
«Геофизикалық зерттеулерді жүргізудің техникалық
нұсқауымен» анықталады.
3.Жобалық периодтағы келіскен жұмыс ауқымы
тапсырыс берушінің периодты сұранысы негізінде
жасалады.
6. Ұңғыға барудан бұрын бөлім жетекшісі ҰГЗ кешенін орындауға сұраныс (заявка) алады. Бұл сұраныста жұмыстың жалпы ауқымы, соның
ішінде зерттеутүрлері және интервалдары, жұмыстың басталу
уақыты, ұңғы конструкциясы және т.б. көрсетіледі.
Сұраныспен танысып болғасын бөлім жетекшісі баруға
дайындық жұмыстарын өткізеді: қызметкерлерге
алдағы жұмыс туралы ақпарат береді, құралдардың
және аппараттардың дайындықтарын тексереді. Бөлім
ұңғыға келгесін сұраныста жазылған зерттеу
объектісінің мәліметтерін тексереді. Геолог және
бұрғылау шебері (буровой мастер) қол қойған ұңғы
дайындығы туралы актісі болса бөлім жетекшісі ҰГЗ
жұмыстарына дайындықты бастайды.
7. Геофизикалық бөлімдердің жасайтын жұмыстар жиынтығы келесі кезеңдерден тұрады: 1) базадағы дайындау және аяқтау жұмыстары; 2)
ұңғыдағы дайындау жұмыстары;3) ұңғылық құралдарды бір- біріне жалғау;
4) көтеріп-түсіру жұмыстары;
5) негізгі геофизикалық зерттеулер;
6) зерттеу жұмыстары және мәліметтерді
талдау (интерпретация);
7) зерттеу жұмыстарын аяқтау.
8. Жасалатын жұмыстардың тіркелуі және төленуі «Геофизикалық жұмыстардың жасалуы актісі» негізінде жүргізіледі. Алдын -ала
өңдеуден кейін ҰГЗ материалдарытүсіндіру партиясына беріледі. Геофизикалық
диаграммалар және түсіндіру нәтижелер
көшірмелері тапсырыс берушіге жіберіледі.
Тапсырыс берушіге берілетін зерттеу
нәтижелерінің ауқымдары мен мерзімдері
келісім арқылы анықталады.
9. Геологиялық міндеттерді орындау үшін ҰГЗ өндірісі екі кезеңде жүруі керек: бірінші кезең – пайдалану тізбегін түсіргенге дейін
ұңғының ашықоқпанында (шегенделмеген);
екінші кезең – пайдалану тізбегінде
(шегенделген).
10. Геофизикалық параметрлердің жазбасы келесі кезеңде жүреді: 1.Алғашқы өлшеу циклі: ашық оқпанда нақты мәлімет алу мақсатында
бірнеше каротаждаржүргізуі;
2.Екінші өлшеу циклі: ҰГЗ өндірісінің екінші
кезеңінің жұмыстары пайдалану тізбегінде
жүргізіледі. Цементаж процесінен кейін
геофизикалық бөлім ұңғыға қайта шығады.
Мұндағы мақсат цементаж процесінің сапасын,
цемент тасының биіктігін анықтау, акустикалық
каротаж жүргізу.
11. Геофизикалық зерттеу процесіндегі қауіпсіздік шаралары
12. Ұңғылардағы геофизикалық зерттеулер мен жұмыстарды мамандандырылған ұйымдар орындайды. Геофизикалық зерттеулер мен жұмыстар
Ұңғылардағы геофизикалық зерттеулер менжұмыстарды мамандандырылған ұйымдар
орындайды.
Геофизикалық зерттеулер мен жұмыстар
жобалау құжаттама негізінде, геофизикалық
зерттеулер мен жұмыстарды бұрғылау
процесінде бұрғылау және геофизикалық
ұйымдар бірлесіп бекіткен жоспар бойынша
жүргізіледі.
13. Геофизикалық зерттеулер мен жұмыстар «Тапсырыс беруші» өкілінің қатысуымен жүргізіледі. Аппаратуралық-технологиялық
Геофизикалық зерттеулер мен жұмыстар«Тапсырыс беруші» өкілінің қатысуымен
жүргізіледі.
Аппаратуралық-технологиялық кешендер,
жекелеген ұңғылық аспаптар мен аппараттыр,
түсіру-көтеру жабдықтары, өздігінен жүретін
және тұрақты құралдар, материалдар
сертификатталған болуы және оларды Қазақстан
Республикасының аумағында қолдануға рұқсаты
болуы және пайдалану нұсқаулығы
бойыншақолданылуы тиіс.
14. Геофизикалық жабдық пен аппаратура жұмыстар объектісінде жобалау құжаттамада қарстырылған сызбаға (жоспарға) сәйкес
орналстырылуы тиіс. Сызбаларда көрсетілуі тиіс:1) жабдық бірліктерінің өзара орналасуы жәіне олардың
қозғалу жолдары;
2) жабдық бірліктерінің арасындағы коммуникациялар
мен желілердің орналасуы;
3) қауіпті аймақтар, қызмет көрсету аймақтары және
қызметкер өтетін жолдардың орналасуы.
Геофизикалық бригадалар (партиялар, отрядтар)
қызметкерінің тиісті кәсіби және өндірістік кезеңдік
дайындығы (оқудан өтуі) болуға тиіс, инструктаждан өтуі
тиіс және медициналық қарсы көрсеткіштері болмауы тиіс.
15. Геофизикалық зерттеулер мен жұмыстар күн күркіреу, жел 12 м/сек дейін күшейгенде, көріну 20 метрден кем нашарлағанда, қоршаған
ауа ортасының төтенше төменнемесе жоғары температураларында, қатты
мұзданғанда тоқтатыла тұруы тиіс.
Ұңғымалық аспап немесе аппарат жұмыстар
тоқтатыла тұрған уақытта жер бетіне
көтерілуі және қауіпсіз күйге келтірілуі тиіс.
physics