826.77K
Categories: medicinemedicine biologybiology

Асқазан, аш ішек, тоқ ішек құрылысы мен қызметі

1.

Жаратылыстану ғылымдары
факультеті
Биология кафедрасы
Білімгердің өзіндік жұмысы
Тақырыбы: Асқазан, аш ішек, тоқ ішек құрылысы мен
қызметі.
Орындаған: Кенжебекова Б.Қ.
Қабылдаған: Бабаева Г.А.
Курс: 3
Топ: ЖБЛ-111

2.

I. Кіріспе
Ас қорыту мүшелері
II. Негізгі бөлім
Ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш
Асқазан, аш ішек, тоқ ішек
Астың қорытылуы
III. Қорытынды
IV. Глоссарий
V. Биологиялық диктант
VI. Тест
VII. Эссе
VIII. Тарсия
IX. Видеоматериал
X. Кроссворд
XI. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

3.

Асқорыту мүшелері Асқорыту мүшелері мен
асқорыту бездері қосылып асқорыту жүйесін
құрайды. Асқорыту жүйесінде тағам әр түрлі
механикалық және химиялық өзгерістерге
ұшырайды. Тағам құрамындағы нәруыздар,
майлар, көмірсулар суда ерімейді. Сондықтан олар
қан мен лимфаға өте алмайды. Асқорыту
мүшелерінде тағамның шайналып ұсақталуы
механикалық өңдеу делінеді. Асқорыту бездерінен
бөлінген сөлдің әсерінен ыдырауы химиялық
өзгерістерге жатады.

4.

5.

Сыртқы, қабаты - дәнекер
ұлпадан тұратын сірқабат
Ортаңғысы бұлшықет қабаты,
Ішкі қабаты - эпителий
ұлпасынан түзілген.

6.

Ауыз қуысы (cavum oris; лат. cavum — қуыс; or —ауыз; грек, stoma —
ауыз қуысы) — ас (азық) корыту жүйесі бас бөлімінің алдыңғы бөлігі.
Ауыз қуысының сүйектік негізінен: тұмсық сүйек, жоғарғы жақ
сүйек, тандай сүйек, төменгі жақ сүйек, тіл асты сүйек құрайды. Ауыз
қуысының жоғарғы және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс
тесігін — ауыз саңылауы, ал оның тіл түбірі мен жұмсақ таңдай
аралығындағы жұтқыншаққа шығатын тесігін — есін деп атайды.
Ауыз қуысының алдыңғы сыртқы қабырғасын — жоғарғы және
төменгі ерін, ішкі қабырғасын — күрек тіс пен қызыл иек, екі
бүйірінің сыртқы қабырғасын — оң және сол ұрт, ішкі қабырғасын —
оң және сол жақтағы азу тістер мен қызыл иек, төбесін — қатты және
жұмсақ тандай, ал төменгі жақаралық кеңістікте орналасқан ауыз
қуысының түбін тіл құрайды.

7.

8.

Жұтқыншақ - түтік пішінді қуыс, бұлшықетті мүше, көлденең
жолақты бұлшықет ұлпасынан тұрады. Жұтқыншақ мойын
омырт-қалардың алдыңғы жағында орналасқан. Ересек адамда
оның ұзындығы, шамамен 11—13 см. Жұткыншақтың төменгі
бөлігі әрі өңешпен, әрі көмекеймен байланысады. Жұтылған
тамақ жұтқыншақ арқылы өңешке түседі. Тыныс алғанда ауа
жұтқыншақ арқылы көмекейге өтеді. Жұтқыншақ аркылы
тамақ та, ауа да өтеді. Сондықтан ол әрі асқорыту, әрі
тынысалу мүшелер жүйесіне жатады.
Жұтқыншак екі бүйіріндегі тесіктер арқылы
ортаңғы құлақ қуысымен байланысқан.Жұтқыншақтың ауыз
қуысына жалғасқан жерінде бозғылт-қызыл түсті 6 бадамша
бездер (миндалина) орналасқан. Олар ірі лимфа түйіндерінен
түзіліп, қорғаныштық қызмет атқарады.
Бадамшалардың іші лейкоциттерге толы болады.
Олар тағам немесе ауамен түскен микробтарды
жояды. Егер бадамшалар қабынса, қызметі дереу
бұзылады. Бадамшалар лимфа жүйесіне жатады.

9.

10.

Өңеш — ұзындығы 25 сантиметрдей іші қуыс
бұлшықетті мүше. Оның жоғарғы бөлімі
жұтқыншақпен, төменгі бөлімі қарынмен
жалғасады. Өңешті астарлап жатқан сілемейлі
қабықшасы көп қабатты эпителиймен қапталған.
Эпителийлердің ұзын қатпарлары тамақ өткен кезде
өңешті кеңейтеді. Өңештің ортаңғы бұлшықетті
қабық -шасының көп бөлігі бірыңғайсалалы
бұлшықет ұлпасынан тұрады. Осы бұлшықеттердің
толқын төрізді оқтын-оқтын жиырылуы
нөтижесінде тағам қарынға түседі. Өңеш көкеттің
ортасындағы тесіктен өтіп, құрсақ қуысындағы
қарынмен жалғасады.

11.

12.

Асқазан- асқорыту жолының көлемді ұлғаюы. Ол құрсақ
қуысында көкет астында орналасқан. Пішіні сыйымдылығы
2-3 л алмұрт немесе ұзын қапшық тәрізді.Тамақ асқазаннан
аш ішекке түседі.
Қарын - іші қуысы қалың бұлшықетті мүше. Ол жоғарғы
жағынан өңешпен, төменгі жағынан аш ішектің басталар
жері ұлтабармен жалғасады. Қарынның ішкі жағын астарлап
жатқан қатпарлы сілемейлі (шырышты) қабықшасы оның
көлемін үлкейтеді. Қарынның қабырғасындағы
бірыңғайсалалы бұлшықет талшықтары үш түрлі бағытта
орналасқан. ішкі қабаты - қиғаш, ортаңғысы - сақина төрізді,
ал сыртқысы - ұзыннан орналасқан. Қарынның катпарланған
сілемейлі (шырышты) қабықшасында өте көп ұсақ бездер
бар. Бұл бездерден карын сөлі бөлінеді. Қарынның өңешпен
және ұлтабармен (он екі елі ішек) байланысқан жерінде
сақина тәрізді бұлшықеттер болады .

13.

14.

Аш (ащы) ішек-ас қорыту жолының едәуір ұзын бөлігі, оның
ұзындығы 5-7 м және 3 бөлікке : ұлтабар, аш ішек және
мықын ішекке бөлінеді. Астың қорытылмаған қалдығы тоқ
ішекке өтеді
Ұлтабарға бауырдан келетін өт қабының өзегі және
үйқыбездің де өзегі ашылады. Аш ішек ирелеңдеп
орналасқан. Оның ішкі қабырғасында көптеген сақина
пішінді қатпарлар бар. Сонымен бірге ашішектің сілемейлі
қабықшасында тұйық өскін түріндегі бүрлер өте көп.
Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүрлер ішектің
ішкі сіңіру бетін ұлғайтады.
Аш ішектің бұлшықет қабықшасындағы ішкі бұлшықет
талшықтары сақина тәрізді, сыртқысы ұзына бойы
орналасқан. Аш ішек қабырғасындағы бұлшықет
талшықтары, оқтын-оқтын толқын тәрізді жиырылыпбосаңсып тұрады. Осының нәтижесінде жеген тамақ ішектің
ішімен алға қарай жылжып отырады.

15.

16.

Тоқ ішектің ұзындығы 1,5-2 метрдей, аш ішектен екі еседей
жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері бүйен деп
аталады. Ол он жақтағы мықын тұсында орналасқан.
Бүйеннің томенгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт
пішінді түйық өскін соқырішек (аппендикс) болады. Оны
аппендикс (лат. «арреndіх» - қосалқы) деп атайды.
Ол лимфа жүйесіне жататын мүше. Оның қабынуынан
болатын ауру - сокырішек (аппендицит) деп аталады. Тоқ
ішектің соңғы бөлімі - тік ішек. Тоқ ішектің сыртында май
қабаты қалың болады, оның сілемейлі қабыкшасында
жарты ай пішінді ірі өрі жалпақ қатпарлар көптеп кездеседі.
Тоқ ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс
калыптасады.

17.

18.

Ауыз қуысына түскен тағам шайналып,
ұсақталып, сілекеймен шыланады. Сілекей тағамның
бөлшектерін жібітіп, оңай жұтылатын түйіртпектерге
айналдырады. Сілекейдің құрамындағы птиалин
ферменті тек сілтілі ортада көмірсуларға әсер етіп,
тағам химиялық өзгерістерге ұшырайды. Ауыз
куысындағы тағам тіл
мен жұтқыншақтың бұлшықеттерінің жиырылуы арқылы
жұтылады. Тамақ жұтылған соң алдымен жұтқыншаққа,
одан өңеш аркылы қарынға өтеді. Жұту
кезінде көмекей кақпағы жабылады. Тамақ жеп, не ішіп
отырған кезде адам сөйлейтін болса, тамақ
түйірлері көмекейге түсуі мүмкін. Тамақ
түйірлері көмекейге түссе, адам шашалады, кейде
тұншығады.

19.

Ересек адамдар қарынының сыйымдылығы 1,5-2
литр. Қарынның пішіні мен мөлшері астың
түсуіне байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Ұсақ
бездерден бөлінетін қарын сөлінің
құрамында су, тұз қышқылы, ферменттер және
т.б. заттар болады. Қарында тағам 3 - 6 сағаттай
уақыт қорытылады да, жартылай қоймалжың
сұйық жентекке айналады. Жартылай
сұйықжентек белгілі бір мөлшерде оқтын-оқтын
аш ішекке өтіп тұрады.

20.

Қарында жартылай
қорытылған ас алдымен ұлтабарға түседі.
Ұлтабарға бауырдан келетін өт өзегі жөне
ұйқыбездің өзегі ашылады. Бауырдан келетін
өттің әсерінен майлы тағамдар ыдырай
бастайды. Ұлтабарда негізінен барлық
тағамдық заттар қорытылады. Нәруыздар аминқышқылдарына, крахмал - қантқа, майлар
- май қышқылдары мен глицеринге дейін
ыдырайды. Ұлтабардан ас белгілі мөлшерде
оқтын-оқтын аш ішектің келесі бөліміне өтеді.
Мұнда тағамдық заттар ішек сөлінің әсерінен
толық қорытылып, еріген қосылыстарға
айналады.

21.

Аш ішектің ішкі сілемейлі қабықшасында өте
ұсақ көптеген тұйық өскіндер - бүрлер болады.
Бүрлердің сырты бір кабатты эпителий
жасушаларынан түзіледі. Бүрлердің ішкі жағын
көптеген қан және лимфа тамырлары торлап
жатады. Бүрлер ішектің ішкі кілегейлі
қабықшасында өте көп болады. Бүрлер арқылы
әбден қорытылған аминқышқылдары мен қант
(глюкоза) қанға өтеді. Глицерин мен май
қышқылдары лимфа тамырларына өтеді
де, тері астындағы шел қабатқа
жиналады. Аминқышқылдары мен қант бауыр
ға барып, қайта өзгерістерге ұшырап, бүкіл
денеге таралады.

22.

Астың қорытылуы мен сіңуі негізінен аш ішекте аяқталады.
Тоқ ішектің бездерінен бөлінетін сөлде ас қорытатын
ферменттер өте аз болады. Оның есесіне тоқ
ішекте бактериялар көп. Бактериялардың ферменттері
күрделі көмірсу - жасунықты (клетчатканы) ыдырата алады.
Бактериялар «К» және В12 витаминдерін
синтездейді. Асқорыту мүшелерінің басқа бөлімдеріне
қарағанда тоқ ішекке түскен ас қалдықтары ұзағырақ
сақталады. Ас қалдықтары тоқ ішектің суды қарқынды
сіңіруінің нәтижесінде біртіндеп тығыз зат - нәжіске
айналады. Тік ішектің төменгі бөлігінде екі сақина тәрізді
бұлшыкеттер бар. Осы бұлшықеттердің
көмегімен нәжіс сыртқа шығарылады. Астың ауыз қуысынан
бастап, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш ішек, тоқ
ішекте қорытылу жолы асқазанжолы деп аталады.

23.

Дәнекер ұлпасы - мезенхимадан дамып, организмнің ішкі ортасын құрайды.
Құрылысы жағынан дәнекер ұлпасы жасушалардан және жасушааралық заттан тұрады.
Бұлшықет ұлпасы - адам мен жануарлар организмдерінде жиырылу қызметін
атқарып, қимыл-қозғалыстарды іс жүзіне асыратын ұлпа.
Эпителий ұлпасы - организмді сыртқы жағынан қаптап, ішкі мүшелердін кілегейлі
және сірлі қабықтарын астарлайтын және әртүрлі бездер паренхимасын түзетін ұлпа.
Лимфа - жартылай мөлдір сарғыш түсті сұйықтық, ол ұлпа сұйықтығынан бөлініп
шығарылады.
Лейкоцит - қанның ақ түйіршіктері, ядросы бар және белсенді амеба тәрізді
қозғалатын түссіз қан жасушалары.
Аппендикс - пішіні құрт тәріздес бүйен өсіндісі.
Ферменттер - барлық тірі организмдер құрамына кіретін арнайы ақуыздар. Химиялық
реакцияларды жеделдетеді.
Глицерин - қарапайым үш атомды спирт. Түссіз, иіссіз, тәтті, тұтқыр сұйық. ылғал
тартқыш, сумен кез келген мөлшерде, метил, этил спирттерімен, ацетонмен араласады.

24.

Асқорыту мүшесі ___________ басталады. Асқорыту мүшелерінің
қабырғасы негізінен _____ қабаттан тұрады. Ауыз қуысының жоғарғы
және төменгі еріндер аралығындағы кіреберіс тесігін — _________ деп
атайды. Жұткыншақтың төменгі бөлігі әрі_________, әрі__________
байланысады. Бадамшалардың іші_________ толы болады. Өңеш
ұзындығы _____ см бұлшықетті түтік. Қарынның қабырғасы ________
бұлшықет. __________ aсқорыту жүйесіндегі ең ірі без. Ересек адамдар
қарынының сыйымдылығы ___________. Астың қорытылмаған қалдығы
аш ішектен _________ өтеді. Аш (ащы) ішек-ас қорыту жолының едәуір
ұзын бөлігі, оның ұзындығы________ және 3 бөлікке : ____ ____
____бөлінеді. _______ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де, нәжіс
калыптасады. Бүйеннің томенгі шетінде ұзындығы 7-8 см-дей құрт пішінді
түйық өскін ________болады. Сілекейдің құрамындағы
________ ферментітек сілтілі ортада көмірсуларға әсер етіп,
тағам химиялық өзгерістерге ұшырайды.

25.

1. Ас қорыту мүшелерінің қабырғасының қабаттарына жатпайды.
А. Дәнекер
Ә. Көлденең жолақты
Б. Эпителий
В. Бірыңғай салалы
2. Ас қорыту мүшелері жолының дұрыс реттілігін табыңыз.
А. Ауыз-жұтқыншақ-өңеш-асқазан-аш ішіек-ұлтабар-тік ішек-тоқ ішек
Ә. Ауыз-жұтқыншақ-аш ішек-асқазан-тоқ ішек-тік ішек
Б. Ауыз-жұтқыншақ-өңеш-асқазан-ұлтабар-аш ішек-тоқ ішек-тік ішек
В. Ауыз-жұтқыншақ-асқазан-өңеш-ұлтабар-аш ішек-тоқ ішек-тік ішек
3. Ас қорыту жүйесінің ішкі қабаты тұрады
А. Дәнекер
Ә. Көлденең
Б. Эпилелий
В. Бірыңғай салалы

26.

4. Жұтқыншақтың төменгі жағы жалғасады.
А. Аш ішекке
Ә. Өңешке
Б. Ауыз қуысына
В. Асқазанға
5. Асқазан қабырғасының бұлшықет талшықтары ьірнеше бағытта орналасады.
А. Сақина тәрізді, ұзыннан, қиғаш
Ә. Сақина тәрізді, қөлдеңеннен, оралмалы
Б. Оралмалы, сақина тәрізді, қиғаш
В. Оралмалы, ұзыннан, қиғаш
6. Аш ішек бөлімдері
А. Тік ішек бүйен соқырішек
Ә. Жиек ішек тік ішек соқыр ішек
Б. Жиек ішек тік ішек аш ішек
В. Аш ішек мықын ішек ұлтабар
7. Адам асқазанында ас толығымен қорытылады
А. Асқазанда
Ә. Аш ішекте
Б. Тоқ ішекте
В. Соқыр ішекте

27.

8. Тоқ ішектің бастау алатын жері
А. Ашішек
Ә. Жиекішек
Б. Ұлтабар
В. Бүйен
9. Ас қорыту жүйесінде тек аш ішекте болады
А. Эпителий ұлпасы
Ә. Дәнекер
Б. Бүрлер
В. Фермент
10. Нәжіс қалыптасады, жасұнықты ыдыратады, судың сіңірілуі, витаминдер(К, В12)
синтезі, бактериялар көп
А. Асқазанда
Ә. Тоқ ішекте
Б. Ұлтабарда
В. Аш ішекте
11. Аш ішектің жоғары бөлімі
А. Мықын ішек
Ә. Аш ішек
Б. Жиек ішек
В. Ұлтабар

28.

12. Қоңырқай түсті, өт қабы бар, сол жақ бөлігі кіші
А. Бауыр
Ә. Бүйрек
Б. Өкпе
В. Өт
13. Тамақтың құрамындағы нәруызды ыдырататын фермент
А. Лизоцим
Ә. Амила
Б. Миелин
В. Пепсин
14. Ас қорыту кезінде май ыдырайды
А. Аминқышқылдарына
Ә. Глицерин мен май қышқылына дейін
Б. Май мен глюкозаға
В. Май мен аминқышқылдарына
15. Адам дене салмағының 1% құрайды
А. Нәруыз
Ә. Май
Б. Нуклеин қышқылы
В. Көмірсу

29.

1. ә
2. б
3. б
4. ә
5. а
6. в
7. ә
8. в
9. б
10. ә
11. в
12. а
13. в
14. ә
15. в

30.

Тағам алдымен ауыз қуысында шайналып, сілекеймен араласып жұтылады. Ауыз қуысында тіл орналасқан. Ол
көлденең жолақты, бұлшық ет ортасынан тұрады. Тілдің түбі дөңес кілегейлі шырышты қабықшамен қапталған үстіңгі
бетінде түрлі пішінді дәм сезу емізікшелері бар. Тілдің үшы тәттіні, екі бүйірі қышқылмен тұзды, түбі ащыны сезеді.
Сонымен бірге тіл сөйлеуге және жұтуға қатысады. Жұтқыншақ түтік пішінді іші қуыс бұлшықетті мүше. Жұтқыншақ
мойын омыртқасының алдыңғы жағында орналасқан ұзындығы 11 - 13см. Өңеш ұзындығы 25см іші қуыс бұлшық етті
мүше. Жоғарғы бөлігі жұтқыншақтың төменгі бөлігі асқазанмен жалғанған. Өңешті астарлап жатқан кілегейлі көп
қабатты эпитилимен қапталған. Өңештің ортаңғы бұлшық еті бірыңғай салалы бұлшық ет ұлпасынан тұрады. Осы
бұлшық ет оқтын - оқтын жиырылу нәтижесінде тағам асқазанға түседі. Өңеш көк еттің ортасындағы тесіктен өтіп
құрсақ қуысындағы асқазанмен (қарынмен жалғасады). Асқазан іші қуыс қалың бұлшық ет мүше. Жоғарғы жағы
өңештен, төменгі жағыс аш ішектен басталады. Асқазанның ішкі жағын астарлап жатқан қатпарлы кілегейлі шырышты
қабық оның көлемін үлкейтеді. Асқазанның қабырғасында бірыңғай салалы бұлшық ет талшықтары 3 түрлі бағытта
орналасқан. Ішкі қабаты ішкі қабаты қиғаш ортаңғысы сақина тәрізді сыртқысы ұзынан орналасқан. Асқазанның
қатпарлы кілегейлі өте ұсақ бездер бар. Бұл бездерден қарын сөлі бөлінеді. Асқазанның өңешпен және ұлтабармен
байланысқан жерінде сақина тәрізді бұлшықеттер бар. Аш ішек ұзындығы 5 - 6м асқазан мен тоқ ішекті жалғастырады.
Аш ішектің асқазаннан басталған жері 25 - 30см дей ұлтабар (он екі елі ішек) деп аталады. Ұлтабар бауырдан келетін
өт қабынан өзегі және ұйқы безінің өзегіне ашылады. Аш ішектің кілегейлі қабырғасында тұйық өскін түріндегі
бүрлер өте көп болады. Мұндай бүрлер тек аш ішекке ғана тән. Бұл бүр ішектің сіңіру бетін ұлғайтады. Аш ішекті
бұлшық ет талшықтары оқтын - оқтын толқын тәрізді жиырылып, босаңсып тұрады. Жеген тамақ ішектің ішімен алға
жылжиды. Тоқ ішек ұзындығы 1, 5 - 2м аш ішектен екі еседей жуан. Тоқ ішектің аш ішектен басталған жері соқырішек
деп аталады. Ол оң жақ мықымда орналасқан. Құрт пішінді тұйық өскін ол лимфа жүйесіне жатады. Оның
қабынуынан болатын ауру соқырішек (аппендикс) деп аталады. Тоқ ішектің сыртында май қабаты қалың болады. Тоқ
ішекте су қайтадан денеге сіңіріледі де нәжіс қалыптасады. Тоқ ішекте өте көп бактериялар (әсіресе ішек таяқшалары)
болады. Бұл бактериялар өсімдік жасұнықтарын ыдыратады. Кейбір витаминдерді синтездейді. Зиянды микробтардан
қорғап тамақтың дұрыс қорытылуын қамтамасысыз етеді. Дәріні қалай болса солай пайдалану ішектегі пайдалы
бактерияларға зиянды әсер етеді. Сондықтан дәрі - дәрмекті тек дәрігердің кеңесі бойынша пайдалану керек.

31.

Тарсия

32.

https://youtu.be/9sAIEwDnBcg?si=KZn
VZW-XQVeGlX2n

33.

34.

35.

36.

1.
2.
3.
4.
5.
6.
Рақышев А.Р., Адам анатомиясы. Медициналық жоғарғы оқу орындарына, сонымен
бірге биология пәні оқытылатын институт студенттеріне арналған оқулық, Алматы,
2005ж. - 432б.
Жандар Керімбектің Ермаханы. Тәнтану(адам анатомиясы). Оқулық. 2-басылымы. Алматы, “Білім” , 2004ж. - 464б.
Адам анатомиясы Оқу құралы. Б.2 / Ә. О. Кузенбаева. - Алматы : TechSmith, 2022.
Адам анатомиясының Атласы. Оқу-әдістемелік құралы. / З. Б. Есимсиитова. Алматы : Қазақ ун-ті, 2015.
Адам анатомиясы: иллюстр.оқулық: 3 томдық. Жүйке жүйесі. Сезім мүшелері. Т.3 /
Ред.бас. Колесников Л.Л. ; Гайворонский И.В., Ничипорук Г.И., Филимонов В.И.;
Аударм. Аубакиров А.Б. - М. : ГЭОТАР - Медиа, 2017.
Адам және жануарлар физиологиясы атты оқу-әдістемелік құрал. З.С. Ажибаева, А.
М. Бостанова, А. Е. Сержанова . - Түркістан : Тұран, 2015
English     Русский Rules