Кәсіпкерге тән сипатты белгілер
Ұйымдық-құқықтық нысандардың қандай бір түріне негізделіп жеке бизнесті құру үшін қажетті алғышарттар:
1.87M
Category: businessbusiness

Жеке бизнесті құруды ұйымдастыру

1.

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
«Экономика және кәсіпкерік» кафедрасы
«Кәсіпкерлік және бизнес» пәні
Пән оқытушысы,
PhD, доцент:
Исаева Бибигуль Кунтугановна

2.

Дәріс 3. Жеке бизнесті құруды ұйымдастыру
Дәріс мақсаты: Жеке бизнесті құрудың жалпы
жағдайлары мен кезеңдерін анықтау, бизнес-идея
түсінігін айқындау, стартап құру
Жоспар:
1. Жеке бизнесті құрудың жалпы жағдайлары мен
кезеңдері. Жеке істі құру идеясы мен мақсаты.
Кәсіпкердің жеке қасиеттері
2. Кәсіпкерлікті мемлекеттік тіркеу
3. Стартап түсінігі, стартаптағы бастамалар мен
кедергілер

3.

1. Жеке бизнесті құрудың жалпы жағдайлары мен
кезеңдері. Жеке істі құру идеясы мен мақсаты
Жеке бизнеспен айналысудың көптеген себептері
бар: экономикалық ортадағы өзгерістерден бастап
жеке себептерге дейін.
Сондай ақ, кей біреулері өзінің кәсіпкерлік талантын
көрсеткісі келеді, ал біреулер, жеке идеясын жүзеге
асырады, тағы біреулер жұмыссыздықтың алдын
алады.

4.

Жеке бизнесті құру – бұл көп еңбек пен уақытты қажет
ететін процесс. Дегенмен, дұрыс жоспарланған жағдайда ол
табысты болуы мүмкін.
Жеке бизнесті бастау үшін негізгі жағдайлар мен кезеңдер
келесідей көрсетуге болады:
1. Нарықтық зерттеу және бизнес-идеяны таңдау. Бизнес
бастау
алдында
нарықтың
қажеттіліктерін
және
бәсекелестерді зерттеу қажет. Өз идеяңызды сараптау. Ол
сұранысқа ие ме? Қандай ерекшеліктері бар?
2. Бизнес-жоспар жасау. Бизнес-жоспар мақсатты,
стратегияны, қаржылық жоспарды анықтауға көмектеседі.
Жоспарды жасауда мақсатты, мақсатты аудиторияны,
бәсекелестік ортаны, маркетинг стратегияны мен қаржылық
көрсеткіштерді ескеру маңызды.

5.

3. Құқықтық құрылымды таңдау. Бизнесті тіркеу алдында
заңды тұлғаны таңдау қажет. Мысалы, жеке кәсіпкер,
жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) немесе
акционерлік қоғам (АҚ). Тіркеу процесі салық органына,
кәсіпкерлік тіркеуге қатысты құжаттарды тапсырудан
тұрады.
4. Қаржылық жоспарлау. Бизнестің бастапқы капиталы мен
шығындарын есептеу. Сонымен қатар, салықтар мен басқа
да міндетті төлемдерді ескерген жөн. Кредиттер немесе
инвесторлар арқылы қаржыландыру мәселесін шешу.
5. Қажетті рұқсаттар мен лицензиялар алу. Егер бизнес түрі
арнайы лицензия немесе рұқсаттарды қажет етсе, оны алу
керек. Бұл әртүрлі салаға байланысты болады (сауда,
құрылыс, медицина, және т.б.).

6.

6. Қызметкерлерді жалдау. Егер бизнес кеңейсе, команда
құруға болады. Бұл кезеңде менеджерлер, сатушылар
немесе басқа мамандарды жалдау қажет болуы мүмкін.
7. Маркетинг және жарнама стратегиясын жасау. Бизнестің
табысты болуы үшін дұрыс маркетинг стратегиясын таңдау
өте маңызды. Бұл әлеуметтік желілерді пайдалану,
жарнамалар, арнайы акциялар және т.б.
8. Қызметті бастау және басқару. Бизнесті бастау алдында
барлық дайындықты, қажетті жабдықтарды және
қызметкерлерді қамтамасыз ету қажет. Қызмет процесін
бақылау және бизнестің тиімділігін үнемі талдап отыру.
9. Бизнеске мониторинг жасау және бейімделу. Нарықтың
өзгерістеріне байланысты бизнес стратегиясын бейімдеп
отыру. Жаңа мүмкіндіктер мен қиындықтарды ескере
отырып, бизнесті басқару.

7.

Этаптары:
Өзіндік бағалау
Кәсіпкерлік идея
Тәуекелдерді бағалау
Қаржыландыруды тарту туралы шешім
Ұйымдастыру-құқықтық нысанды таңдау
Тіркеу

8.

Бизнес-идея – болжалды бизнестің қысқа әрі
нақты анықтамасы.
Тұтынушылардың
қажеттілігін қанағаттандыру
керек
Бизнес-идея
Кәсіпкерді моральдық
тұрғыдан
қанағаттандыру керек
Табысты болуы
қажет

9.

Бизнеске қажетті идеяны таңдау шарттары немесе ережесі:
1-шарт. Идеялар көп болуы қажет. Көптеген идеяның болуы
артықшылығы бар идеяны таңдауда салыстыруға мүмкіндік
береді.
2-шарт. Идея бизнесті бастаушыға таныс, түсінікті болатын
қызмет саласынан болуы қажет.
3-шарт. Идея қызықты болуы қажет. Бизнесті бастау
барысында кәсіпкер бар уақытын жобаға арнайды. Егер
жоба қызықсыз болса , кәсіпкерді моральдық тұрғыдан
қанағаттандырмайды.
4-шарт. Идея 1 немесе 2 сөйлеммен қалыптастырылуы
қажет. Өте қиын және ұзақ түсіндірмелер әлсіз және толық
зерттелмеген идеяны сипаттайды.

10.

Кез келген бизнесті бастау барысында негізгі
тұлға – кәсіпкер болып табылады. Бұл істің
қандай болатындығын нақ осы кәсіпкер
анықтайды. Ол:
*Қызмет бағытын таңдайды;
*Осы бизнесті табысқа әкелетін қадамдарды
әзірлейді.

11.

- іскерлік идеяларды қалыптастыру, инновацияларға
бейімділік, жаңа идеяларды көру және оларды
өндірісте пайдалануды болжау қабілеті;
- нарықта өз орнын табу, бастапқы кәсіпкерлік
есептеулер жүргізу және өз өндірісін құру қабілеті;
- нарықтағы
жағдайды
бағалау,
жағдайдың өзгеруін болжау қабілеті;
нарықтық
- жауапкершілікті өз мойнына алу және шешім
қабылдау қабілеті, тұтынушының пайдасын және
өз пайдасын барынша арттыру принципіне
негізделген;

12.

- өндірісті басқару қабілеті, команда құру қабілеті;
- барлық қажетті адамдармен, ұйымдармен, билік
құрылымдарымен
сақтау қабілеті;
- ақылға
іскерлік
қарым-қатынасты
қонымды
тәуекелге
қабілеттілік.
Кәсіпкердің жеке қасиеттері: шығармашылыққа
қабілеттілік, өзіне деген сенімділік, нарықтағы
бастаманы, ұйымдастырушылық қабілеттерді,
табысқа ұмтылуды, жеңіске деген ерік.

13. Кәсіпкерге тән сипатты белгілер

Арнайы білім мен
дағды
Жеке алғышарттар
мықты денсаулық
көшбасшылық және ашықтық
бастамашылдық
эмоциялық тұрақтылық
өзіне және өз ісінің
табыстылығына сенімділік
нарықтағы өзгерістерге
икемділік және бейімделу
дағдысы
өзгеруге және өз ісін ұлғайтуға
ұмтылысы
жігерлілігі және табандылығы
тәуекелге бару қабілеті және
дағдысы
аздаған кездейсоқтық пен
сәттілік
білімділік пен білім
өз ісін құруға
ниеттенген
саладағы белгілі
құзырлылық
cаудакоммерциялық
тәжірибелік бөлім
сату/өткізудегі
тәжірибе
адамдарды білу
қызметкерлерді
басқару тәжірибесі
Сыртқы шарттар
жеке мүліктік
жағдай
отбасылық орта
саудалық серіктес
бизнес бойынша
серіктес
құқықтық
шектеуші шарттар
(заңнама)
уақытша
алғышарттар

14.

Жеке бизнесті бастаудағы артықшылықтар:
1. Тәуелсіз жұмыс істеу. Шағын фирмалардың көбі
басқару иерархиясын сақтамайды. Бұл ынталы да
жігерлі кәсіпкерге іс-әрекет еркіндігін береді.
2. Икемді әрі тез шешімдерді қабылдау мүмкіндігі.
Ірі корпорацияларға қарағанда шағын бизнестегі
басқару
шешімдерін
қабылдау
құрылымы
оңтайландырылған, бұл болып жатқан өзгерістерге дер
кезінде әрекет ету мүмкіндігін береді.
3. Жергілікті жағдайға икемді болу. Шағын бизнес
жергілікті
нарықтың
сұраныстарын,
салттарын,
әдеттерін зерттеуге толық икемделген.

15.

4. Операциялық шығындары төмен болады.
Жалақы қоры біршама төмен, жабдықты сатып алу
көп инвестицияны талап етпейді, басқаруға
арналған шығындар азаяды.
5. Материалды табысқа тез жету мүмкіндігі.
Кәсіпкер бір мезгілде жалақыны да, бизнестен
түсетін үлесақыны да алады.
6. Ұзақ мерзімді пайдалар. Егер ісі оңға басса,
кәсіпкер өз ісін керек болған кезде тез әрі тиімді
сата алады.
7. Бірнеше мамандықты алып жүру. Көп адам
әмбебап болуға тырысады (қаржы маманы,
менеджер т.с.с.).

16.

8. Өзіндік немесе дербес нарық артықшылығы.
Әдетте ірі бәсекелес компаниялардың ісәрекеттері
бас
кеңселері
қарастырған
процедураларға тәуелді болады. Шағын бизнес
оларға қарағанда ширақ келеді, әсіресе нарық
белгілі бір шарттарға немесе белгілі бір мерзімге
байланысты болған жағдайда.
9. Кәсіпкерлік рухты сақтай білу. Дүниежүзілік
статистикаға жүгінсек, шағын фирмалардың
инновациялық, кәсіпкерлік рухы өте жоғары
болады, оған заманауи салаларда (электроника,
гендік
инженерия,
компьютерлер)
шағын
бизнестің басым болуы дәлел болады.

17.

Жеке бизнесті бастаудағы кемшіліктер:
1. Үлкен тәуекел
2. Кірістер көлемінің тұрақсыздығы
3. Өз қаражатыңды салу қажеттілігі
4. Аптасына 6-7 күннен 10-15 сағаттан жұмыс істеу
қажеттілігі

18. Ұйымдық-құқықтық нысандардың қандай бір түріне негізделіп жеке бизнесті құру үшін қажетті алғышарттар:

Алғашқы капиталды қалыптастыруға қажет, мүліктің
болуы
Жарғылық капиталдың минималды мөлшерін
қалыптастыру үшін керек ақша-қаражаттың болуы
Болашақ ұйымның кеңсесін орналастыратын
ғимараттың болуы не ғимаратты жалға алу
мүмкіндігінің болуы
Кәсіпкерлік қызмет нәтижесі іске асырылатын нарықты
алдын ала зерттеу
Жеке істі жүзеге асыруға мүмкіндік беретін, кәсіби
мамандардан ұжым құру

19.

2. Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу
Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеуге дейін келесідей
қадамдар жасау қажет:
1. Кәсіпорынды құру үшін жиналу.
2. Құрылтай құжаттарын дайындау.
3. Банктен шот ашу және тіркелу кезінде банкке
салынуға тиіс жарғылық қордың бір бөлігін
енгізу.
4. Құрылтай жиналысына шақыру, акцияға
жазылуды ұйымдастыру (акционерлік қоғамдар
үшін).
5. Кәсіпорынды тіркегені үшін алым төлеу.
6. Құжаттарды әділет органына ұсыну.

20.

Тіркелгеннен кейінгі жүзеге асырылуы тиіс
қадамдар:
- Статистикалық код алу үшін құжаттарды
рәсімдеу.
- Мөр дайындау.
- Салық органында тіркеу.
- Банктік шот ашу.

21.

Мемлекеттік тіркеу
Заңды тұлғаларды мемлекеттік
тіркеуді және филиалдар мен
Дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу:
өкілдіктерді есептік тіркеуді, ҚР
1. Мемлекеттік кіріс органына не
заңнамалық актілерінде көзделген
"Азаматтарға арналған үкімет"
жағдайларды қоспағанда, әділет
мемлекеттік корпорациясы
органдары жүзеге асырады. Заңды
рұқсаттар мен хабарламалар
тұлғаны - шағын кәсіпкерлік
саласындағы уәкілетті орган
субъектісін есептік тіркеу кез-келген
бекіткен нысан бойынша хабарлама халыққа қызмет көрсету орталығына
жібереді. Мемлекеттік кіріс органы
барып алуға болатын электрондық
дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеуді цифрлық қолтаңба арқылы жүзеге
жүргізеді.
асырылады (www.egov.kz-электрондық сұрау
жолдарын толтыру-сұрау салуға электрондық
цифрлық қолтаңбамен қол қою).

22.

Как зарегистрировать ИП в режиме онлайн
https://egov.kz/cms/ru/articles/business_registration/ipregistration
https://egov.kz/cms/kk/services/pass042com_mu

23.

3. Стартапты құру. Стартап түрлері мен айырықша
ерекшеліктері
Стартап немесе стартап-компания (ағылшын тілінен
start-up — іске қосу, бастап кету) — инновациялық
жаңа идеяға негізделіп бизнес құруды көздеген
жаңа компания

24.

«Startup» туралы түсінік
1939 жылы Америка Құрама Шататтарындағы Стэнфорд
университетінің түлектері Дэвид Паккард пен Ульям Хьюлетт идея
ойластырып, оны тәжірибеде сынап көрген. Жобаларына "Startup",
яғни бастау, іске қосу деген мағынадағы атау берген. Ал 90-жылдары
қаржы мамандары мен кәсіпкерлер "Startup" терминіне қатысты
түрлі пікір айта бастады. Бірі компанияның аз уақыттағы қызметі, енді
бірі тез даму, тағы бірі тәуекелге бел буа отырып өнім шығару,
қызмет көрсету дегенді білдіретіндігін айта бастады.
«Startup» – ауқымды бизнес-идеяны іздеуге және жүзеге асыруға
бағытталған уақытша құрылым. Тез дамып, көп пайда табуды мақсат
тұтқан жаңа қаржылық жоба» деген анықтама берілген. Бұл пікірге
сүйенсе, кез келген істі Startup деп атауға тура келеді. Дегенмен
«Startup» – алғаш қолға алынған жаңа бастама. Бұл бәсекелік қабілет
пен табысты арттырады.
Мысалы, қарапайым кафе ашу стартапқа жатпайды, ал оның
қызметінде бұрын-соңды қолданылмаған қандайда бір жаңа
технологияны пайдалану оның тың бастама екенін көрсетеді.

25.

Сарапшылардың айтуынша,
басты үш мәселе туындайды:
стартаперлердің
алдында
1. Қаржылай қолдау. Табысты кәсіппен айналысатын
бизнесмендердің өздерін идеяны ұтымды жобаға
айналдыруға болатынына сендіру қиын. Ал банк несиесінің
пайыздық мөлшерлемесі жоғары әрі оны ай сайын қайтару
да қиын. Тіпті банктен несие алудың өзі тым күрделі процесс.
Краудфандинг тәсілі, яғни жаңа жобаға көпшілік болып
қаржылай көмектесу қоғамда толық дамымаған. Венчурлық
қор жастар тобын қаржылай қолдағанға дейін көптеген
талаптар қояды. Сондықтан стартаперлер көп жағдайда
отбасы мен жақындарының қолдауына сүйенеді. Тіпті
болмаса, бизнес-періштені – жобаны қолдап, кәміл сенім
білдіретін қайрымды жанды іздеуге тура келеді.

26.

2. Стартаптың даму уақыты. Стартап жай ғана даму емес,
қарқынды дамумен сипатталады. Негізінен жоба 6-8 айда
табыс әкелмейтін болса, ол жабылады. Бірақ кәсіп
бастағандардың көбі жобаны ұзаққа созып, табыстың орнына
шығынды көбейтіп алады.
3. Жобаны жүзеге асыру. Ірі өндірістік компанияларды
қандайда бір инновациялық зерттеу немесе жаңа бастамамен
қызықтыру қиынға соғады. Өндіріс циклын жаңа арнаға бұру –
жобаның расымен де табысты, кәделі екеніне көз жеткізгеннен
кейін ғана жасалады. Тұтастай өндірісті жаңа бағытта
дамытудың
қаупі
жоғары
болғандықтан,
стартапиндустрияның деңгейі көтерілмейтіні анық.

27.

Стартапқа тән белгілер:
1. Инновация. Стартаптар көбінесе жаңа, инновациялық
өнімдер немесе қызметтер ұсынады. Олар нарықтағы бос
орынды табуға немесе қазіргі өнімдерді жетілдіруге тырысады.
2. Жоғары тәуекелдер. Стартаптар көбінесе қаржылық және
нарықтық тәуекелдерге ұшырайды. Бизнес бастау кезінде
сұраныс болмауы немесе қажетті қаржы ресурстарының
жетіспеуі сияқты қиындықтар болуы мүмкін.
3. Өсу әлеуеті. Стартаптар өзінің табысты болуына және
нарықтағы орнын алуына байланысты өте жылдам өсуі мүмкін.
Олар көбінесе жоғары қарқынды өсімге ұмтылады.
4. Шағын команда. Стартаптар көбінесе шағын және икемді
командалармен жұмыс істейді. Әр қызметкердің міндеті көп
болуы мүмкін, себебі ресурстар шектеулі.

28.

Стартапқа тән белгілер:
5. Қаржыландыру қажеттілігі. Стартаптар үшін алғашқы
кезеңде инвестициялар қажет. Олар көбінесе венчурлық
капитал, ангел-инвесторлар немесе краудфандинг арқылы
қаржыландырылады.
6. Нарыққа жылдам ену. Стартаптар көп жағдайда нарыққа
жылдам кіруге тырысады, өйткені олардың өмір сүру мүмкіндігі
көбінесе бәсекелестердің алдында болуына байланысты. Бұл
үшін
олар
инновациялық
маркетингтік
стратегиялар
қолданады.
7. Технология мен цифрлық шешімдерге негізделу. Қазіргі
таңда стартаптардың көбісі технология мен цифрлық
платформаларды пайдаланады. Бұл оларға тиімділікті
арттыруға және нарықта өзіндік орнын табуға мүмкіндік береді.

29.

Стартапқа тән белгілер:
8. Ұзақ мерзімді табысқа жетуге ұмтылу. Стартаптардың
мақсаты – қысқа мерзімді табыс емес, ұзақ мерзімді тұрақты
бизнес моделін құру. Олар нарықта тұрақтылық орнатуға
тырысады.
9. Клиентке бағытталғандық. Стартаптар көбінесе клиенттердің
нақты қажеттіліктеріне назар аударады. Олар нарықта табысқа
жету үшін клиенттермен тығыз байланыс орнатуға тырысады.
10. Икемділік және адаптация. Стартаптар нарықтық
жағдайлар мен клиенттер қажеттілігіне қарай тез бейімделіп
отырады. Олар өз идеяларын өзгертуге немесе жетілдіруге
дайын болады.
Стартап — бұл жаңа бастамаларды іске асыру арқылы нарыққа жаңа
өзгерістер әкелуді мақсат ететін ұйым. Ол көптеген қиындықтарды жеңе
отырып, ерекше шешімдер мен мүмкіндіктер ұсынуы мүмкін.

30.

Этапы Стартапа:
1. PowerPoint-стартапы (т.е. те, которые состоят из одной
презентации), часто в такие стартапы никто ничего не
вкладывает
2. Посевной этап, или Pre-Seed stage. В этот момент
выполняется поиск и уточнение идеи и разработка технических
методов ее реализации. Инициативная группа анализирует
рынок, пишет бизнес-план, формулирует техническое задание.
Это создание прототипа продукта, тестирование его версий,
изучение спроса и поиск источников финансирования.
3. Seed stage. Продукт уже имеется, однако предприниматели
обращаются к инвесторам, включая друзей, родственников и
инвесторов-ангелов, чтобы найти финансовую поддержку для
своей концепции или продукта
4 Pitching. Презентация стартапа на совещании с инвесторами

31.

5. Запуск, или Startup Stage. Когда инвестор найден и проект
реализован его можно выпускать на рынок. Создателям
стартапа следует проявить упорство, продемонстрировать
творческое мышление и деловую хватку чтобы пробиться на
рынок, т.к. почти все ниши уже заняты аналогами. На данном
этапе проект подвергается наибольшему риску
6. Рост, или Growth Stage. В этот момент происходит
нарасщивание прибыли и выход на точку безубыточности
7. Расширение, или Expansion Stage. Стартап достиг
поставленных целей. Однако на этом останавливаться не стоит
следует разумно расширять его функционал и потребителей
(пользователей) там самым еще больше увеличивая прибыль
8. Выход, или Exit Stage. Выход из старапа первоначального
инвестора - продажа своей доли или наоборот получение
постоянной прибыли

32.

Финансирование стартапа:
1. Посевные инвестиции
2. Ангельские инвестиции
3. Государственные гранты
4. Собственные сбережения, можно конечно рискнуть или
использовать свободные собственные средства для
развития своего стартапа, но это очень рискованное
мероприятие
5. Краудфандинговые площадки
6. Раунд «А»

33.

Пайдаланылған әдебеиттер тізімі
1.
Эрик Рис. The Lean Startup.
2.
А. Остервальдер и И. Пинье. Построение бизнес-моделей.
Настольная книга стратега и новатора.
3.
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
атты мақаласы. 12 сәуір 2017 (http://www.akorda.kz).
4.
Есиркепова А.М. Современное предпринимательство: учебное
пособие / А.М. Есиркепова. - Алматы: New book, 2020. - 304, [1]
с. : ил., табл. - Библиогр.: с. 298-302.
5.
Предпринимательство и бизнес: учебник / М.П. Переверзев,
А.М. Лунёва ; под ред. проф. М.П. Переверзева. — М.: ИНФРА-М,
2019. — 176 с. — (Высшее образование: Бакалавриат).

34.

Тапсырма
Бизнес-идеяны презентациялау (жеке немесе топпен (2-3
адам)
English     Русский Rules