Similar presentations:
Шағын бизнес және орта бизнесті реттеу
1. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті
Тақырыбы:Шағын бизнес және орта бизнесті реттеу.Орындаған: Әбдібек Ә.
Қабылдаған: Шалдарбекова Қ.
2. Жоспары
КіріспеНегізгі бөлім
Инкубация
Қазақстандағы шағын бизнесті
дамыту
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
3. Кіріспе
Қазіргі жағдайда экономиканы сауықтан дыруға шағынкәсіпорындардың қосқан үлестері жоқтың қасы. Оның
себебі жалпы өңдірістің төмендеуі және ТМД елдерімен
экономикалық қатынастардың үзілуіне болып отыр.
Сонымен бірге шағын кәсіпорынға мемлекеттік қолдау
орын ала алиай келеді. Шағын кәсіпорындарға жан-жақты
қолдау болмаған жағдайда олар өз бетімен жұмыс істеп
кете алмайды.Қазақстанда кәсіпкерліктің, әсіресе шағын
және орта бизнестің дамуы экономикалық реформаларды
жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Ал, бизнестің
жоғары деңгейде дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекет
тарапынан белгілі бір дәрежеде қолдау көрсетілуі керек.
Осыған байланысты бизнес бастаманы қолдау және жеке
бизнесті дамытуды ынталандыру мақсатында мемлекет
тарапынан әр түрлі қолайлы экономикалық және құқықтық
жағдайлар жасалуы тиіс. Қазақстан Республикасының
«Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңында елімізде жеке
бизнесті қолдауға арнай тарау(4тарау) арналған.
4. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі қағидалары
кәсіпкерлікті дамытудың басымдылығы;кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдацудың кешенділігі;
дамытуда және кәсіпкерліктің
ұйымдастырушылық формаларын таңдауда жағдай туғызу;
қатарлы шетелдік тәжірибені қолдау.
5. Инкубация
• Инновациялық кәсіпкерлікті дамытудыңжарқын мысалдарының бірі бизнесті
инкубациялау болып табылады. Инкубация
шарттары шағын кәсіпорындар құру және
дамыту барысындағы кедергілерді жоюға
жағдай жасайды. Бизнес-инкубатор ісін жаңа
бастап келе жатқан кәсіпкерлерге өндірістік,
кеңсе және т.б. шаруашылық жүргізу
алаңдарын береді, кеңседе қызмет көрсетеді
және тиімді шартпен қосалқы қызметтер
ұсынады.
6. Бизнес инкубацияның артықшылықтары
Инкубатордың кеңсе жәнеконсультациялық қызметтерді ұсынуы
қызметкерлер санының артуына және
негізгі қаражатта тартуға жол бермейді,
осы арқылы шағын фирма қызметінің
шығындарын тиімді етеді. Бұдан басқа,
консультациялық қызметтер, ақпараттық
орта және оқыту шаралары кәсіпкерге
заманауи ортада тұрақтап қалуға жағдай
жасайды.
7. Инкубацияның даму тарихы
Инкубаторлардың кәсіпкерлікке және экономикалықдамуға әсері және серіктестікке ықпалы аталған
кәсіпорындарды жалпы мойындалған аймақтық
даму құралына айналдырды. Ресми деректерге
сәйкес, дүние жүзіндегі алғашқы бизнес-инкубатор
Батавия (АҚШ) қаласында 1959 жылы пайда болған.
80-жылдардың соңынан бастап кәсіпкерлік
инкубациясы экономикалық дамуды ынталандыру
үшін кеңінен қолданыла бастады. Қазіргі кезде
әлемде 4000 астам бизнес-инкубатор бар.
8. Бизнес-инкубаторлардың қызметтері:
- шағын кәсіпкерлік субъектілерін конкурстық негізде тарту;- бизнес-инкубаторда орналастыру үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерін сүрыптау және
олармен өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісім-шарттар жасасу ;
- жаңа шағын кәсіпорындардың консалтингтік алып жүру ;
- қаржылық құрылымдармен, халықаралық ұйымдармен, оның ішінде жобаларды
тәуекелді қаржыландыру институттарымен қарым-қатынас жасау арқылы әлеуетті
инвесторларды іздеу ;
- ақпараттық және сарапшылық ресурстарға қол жеткізу мүмкіндігін қамтамасыз ету ;
- табысты компаниялардағы стажировкаларды қоса алғанда оқу семинарларын, әр түрлі
тақырыптардағы тренингтер, тәжірибе алмасу үшін форумдар ұйымдастыру ;
- шағын кәсіпорындар үшін мамандарды іздеуде және жалдауда көмек көрсету ;
- бизнес-инкубатордағы шағын кәсіпорындардың дамуы туралы ақпараттық-талдаулық
базаны жасау .
9.
10.
11.
12.
13.
14. Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту
Қазақстан Республикасында бизнесті қолдау мен дамытудың бірнешемемлекеттік бағдарламалары қабылданды. Атап айтсақ, қазіргі кезге
дейін шағын бизнесті қолдау мен дамытудың 7 мемлекеттік
бағдарламасы
(1992-1994жж. 1996-1998жж. 1999-2000жж. 20012002жж. 2004-2006жж. 2005-2007жж. 2007-2010жж.) қабылданып,
жүзеге асырылды.Соңғы бағдарлама экономикалық дамудың нақты
жағдайына, елдегі шағын және орта бизнестің даму тенденциясын,
шетелдік озық тәжірибелерді зерттей отырып, жан-жақты зерттеулер
негізінде қабылданды. Ол Қазақстан Республикасында шағын және орта
бизнесті дамыту бойынша жеделдетілген шаралардың 2007-2010
жылдарға арналған Бағдарламасы деп аталады.
15.
ҚорытындыБүгінде кәсіпкерлердің көбі несие алу арқылы аяғына тұрып, көпшілігі
бизнесін шыр айналдырып әкетті. Бұл ретте несие беретін ұйымдар мен
банктердің ауыл адамдарына көмегі айтарлықтай.
2010ж екінші деңгейдегі банктерден 50 кәсіпкер 190 млн.теңге несие
алды. Шағын несиелік ұйымдар 15 адамға 20 млн.теңге несие берді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасы ауданда 19 жобаға 25
млн.теңге, 13 кәсіпкерге 21 млн., 7 мемлекеттік емес ұйымға 10 млн.теңге
несие берді.
Істің ілгері басуына оң ықпал ететін факторлардың бірі – инвестиция тарту.
Кәсіпкерлік нысандары бойынша 2010 жылы 270 млн.512 мың теңге
инвестиция тартылды.
«Самұрық–Қазына» ұлттық әл-ауқат, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту
жөніндегі» қорлар, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
мен «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы бірлесе отырып
ұйымдастырған «Кәсіпкерлік экспресс» курсы белсенді өткізіліп отырады
және куәліктер табыс етілуде.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту бағытында Қытайдағы «Достық–Алшаңқай»
орталық сауда кешеніне күнбе-күн визасыз кіріп-шығу мәселесі
қарастырылып, ол шешімін тапты. 2009 жылы 23 желтоқсанда визасыз
кіріп-шығу жәрмеңкесі ашылды. Бүгінде ауданда визасыз кіріп-шығу
жәрмеңкесі бойынша «Достық-тур» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
халыққа қызмет көрсетеді.
16. Пайдаланылған әдебиет
Ғаламтор сілтемеhttps://business.gov.kz/kz/startup-business/partnership/businessincubators-development-program.php