Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аударту саясаты Қазақстан аумағындағы қалалар мен сауда, жәрмеңкелер Қазақстанда өнеркәсібтің
58.13K
Category: historyhistory

Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аударту саясаты Қазақстан аумағындағы қалалар мен сауда, жәрмеңкелер Қазақстанда өнеркәсібтің

1. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аударту саясаты Қазақстан аумағындағы қалалар мен сауда, жәрмеңкелер Қазақстанда өнеркәсібтің

дамуы
Қазақстан Ресейдегі 1905-1907ж революция кезінде
Оқу-ағарту ісі

2.

• Қазақстан аумағына шаруаларды қоныс аударту себептері
• 1)1861ж Ресейде шаруаларды басыбайлы езгіде ұстау
жойылды.
• 2)Шаруалар бүліншілігін болдырмау үшін
• 3)Қоныс аударушы шаруалар есебінен қазақ өлкесіндегі
өзінің сенімді тірегін қалыптастыру
• 4)Шаруаларды жергілікті халықты христиан дініне енгізу
мен орыстандыруда пайдалану
• 5)Қазақтарды отырықшы өмір салтына көшіру
• 6)Қазақстанды орыс империясын мол астығы бар
қоймасына айналдыру

3.

• Орыс шаруаларын Қазақстанға көшіру кезеңдері
• 1)1867-1868ж әкімшілік-аумақтық реформа кезінде
• 2)1886-1891ж әкімшілік-аумақтық реформа кезінде
• 3)Столыпиннің 1906ж аграрлық реформасы кезінде
• 1906ж Ресей министрлер кеңесінің төрағасы П.А.Столыпин шаруаларды
Ресейдің азиялық бөлігіне жаппай қоныс аударту туралы шешім
қабылдады. Столыпиннің аграрлық реформасы деп аталады.
• Жергілікті қоныс аударту мекемелері шаруаларға хутор салу үшін 45
десятинадан, егін егуге 15 десятинадан жер бөліп беруге міндеттелінді.
• 1917ж дейін жергілікті байырғы халықтан 45 млн десятина жер
тартып алынды.

4.

• Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс Қазақстандағы қалалардың
көпшілігі әскери бекініс-қамалдар негізінде пайда болды.
• Бұрын сауда-саттықтың басты орталықтары Орынбор, Троицк,
Петропавл, Пресногорьков, Омбы, Семей, Орал бекініс қамалдары
болды.
• Ал ХІХғ 20ж бастап округтік приказдар да сауда орталықтарына айнала
бастады.
• ХІХғ екінші жартысындағы неғұрлым ірі сауда орталықтары
Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Қазалы,
Жаркент қалалары болды.
• ХІХғ екінші жартысынан бастап қазақ өлкесіндегі сауда-саттықтың ел
аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелік түрлері пайда болды.

5.

• Қазақстандағы неғұрлым атақты ірі жәрмеңкелер:
• Қарқаралы уезіндегі Қоянды-Ботов (1848ж), Ақмола уезіндегі
Константинов-Еленов, Атбасар уезіндегі Петров, Орал облысындағы
Ойыл және Темір, Верный уезіндегі Қарқара, Жаркент, Сырдария
облысындағы Әулиеата, Семей уезіндегі Шар, Павлодардағы
Тайыншакөл жәрмеңкелері болды.
• Ресей-Қытай сауда-саттығы Зайсан, Өскемен және Семей қалалары
арқылы жүзеге асырылды.
• Қытай аумағындағы сауда Шәуешек, Құлжа, Үрімші, Гучен
қалаларында жүргізілді.
• 1883ж көпес Уәли Ахун Юлдашев Іле өзені арқылы тікелей су жолын
ашты. Ертіс және Іле өзендерінде пароход қатынайтын болды.

6.

• 1871ж Петропавлда Қазақстанда тұңғыш қоғамдық банк ашылды.
• Кейін Семей, Верный, Ақмола, Қостанай және Павлодар қалаларында
да ашыла бастады.
• 1833ж Қарағанды көмірін Аппақ Байжанов ашты.
• Екібастұз көмірі, Майқайың полиметалл кен орындарын Қосым
Пішенбаев ашты.
• ХІХғ 40ж Н.Ушаков, А.Рязанов деген көпестер Қарағанды көмір
кен орындарын, Успенск мыс кеніштерін, Жезқазған және СпасскВоскресенск мыс кеніштері аймағын өте арзан бағаға сатып алды.
• 1904ж Лондонда «Спасск мыс кен орындарының акционерлік қоғамы»
құрылды.
• 1906ж Лондонда «Атбасар мыс кен орындарының акционерлік қоғамы»
пайда болды.

7.

• 1891-1893ж Покровская слобода-Орал, 1894ж Челябі-Петропавл-Омбы
арасында теміржол желісі салынды.
• 1901-1905ж Орынбор-Ташкент теміржолы салынды.
• 1905-1907ж І орыс революциясы.
• Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы осы оқиға арнап «Қанды жексенбі» деген
өлең жазды.
• Қазақстанда көтеріліс болған жоқ. Тек ереуілдермен шектелді.
Теміржол бойында және Тау кенорындарда болды. Жұмысшы табы аз
болды.
• 1905ж Спасск мыс балқыту зауытында, Успенск кенішінде
жұмысшылардың ірі баскөтеруі болды.
• Успенск кенішінде «Капиталға қарсы орыс-қырғыз одағы»
құрылды.

8.

• 1905ж ІІ Николай патша Ресейдегі революциялық күштердің
қысымымен империяның заң шығарушы органы Мемлекеттік
Дума құру туралы манифестке қол қойды.
• 1905ж Қарқаралы қаласына жақын жердегі Қоянды (Ботов)
жәрмеңкесінде қазақ халқының атынан император ІІ Николайға
петиция ұйымдастырылды. Қарқаралы петициясы деп
аталды. (Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Ж.Ақбаев,
Т.Нұрекенов)
• 1906ж І Мемлекеттік Думаға қазақтардан Торғай облысынанАхмет Бірімжанов, Уфа губерниясынан-Сәлімгерей
Жантөрин, Ақмола облысынан-Шәймерден Қосшығұлұлы,
Семей облысынан-Әлихан Бөкейхан сайланды. 73 күн өмір
сүрді.

9.

• 1907ж ІІ Мемлекеттік Думаға Қазақстаннан Ақмола облысынанШәймерден Қосшығұлұлы, Торғай обл-Ахмет Бірімжанов, Семей
обл-Темірғали Нұрекенов, Жетісу облысынан-Мұхамеджан
Тынышбаев, Орал обл-Бақытжан Қаратаев сайланды. 104 күн өмір
сүрді.
• 1907-1917ж қазақтар Ресейдің Мемлекеттік Думасына сайланған жоқ.
• ІІІ-ІV Мемлекеттік Думалардағы мұсылман фракциясының құрамында
Мұстафа Шоқай болды.
• ХХғ басындағы қазақ зиялылары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқай, Х.Досмұхамедов,
Ж.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, Ж.Ақбаев, О.Әлжанов
• Болашақ қоғам қайраткерлер М.Жұмабаев, С.Сәдуақасов,
Қ.Кемеңгеров, Ж.Аймауытов, М.Әуезов, А.Сейітов, Қ.Болғанбаев

10.

• «Түркістан уәлаятының газеті» 1870ж Ташкент
• «Дала уәлаятының газеті» 1888ж Омбыда
• «Айқап» журналы 1911-1915ж Троицк. Бас редакторы
Мұхамеджан Сералин
• Жалпыұлттық «Қазақ» газеті 1913-1918ж Орынбор. Ахмет
Байтұрсынов
• 1909ж Қазанда М.Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңдер жинағы
• 1911ж Орынборда А.Байтұрсыновтың «Маса» атты өлеңдер
жинағы басылып шықты.

11.

• ХІХ-ХХғ бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі екі: діни және
зайырлы бағытта жүргізілді.
• ХХғ басында мұсылман мектептерін реформалау басталды. Оны
ұйымдастырушылар Жәдитшілдер болды. Жаңа әдістемелік
мектептер пайда болды. (И.Гаспринский)
• Жаңа әдістемелік мектеп 1900ж Түркістанда ашылды.
• 1813ж Омбыда, 1825ж Орынборда әскери училищелер ашылды. (кейін
Сібір және Орынбор Неплюев кадет корпусы)
• 1879ж Торғай обл алғашқы екі сыныптық орыс-қазақ мектебі пайда
болды.
• 1883ж Ор қаласында қазақтарға арналған мұғалімдер мектебі тұңғыш
рет ашылды.

12.

13.

• 1)С
• 2)Д
• 3)А
• 4)Е
• 5)А
• 6)Д
• 7)В
• 8)В
• 9)А
• 10)А
11)Д
12)А
13)С
14)Д
15)В
16)В
17)Д
18)В
19)А
20)Д
21)С
22)Д
23)А
24)А
25)В
26)Е
27)А
28)Д
29)А
30)С
English     Русский Rules