11.28M

№49_С_Датұлы_бастаған_шаруалар_көтерілісі

1.

Қазақстан тарихы
1783-1797 жылдардағы С.Датұлы бастаған
шаруалар көтерілісі

2.

Сабақтың мазмұны:
1
3
Көтеріліс 1 кезеңі
Жеңілуі
2
4
Қайта өршуі
Салдары

3.

Сырым Датұлы

4.

• Сырым Датұлы - Кіші
жүздің Байұлы
тайпасының Байбақты
руының старшыны.
• Өзінің асқан
ақылдылығы
арқасында өз
ортасында тым ерте
танылып, әділдігімен
аты шыққан «Бала би»
атанды, атақты батыр,
әйгілі шешен
• С.Датұлы Е.Пугачев
бастаған көтерілісінің
барысында өзін шебер
дипломат, әскери
қолбасшы әрі көрнекті
ұйымдастырушы

5.

Көтерілістің шығу себебі
• Отарлық езгінің күшеюі,
• Қазақтардың Жайықтан өтуіне тиым салынуы,
• Орыс-казактардың арғы бетке өткен ауылдарды
ашық тонауы,
• Кіші жүздегі хан билігінің әлсіздігі т.б.

6.

Мақсаты
• Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін
қалпына келтіру,
• Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын
тоқтату,
• Кіші жүз Нұралы хан оның сарайындағы ақсүйектердің
озбырлығына шек қою.

7.

• Қозғаушы күші: Шаруалар, старшындар, билер, ру
басылары
• Аумағы: Еділ-Арал теңізі аралығы
• 1778 жылы Орал казактарымен қақтығыстың бірінде
Сырымның балалары қайтыс болды.

8.

Көтерілістің кезеңдері
• І кезеңі 1783–1785 жылдарын
қамтыды.
• ІІ кезеңі 1791–1792 жылдарын
қамтыды.
• ІІІ кезеңі 1797 жылы көтерілістің
жеңілуі.

9.

Көтерілістің І-ші кезеңі 1783-1785
жылдары
• 1778 жылы Орал казактарымен қақтығыста
Сырымның балалары қайтыс болды.
• 1782 жылы казактар отряды жайлымдвқ жерді
пайдаланғаны үшін ақы талап етті.
• 1783 жылы күзде С.Датұлының Орал казак
әскерлерімен алғашқы қақтығысы болды.
• 1784 жылы көктемде Нұралы хан Сырымды
казактар отряды қолынан босатты.
• 1784 жылы маусымда Сырым Орал казак
әскерімен күресты бастап, қарашада Сағыз өзені
бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.

10.

Көтерілістің І-ші кезеңі 1783-1785
жылдары
• 1785 жылы генерал-майор Смирновтың әскері
көтерілісті басуға жіберілді.
• Жем өзені бойында көтерісшілер саны 7 мыңға
жетті.
• 1785 жылы көктемде Сахарная бекінісін алуда
майор Назаровқа Айшуақ сұлтан тұтқынға түсып,
шайқаста Айшуақ сұлтанның ұлы Атақ сұлтан
қайтыс болды.
• 1785 жылы жиналыста 20-ға жуық ру Нұралыны
тақтан түсіру туралы шешім қабылдады.
• 1786 жылы Нұралы хан Уфаға жер аударылды.
1790 ж қайтыс болды.

11.

Игельстром реформасы

12.

• Барон О.Игельстром - 1784 жылы Орынбор
өлкесінің губернаторы.
• 1786 жылы О.Игельсторм реформаның мәні:
• Кіші жүзде хандық билікті жою
• Орынборда Шекаралық сот билігін орнату.
• Кіші жүзді рулық-тайпалық жүйе бойыншаӘлімұлы, Байұлы және Жетіру етіп үшке бөлу
ұсынылды. Әрқайсысында сот билігін жүзеге
асыратын әкімшілік расправалар құрылатын
болды.
• Игельстром реформасы:
• Генерал губернаторлық
• Шекаралық сот
• Ауылдық буындар

13.

• О.И.Игельстромның жобасы бойынша Кіші жүздегі
әкімшілік билік Шекаралық сотқа берілді
• ІІ Екатерина жобаны уақытша бекітті.
• 1786 жылы Орынборда Шекаралық комиссия
құрылды
• 1787 жылы Кіші жүзде патшаның әкімшілік
билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды
• Патша үкіметінің О.А.Игельстромның реформасын
тоқтатып, хандық билікті қайтадан қалпына
келтіруге себебші болған оқиға: Францияда
король билігінің құлатылуы Ресейде
Романовтар әулетіне қарсылық тудыруы.

14.

Көтерілістің қайта өрлеуі

15.

Көтерілістің қайта өрлеуі
• 1790 жылы казак әскерлерінің атаманы Д. Донсков
1500 казактармен қазақ ауылдарын ойрандап,
адамдарын тұтқындап, малдарын айдап кетті.
• 1790 жылы тамызда Төртқара руының өкілдері
шетелдер коллегиясының мүшесі граф
А.А.Безбородкаға атаман Донсков үстінен шағым
түсірді.
• Императрица ІІ Екатерина 1790 жылы 21 қазанда
және 5 қарашада бейбіт ауылдардың тынышын
алмау туралы нұсқау шығарды.

16.

• Генерал-губернатор А.А.Пеутлинг бұл нұсқауды
өзінше түсініп, Кіші жүз даласына
жазалаушыларды аттандырып, көтерілістің
шығуын тездетті.
• 1791 жылы наурызда бейбіт ауылдарды сақтау
үшін Сырым Табын және Кердері руларына
Мұғалжар тауларына қарай көшуді ұсынды.

17.

Көтерілістің ІІ-ші кезеңі
1791-1792 жылы
• 1791 жылы Орск қаласы маңайында Кіші жүздің
ханы болып Ералы сайланды
• 1792 жылы Сырым Ресейге қарсы ашық күрес
жариялады
• Сырымның көтеріліске Орта жүзбен шекаралас
аймақтардағы қазақтарды тарту туралы ойын Патша
үкіметінің Жем, Ойыл бойында біртіндеп
бекіністер тұрғыза бастуы іске асыртпады

18.

• 1792 жылы маусымда Елек қонысы мен
Красногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз
болып, Сырым партизандық күрес әдісіне
көшті. Күрес бәсеңдеді.
• Сырымды Айшуақ сұлтанның баласы Жантөре
табаңды түрде қолдады.
• 1794 жылы Ералы хан қайтыс болғаннан кейін,
1795 жылы Кіші жүзде хан болып Есім сайланды

19.

Көтерілістің ІІІ-ші кезеңі
1797 жылы
• 1796-1797 жж халықтың жағдайын нашарлатқан
қысқы жұт болды
• 1797 жылдың наурыз айының 17-сінде Сырым
тобы Хан сарайына тұтқиылдан шабуыл жасады
Есім ханды өлтірді
• 1797 жылы күзде полковник Скворкин тобы Сырымды
қудалауды бастады.
• О.А.Игельстром Кіші жүздегі басқаруды Хандық
кеңеске беруді көздеді

20.

Көтерілістің ІІІ-ші кезеңі
1797 жылы
• Патша үкіметі Сырымды өзіне жақындату үшін:
Айшуақ бастаған «Хан кеңесін» құрды. «Хан
кеңесі» төрт адамнан тұрды және оның құрамына
Нұралы ханның бірде-бір ұрпағы енгізілмеді.
• 1797 жылдың күзінде барон О.А.Игельстромның
ұсынысына сай патша үкіметі Айшуақты Кіші жүздің
ханы етіп бекітті
• 1797 жылы Кіші жүздің сұлтаны Қаратай Сырым
Датұлын қудалады
• 1797 жылы Сырым Датұлы Хиуа хандығы өтіп кетті
1802 жылы сонда қайтыс болды.

21.

Жеңілу себептері
• Ұйымшылдықтың болмауы
• Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын
өзгертуі

22.

Тарихи маңызы
• XVIII ғасырда Еділдің шығыс өңіріндегі ірі халықтық
сипаттағы қозғалыс
• 14 жылға созылған ең ұзақ көтеріліс
Нәтижесі
• 1801 жылдың 11 наурызында патша үкіметінің
қазақ руларына Жайықтың оң жағасына өтуіне,
малын жаюына рұқсат беруі.

23.

Д.Ч.Бульжер:
• « Сырым батыр-ХVІІІ ғасырдың екінші
жартысында Кіші жүзде болған оқиғаларға белсене
қатысқан ерекше тұлға. Табиғатынан алып күш
иесі, ақылға бай,ерік- жігері зор,ержүрек, тапқыр,
айлакерлігі жеткілікті, өз қадірін жете бағалай
білетін оған жалпы жұрт табынған десе де
болады. Кіші жүз қазақтары оны өздерінің даңқын
асыратын ерекше адам деп таныды. Қарапайым
қазақтар арасынан шығуы да Сырымды халыққа
жақындастыратын. Өзінің орасан зор ықпалын
пайдаланған батыр өзін құрметтейтін топты
небір батыл да қауіпті істерге бастай білді»

24.

А.И.Добросмыслов:
• «Қырғыздардың бғздғң шығыс шегарамызға
шабуылы мен даладағы бүлікшілік бұл уақытта
шыңына жетті.....Бұл жағдайға келуге төмендегі
жайлар себеп болды. Қарапайым қырғыздар ішінен
Байбақты руының Байұлы тармағынан шыққан
Сырым Датұлы деген батыр өзінің ерекше
ақылдылығы, қажыр-қайраты арқасында хандар
мен сұлтандардың ата жауына айналды.
Қартайған Нұралы хан тәртіпсіздіктерді тыюға
ешқандай шара қолдана алмады. Қырғыздар оның
өзіне қарсы шығып, тонаушылыққа ұшыратты.
Байбақты, шекті және адайлардан құралған
Сырым тобы сұлтандарға маза бермеді

25.

Игельстромға арналған
құжат:
• -«Қазанның 15-не жіберілген Сіздің хабарламаңызды алып,
Сіздің сол жақтағы өлкенің ісіне ыждағатпен араласып,
қырғыз халықтарының тыныштығы үшін аса қажетті
және пайдалы Шекара сотын құрып үлгергендігіңізді
біздің қанағаттанғандықпен қабылдағанымызды
білдіреміз. Сіздің қызметіңізге ынталығыңызды әділ
бағалап, өзіңіз ұсынған қарамағыңыздағы
қызметкерлеріңіздің адал еңбегін марапаттап, Орынбор
экспедициясының шекара істеріндегі надворный
советник Петр Чуваловқа колледж советнигі, Уфаның
екінші төменгі сотының судьясы, колледж асессоры
Меңдияр Бекчуринге надворный советник, орынбор
корпусының обер-аудиторы Иван Фризельге секундмайор атақтары беріліп, олар бұрынғы қызметтерінде
қалдырылды.Сіздің қасыңыздағы ахун Мұхамеджан
Гусейнге қазіргі алып отырған 300 сом жалақысына тағы
да жылына 200 сом қосуды бұйырамыз және ол бас ахун
деп аталсын, сонымен бірге сіз қырғыз халқы жөніндегі
біздің басқа да ойларымыз бен жоспарларымызды өзіңізге
тән ынтамен, шебер түрде іске асырады деп сенеміз.
Сонымен бірге өзіңіз жасаған ұсыныстарды шешу үшін,
мыналарға рұқсат етеміз»

26.

НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!
Сабақ аяқталды,
Келесі жүздескенше!
English     Русский Rules