Similar presentations:
ЕРКІНДІК_ФИЛОСОФИЯСЫ
1.
ЕРКІНДІКФИЛОСОФИЯСЫ
2.
Еркіндік, ерікЕркіндік — адамның немесе жеке ұлттың,
халықтың өз мүдделері мен мүмкіндігіне сай
әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы.
Ерік дегеніміз - адамның өз мінез – құлқын
меңгере алу қабілеті.
3.
Философия тарихындағы еркіндіктүсінігі
Философия тарихында еркіндік мәселесінің орын алуы ерте
замандардан басталады. Саяси тұрғыдан алғанда еркіндік – еркін
қоғам, адамдарға лайықты өмір қамтамасыз ететін еркін әлем.
Еркіндік – адамның немесе жеке ұлттың, халықтың өз мүдделері
мен мүмкіндігіне сай әрекет етіп, өз қалауын жүзеге асыруы.
Адамдар өз ірекетінің объективті жағдайларын қалауынша таңдап
алуға ерікті емес, алайда олар нақтылы және салыстырмалы
еркіндікке ие. Адамның түсінігіндегі еркіндік біреудің үстемдігінсіз
және зорлықсыз өмір сүру мен мен еңбек ету, мұнсыз ол өзін тұлға
ретінде қабылдай алмайды.еркіндік ұғымы бұл тұрғыда
тәуелсіздікпен жалғасып кетеді. Еркіндік – нақты және
салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға
байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол
өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге бір салада оған
жете алмауы да м.мкін. Сол секілді жеке адамның және ұлттың
еркіндік дәрежесі де әр түрлі.
4.
Еркіндіктің жалпы сипаттамасыЕркіндік феномені кең мағыналы, көп қырлы.
Ол адамның жеке, сондай-ақ әлеуметтік
өмірінің сан саласын қамтиды. Тіліміздің бай
екені соншалық, еркіндіктің: бостандық,
азаттық, дербестік, егемендік, тәуелсіздік,
еріктілік секілді көптеген баламалары бар.
Еркіндік мәселесі – философия ғылымы
ғасырлар бойызерттеп келе жатқан, әлі шешімі
табылмаған, маңызы қазіргі заманда арта түсіп
отырған “мәңгілік” мәселелердің бірі.
5.
Еркіндіктің жалпы сипаттамасыФилософиялық ойлауға тән ашықтық, сыни
верификация, реализм, скептицизм, өзін-өзі
сынай білу философияны игеруші субъект –
тұлғаның рухани дүниесінің қалыптасуына
айқындаушы әсер етеді. Философия адамға өз
өмірі мен тағдырын өзі айқындауға мүмкіндігі
бар екендігін, таңдау еркіндігі адамның өз
қолында екендігін түсіндіреді. Бұл жолдардан
еркіндік сипатын көріп тұрмыз.
6.
Еркіндік абсолютті емесЕркіндік бала кезден бәрімізге таныс. Ата-аналарымыз
қонаққа кетіп сіл еркіндік берілсе не болушы еді?! Үй
шашылған, су төгілген, ыдыс-аяқ сынған көріністер
тізіле береді. Сондықтан үлкен түгілі балаға ерік берілсе
“бәрін қопарып тастайды”. Сондықтан абсолюттік
еркіндік мүмкін емес нәрсе. Бұл мәселе, әсіресе,
кішкентайынан тыйым салу ережелерінің қатаң
шеңберінде тәрбиеленетін қазақ балалары үшін аса
маңызды екенін атап ету керек. Қорқыту, тйыйым салу
арқылы емес, саналы еркіндіктің көмегімен ғана
қоғамның еркін азаматтарын қалыптастыруға болады.
Әрине, абсолюттік еркіндік мүмкін емес, бірақ саналы
еркіндікке ие адам ғана өзінің индивидуалдылығын
қоғамдқ деңгейде жүзеге асыратын тұлғаға аналады.
7.
Еркіндік түрлеріІшкі еркіндік – адам баласының арманы, ойы,
қиялы;
Сыртқы еркіндік – сыртқы ықпалдардан тәуелсіз
болу.
8.
Еркіндіктің 2 негігі типтері:Позитивті еркіндік
«Мен өз-өзіме қожайынмын»
Негативті еркіндік
«Мен ешкімге құл емеспін»
9.
Позитив, негативПозитивті еркіндік өз шаманың жеткілікті және
жеке дара мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін
қордың болуы.
Сыртқы шектеулерден және басқа адамдардың
мәжбүрлеуінен азат болу.
10.
Еркіндік – күрес нәтижесіАдам – қоғамдық саналы, тіршілік иесі. Ол қашанда
еркіндікті, бостандықты аңсайды, тек аңсап қана
қоймайды, сол үшін әдіс-тәсіл іздейдіғ күреседі,
тіпті жанын пида етуге дейін барады. Адам
баласына тұтқында болудан немесе еріксіздіктен
қиын нәрсе жоқ. Мәселен, көшпелі болып, кең
даланы жайлаған халық өмір бойы бостандықта,
еркіндікте өмір сүрді. Ол басқа отырықшы елдер
сияқты бостандық үшін күреске шыққан жоқ.
Өйткені, өмірі бостандықтан тұрды. Оның сол
еркіндіктің не екенін сезбеуі де мүмкін, егер де
өзінде бар әлгі еркіндікке қауіп төнбесе.
11.
Еркіндік – күрес нәтижесіҚоғамдық тарих дәлелдегендей, адам баласы
қашанда бостандық, тәуелсіздік үшін күрескен.
Тәуелділіктің ең жоғары шегі абақтыға салу, жер
аудару, құлдықта ұстаумен қатар, бүкіл ел
көлемінде қарасақ, ол бодандыққа айналдыру.
Бодан болған ел – еріксіз, бас бостандығы, еркі жоқ
ел. Ол басқа үстем елге қызмет етеді. Еті тірі,
санасы оянған, еркіндікті ойлап, сол бодан елдн
шыққан зиялы азаматтар олса, үстем ел, олардың
еңсесін басып, көзін жойған. Дегенмен өмір бір
қалыпта тұрмайды, жаңа ел ойшылдары дүниеге
келіп, қозғау салған. Сөйтіп бостандық үшін күрес
еш толастамаған. Бұл да өмір шындығы.
12.
Еркіндік - күрес нәтижесіБостандық, еркіндік, тәуелсіздік – асыл арман.
Оған жетудің жолы әрқилы, түрліше. Негізгісі
екеу. Бірі – күрес жолы, екіншісі - келісім жолы.
Осы екеуінің ең белгілі, ертеден келе жатқан
сара ұстанымы – ол ұлт-азаттық күрес жолы. Бұл
жолда қан төгіледі, шығын болады. Осыған
қарамастан ел басын өлім мен өмір текетіресіне
тігіп күреске шыққан.
13.
Еркіндікті пайдалануАдамдардың дүниедегі объективті жағдайды
таңдау еркіндігі болмағанымен, олар өзіндік
мақсаттарды көздей алады және оған жетудің
әр түрлі мүмкіндіктері қатарына неғұрлым
тиімді жолды ерікті түрде пайдаланады. Бірақ,
бұл қоғамдағы жалпы объективті жағдай мен
мүмкіндікке, субъектілердің жаратылыс
заңдары мен қоғам заңдылықтарын игеру
қабілетіне және басқаларына байланысты.
14.
Экономикадағы еркіндікЭкономика саласында еркін нарық, еркін
бәсекелестік принциптері негізінде өндіргіш
күштер қамитыны, адамдардың еркіндік аясы
кеңейе түсесіні рас. Әр адамның, әр ұлттың
еркіндік дәрежесін олардың табысы мен
меншігінің көлемі ғана емес, сонымен бірге
олардың материалдық және рухани игіліктерді
өздерінің таңдауы мен орынды жұмсай алу
мүмкіндігі анықтайды.
15.
Саясаттағы еркіндікСаясатта еркіндік мәселесі ұлттың құқықтық
мемлекет құру идеясымен байланысты. Кез-келген
қоғамдағы жеке адам мен үұлттың еркіндік
дәрежесі, ең алдымен, билік жүйесіне, оның
түрлеріне (деспоттық, либералдық-демократиялық
және т.б.) байланысты болып келеді. Либералдықдемокартиялық басқару моделінің саяси еркіндік
саласындағы негізгі принципі – жеке адамдардың
үстемдігі емес, ең алдымен заңның үстемдігі, яғни,
адамдардың заңмен ғана шектелетін еркіндік
құқықтарын пайдалана алуы.
16.
Құқықтағы еркіндікЖеке адам мен ұлт еркіндігінің шектелуі немесе тежелуі
әртүрлі объективті және субъективті себептерге байланысты.
Бұл шектелу адамдарға қиянат емес, қайда адамдардың
қауіпсіздігі үшін жасалуы мүмкін. Мысалы қазіргі сәттегі
“короновирусқа” байланысты карантин шаралары, блокпосттар
ққойылуы т.б. осының дәлелі. Ал, тоталитарлық, авторитарлық
жүйелердің үстемдігі, яғни демократтық құқықтар мен саяси
бостандықтарға (сөз, жиналыс, минигн, бірлесу, сайлау және
сайлану т.б.), қысым жасалуы, сондай-ақ материалдық
жоқшылық, рухани жұтаңдық, шектен тыс эгоизм және т.б.
жайындағы мәселе мүлде басқа. Шынайы еркіндік – адамдар
арасындағы мәдени қарым-қатнастардың кепілі. Ендеше оның
ғылыми мәні мен мазмұнын әрбір азаматтың айқын түсінуіне
қол жеткізу ұлттық идеология мен саясаттың басты
міндеттерінің бірі болып табылады.
17.
ЕркіндікҚажеттілік
Мүмкіндік
Жауапкершілік
Тәртіп (заң)
Шығармашылық
18.
Сократ(б.з.д. 469-399)
Адамның еркіндігі –
қолыңыздан келгеннің
бәрін жасау.
19.
Аристотель және стоиктерАристотель және стоиктер еркіндікті адам іс
әрекеттерінің еркіндігі немесе спонттантты
туындаған еркіндік ретінде анықтаған.
Аристотель бостандықты жеке адамның еркі
ретінде түсінуді негіздеді
20.
Жан-Поль СартрЕркіндік адам болмысына тиесілі, оның санасы
еркіндіктің санасы
Еркіндіктегі адам өз өміріндегі кез келген
қиындықтарды жеңе алады.
21.
А.Шопенгауэр Спинозаның ерікті түсіндірудіадамның ақыл-ойының иллюзиясы ретінде қайта
оралады: бостандық атрибуты феноменальды
әрекетке емес, ноуменалды болмысқа (ерік өзі зат
ретінде) қолданылады және іс жүзінде өзінің
түсінікті сипатына адалдыққа дейін азаяды.
А.Шопенгауэр билікке деген ерікті де жоғары
бағалады. Ерік - бұл «мүлдем ерік».
Ерік потенциалына тән адам бостандығы оның
санасының бағытын анықтай алуында. Адам
көбінесе өзінің еркінен бас тартуға ұмтылмайды,
керісінше, күмән әдісімен санаға енгізілгеннің
бәрінен бас тартады, ерікті білімге бағыттайды.
Рухани осы мағынада еркін ерік потенциалын
жүзеге асырудан тұрады.
22.
Ф.Ницше ақылдың өмірге үстемдік етуіне қарсы болды. Оныоқытудың орталық тұжырымдамасы - биологиялық құбылыс
ретінде, әлеуметтік және субъективті тәжірибе ретінде
түсінілетін «өмір» ұғымы. Кез-келген өмірдің негізі - адам үшін
оның іс-әрекетін анықтайтын ынталандырушы және әлемдік
процестің бүкіл жүрісі бағындырылған бастама (инстинктивтік)
ретінде әрекет ететін «билікке деген ерік». «Билікке деген ерік»
«еркін ерікке» негізделген және бұл жерде «таңдау еркіндігі»,
«шешім» және т.б.
Еркіндік, жалпы мораль сияқты, бір ерекше ерекшелігі бар, ол
мәдени кеңістікке өте тән. Э.Фромм адам бір уақытта өз
өмірінде эмпирикалық - феноменальды, ал жоғары сезімтал ноументальді сезінетіндігін атап өтеді. «Жақсылыққа ұмтылу»
адам бойында көрінеді; «Бауырластық және махаббат», «сенім
және терең діндарлық» [12]. «Еркін ерік-жігердің» («позитивті
еркіндік») жоғарғы формасы моральдық автономиядан, ақылойдың өзін-өзі заңнамасынан тұрады.
23.
Ницше философиясы бостандық мәселесіменбайланысты, оны адамның өзіндік
трансценденттілігі проблемасы ретінде анықтайды өзін нақты берілген ретінде жеңу, мүмкін болатын
салаға ену. «Ғылымның үстемдік ете бастаған
деңгейі ХІХ ғасырдың өзін идеалдар ережесінен
қаншалықты босатқандығын көрсетеді. Біздің ерікжігерімізді сипаттайтын белгілі «қажеттіліктердің
жетіспеушілігі» алғаш рет ғылыми қызығушылық
пен қаталдықты дамытуға мүмкіндік берді - бұл
негізінен біздің ізгіліктің түрі». Ф. Ницше
«еркіндіктің» жағымсыз сипаттамасын «үшін
бостандықтың» жағымды сипаттамасымен бірінші
болып қарсы қойды.
24.
Еркіндік туралы көзқарастарӘлемдік философияда еркіндік туралы бір-біріне қайшы
көзқарастар қалыптасқан. Гегель еркіндікті субъективті
рухпен, Фейербах адамның өзінің ерекшелігімен
байланыстырса, дін оны адамдардың құдайға құлшылық
етуімен, экзистенциалистер адамның психикалық
актілерімен байланыстыра қарастырады. К. Маркс еркіндік
мәселесін қажеттілікті және заңдылықтарды білумен, оны
игерумен байланысты түсіндіреді. Ф. Энгельс өзінің “АнтиДюринг” атты еңбегінде еркіндік әлдебір нәрседен
тәуелсіздік нышаны емес, керісінше, ол адамның жаратылыс
күштеріне, қоғамдық қарым-қатынастарға және өз
болмысына үстемдігі дейді. Еркіндік – нақты және
салыстырмалы ұғым. Мысалы, адам әртүрлі жағдайларға
байланысты еркін болады немесе одан мүлдем айырылады.
25.
Еркіндік туралы көзқарастарЕркіндікке байланысты философияда жоғарыда
аталғандардан да басқа көзқарастар бар. Кей
көзқарастар еркіндікті негіздесе, кейбірі тіпті жоққа
шығаралы. Мысалы, механикалық материализм
бағытындағы ойшылдар: Т. Гоббс, Б. Спиноза,
Ламетри еркіндікті жоқ деп көрсетеді,
“адамдардың еркіндік туралы ойлары – елес қана,
еркіндік қажеттіліктің көрінісі”, - деп
тұжырымдайды.
Профессор Қажымұрат Әбішевтің айтуынша,
“еркіндік – мәндердің мәні, еркіндік адамның тек
субъективті күйі ғана емес, оның дүниедегі ерекше
болмысы” болып саналады деген.
26.
БостандықБостандық - Э. Фроммның айтуы бойынша оны
оқшаулайды. Бұл оқшаулау таңдауды анықтайды:
жаңа тәуелділіктің көмегімен еркіндіктен құтылу
немесе әрқайсысының даралығы мен қайталануы
негізінде позитивті еркіндікті толық жүзеге асыруға
дейін өсу. «Бостандықтан қорқу, одан« қашуға
»деген ұмтылыс қазіргі заманғы тұлғаның басты
сипаттамаларына айналуда. Қазіргі заман адамы
тек қана мақсаттарға емес, әлеуметтік
қажеттіліктерге де жетіспейтін жағдайға тап
болады, оны қанағаттандыру құралдары бұрыннан
бар».
27.
қорытындыЕркіндік — нақты және салыстырмалы ұғым.
Мысалы, адам әр түрлі жағдайларға байланысты
еркін болады немесе одан мүлдем айырылады. Ол
өмірдің бір саласында өзін еркін сезінгенімен, өзге
бір салада оған жете алмауы да мүмкін. Сол секілді
жеке адамның және ұлттың еркіндік дәрежесі де әр
түрлі. Мұның өзі қоғамның дамуына да тікелей
қатысты. Міне, сондықтан еркіндік мәселесін
саясаттану жағынан алып қарайтындар оны
азаматтардың және тұтас бір ұлттың қоғамдық
құрылым мен басқару түрін таңдауы деп
түсіндіреді.