Дәріс сұрақтары
Орыс философиясының негіздері
Орыс философиясы – христиандық принципі
Славянофилдік (славянсүйгіштік) – діни-философиялық ағым
Славянофилдер пікірінше:
“Соборшылыдық” мақсаты:
Батысшылдар (еуропалық) – славянофилдікке қарсы ағым
ЧААДАЕВ Петр Яковлевич (1794-1856)
СОЛОВЬЕВ Владимир Сергеевич (1853-1900)
Тұтастық метафизикасы
СОФИОЛОГИЯ
Орыстың діни философиясы
ХІХ ғ. 60-70 жж. славянофилдер ілімін жалғастырған – “түбіршілдер” болды.
Ең Көрнекті “Түбіршіл” – Федор Михайлович Достоевский (1821-1881)
Діни Экзистенциализм Мен Антропология
ШЕСТОВ Лев (Лев Исаакович Шварцман) (1866-1938)
БЕРДЯЕВ Николай Александрович (1874-1948)
Н.А.Бердяев философиясының негізгі ...
Бердяев пікірінше: адам әртүрлі кезеңдерді өтеді бірақ оның тағдыры әрқашанда қайғылы.
Орыс Ғарыш Философиясы
Владимир Иванович Вернадский (1863-1945)
3.68M
Category: philosophyphilosophy

ХІХ ғ. - ХХ ғ. басындағы ресейлік мәдениет контексіндегі орыс философиясы

1.

Тараз Мемлекеттік Педагогикалық Институты
«Философия және әлеуметтік-саяси пәндер»
кафедрасы
16 дәріс
ХІХ ғ. - ХХ ғ. басындағы ресейлік
мәдениет контексіндегі орыс
философиясы
Дәріс жүргізуші:
филос.ғ.к., доцент Нұрадин Гүлхан Болатқызы

2. Дәріс сұрақтары

Орыс философиясының мәдени-әлеуметтік контексі мен
идеялық алғышарттары.
Славянофилдер философиясы, идеялары және олардың орыс
тарихының, мәдениетінің, ұлттық өзіндік санасының
өзгешелігі моделінің қалыптасуына, орыс өмірінің өзіндік
болмысын насихаттауға әсері.
Н.Я. Данилевскийдің мәдени-тарихи типтер тұғырнамасы.
Орыс философиясының орыс адамының мәдени және
әлеуметтік бірдейлікті іздестіруіне және табуына деген
дүниетанымдық бағдарлары.
Орыс философтарының (Н.О. Лосский, Л.С. Франк, Н.
Бердяев, П. Сорокин т.б.) діни-философиялық ізденістері.
Орыс ғарыш философиясы (К.Э.Циолковский,
В.И.Вернардский, Н.Ф.Федоров т.б.)

3.

Орыс философиясының қалыптасуы:
ХІ-ХҮІІ ғ.ғ.
Қалыптасу жері: Киев Русі.
Қалыптасу себебі: 988 жылы Русьтің
шоқынуынан басталған христиандандыру
процесі.
Белгілері: славяндық пұтқа табынушылық,
Византиямен байланыс орнату, антик
философиясының көптеген идеяларын
бойына сіңіру, ІХ ғ. Кирилл мен Мефодийдің
жеке жазба тілін қолдану.

4. Орыс философиясының негіздері

Славянофилдік және батысшылдық;
Діни философия;
“Москва – үшінші Рим” теориясы;
Түбіршілдер;
Соборшылдық;
“Жалпы тұтастық идеясы”, “Софиология”
(В.С.Соловьев)
Еуразияшылдық идеялар;
Ғарыш философиясы;

5. Орыс философиясы – христиандық принципі

6.

Орыс философиялық идеялары
патристикалық әдебиеттер мен
схоластикалық оқытулар және
шіркеу әкелерінің іліміне сүйенді.
Алғашқы киевтік
митрополит Илларион (ХІ ғ.)
Ол “орыс жерін” қасиетті
деп оның жалпы әлемдік
процеске енуін дінтанулық
тарихи тұрғыда негіздеді.
“Ескі Рим” ІV ғ.
Варварлвар
шабуылы
“Жаңа Рим” ХV ғ.
түрік шабуылында
Византиямен құлады
“Москва – үшінші Рим”
доктринасы (ХVІ ғ.)
“Орыс идеясы” ХVІ ғ.
алғашқы ұлттық идеологиялық
құрал
Славянофилдер
(гректік)
Батысшылдар
(латындық)

7. Славянофилдік (славянсүйгіштік) – діни-философиялық ағым

Ағым орыс халықтық ой-пікрі ретінде ХІХ ғ. 30-60
жж. п.б.
Өкілдері: “алғашқы” славянофилдер –
А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков,
Ю.Ф.Самарин; “кіші” славянофилдер – И.С.
Аксаков, А.И.Кошолев, П.В.Киреевский, Д.А. Валуев,
Ф.В.Чижов т.б. “ресми” славянофилдер –
М.П.Погодин, С.П. Шевырев т.б.; “ақын-жазушы”
словянофилдер – В.И.Даль, А.Н.Островский,
В.И.Тютчев т.б.
Негізгі журналдары: “Москвитянин”, “Русская
беседа”.

8.

Славянофилдер орыстың ерекше
философиялық-идеологиялық
ағымы бола отырып, Ресейдің әлемдегі
ерекше мессиандық (құтқарушылық)
идеясын енгізді.

9. Славянофилдер пікірінше:

Христиандық
Католицизм
Протестантизм
(шіркеу еркіндігі жоқ,
тек Рим папасының
күнәсыздығы бар)
(адам еркіндігін
абсолюттендіріп,
біржақты етеді)
Православия
(еркіндік пен
қажеттелекті
үйлесімді
үндестіреді)

10.

Славянофилдер еркіндік пен
қажеттілік
мәселесін шешу үшін
аса маңызды принцип –
“соборшылыдық” (еркін
қауымдастық)
ұғымын енгізді.
Ұғым авторы А.С.Хомяков
(1804-1860)

11. “Соборшылыдық” мақсаты:

Русьтегі патриархалдық өмірді қалпына
келтіру;
“Қасиетті Русь” идеалдарына бет бұру;
Православияны ең жоғары ету;
Ресей халқының қауымдастық шеңберіндегі
рухани бірлігі;
Қауым мүшелерінің артықшылығы;
Ауылшаруашылық қауымының дәріптелуі;
Соборшылыдық рухтың беки түсуі.

12. Батысшылдар (еуропалық) – славянофилдікке қарсы ағым

Ағым қоғамдық ой-пікір ретінде ХІХ ғ. 40-60 жж. п.б.
Батысшылдардың алғашқы ұйымдары Москвалық
әдеби салондарда орын алды.
Онда батысшылдар мен славянофилдер орыс
тағдырының тарихы (историософия) туралы пікір
таластырды.
Батысшылдар идеологиясы Станкевич және Герцен
үйірмелерінде қалыптасты.
Батысшылдар өкілдерінің құрамы әртүрлі: дворян,
саудагер, даяшы, ғалым, жазушы, журналист т.б.
Өкілдері: П.Я.Чаадаев (негізін қалаушы), А.И.Герцен,
Н.П.Огарев, Т.Н.Грановский, В.Г. Белинский, К.Д.
Кавелин, Н.Г. Чернышевский т.б.

13. ЧААДАЕВ Петр Яковлевич (1794-1856)

Орыс ойшылы,қоғамдық
қайраткер, екі бағытты
(славянофилдік пен батысшылдық)
қалыптастырушы: себебі
ол католиктік Батысты
дәріптеп, оны Ресейге
үлгі тұтты.
«Философиялық
хаттар», 1828-30 жж.;
«Ессіз апологиясы» 1837
ж. авторы.

14.

40 ж. ортасында батысшылдар арасында Герцен мен
Грановскийдің пікір таласынан соң принципиалды
өзгеріс болды.
Либералды
Революциялықдемократиялық
Анненков,
Грановский,
Кавелин т.б.
Герцен,
Огарев,
Белинский т.б.
Жан өлмейді
Жан өледі
Еуропаландыру
идеясы
Революциялық
күрес пен
Социализмді құру

15.

Славянофилдер:
Орыс мәдениеті
православиелік
дін шеңберінде ғана
дамуы қажет.
“Патшанікі – патшаға,
Құдайдікі – құдайға”
Батысшылдар:
Ресейді “византиялықправославиелік” бұғаудан
құтқарып, Батыс Еуропа
өркениетін игеру қажет.
В.Г.Белинский:
“Еуропаның бір күні
Азияның бір жылы,
Еуропаның бір жылы,
Азия мәңгілігі

16. СОЛОВЬЕВ Владимир Сергеевич (1853-1900)

Негізгі шығармалары
"Духовные основы жизни" (1882-1884),
"Великий спор и христианская политика"
(1883),
"История и будущность теократии" (1886),
"Три речи в память Достоевского" (1881-1883),
"Русская идея" (1888),
«Россия и Вселенская церковь" (1889),
"Национальный вопрос в России" (1883-1891),
"Смысл любви" (1892-1894),
"Оправдание Добра. Нравственная философия"
(1897),
"Первое начало теоретической философии"
(сб. статей, 1897-1899),
"Три разговора" (1899-1900) және т.б.

17.

Мистикалық бағыттың басты өкілі
Соловьев адамның діни
және әлеуметтік өмірі сұраныстарын біртұтастыққа
байланыстырантын бүтіндей дүниетанымдық
жүйені құруға тырысты.
Оның негізгі идеясы – “жалпы тұтастық”.

18. Тұтастық метафизикасы

Басты мақсат: Христиандық негіздегі үш
бағыттың басы бірігу қажет;
Негізгі идея: дүниедегі барлықтың
онтологиялық бірлігі;
Дүние бірлігінің негізі – ҚҰДАЙ;
ҚҰДАЙ – жаратқан мен жаратылғанның
бірлігі;
Барлық бірліктің рухани күш-қуаты –
дүниежүзілік жан дүние “СОФИЯ”.

19. СОФИОЛОГИЯ

Оның негізгі ойы әлемнің негізі мен мәні
Құдайға, әлемге және адамға жалпылық
беретін жаратушы мен жаратылыс
арасын байланыстырушы буын ретінде
қарастырылатын әлемдік жан –
“софия” болып табылады.

20. Орыстың діни философиясы

Діни философия – коммунистік идеология үстемдігі
жағдайында кеңестік философияда біржақты
түсіндіріліп келген ХХ ғ басындағы орыс мәдениетінің
аса маңызды бөлігі.
Өкілдері: Н. Бердяев, С. Булгаков, П.Флоренский
және т.б.
Н. А. Бердяев
(1874-1948)
С. Н. Булгаков
(1871-1944)
П. Флоренский
(1871-1944)

21.

Ресейде қазан төңкерісіне дейін
философияның барлық салаларында –
гносеология, логика, эстетика,
антропология, гносеология және
философия тарихында зерттеулер
жүргізіліп, орыс философтары этика
мәселесімен ерекше айналысты.

22.

Гносеологиядағы интуитивизмнің әр
түрлі формаларын В. Соловьев, кн.
С.Трубецкой, Е. Трубецкой, Н. Лосский,
П.Флоренский, С.Франк, В. Бабунин, Ф.
Бережков, А. Огнев, А. Козлов, В. Эрн, А.
Лосев, Д. Болдырев, С.Левицкий, И.Ильин
және Л. Карсавин қарастырды.
Орыс философтарының пікірінше,
философияның басты міндеті тәжірибенің
барлық алуан түріне сүйенетін бүтін
тұтастық ретіндегі әлем туралы
теорияны жасап шығару.

23. ХІХ ғ. 60-70 жж. славянофилдер ілімін жалғастырған – “түбіршілдер” болды.

Олардың философиялық ізденістерінің басты
идеясы – ұлтты түбір Ресей дамуының
негізі.
Ұлтты түбір ретінде православие идеалдары
мен құндылықтарын негізге алған
А.А.Григорьев, Н:Н. Страхов, Ф.М.
Достоевский.
Достоевский адам тағдыры мен мәнінің
әлем мен Құдаймен терең байланыстылығы
туралы идеясын көтерді.
Ол еркіндіктің шынайы жолы - құдайадамға жеткізетін жол, құдайдың жолымен
жүру деп түсінді.

24. Ең Көрнекті “Түбіршіл” – Федор Михайлович Достоевский (1821-1881)

– орыс жазушысы, ойшыл-гуманист.
Негізгі шығармалары:
"Бедные люди" (1845);
"Записки из Мертвого дома" (1860);
"Униженные и оскорбленные" (1861);
"Идиот" (1868);
"Бесы" (1872);
"Дневник писателя" (1873);
«Преступление и наказание" (1876);
«Братья Карамазовы" (1880) т.б.

25. Діни Экзистенциализм Мен Антропология

ХІХ ғ. ортасынан бастап адамның өмір
сүруі, бостандығы, үрейі, мақсаты,
жалпы болмысы турасында
экзистенциялық сұрақтарға Л.И.Шестов,
Н.А. Бердяев; діни антропология
бағытында – Н.С.Булгаков, С.Л.Франк,
Н.О.Лосский т.б. Жауап іздеді.

26. ШЕСТОВ Лев (Лев Исаакович Шварцман) (1866-1938)

Сезім – бұл адам
болмысының ерекше,
толық, жоғарғы беткейі,
ал сенім адамның
өмірде сүйенетін барлық
идеялар құрсауынан
сыртқа шығуға
ұмтылдыратын күш.
Сенім – ештеңемен
шектелмеген бостандық.

27. БЕРДЯЕВ Николай Александрович (1874-1948)

Орыс буржуаздық философмистигі, экзистенциалист,
«жаңа христиандықтың» негізін
қалаушы.
Негізгі шығармалары:
«Бостандық философиясы»
1911,
«Шығармашылық мәні» 1916,
«Мен және объектілер әлемі»
1934,
«Теңсіздік философиясы» 1923.

28. Н.А.Бердяев философиясының негізгі ...

• Категориясы – “еркіндік”;
• Болмыстық категориясы –
“Адам”;
• Тарих категориясы – “уақыт”;
• Тарихты талдау категориялары
– “Мәдениет” және
“Өркениет”;
• Бердяев философиясының мәні
– болмыс пен субъект, яғни
адам арқылы тану.

29.

• Ол шығармашылық, рух, тұлға, құдай
ұғымдарын негізге ала ортырып, еркіндіктің
болмыстан басымдылығын атап көрсетеді.
• Бердяев қоғамды әлеуметтік қайта құру үшін
техникалық қайта құру емес, рухани
жаңғыру қажет дей келе, ресей үшін бұл
орыс идеясымен байланыстырады.
• Оның дуалистік картинасының бір жағында
рух, еркіндік, ноумен, субъект тұрса, екінші
жағында эмпирикалық әлем, қажеттілік,
феномен, объект тұр.
• Ол капитализмді «жансыз құрылым» деп
атаса, ескі христиандықты – «эксплуатация
құралы» деп сын тақты.

30. Бердяев пікірінше: адам әртүрлі кезеңдерді өтеді бірақ оның тағдыры әрқашанда қайғылы.

Алғашқыда адам табиғаттың құлы болды.
Ол өзінің сақтығы, тәуелсіздігі және
Бостандығы үшін көзсіз ерлікті бастады.
Жаңа дәуірге өттім деп есептеген
адам қоғамдық ұйымдар мен
партиялар құрып, техниканы
ойлап тапты.
Соңында
адам өзі
құрғандардың
құлы, ал
техниканың
өзіне
айналды.
Соңыра адам мәдениетті, мемлекетті,
ұлттық бірлікті, класты құрды, кейіннен
өзі оның құлына айналды.

31.

Орыс діни философы, діндар,
экономист.
Марксизмнен идеализмге
өтуші.
БУЛГАКОВ
Сергей
Николаевич
(1871-1944)
Негізгі шығармалары:
"О рынках при капиталистическом
производстве" (1897),
"Капитализм и земледелие. Тт. 1-2" (1900),
"Основные проблемы теории прогресса"
(1903),
"От марксизма к идеализму" (1903),
"Неотложные задачи (О союзе христианской
политики)" (1906),
"Философия хозяйства" (1912),
"О Богочеловечестве. Трилогия ("Агнец
Божий", 1933; "Утешитель", 1936; "Философия
имени" (1953) и др.

32. Орыс Ғарыш Философиясы

Гуманизм мен діни сипатқа ие орыс
философиясы жаратылыстың дамуымен
байланысты орыс ғарыш философиясын
тудырды. Орыс космизмі екі бағытқа
бөлінді: мистикалық Н.Ф. Феодров, В.С.
Соловьев, П.А. Флоренский және
ғылыми К.Э. Циолковский, Ф.И.
Вернардский.

33. Владимир Иванович Вернадский (1863-1945)

ХХ ғасырдағы орыс ғалымы,
жаратылыстанушы, ойшыл
және қоғамдық қайраткер;
Көптеген ғылыми
мектептердің негізін
қалаушы.
Орыс космизмінің өкілі.
English     Русский Rules