Similar presentations:
Презентация PPTX (1)
1.
Ақкемер жалпы білім беретін орта мектебіТақырыбы: «Шолпы – зергерлік өнер»
• Жетекшісі: Хаусова Айслу Елтаевнатарих пәні мұғалімі
• Оқушылар: Аманқұл Ақбота, Бекбулат Кәусар 6 «Ә» сынып оқушысы
2.
Номинация: Этномәдениет• Мақсаты: Қазақ халқының байырғы ұлттық әшекей бұйымы – шолпы туралы ақпарат бере
отырып, түрлерін анықтау арқылы маңызын көрсету, Шолпының зергерлік өнер түрі екенін
таныту, қазақ қызының денсаулығы мен тәрбиесіне тигізер үлесін насихаттау, ұлттық бренд
ретінде әлемдік нарыққа шығаруға ұсыну.
• Мазмұны:
Аннотация
кіріспе
Қорытынды
Біздің зерттеу жұмысымыз
Сұхбат
Сауалнама нәтижесі...
Пайданылған әдебиеттер
3.
Қазақтың ұлттық зергерлік өнері• Қазақтың халықтық зергерлік өнері ұлттық мәдениет
тарихынан ерекше орын алады. Зергерлік – өте ерте
заманнан келе жатқан өнер.
• Зергерлік бұйымдар – інжу-маржандарды және әртүрлі
асыл тастарды пайдалана отырып, алтын мен күмістен
жасалған
бұйымдар. Қазақ мәдениетінде зергерлік бұйымдар
бірнеше түрге бөлінеді: сырғалар, кеуде әшекейлері,
білезіктер, сақиналар, бас және шаш әшекейлері.Орта
Азия халықтарында зергерлік өнер ерте кезден - ақ
қалыптасқан. Бірақ, алтын, күміс әшекейлі бұйымдарды
жасаумен әуестенушілер өздерін темір ұстасынан бөлек
санаған. Осыған қарай алтын - күміс әшекейлі
бұйымдарды жасаумен әуестенушілерді зергер деп атайды. Халық арасында зергерлер өте жоғары
құрметке ие болып, елдің сүйікті адамына айналған. Қазақ зергерлері көбінесе жеке-дара жұмыс істеп,
өнерінің қыр-сырын ұрпақтан-ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлер металдың өңін ашу шеберлігін
жете білген.
4.
• Зергерлердің басты жұмысы – қоғамның барлықәлеуметтік топтарының сұранысына ие болған – қызкеліншектердің әшекей бұйымдарын жасау. Ол тек
эстетикалық сұраныстан ғана емес, сондай- ақ діниидеологиялық, әдет - ғұрыптық, салт — дәстүрлік
қажеттіліктен де туындап жатты.Негізгі материал ретінде
тіл- көзден, пәле -жаладан сақтайтын тылсым күші,
қасиеті бар деп танылған алтын, көбінесе күміс
пайдаланылды. Әшекейіне қарай әйелдің жасын,
әлеуметтік тобын, қай аймақтан екендігін ажыратуға
болады. Мысалы, ауқатты отбасынан шыққан әйелдің
әшекейлерінде бағалы тастардан көз салынған алтын
әшекейлер көп кездеседі. Олар күрделі көркемдік
шешімдерімен, техникалық жағынан мінсіз орындалуымен
ерекшеленеді. Бай, ауқатты жерден шыққан әйелдер
зергерге бірыңғай нақышта жасалған әшекей
бұйымдарының толық жинағына тапсырыс бере алады.
5.
“ Шолпы” сөзінің шығу төркініШолпыны о баста әйелдер қара ниетті тылсым
күштерден қорғану үшін тағып жүрген. Халық
адамның жарты жаны шашта болады деп, оны қорғау
мақсатында шолпы, шашбау таққанОл “шол” деген
сөзден, яғни етістіктен жасалды деуге де дәйек бар.”
Шол /у“–” алыстан байқау, бағдарлау”.Ертеде жігіттер
алыстан келе жатқан бойжеткенді шолпысының
сылдырынан таныған, яғни сол бір нәзік дыбыстан
сыртта жүрген қыздардың жүріс-тұрысын іште
отырып байқап, бағдарлап отырған.Шолпы сәндік
үшін ғана емес, шашты өсіретін әрі ұзартатын, желді
күнде көтеріліп кетпес үшін де тағылады.Қозғалғанда,
олар әсем дыбыстар шығарып, кермаралдай керілген
кербез қыздың әсем жүрісіне үн қосып, арудың сыны
мен сымбатын одан әрі ажарлай түседі. Мұндай
сұлуды қазақтар: «Сыңғырлаған күлкісіне
сылдырлаған шолпысы үн қосады» деп, ардақтаған.
6.
Шолпының жасалу жолы• Шолпы сәндік үшін ғана емес, шашты
өсіретін әрі ұзартатын, желді күнде көтеріліп
кетпес үшін де тағылады.Қозғалғанда, олар
әсем дыбыстар шығарып, кермаралдай
керілген кербез қыздың әсем жүрісіне үн
қосып, арудың сыны мен сымбатын одан әрі
ажарлай түседі. Мұндай сұлуды қазақтар:
«Сыңғырлаған күлкісіне сылдырлаған
шолпысы үн қосады» деп,
ардақтаған.Шолпы құрылымы жағынан
шағын келетін бұйым, қозғалмалы
бөлшектері өзара біріктіріліп, тізбектелген
жартылай қуыс немесе жалпақ, селдір
күмістен құралады. Үзбенің бойындағы
күміс теңгелердің ортасына асыл тас
орнатылады. Ол баулары арқылы бұрымға
қоса өріледі.
Қазақ қоғамында асыл тасты зергерлік әшекейлі
бұйымдарға кеңінен қолданған. Асыл тас
қондырылған шолпының түрін көзді шолпы
атайды. Безендіруге арналған асыл тастың атауына да
байланысты түрлене береді.
7.
Шолпының түрлеріАқықты, Қозалы шолпы
Қозалы шолпы- жас қыздар үшін
кішкене күміс тиындарды үзбелеп
қозалы жасалған шолпы . Оның
сыңғырлаған үні әдемі жарасып
тұрады.
Ақықты шолпы-күмісті немесе тиынды
қолдан соғып, домалақ немесе сопақша етіп
жасап, ортасына ақық орнатқан,өте бағалы
шолпы.
8.
Қоңыраулы,үзбелі шолпыҚоңыраулы шолпы — бұйымның кең тараған
түрі. Біріне-бірі тізбектелген бірнеше ромб
тәріздес күміс құтышалардан құралады.
Олардың ішіне сылдырмақтар салынады.
Құтышаларды
меруертпен
безендіреді.
Құтышалар мен салпыншақтар біріне бірі
төгіліп, соғылуына байланысты сыңғырлап
дыбыстар шығарады.
Үзбелі шолпы- күміс, алтын
тиындарды
көптеп
тізіп,
үзбелеп жасаған
шолпының бір түрі.
9.
Көзді, Сағат баулы шолпыСағат баулы шолпы-лента немесе
тері пұшпағын алып, оны сағат
баулы етіп сызып, ұшына темір, я
болмаса күміс тағылған бұйым.
• Көзді шолпы (асыл тас қондырылған)қақталған күмістен үш бұрышты немесе
сопақша пішінді етіп жасалған, ортасына
асыл тас орнатылған бұйым.
10.
Алтын,Тізбелі шолпыТізбелі шолпы- әшекейлі шаш
теңгелерді, ақша теңгелерді біріне
біріне тізбелеп жалғастыру арқылы
жасалған бұйым.
• Алтын шолпы- алтыннан соғып, ортасына
асыл тас орнатқан өте бағалы шолпы.
Дәулетті отбасының қыздары таққан.
11.
Шолпының тұрмыстағы қолданысы• Шолпы — әйел әшекейлерінің ішінде сәнді әрі күрделілерінің бірі. Халық арасында оның
түрлері өте коп. Шолпыны сән - әшекей ретінде, сондай - ақ оның салмағының әсерінен шаш
ұзын болып өседі деп таққан. Мұны байлықтың, баршылықтың белгісі деп те санаған. Қазақ
салтында шолпыны қыздар мен жас келіншектер тағады, ал егде тартқан әйелдер шолпыны
тақпаған. Қазақ қыздары мен әйелдері бұрынғы кезде шолпы бұрымы тарқатылып кетпеу үшін
таққаны белгілі. Халқымызда қалыптасқан сенім бойынша, неше түрлі асыл тастан жасалған
сылдырмақ, салпыншақтан тұратын салмағы ауырлау шолпының әсерінен шаш ұзын болып
өседі деген наным болған. Сондай-ақ ауыр шолпы таққан адамның басы ауырмайды деп
есептелген.
Ауыр күмістен жасалған шолпы бас ауруына жол бермейді. Шолпы таққан қыздың арқасы
түзу, жүрісі сымбатты болады. Бұйым ауыр болғандықтан, шаш тез және ұзын болып өседі.
Шолпыны ұзын бұрым тарқалып, шашырап кетпеу үшін де пайдаланған.Кейде олардың
салмағы 3 кг-ға жеткен. Шолпы жас қыздардың жүрісі мен бойын тік ұстау мәнерін
қалыптастырған.
12.
Шолпының тәрбиелік мәні.• Қазақ отбасының маңызды қызметтерiнiң бiрi-тәрбие. Ата-ананың мiндетi-жас ұрпаққа аға
ұрпақтың әдет-ғұрпын, адамгершiлiк, инабаттылық, сыйлау қасиетттерiн сiңiрту. Әсiресе қазақ
отбасында басқа ұлттарға қарағанда қыз бала тәрбиесi ерекше орын алады. Шолпыны
бойжеткен қыз баланың жүрісін,қимылын түзеу үшін бұрымына таққан.Содан қоңыраулы
шолпы таққан қыз бала үй арасында жүргенде,жүгіргенде, күлгенде ол сыңғырлап дыбыс
беріп,үйдегі үлкендер қалжыңын қойып,әдеп сақтаған, бойжеткен жұрт назарын өзіне
аударғанына ұялып,жүгіріп,секіруін тыйған.
• "Қыз" деген сөздiң өзiн әдемiлiктiң, әдептiлiктiң, инабаттылықтың, сұлулықтың белгiсi деп
таныған.
• Шолпыны қыздарға мезгілсіз жүрмеуі үшін де тағып қояды. Өйткені, кешкілік оның сыңғыры
қыз баланың әлі далада қыдырып жүргенін жан - жағындағыларға хабарлап тұрады деп
санаған. Сол себептен қазақ қыздарының мезгілсіз уақытта далада жүрмеуіне де көп көңіл
бөлген. Енді бір жағынан үйде отырған үлкендер де келе жатқан қызды шолпысының
сылдырынан біліп, әңгіменің денін дұрыстап, оғаш әрекеттері мен артық әзілдерін қызқырқынға естіртпей, дұрыс үлгі болуға да тырысқан.
13.
Шолпының әдеби шығармаларда кездесуі.• Мағжан Жұмабаевтың “Шолпы”
өлеңінінен үзінді:
• «Сылдыр, сылдыр, сылдыр,
• Қанымды қайнатты құрғыр.
• Шық-шық жүрекке тиеді,
• Күлпара талқан боп сыңғыр!»
Қыз Жібек жырында көштің соңынан қуған
Төлеген кездескен қыздардың сұлулығын
бұрымымен, шолпысымен байланыстырып
отырады. Мысалы:
«Өзі он бес жасында,
Алтынды шолпы басында.
Танадай көзі жалтылдап,
Ақ маңдайы жарқылдап», – деп жеткізеді
Ақыры Қыз Жібектің күймесіне жетіп, сұлу
дидарын көргенде де:
«Жүзінен нұры тамып тұр,
Дүрия жауһар сырғасын,
Көтере алмай құлағы,
Шолпысы желде шалқып тұр», – деп тамсанады.
14.
Қазіргі қоғамда шолпының өз дәрежесіндегі қолданысқа түсуі саябырсыпотыр. Тіпті заты түгілі аты да ұмыт бола бастаған. Кейбір егде жастағы кісілердің
өзі «Шолпы деген не?» деп сұрасаңыз «Ол не?» деп өзіңе қарсы сұрақ қояды. Бұл
әрине, қазақ халқы бұрынғы ескі жәдігер заттарды ұмытып, жаңаға ұмтылуында,
заманауи дүниелердің көптеп орын алуына да байланысты. Кейінгі жылтыр,
арзан, сапасыз заттардың көптеп қолданысқа түсуі, өзіміздің бұрыннан келе
жатқан құнды бұйымдардың ұмыт бола бастауына әкеліп соғып отыр. Зерттеу
жүргізу барысында үлкен кісілерден сұрастыра келе шолпының кейбір үлкен
кісілердің ғана сандығында тығулы жатқанын байқадық. Олар үшін шолпы- әжеаналарынан қалған көз. Ал кейінгі буын өкілдері тіпті шолпының қандай екенін,
кімдердің тағатынынан да бейхабар болып шықты. Сондай ақ, жұмысты жүйелі
жүргізу мақсатында 7 - 9 сыныптарда оқитын қыз балалардан сауалнама алдық.
15.
• Сауалнама нәтижесінде 13-16 жас аралығындағы бойжеткен қыздардың кейбіреуі шолпыментаныс болса, енді кейбірінің ешқандай хабары болмай шықты.
• Сауалнама бойынша қыз балаларға:
• 1.Шолпы дегеніміз не?
• 2.Шолпының қандай маңызы бар?
• 3.Шолпыны шашыңа тағар ма едің?
• деген сұрақтар қойылды. Бірінші сұрақ бойынша қыз балалардан шолпының бұрымға тағатын
әшекей, шашқа тағатын әшекей, шашқа тағатын зат деген сынды жауаптар алынды. Екінші
сұрақ бойынша шолпыны арнайы мерекелерде тағады, шашты әдемі көрсету үшін, шашты
өсіру үшін, қыздардың жүрісі мен бойын тіктеу үшін тағады деген жауаптар алынды. Үшінші
сұрақ бойынша қыз балалардың жартысы тағатын, жартысы тақпайтын, тіптен араларында
мүлдем тақпайтын болып шықты.
16.
Сауалнама 40 қыз баладан алынды.
Нәтижесінде:
1.”Шолпы дегеніміз не?” деген сұраққа шашқа тағатын әшекей бұйым,
сәндік үшін тағылатын әшекей деп жауап бергендер, арасында мүлдем білмейтін
оқушылар да кездесті.
• 2. “Шолпының қандай маңызы бар?” деген сұраққа бойды тік ұстату үшін, шаш өсіру
үшін, шашты жинау үшін және “оның тәрбиелік мәні бар” деп жауап берді.
• 3.”Шолпыны шашыңа тағар ма едің?” еген сұраққа 40 оқушының “18-і “тағамын”
деп жауап берсе,13-і “мүмкін тағамын”, 9 -ы “ешқашан тақпаймын” деп жауап берді.
• Осы сауалнама қорытындысы бойынша зергерлік шолпы бұйымына осы күнгі
жастар арасында әлі қызғушылық бар екендігі анықталды. Бұл қорытынды еліміздің
зергерлеріне осы бұйымды заман ағымына сай түрлендіріп жасап, оны көпшілікке
таратуды міндеттейді. Жалпы, шолпы қазақтың ұлттық киім үлгісі тәрізді қазақтың
ұлттық әшекейлерінің бірі ретінде ұлттық брендке айналуы тиіс